А. Ж. Сисенбердиева


Дене  тәрбиесі  құралдары



Pdf көрінісі
бет6/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Дене  тәрбиесі  құралдары.  Дене  тәрбиесі  теориясы  мен  әдістемесінің  негізгі 
бӛлімдерінің  ішінде  ерекше  орын  алатыны  -  дене  тәрбиесі  құралдары.  Дене 
тәрбиесінде  қолданылатын  негізгі  құралдар  дене  тәрбиесінің  жаттығулары,  ал 
кӛмекші  құрал  ретінде  табиғаттың  (жаратылыстың)  сыртқы  күшінің  әсері  мен 
гигиеналық  факторлар.  Дене  тәрбиесі  жаттығуларының  жалпы  ұғымы  дене 
тәрбиесінің  тәжірибесінде  екі  жақты  мағынаны  білдіреді.  Біріншісі,  дене 
тәрбиесінің  құралы  қимыл-қозғалыстың  түрі  болса,  екіншісі  әдістемелік 
қағидаларды  пайдалана  отырып  қимыл-қозғалысты  бірнеше  рет  қайталау  
процесін  ұйымдастыру  болып  табылады.    Бірінші  жағдайда  адамның  денесіне 
немен  әсер  етуі  сӛз  болса,  екінші  жағдайда  әсер  етуді  қалай  іске  асыруға 
болады.  Осы  ұғымдарды  шатастырмау  үшін  бірінші  жағдайды  «дене 
тәрбиесінің  жаттығулары»,    екіншісін  «жаттығулар  тәсілі»  деп  атаймыз.  Дене 
жаттығулары  адамның  қимыл-қозғалысын  құрайды  және  денені  тәрбиелеудегі  
міндеттерді  іске  асырады.    Бірақ  қимыл-қозғалыстардың  барлығы    дене 
жаттығуларына  жатпайды.    Дене  жаттығуларының  белгісі    оның  орындалуы 
белгілі  бір  заңдылықпен  байланысты.    Мысалы,  жаттығу  жүруді  алса,  оның  
маңызы  дене  жаттығуына    сәйкес  болғандығында.    Сол  сияқты  басқа  да 
қозғалыстар, егер жұмыс істеу себептеріне байланысты кейпін ӛзгертіп отырса 
ғана  дене  тәрбиесі  жаттығуларына  айналады  (жүгіру,  лақтыру,  күресу  .т.б).  
Кейбір  жаттығулардың    сыртқы  ұқсастықтары  бола  тұрғанмен  бұларды  дене 
тәрбиесі жаттығулары деп қарауға болмайды (еден жуу, еңбек сабағы, әртүрлі 
қара жұмыс).  Іс жүзінде қолданылып жүрген дене жаттығуларының  бірнеше 
түрлері бар. Олар кӛлемі мен мазмұнының әртүрлі болуына  байланысты  бір-

 
44 
біріне ұқсамайды.  Дене жаттығуларының мазмұны негізінен  қозғалыс істеріне  
кіретін  қимылдар  мен  жаттығулар  процесінің    денеге  тигізетін  әсерімен 
анықталады.  Ал  процестерді    әртүрлі:  атап  айтқанда  психологиялық, 
физиологиялық,  биохимиялық,  биомеханикалық  т.с.с.  тұрғыдан  қарауға 
болады.  Психологиялық  кӛзқараспен  қарағанда,  дене  жаттығулары  еркін 
қозғалыс  болып  саналады.  И.М.Сеченовтың  айтуы  бойынша  бұл  құбылысты  
«адамның  санасы  мен  жігері  басқарады».    Адам  физиологиясы  тұрғысынан 
қарағанда,  дене тәрбиесінің жаттығулары  организмнің  функционалды қызметі 
мен  жұмыс  істеу  қабілетін  арттырады.    П.К.Анохин  қозғалыс    ерекшелігін 
түсіндіре  келіп  ӛзінің  «функционалдық  жүйе»  тұғырнамасын  ұсынады.    Бұл 
тұғырнама   бірінші  жағдайда шартты рефлекстің негізінде  пайда  болып  сонан 
соң ӛз қабілетінің бағдарлауын реттейді десе, ал Н.А.Бернштейннің айтуынша  
«физиологиядағы    еркін  қозғалыс  деп  аталатын    қозғалыс  шын  мәнінде,  
рефлективтік  қозғалыс»  деп  тұжырымдайды  (сыртқы  әсер  арқылы  пайда 
болатын қозғалыс). Дене тәрбиесі жаттығуларының мәнін түсіну үшін ескеретін 
жағдай,  әрбір      кез  келген  жаттығуды  белсенді  орындау    организмнің 
функционалды  деңгейінің    екінші  түрге  ауысуына  әкеліп  соғады.    Дене 
жаттығулары  педагогикалық  тұрғыдан  адамның    мүмкіншіліктерін  дамытуы 
мен қозғалысты  білу жаттығу әдістерінің қалыптасуын құрайды.  
Дене  жаттығулары  -  дене  тәрбиесінің  негізгі  ӛзіндік  құралы.  Дене 
жаттығулары  адамға  жан-жақты  әсер  етеді:  олар  адамның  дене  жағдайын 
ӛзгертеді,  адамгершілік,  ақыл-ой,  эстетикалық  және  еңбек  тәрбиелерінің 
міндеттерін  жүзеге  асыруға,  сондай-ақ  психикалық  қасиеттерді  дамытуға 
себепші  болады. Дене жаттығуларымен бірге әртүрлі би, массаж қолданылады. 
Би-музыкалық  ырғаққа  сай  дене  қимылымен  кӛрсетілетін  ӛнер.  Адамдардың 
күнделікті  еңбек  процесіндегі  іс-әрекеттері,  қоршаған  дүниеден  алған  сезім-
әсерлері  би  қимыл-қозғалыстары  мен  ишараларына  негіз  болған.  Табиғат 
құбылыстарын,  аңшылық  және  соғыс  кӛріністерін  белгілі  бір  жүйеге  түскен 
ырғақты қимыл-бимен бейнелеу кӛне дәуірде ӛмір талабынан тудыКеле-келе 
би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке 
би  ӛнері  қалыптасты.  Кӛне  мәдениеттер  ордасы  болған  Шығыс  елдерінде  
(Грекия,  Рим,  Мысыр,  Қытай,  Үндістан)  билеу  мәдениеті  шеберліктің  биігіне 
жетті.  Би  музыкамен  тығыз  байланысты.  Кӛптеген  халықтың  билері  ұрмалы 
музыка  аспаптарының  ырғақты  үнімен  орындалады.    Би  хореографиялық 
жинақты  образдар  арқылы  болмысты  бейнелеп,  адамның  ішкі  жан  дүниесін 
кӛрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи, географиялық т.б. факторлардың  
әсерімен де әр халықтың ӛзіне тән  би дәстүрлері, ӛзіндік хореографиялық тілі, 
пластикалық  бейнелілігі,  қимыл-әрекетті  музыкамен  байланыстыру  тәсілдері 
пайда болды.  Кәсіби ӛнерде би жоғары деңгейге кӛтеріліп, ғылыми жүйеленді. 
Би-қазақтың  халық  фольклорының  кӛне  түрлерінің  бірі.  Ол  туралы  Қазақстан 
жерінде  сақталған  тастағы  суреттер,  тарихи  деректер,  орыс  саяхатшылары, 
тарихшылары,  ғалымдарының  этнографиялық  жазбалары  сыр  шертеді.    1934 
жылы  Қазақ  музыка  театры  (қазіргі  опера  және  балет  театры)  құрылғаннан 
кейін сахналық билерді шығару қызу қолға алынды. Кәсіби бишілерді Алматы 
жоғары би ӛнері мектебі дайындайды. Билер музыкамен сүйемелдене отырып, 

 
45 
организмнің  барлық  жүйесіне  әсерін  тигізеді,  дене  қасиеттерін  (ептілік, 
шапшаңдық 
т. 
б.) 
дамытады, 
сондай-ақ 
қимыл-қозғалыстардың 
жарасымдылығын,  еркіндігін,  мәнерлілігін    қалыптастырады.  Массаж  (сипау, 
сылау, уқалау, шапалақтау т. б.) теріге, бұлшық етке, сүйек жүйесіне әсер етеді, 
тыныс алуды күшейтеді, қан айналымын, зат алмасуын т. б. жақсартады. 
Ic-әрекеттің  алуан  түрлері  (еңбек,  сурет  салу,  мүсін  жасау,  музыкалық 
аспаптарда ойнау т. б.) де қозғалыс, қимыл әрекеттері олардың компоненттері 
болып  табылатындықтан  адам  организміне  әсерін  тигізеді.  Бірақ  еңбек 
процесінде  жасалатын  қозғалыстар,  ең  алдымен,  нақты  нәтижелерге  жетуге 
бағытталады  да,  ал  организмге  әсер  ету  қосарлы  фактор  болып  табылады. 
Сондықтан  алуан  түрлі  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  кезінде  денені  дұрыс 
қалыпта  ұстауды,  денеге  түсетін  ауыртпалықты  балалардың  жас  шамасын, 
жеке  басының  ерекшеліктерін,  олардың  денсаулық  жағдайларын,  денелерінің 
жетілуін және дене әзірлігін ескере отырып, мӛлшерлеуді қатаң қадағалаудың 
маңызы  зор.  Әртүрлі  жас  кезеңдеріндегі  дене  тәрбиесі  міндеттерін  жүзеге 
асырудың  тиімділігі  негізгі  және  қосымша  құралдарды  дұрыс  үйлестірген 
кезде арта түседі.  
Дене  тәрбиесі  құралдарының  организмге  тигізетін  әсері.  Дене  тәрбиесінде 
қолданылатын негізгі құралдар дене жаттығулары десек, кӛмекші құрал ретінде 
мектепке дейінгі жаста, мәселен, бала ӛмірінің алғашқы үш айында гигиеналық, 
материалдық  факторлардың  және  жаратылыстың  табиғи  күштерінің  маңызы 
мейлінше мол, бұдан кейін дене жаттығуларының және алуан түрлі іс-әрекеттің 
рӛлі  артады.  Мектеп    жасына  дейінгі  балалардың  дене  тәрбиесі  міндеттерін 
шешу    үшін  гигиеналық  факторлар,  жаратылыстың  табиғи  күштері  дене 
жатығулары  т.б.  пайдаланылады.  Толыққанды  дене  тәрбиесіне  барлық 
құралдарды    кешенді қолданған  кезде қол  жетеді, ӛйткені  олардың әрқайсысы 
организмге  әртүрлі  әсер  етеді.  Гигиеналық  факторлар  (сабақ,  демалыс 
тамақтану  және  ұйықтау,  киім,  аяқ  киім,  дене  тәрбиесі  құрал-жабдықтар 
гигиенасы  және  т.  б.)  дене  тәрбиесінің  ӛзіндік  ерекше  құралдары  болып 
табылады.  Олар  дене  тәрбиесімен  айналысушылардың  организміне  дене 
жаттығуларының  тигізетін  әсерін  арттырады.  Мысалы,  нәрлі  және  уақтылы 
тамақтану кезінде дене жаттығулары сүйек және бұлшық ет жүйесінің дамуына 
жақсы әсерін тигізеді. Ұйқының қанық болуы тынығуды қамтамасыз етеді және 
жүйке  жүйесінің  жұмыс  кабілетін  арттырады.  Бӛлменің,  дене  тәрбиесі  құрал-
жабдықтарының,  ойыншықтардың,  атрибуттардың,  балалардың  киімінің,  аяқ 
киімінің таза болуы аурулардың алдын алуға  қызмет  етеді.  
 Жеке 
және 
қоғамдық  гигиена  талаптарын  орындау  -  балаларда  жағымды  эмоциялар 
тудырады,  дене  жаттығуларын  игеруге  неғұрлым  жақсы  жағдай  жасайды. 
Гигиеналық  факторлардың  дербес  маңызы  да  бар.  Олар  барлық  органдар  мен 
жүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдеседі. Мысалы, жүйелі түрде және 
сапалы тамақтану ас қорыту қызметіне жақсы әсер етеді және басқа органдарға  
қоректік  заттарды  дер  кезінде  жеткізіп  тұруды  қамтамасыз  етеді,  баланың 
қалыпты  ӛсуіне,  дамуына  септігін  тигізеді.  Жарықтың  дұрыс  болуы  кӛз 
ауруларының  (нашар  кӛру  т.б.)  пайда  болуын  болдырмайды,  балалардың 
кеңістікте  бағдар    табуына  неғұрлым  қолайлы  жағдай  туғызады.  Күн  тәртібін 

 
46 
қатаң  сақтау  ұйымшылдыққа,  тәртіптілікке,  т.с.с.  үйретеді.  Гигиеналык 
факторлар дене тәрбиесі жүйесінің сауықтыру бағыты бар кағидаларын жүзеге 
асыруда  шешуші  фактор  болып  табылады.  Оның  ең  басты  мақсаты  -  дене 
жаттығуларын адамның ӛмір  қызметінің құрамдас бӛлігі ету. Екінші жағынан, 
дене  жаттығуларының  тиімділігі  тек  қана  гигиеналық  нормаларды  сақтаған 
жағдайда ғана жоғары болмақ. 
 Дене  тәрбиесінің  арнаулы  кұралы  болмаса  да,  гигиеналық  факторлар 
дене  тәрбиесі  міндеттерін  толық  ӛз  дәрежесінде  шешуде  маңызға  ие. 
Қаншалықты  педагогикалық  процесс жақсы ұйымдастырылғанымен  тамақтану 
тәртібі бұзылып жатса, керекті мӛлшерде ұйықтамаса, жаттығулар санитарлық 
жағдайы  жоқ  жерде  ӛткізілсе,  онда  педагогикалық  процесс  ешқашан 
күткендегідей нәтиже бермейді. Сондықтан да дене тәрбиесі бойынша мектепке 
дейінгі  ұйымдарда  гигиеналық  талап  кӛлемін  анықтайтын    материалдар 
ұсынылған.  Гигиеналық факторлар, шартты түрде екі топқа бӛлінеді:  
1)  дене тәрбиесі процесінен тыс, адамның ӛмір қызметін қамтамасыз ететін 
жағдайлар:  еңбек,  оқу,  тұрмыс,  демалыс,  тамақтанудың  жеке  және 
қоғамдық  гигиенасының  талаптарына  немесе  дене  жаттығуларымен 
толықтай  айналасуға  қажет  алғышарттарды  қамтамасыз  ететіндердің 
бәрі;  
2)  дене  тәрбие  процесіне  тікелей  енгізілген  жағдайлар:  гигиеналық 
нормаларға сәйкес түсетін салмақ және демалу тәртібін тиімді пайдалану, 
арнайы жарыс жолындағы тамақтану, сыртқы әсер тигізетін жағдайларды 
жасау  (ауа  тазалығы,  жарықтың  жеткіліктігі,  құрал-жабдықтардың 
жарамдылығы, киімнің ыңғайлылығы, т.б.).  
Жаратылыстың  табиғи  күштері  (метеорологиялык  факторлар)  әсер  ету 
заңдылықтарын  біле  отырып,  дене  жаттығуларының  жоғары  тиімділігіне 
жетудің  қолайлы  жағдайларын  анықтауға  мүмкіндік  беретін  факторлар  тобын 
құрайды. Адам тұрақты түрде қоршаған ортамен ӛзара байланыста болып, сол 
ортаға бейімделіп ӛз әсерін тигізеді. Күннің сәулесі, ауа мен су температурасы, 
ылғалдылық, ауаның тазалығы, атмосфералық қысымның үнемі ӛзгеріп отыруы 
организмді  физиологиялық  және  психологиялық  ӛзгерістерге  әкеледі.  Осы 
айтылған  жағдайлардың  барлығы  дене  жаттығуларының  тиімді  жасалуына, 
адамның  жұмыс  кабілеті  мен  денсаулық  жағдайының  жақсаруына  немесе 
тӛмендеуіне  тікелей  байланысты.  Сол  себептен  де  дене  жаттығуларын 
орындаған кезде  сыртқы факторлардың әсерін  есепке алып отыру қажет. Дене 
тәрбиесі  процесінде  табиғаттың  жаратылыс  күшін  (метеорологиялык 
факторлар) пайдалану екі бағытта жүзеге асырылады: а) табиғаттың жаратылыс 
күшін дене   жаттығулары үшін  қолайлы  жағдайлар  жасайтын кӛмекші  фактор 
есебінде пайдалану. Оның себебі, олар адам организіміне  әсер ететін қозғалыс 
тиімділігін күшейтеді және толықтырып отырады; ә) табиғаттың жаратылыстық 
әсері-ауа  және  су  ваннасы,  күн  сәулесі  арқылы  шынығу  және  сауықтырудың 
тиісінше  жеке  дара  кұралы  есебінде  пайдаланады.  Еңбек  және  оқу  қызметінің 
күн  тәртібіне  енгізілген  бұл  процедуралардың  қолайлы  әсері  белсенді  түрде 
демалу  формасына  жатады  және  қайта  қалыпқа  келу  тиімділігін  арттырады. 
Табиғаттың жаратылыс күшін тиімді пайдалану – басты талаптардың бірі, оны 

 
47 
жүйелі  кешенді  түрде  дене  жаттығуларымен  байланыстыра  отырып  қолдану 
керек.  Жаратылыстың  табиғи  күштері  (күн,  ауа,  су)  дене  жаттығуларының 
организмге  жағымды  әсерін  күшейтеді,  адамның  жұмыс  қабілетін  арттырады. 
Ауада  немесе  суда  (жүзу)  дене  жаттығуларымен  айналысу  процесінде  жеке 
органдар  мен  организм  жүйелерінің  қызмет  ету  мүмкіндіктері  артады  (оттегі 
кӛп  сіңіріледі,  зат  алмасу  күшейеді  т.  б.).  Күн,  ауа  және  су  организмді 
шынықтыру  үшін  пайдаланылады,  соның  нәтижесінде  адам  организмі  әртүрлі 
метеорологиялық  ӛзгерістерді  дер  кезінде  қиналмай  қабылдау  қабілетіне  ие 
болады.  Оның  үстіне  жаратылыстың  табиғи  күштерін  дене  жаттығуларымен 
үйлестіру  шынығу  тиімділігін  арттырады.    Жаратылыстың  табиғи  күштері 
дербес  құрал  ретінде  де  пайдаланыла  береді,  Су  денені  кірден  тазалауға,  қан 
тамырларын кеңейтуге және тарылтуға, адам денесіне механикалық әсер етуге 
пайдаланылады.  Орман,  бау  парктердің  құрамында  ерекше  заттары 
(фитонцидтер)  бар  ауасы  микробтарды  жоюға  кемектеседі,  қанды  оттегімен 
байытады, адамның организміне жақсы әсерін тигізеді. Күн сәулесі тері астында 
Д  витаминінің  жиналуына  себепші  болады,  әртүрлі  микробтарды  ӛлтіреді, 
адамды  аурудан  (рахит  т.  б.)  сақтайды.  Жаратылыстың  табиғи  күштерін 
пайдалану  балаларда  жағымды  эмоциялар  туғызады.  Организмге  жан-жақты 
әсері  тиюі  үшін  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  жаратылыстың  табиғи 
күштерін  мейлінше  орынды  пайдалана  отырып  қолдану  керек.  Материалдық 
факторлар  (спорттық  құрылыстар,  құралдар,  киім  және т.б.)  кӛп жағдайларда 
спорттық міндеттерді (шапшаңдықпен жүгіріп ӛту, биікке секіру, т.б.) шешуге 
және  кейде  жалпы  білімділік,  сауықтыру  міндеттерін  арттыруға  әсер  етеді. 
Жоғарыдағы айтылған талаптар ескерілген кезде денені шынықтыру, еңбек, оқу 
қызметтері артады.  
Дене  жаттығуларына  сипаттама.  Дене  жаттығулары  адам  алдағы  тұрған  
еңбек әрекеттеріне (аң аулау, еңбектің пайда болуы, әртүрлі құралдарын жасау 
т.  б.)  алдын  ала  дене  әзірлігі  қажет  екендігін  ұғынған  кезеңде  пайда  болады. 
Тәжірибе адамға аң аулауға денені алдын ала әзірлеу мен оның нәтижелерінің 
арасындағы  байланысты  анықтауға  және  жиналған  қимыл-қозғалыстық 
тәжірибені  бір-біріне  берудің  маңыздылығын  бағалауға  мүмкіндік  жасайды. 
Мәселен,  адам  аң  аулауға  шығудан  кӛп  бұрын  алдағы  атқарылатын  әрекетке 
машықтанады:  аңның  бейнесін  (сурет,  тұлып  т.  б.)  жасап  соған  дәл  тигізуге 
талпынды. Осындай әрекеттерді кӛп рет қайталау процесінде адамда нысанаға 
дәл  тигізе  білушілік  қалыптасып,  кӛзбен  шамалау,  күш,  басқа  да  дене 
қасиеттері  дамиды.  Сӛйтіп  дене  жаттығулары  алғашында  еңбекте 
қолданылатын  қимыл-қозғалыстардан  тұрды.      Кейін  дене  жаттығуларының 
дамуына  әскери  істер,  ғылым  мен  ӛнер  елеулі  әсерін  тигізді.  Қоғамның  және 
дене тәрбиесінің ӛзінің дамуымен бірге еңбек әрекеттері формалары мен дене 
жаттығулары формалары арасындағы ұқсастықтар жойылып кетті. Бұл қимыл-
қозғалыстық  күрделі  әрекеттен  жеке  жаттығуларды  бӛліп  алуға  (әр  түрлі 
қашықтыққа жүгіру, алысқа лақтыру, ұзындыққа секіру т. б.) және оларды дене 
тәрбиесі  мақсатында  қолдануға  мүмкіндік  берді.  Дене  тәрбиесі  теориясы  мен 
практикасының  дамуы  процесінде  аналитикалық  жаттығулар  деп  аталатын 
жаттығулар  (бұлшық  еттердің  жеке  топтары  үшін  затсыз  және  затпен,  зат 

 
48 
үстінде,  гимнастикалық  снарядтар,  т.  б.  үстінде  жалпылай  жетілдіру 
жаттығулары),  сондай-ақ ойындар  (волейбол,  баскетбол,  футбол,  хоккей  т.  б.) 
арнайы жасалды. Қазіргі кезде сан алуан дене жаттығулары бар және олардың 
дамуы жалғаса бермек. 
Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы 
Дене  жаттығулары  мазмұны  жағынан  да,  формасы  жағынан  да  бір-бірінен 
ерекшеленеді.  Мазмұнға  дене  жаттығуларына  енетін  әрекеттерді,  сондай-ақ 
жаттығулардың  барысында  организмге  тарайтын және  оның  дене  тәрбиесімен 
айналысушыларға  тигізетін  әсерін  анықтайтын  процестерді  (психикалық, 
физиологиялық,  биохимиялық,  биомеханикалық  т.б.)  жатқызады.  Дене 
жаттығуларын  орындау  (еркін  қозғалыстарды)  қимыл-қозғалыстардың  қандай 
болатындығын  шамалаумен,  кӛңіл  аударумен,  ойланумен,  ерік  күштерімен, 
эмоциямен,  тағы  басқа  да  психикалық  процестермен  байланысты.  Түрлі  дене 
жаттығуларын орындау кезінде организмнің жүрек-қан тамырлары, тыныс алу 
және  басқа  жүйелерінің  жұмысында  әртүрлі  ӛзгерістер  болады.  Осындай 
ілгерілеушіліктер  организмінің  қызмет  ету    мүмкіндіктерін  тиісті  дәрежеде 
ӛзгертеді  және  массаның  ұлғаюы  мен  органдар  құрылымының  дамуына  алып 
келеді.  Дене  жаттығулары  мазмұнын  педагогикалық  кӛзқарас  тұрғысынан 
қарай  отырып,  олардың  білім  беру-тәрбиелеу  міндеттерін  іске  асыру  үшін 
маңызын  анықтау  (қимыл-қозғалыстық  іскерліктер  мен  дағдылар,  дене 
қасиеттерін дамыту т. б.) маңызды. Дене жаттығуларының формасы оның ішкі 
және  сыртқы  құрылымын  кӛрсетеді.  Ішкі  құрылым  белгілі  бір  жаттығуды 
орындап жатқан кезде организмдегі әртүрлі процестердің ӛзара байланысымен 
сипатталады.  Сыртқы  құрылым  -  форма  кӛрінісі,  ол  қозғалыстың  кеңістіктік, 
мезгілдік,  динамикалық  параметрлерінің  арақатынасымен  сипатталады.  Дене 
жаттығуларының  мазмұны  мен  формасы  ӛзара  байланысты.  Мазмұн  формаға 
қатысты  жетекші  рӛл  атқарады,  мысалы,  жүгіру  шапшаңдығы  артқанда 
адамның  ұзындығы  және  дененің  еңкею  бұрышы  ӛзгереді.  Бірақ  форма  да 
мазмұнға әсер етеді: мәселен, алысқа лақтыруда құлаш сермеуді дұрыс орындау 
дене қасиеттерінің кӛрініс беруіне әсерін тигізеді (лақтыру қашықтығы артады, 
мұның ӛзі бұлшық ет күшінің ӛзгергендігін дәлелдейді). 
Дене  жаттығулары  техникасы  -  бұл  қозғалыстарды  орындау  тәсілдері, 
олардың 
кӛмегімен 
қимыл-қозғалыстық 
міндеттер 
шешіледі. 
Дене 
жаттығуларының  техникасы  дегеніміз  ізденістің,  ғылыми  анализдің  және 
спортшының  қимылды  орындау  әдісін  практика  жүзінде  тексеруден  ӛткен 
нақтылы  нәтижелері.  Техника  деген  түсінік  педагогикалық  немесе 
биомеханикалық  тұрғыдан  түсіндірілуге  тиісті.  Педагогикалық  тұрғыдан  дене 
жаттығуларының  техникасы  деп  қимыл  қозғалысты  орындаудың  ең  тиімді 
әдісін  айтады.  Тиімділік  адам  организміне  ең  қолайлы  әсерінен  (мысалы, 
тұлғаны  дамытуға,  шынықтыруға  қажет  бұлшық  ет  топтарына  әсер  ету)  және 
қимылдың  нәтижесінен  (мысалы,  карғу  қашықтығымен)  кӛрінеді.  Бірдей 
қимылдарды әртүрлі әдіспен де орындауға болады, бірақ оның ең қолайлысын 
ғана орындау техникасы деп атайды. Мысалы, әртүрлі әдіспен жүзуге болады 
(кроль, брасс т.б.) бірақ кейбіреулер классикалық әдісті игермей-ақ жүзе алады. 
Бұл  жағдайда  біз  «жүзу  техникасын  игермеген»  дейміз.  Стандартты  техника 

 
49 
дегеніміз – шынығушылардың ең қолайлы негізде керекті кимылды орындауын 
кӛрсететін  техника.  Стандартты  техника  қимыл  негізін  кӛп  ӛзгерістерге 
ұшыратпайды  және  орындалатын  жаттығулардың  кейбір  злементтерін 
орындауда  ауытқу  мүмкіншіліктерін  жоққа  шығармайды.  Техниканың 
жекелілігі  екі  бағытта  жүзеге  асырылады:  жалпы  адам  тұлғасының  және 
адамдардың жеке тобының дене дайындығына байланысты стандартты техника 
деңгейінде ӛзгеру енгізетін кездегі типтік жекелілік жолымен немесе адамның 
жеке  ерекшеліктерін  ескеретін  дербес  жекелілік  жолымен  жүзеге  асырылады. 
Дене  жаттығулары  техникасы  ӛзгеріп,  жетіліп  отырады.  Жоғары  нәтижелерге 
жетуге ұмтылу, дене тәрбиесімен айналысушылардың дене әзірлігін жақсарту, 
қозғалыстың биохимиялық заңдылықтарын ашу, неғұрлым жетілдірілген спорт 
жабдықтарын  қолдану  техниканы  жетілдіруге,  жаттығулардың  жаңа 
формаларын  жасауға  әкеледі.  Дене  жаттығуларын  орындау  (техникасы) 
әдістерінің тиімділігін бағалау критерийі сыртқы форма (конькимен мәнерлеп 
сырғанау)  сандық  нәтиже  (секіру,  жүгіру  т.  б.)  немесе  қимыл-қозғалыстық 
міндеттерді  орындау  (нысанаға  тигізу)  болып  табылады.  Дене  жаттығулары 
техникасында  буындар  мен  бӛлшектерді  анықтайтын  негізді  бӛлек  алып 
қарайды.  Техника  негізі    бұл  қимыл-қозғалыстық  міндеттерді  шешу  үшін 
қажетті  жаттығудың  басты  элементтері.  Техника  негіздерінің  белгілі  бір 
элементтері  болмаған  кезде    жаттығу  орындалмайды  немесе  бұзылып 
орындалады.  Техниканың    анықтауыш    буыны  -  бұл  белгілі  бір  қозғалыс 
техникасы негізінің мейлінше, маңызды және шешуші бӛлігі. Мысалы, жүгіріп 
келіп  биіктікке  секіру  үшін  техниканың  анықтауыш  буыны  -  екінші  аяқтың 
алға қарай жоғары кӛтерілуімен жалғасып жататын бір аяқпен серпіле секіру, 
ал  алысқа  лақтыру  үшін  лақтыруға  жұмсалатын  соңғы  күш  болады. 
Жаттығуларда  анықтауыш  буынды  орындау,  әдетте,  салыстырмалы  түрде 
қысқа  мерзімде  ӛтеді  және  бұлшық  еттің  кӛп  күш  жұмсауын  талап  етеді. 
Техника бӛлшектері  - бұл жаттығудың екінші дәрежелі ерекшеліктері, олар 
техника  негізін  бұзбай  ӛзгеріп  отыру  мүмкін.  Мысалы,  допты  лақтырған  соң 
теңдік  сақтап  қалу  үшін  дене  тәрбиесімен  айналысушылардың  кейбіреулері 
аттап  барып  тоқтайды,  ал  енді  біреулері  артқы  аяқты  алдыңғы  аяқ  жанына 
қояды  да  екпінін  тоқтатады.  Техника  бӛлшектері  адамның  морфологиялық 
индивидуалды және функционалды ерекшеліктеріне және жаттығудың қандай 
жағдайда орындалатындығына тәуелді болады. 
Дене  жаттығулары  бірінен  соң  бірі  белгілі  сәтте  келіп  отыратын 
фазалардан  (немесе  бӛліктерден)  тұрады.  Белгілі  бір  қимылды  құрайтын 
қозғалыс  тиісті  ретпен  орналасады.  Олай  дейтін  себебіміз,  қай  бір  жаттығу 
болмасын,  белгілі  бір  қозғалыспен  басталып,  екінші  бір  қозғалыспен 
аяқталады.  Танымдылық  және  дидактикалық  мақсаттар  кӛзделген  жағдайда 
дене жаттығуларын үш фазаға бӛліп қарау орынды. Дайындық фазасы негізгі 
фазаны  орындау  үшін  мейлінше  жақсы  жағдай  болуды  қамтамасыз  етеді. 
Мысалы,  допты  алысқа  лақтыруда  құлаш  сермеу  кезінде  қол  мен  кеуденің 
қозғалуы  лақтырған  кездегіге  (негізгі  фаза)  қарама-қарсы  болады.  Жүгіріп 
келіп қарғуда - аяқты бүгу және серпілудің алдындағы қолдың сермелуі де осы 
фазаға  жатады.  Мұның  ӛзінде  негізгі  фазада  күрт  және  қатты  жиырылатын 

 
50 
бұлшық  еттер  созылады.  Қолдың  қозғалыс  жолын  ұзарту  доптың  алысқа 
лақтырылуын  қамтамасыз  етеді.  Биіктікке  секіру  кезінде  адам  негізгі  фаза 
орындалатын  бағытқа  қарай  жүгіреді,  бұл  жоғары  қарай  серпілу  күшін 
арттырады  және  биік  кедергіден  асып  түсуге  мүмкіндік  береді.  Негізгі  фаза 
басты  қимыл-қозғалыстық  міндеттерді  шешуге  бағытталған.  Мәселен, 
лақтырғанда  допты  қолдан  шығаруға,  секіргенде  қатты  серпілуге,  кедергіні 
алуға  бағытталады.  Сол  сияқты,  бір орында  тұрып,  қос  аяқтап  секірген  кезде  
аяқпен  итерілгеннен  кейін  -  ұшу  негізгі  фазаға  жатады.  Бұл  фазада  қозғалыс 
күштерін  тиісті  жерінде,  бағытында  және  қажетті  сәтінде  орынды  жұмсау 
маңызды.  Соңғы  фазаның  міндеті  -  қозғалысты  тежеу  және  тепе-теңдік 
сақтап  қалу,  алысқа  лақтырудан  соң  сызықтан  асып  кетпеу,  жүгіріп  келіп 
ұзындыққа  секірген  соң  құламау.  Жаттығу  элементтерге  бӛлінеді,  мысалы, 
нысананы  кӛздеп  лақтыруда:  бастапқы  жағдайда  кӛздеу,  құлаштау,  лақтыру.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет