А. Ж. Сисенбердиева


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған



Pdf көрінісі
бет8/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған 
материалдар 
1. Мектеп жасына  дейінгі балалар дене тәрбиесінің мақсаты: 
А.  Ӛмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау  
Ә.  Денсаулығын сақтауға даярлау 
Б.  Дене қозғалысын дамыту 
В.  Дене жаттығуларымен айналыстыру 
2. Айналмалы қозғалыс: 
А.  Секіру 
Ә.  Ӛрмелеу 
Б.  Жүгіру 
В.  Диск лақтыру 
3.  Ӛмірді  қорғау  және  денсаулықты  нығайту,  балалардың  организмін 
шынықтыру міндеті: 
А.  Салауаттылық міндеті 
Ә.  Сауықтыру міндеті 
Б.  Салыстыру міндеті 
В.  Денсаулық сақтау 
4. Бұлшық еттерге бір қалыпта тұрып күш түсіруге негізделген жаттығулар: 
А.  Статикалық жаттығулар 
Ә.  Секіру жаттығулары 
Б.  Динамикалық жаттығулар 
В.  Дене жаттығулары 
5.  Ізденістің,  ғылыми  анализдің  және  спортшының  қимылды  орындау  әдісінің 
практика жүзінде тексеруден ӛткен нақтылы нәтижелері:  
А.  Жаттығулар техникасы 
Ә.  Жаттығулар саны 
Б.   Жаттығулар реті 
В.  Жаттығулар барысы 
6. Дене тәрбиесінде қолданылатын негізгі құралдар:  
А.  Сабақтар 
Ә.  Секіру 
Б.  Дене тәрбиесінің жаттығулары 
В.  Жүгіру 
7. «Функционалдық жүйе» тұғырнамасын ұсынған: 
А.  И.М.Сеченов 
Ә.  П.К.Анохин 
Б.  А.С.Макаренко 
В.  Н.К.Крупская 

 
58 
8. Циклсіз қозғалыс: 
А.  Лақтыру 
Ә.  Жүру 
Б.  Тұру 
В. Отыру 
9.  «Физиологиядағы    еркін  қозғалыс  деп  аталатын    қозғалыс  шын  мәнінде  
рефлективтік  қозғалыс»  деп  тұжырымдаған  (сыртқы  әсер  арқылы  пайда 
болатын қозғалыс) кім? 
А.  Л.К.Шлегер   
Ә.  К.Д.Ушинский 
Б.  Н.А.Бернштейн 
В.  В.Ф.Одоевский 
10.  Музыкамен  сүйемелдене  отырып,  организмнің  барлық  жүйесіне  әсерін 
тигізеді,  дене  қасиеттерін  (ептілік,  шапшаңдық  т.  б.)  дамытады,  сондай-ақ 
қимыл-қозғалыстардың 
жарасымдылығын, 
еркіндігін, 
мәнерлілігін  
қалыптастырады: 
А.  Ойын 
Ә.  Ән 
Б.  Күй 
В.  Би 
11.  Дене  тәрбиесі  процесінде  адамгершілік,  ақыл-ой,  эстетикалық,  еңбек,  т.б. 
тәрбиелерді жүзеге асыруға бағытталған міндет:  
А.  Тәрбиелік  
Ә.  Сауықтыру 
Б.  Білім беру 
В.  Қалыптастыру 
12.  Теріге,  бұлшық  етке,  сүйек  жүйесіне  әсер  етеді,  тыныс  алуды  күшейтеді, 
қан айналымын, зат алмасуын т. б. жақсартады: 
А.  Су 
Ә.  Ауа 
Б.  Массаж 
В.  Күн 
13.  Қаншалықты  педагогикалық  процесс  жақсы  ұйымдастырылғанымен 
тамақтану  тәртібі  бұзылып  жатса  керекті  мӛлшерде  ұйықтамаса,  жаттығулар 
санитарлық  жағдайы  жоқ  жерде  ӛткізілсе,  онда  педагогикалық  процесс 
ешқашан күткендегідей нәтиже бермейді. Бұл қай факторға байланысты: 
А.  Сауықтыру факторы 
Ә.  Білім беру факторы 
Б.  Гигиеналық фактор  
В.  Табиғи фактор 
14. Жаттығу басталар алдында, салыстырмалы түрде айтқанда қозғалмай тұру, 
ол қай әрекет етуге әзірлікті кӛрсетеді: 
А.  Соңғы жағдайды 
Ә.  Қалыпты жағдайды 
Б.   Негізгі жағдайды 

 
59 
В.   Бастапқы жағдайды 
15. Қозғалыстағы дене мүшесінің (немесе заттың) жолы: 
А.  Траектория 
Ә.  Социология 
Б.  Плантография 
В.  Хранометрия 
16. Тербелісті қозғалыстың арылы-берілі ауытқу құлашы (дененің немесе оның 
мүшелерінің теңдік қалпынан мейлінше ауытқуы): 
А.  Қозғалыс жылдамдығы 
Ә.  Қозғалыс амплитудасы 
Б.  Қозғалыс шапшаңдығы 
В. Қозғалыс ырғағы 
17.  Адамның  денсаулығын  нығайту,  күш-қуатын,  икемділігін,  тӛзімділігін 
арттырып  жетілдіру  үшін  қолданылатын  методикалық  әдістер  мен  арнайы 
іріктеліп алынған дене шынықтыратын жаттығулар жүйесі:  
А.  Гимнастика  
Ә.  Сабақ 
Б.  Сергіту 
В.  Мереке 
18. Адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі: 
А.  Қызықтау 
Ә.  Спорт 
Б.   Ертеңгілік гимнастика 
В.   Туризм 
19. Циклдік қозғалыстар:  
А.  Жүгіру 
Ә.  Лақтыру 
Б.  Жүру 
В.  Секіру 
20. Тұрған жерден ұзындыққа секіру жаттығуы: 
А.  Үдемелі 
Ә.  Дамымалы 
Б.   Салыстырмалы 
В.   Қозғалмалы 
 
 
 
 
 
5-тақырып. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламалары және дене тәрбиесі 
мазмұны 
 
1.  Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы- мектеп жасына дейінгі балаларды 
тәрбиелеу, оқыту және ӛмірін ұйымдастыруға басшылыққа алынатын құжат 
2.  «Балбӛбек» бағдарламасындағы ұлттық тәрбие жӛнінде 

 
60 
3.  «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» 
бағдарламаларындағы дене тәрбиесі мазмұны 
 
Бағдарлама  (программа,  грек.programma-хабарландыру,  нұсқау)  –  1)  белгілі 
бір  қызметтің  (не  әрекеттің),  жұмыстың,  т.б.-дың  мазмұны  мен  жоспары;  2) 
саяси  партиялар,  ұйымдар  және  жеке  қайраткерлер  қызметінің  негізгі 
қағидалары  мен  мақсатының  тұжырымдамасы;  3)  оқу  пәнінің  қысқаша 
тұжырымдамасы;  4)  театр,  концерт,  цирк  қойылымдарының,  радио, 
телехабарлардың мазмұны және берілу реті; 5) бағдарламалау тілінде берілген 
амалдарды  орындау  алгоритмінің  сипаттамасы.  Осы  негізде  мектепке  дейінгі 
тәрбие  мен  оқыту  бағдарламалары  -  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  оқу-тәрбие 
жұмысының  мақсатын,  міндеттерін,  мазмұнын  айқындайтын  мемлекеттік 
құжат. Онда мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен тәжірибесінің дамуындағы 
жаңалықтар  қорытындыланып  берілген.  Бағдарламада  білім  беру  жүйесінің 
алғашқы  буыны  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  алатын  орны,  әртүрлі  жас 
тобындағы  жүргізілетін  оқу-тәрбие  жұмысының  мазмұны  қарастырылады. 
Бағдарламалардың  құрылымдық  ерекшеліктері  мен  мазмұны,  әр  жас  тобының 
күн  тәртібі,  қимыл-қозғалысын  жетілдіру,  ойын-сабақтар  ӛткізу  мүмкіндіктері 
әр жылдарда толықтырылып, байытылып отырады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу 
мен  оқыту  бағдарламалары  (бұдан  былай  «Бағдарлама»)  мектепке  дейінгі 
жастағы  балалардың  денесі  шыныққан,  ақыл-ойы  ұшқыр,  адамгершілік 
жағынан мінсіз, еңбексүйгіш, эстетикалық талғамы бай етіп тәрбиелеу міндетін 
қояды.  Онда  әрбір  баланың  жас  ерекшелігі,  жеке  басының  ӛзіндік  ерекшелігі, 
психикалық-физиологиялық ерекшелігі ескеріледі. Балабақша балалардың жан-
жақты  дамуына  қамқорлық  жасайды  олардың  талап-тілегін,  қажетін  ескеріп, 
мазмұнды  да  қызықты  іс-әрекетін  (ойын,  еңбек,  оқу)  ұйымдастырады. 
Балалардың кӛңіл-күйінің сергек, қуанышты болуын кӛздейді. Мектепке дейінгі 
тәрбиелеу  мен  оқыту  бағдарламалары  негізінде  педагогикалық  процесті 
ұйымдастырып,  бірізді,  жүйелі  болуын  қадағалайтын,  оның  талаптарын 
орындауға  жауапты  басты  тұлға  -  тәрбиеші.  Ол  бағдарламаға  сүйене  отырып, 
әрбір  топтағы  тәрбиелеу  мен  оқыту  мазмұнының  келесі  топта  қайталанбауын 
қадағалайды  және  дұрыс  ұйымдастырылуына  басшылық  жасайды.  Мектепке 
дейінгі  тәрбие  бағдарламасы  -  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу, 
оқыту  және  ӛмірін  ұйымдастыруда  басшылыққа  алынатын,  отбасында, 
мектепке дейінгі ұйымдардың жас ерекшелік топтарында балаларды тәрбиелеу 
мен  оқытудың  мақсат-міндеттерін,  мазмұнын  айқындайтын  негізгі  құжат. 
Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту  бағдарламаларының  қалыптасу 
тарихына  кӛз  жіберейік.  Бағдарламалар  мектепке  дейінгі  қоғамдық  тәрбиенің 
дамуымен бірге жетілдіріліп отырды.  
Қазақстан  тәуелсіздігінің  алғашқы  жылынан-ақ  бағдарламалар    ӛңделіп, 
толықтырылып  қабылданып  жатты.  2000  жылы  «Балбӛбек»  мектепалды 
даярлық   бағдарламасы жарық кӛрді. Мектепке  дейінгі  тәрбиенің  теориясы 
мен  практикасының  осы  заманғы  дәрежесі  балаға  жеке  адамның,  яғни 
оның  бойындағы  алуан  түрлі  қасиеттердің  бүтіндей  қалыптасуы 
тұрғысынан  қарауды  талап  етеді.  Тәрбие  жұмысы  тұтас  кешенді  процесс 

 
61 
ретінде  жүзеге  асырылуға  тиіс.  Сондықтан  «Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу 
мен  оқыту  бағдарламасы»  тәрбиешілердің  назарын  баланы  терең 
зерттеуге,  оның  ӛсіп  дамуындағы  жас  заңдылықтары  мен  жеке 
ерекшеліктерін  білуге  бағыттайды.  «Бағдарлама»  балалар  іс-әрекетінің 
әртүріне  -  ойын,  еңбек,  оқу,  тұрмыс  әрекеттеріне  тәрбиешінің  нысаналы 
бағытпен басшылық етіп отыруы қажеттігін, бұл іс-әрекеттер процесінде 
білім,  іскерлік,  мінез-құлықтың  белгілі  бір  формалары  белсенділікпен 
игерілетінін  түсіндіреді.  Сондай-ақ,  «Бағдарламада»  балаларды  мектепке 
даярлаудағы  балалар  бақшасының  ерекше  рӛлі,  олардың  жоғары  рухта 
тәрбиеленуіне,  педагогикалық  процестің  ұйымдастырылуына  және 
мектепке  дейінгі  ұйымдар  алдында  тұрған  міндеттердің  жүзеге 
асырылуына тәрбиешінің жауапкершілігі атап кӛрсетіледі. 
 «Бағдарламалар»  тӛмендегі  принциптерге  (ұстаным,  қағида)  сәйкес 
құрылған: 
1.  Бағдарлама 
материалы 
мазмұнының 
идеялылығы, 
құрылу 
принциптері оның қоғамдық тәрбие міндеттеріне сай болуы. 
2.  Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. 
3.  Сәбилік  шақтан  мектепке  барғанға  дейінгі  балаларға  тәрбие  мен 
білім  беру  жӛніндегі  педагогикалық  процестің  тұтастығы  және 
үздіксіздігі. 
4.  Материал  орналасуының  жүйелілігі  және  бірізділігі,  оның  топтан 
топқа карай біртіндеп күрделенуі. 
5.  Iс-әрекеттің  әртүрінде  жүзеге  асырылатын  жалпы  және  жеке 
міндеттер  орналасуының  жас  шақтары  тұрғысынан  алғандағы 
принципі. 
6.  Iс-әрекеттің әртүрінде: ойын, оқу, еңбек, тұрмыс әрекеттері кезінде 
тәрбиенің жүзеге асырылуы. 
7.  Жинақылық-бұрын  ӛткен  материалға  неғұрлым  жоғары  дәрежеде 
қайта оралу. 
«Балбӛбек»  бағдарламасындағы  ұлттық  тәрбие  жӛнінде.  «Бағдарламаны» 
білу  және  оның  талаптарын,  топтағылардың  нақты  тіршілік  жағдайларын 
есепке  ала  отырып,  орындау  мектепке  дейінгі  мекемелердің  әр  маманы 
үшін міндетті іс болып табылады.  Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту 
бағдарламасында  белгіленген  бүкіл  мазмұнды  балаларға  ойдағыдай 
игерту  мақсатымен  тәрбиешіге  кӛмек  ретінде  әдістемелік  нұсқаулар, 
құралдар,  ұсыныстар  жасалады.  Оларда  іс-әрекеттің  әртүрі  бойынша 
балалармен  жұмыс  жүргізудің  әдістері  ашып  кӛрсетіледі.  Тәрбиешінің 
әдістемелік  нұсқаулар  мен  ұсыныстарды,  түрлі  құралдарды  пайдалана 
білуі, іскерлігі әртүрлі жас шағында баланың ойдағыдай тәрбиеленіп, ӛсіп 
дамуын  камтамасыз  етеді.  Бағдарламалар  мазмұны  негізінде  тәрбиешілер 
балалардың  жан-жақты  дамуына  жағдай  жасайды,  олардың  талап-тілегін, 
қажетін  ескеріп,  мазмұнды,  қызықты  іс-әрекетін  (ойын,  еңбек,  оқу) 
ұйымдастырады.  Мұнда  баланың даму,  жас,  жеке басының  ӛзіндік  ерекшелігі, 
психологиялық  ерекшелігі  еске  алынады.  Оқу-тәрбие  мазмұны  тәрбиенің 
мақсат-міндеттеріне  сай  айқындалған.  Әрбір  топта  балалардың  күнделікті 

 
62 
тұрмысын  ұйымдастыру  және  тәрбиелеу,  сабақтарда  оқыту  мәселесіне  басты 
кӛңіл бӛлінген. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында 
ұлттық  сана  мен  психология  қалыптасқан  парасатты  азамат  тәрбиелеп  ӛсіру  - 
отбасының,  балабақшаның,  барша  халықтың  міндеті.  Замана  алға  қойған  бұл 
міндеттерді  ӛз  мәнінде  шешу  үшін  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беру 
мазмұнын түбегейлі жаңарту кӛзделуде. Қазіргі ӛмірдің ӛзінен туындап отырған 
талаптарды  орындау,  жаңалыққа  жаршы  болу  үзіліссіз  тәрбие  негізінің  бастау 
бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды.  Осы орайда, еркін 
елдің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге асырылып жатқан саяси, әлеуметтік 
жағдайларды  ескере  отырып,  дайындалған  білім,  ғылым  саласындағы  ресми 
құжаттар  тәжірибеде  қолданылуда.  Бағдарламалар  әр  басылымында 
жаңартылып,  мазмұны  байытылып,  ұлттық  ерекшеліктер  ескеріліп,  ӛңделіп, 
толықтырылып  отыр.  Соның  бірі  –  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі 
тұңғыш  "Балбӛбек"  бағдарламасы.  Бағдарламаның  мақсаты:  балабақшадағы 
тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту, сәбилік шақтан бастап жеке тұлға 
ретінде  қалыптасуына  ықпал  ету,  мейірімділік,  ізеттілік,  әдептілік, 
бауырмалдыққа,  үлкенге  құрмет,  кішіге  қамқорлыққа  баулып,  адамдық 
қасиеттерді  қалыптастыру,  баланың  жеке  дара  дамуын  қамтамасыз  ету  және 
ӛмірлік  дағдыларды  қалыптастыру.  Тәрбиелеу  мен  білім  беруді  кіріктіре 
кешенді жүргізудің тиімді тәсілдерін айқындау. Бағдарлама негізіне осы салада 
еңбек  етіп жүрген отандық  және  шетел  ғалымдарының  мектеп жасына дейінгі 
балалардың  жас  және  психологиялық-физиологиялық  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  іріктеп,  бейімдеумен  ұсынған  адамзаттың  қоғамдық-тарихи 
тәжірибесін  қамтитын  компоненттері  -  білім,  іскерлік  пен  дағдылар, 
шығармашылық әрекет және ӛмірлік эмоционалдық қатынас тәжірибелерін алу 
кӛзделді.  Кӛзделіп  отырған  ауқымда  білім,  іскерлік  пен  дағдыларды 
қалыптастыру баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Бағдарлама ең алдымен, баланың дене және эмоционалдық саулығын нығайту, 
дара ерекшелігін дамыту, ӛз бетімен білім алудың жолдарын игеру үшін жағдай 
туғызуға бағытталған. 
Бағдарлама тӛмендегідей ұстанымдарға негізделеді: 
  адам  тұлғасы  дамуының  маңызды  кезеңі  ретіндегі  мектепке  дейінгі 
балалықтың ӛзіндік құндылығын сақтау; 
  бала  тұлғасын  қалыптастыру  мен  дамытуда  олардың  жетекші  әрекеттерін 
негізге алу; 
  тәрбиелеу,  оқыту  және  дамытудың  ӛзара  байланыстылығын  сақтау, 
балалардың  дене,  ақыл-ой,  сезім,  тілдік,  кӛркемдік,  адамгершілік,  еңбек 
тәрбиесіне жағдай туғызып, дамытуды қамтамасыз ету; 
 
педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттыру және бала мен тәрбиешінің 
уақытын үнемдеу мақсатында балалардың алуан түрлі іс-әрекеттерін кіріктіру. 
Бұл  балаларда  заттар  мен  құбылыстар  арасындағы  байланыстар  мен  ӛзара 
тәуелділік 
туралы 
түсінікті, 
қоршаған 
әлемнің 
біртұтас 
бейнесін 
қалыптастыруға  ықпал  етеді,  жетекші  әрекет-ойынға  және  ӛз  бетімен  дербес 
әрекет етуге, шығармашылыққа уақыт кӛбірек беріледі; 

 
63 
 
оқыту  мен  тәрбиенің  үзіліссіздігін,  бір  топ  пен  екінші  топ  арасындағы 
сабақтастықты  сақтау  үшін,  балаға  игерту  кӛзделетін  қарапайым  білім 
негіздерінің біртіндеп кеңейтілуі. 
Бағдарламаның басты ерекшеліктері: 
 
әрбір  жас  кезеңдеріне  сәйкес  бала  игеруге  тиісті  білім,  іскерлік  пен 
дағдылардың  бағдарламалық  мазмұны  "Tіл  -  халық  қазынасы",  "Oйна  да 
ойлан",  "Әуенді  қимыл-қозғалыс",  "Ӛнер  кӛзі  -  халықта",  "Имандылық  - 
инабаттылық" деген атаулармен блоктарға топтастырылып берілді; 
 
бағдарламалық  мазмұнды  іске  асыру  үшін  "Oтбасы,  балабақша, 
ойыншықтар",  "Жыл  мезгілдері",  "Қазақстан-республикам  менің",  "Жануарлар 
дүниесі" деген ірі тақырыптар ұсынылып, олардың міндеттері кӛрсетілді; 
 
осы  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  балалармен  жүргізілетін  жұмыс 
түрлерін  бір-бірімен  кіріктіре  отырып,  кешенді  формада  ұйымдастыру 
ұсынылады; 
  жоғарыда кӛрсетілген тақырыптарға орай, аптаның бір күні тәрбиелеу мен 
білім  берудің  арнайы  бір  блогына  баса  кӛңіл  бӛлініп,  қалған  тәрбие  түрлері 
алғашқымен сабақтас, кіріктіріле жүргізіледі, білім-білік, дағдыларды меңгерту, 
іс-әрекеттің  алуан  түрлерімен  алмастырылып,  үзіліссіз,  біртұтас  процесс 
түрінде жүзеге асады. Мысалы, дүйсенбіде ӛткізілетін "Tіл  - халық қазынасы" 
блогында  негізгі  кӛңіл  баланың  тілін  дамытуға,  сӛздік  қорын  байытуға, 
байланыстырып  сӛйлеуге  үйретуге  аударылып,  басқа  іс-әрекет  түрлерінің 
(сурет  салу,  қимыл-қозғалыс  жасау,  математика  және  т.б.)  элементтері  оны 
толықтырып, бекітуге қызмет етеді
  серуенге  шыққанға  дейін  жеке  және  шағын  топпен  арнайы  жұмыстар 
жүргізіліп,  қайталап,  жаттықтыру  арқылы  тәрбиелеу  мен  білім  беру  мазмұны 
тиянақталады; 
  мектеп жасына дейінгі балаға берілетін адамгершілік тәрбиесінің мазмұны 
халықтық  педагогика  негізінде,  ұлттық  құндылықтармен  байытылып, 
"Имандылық  -  инабаттылық"  деген  атаумен  ӛз  алдына  блок  ретінде  берілді, 
онда  балаларды  әлеуметтендіру  мәселесі,  маңызды  ӛмірлік  дағдыларды 
қалыптастыру кӛзделеді. 
  
Бала  тәрбиесінің  негізі  отбасында  қаланатындықтан,  халқымыздың 
ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  болып  келе  жатқан  отбасылық  бала 
тәрбиесі  дәстүрлерін,  фольклорлық  мұраларын  балабақшадағы  педагогикалық 
процесті  ұйымдастыруда  кеңінен  пайдалану  мүмкіндіктері  қарастырылды. 
Бағдарламада  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  жетекші  әрекеті-ойын  түрлерін 
арнайы ұйымдастырылған сабақтар барысында кеңінен қолдану, сондай-ақ күні 
бойғы  басқа  уақыттарда  алуан  түрлі  ойындар  ұйымдастыруға,  ӛз  бетімен 
ойнауына  жағдай  туғызу  қажеттігі  баса  кӛрсетілді.  Себебі,  ойын  барысында 
баланың дене және рухани жан  дүниесі, ақыл-есі, ой-қиялы дамиды, тұлғалық 
бейнесі  қалыптасады.  Ойын  баланың  қоғамдық  тәжірибені  меңгеру  тәсілі.  Ол 
ӛзгелердің  пікірімен  санасуға,  ортақ  тіл  табысуға,  шешім  қабылдауға,  т.б. 
кӛптеген  әлеуметтік,  ӛмірлік  дағдыларға  осы  ойын  арқылы  қол  жеткізеді. 
Бағдарламада бала құқығын қорғау мәселесі бойынша, баланың еркімен санасу, 
оның талап-тілегіне, жеке дара ерекшелігіне назар аударып, бағыт беріп отыру, 

 
64 
дербес  әрекетін  дамыту,  жеке  тұлғасын  қалыптастыру  мәселелері  де  білім 
мазмұнының  аясына  алынды.  Бағдарлама  республикадағы  мектепке  дейінгі 
ұйымдардағы  оқу-тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың  бағытын  айқындайтын 
мемлекеттік  құжат  болып  табылатындықтан,  әрбір  тәрбиеші  бағдарламаның 
мазмұнын жан-жақты терең түсініп, онымен жұмыс істеуге даяр болуы тиіс. 
«Алғашқы 
қадам», 
«Зерек 
бала», 
«Біз 
мектепке 
барамыз» 
бағдарламаларындағы дене тәрбиесі мазмұны.  Мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқыту  мазмұнының  сапасын  арттыру  мақсатында    «Мектепке  дейінгі  тәрбие 
мен  оқытудың  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандартына» 
сәйкес 
мектепке 
дейінгі 
ұйымдарда: 
1) 2009 жылы «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке 
барамыз»  (5-6  жас)  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту 
бағдарламалары 
әзірленді 
және 
бекітілді; 
2)  осы  бағдарламалардың  оқу-әдістемелік  кешені  (жекеменшік,  отбасылық 
балабақшалар,  және  ата-аналарға  арналған  консультациялық  пункттер  үшін 
әдістемелік 
нұсқаулықтар 
мен 
дидактикалық 
материалдар) 
әзірленді. 
  
Аталған  бағдарламалар  мазмұнына  қысқаша  тоқталып  ӛтейік.  Ерте 
жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған 
«Алғашқы қадам» бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес жасалған. 
Бағдарлама мына бӛлімдерге бӛлінген: 
Кіріспе. 
Бірінші бӛлім:  
- күн тәртібінің үлгісі;  
- балалар іс-әрекеттерінің апталық белгіленген үлгісі; 
- ұйымдастырылған балалар іс-әрекеттерінің түрлері. 
Екінші бӛлім: 
-  бес  білім  беру  салалары  бойынша  тәрбилеу  мен  оқытудың  негізгі 
мәселелері; 
- балалардың ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тақырыптары. 
Үшінші бӛлім: 
- ерте жастағы балалардың психикалық-физикалық дамуының сипаттамасы. 
Тӛртінші бӛлім: 
- дамытушы орта: эколого-гигиеналық жағдайлар; 
- педагогтар мен ата-аналар. 
Қазақстан  Республикасы  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытудың 
Мемлекеттік  жалпы  міндетті  білім  берудің  жаңа  стандарты  1  жастан  3  жасқа 
дейінгі баланың бес білім беру салаларының үйлесімді бірігуі арқылы дамуын 
қарастырады:  денсаулық,  таным,  қатынас,  шығармашылық  және  әлеуметтік 
орта.   «Алғашқы қадам» бағдарламасының «Денсаулық» білім беру саласында 
(1-3  жас)  балалармен  ӛткізілетін  дене  шынықтыру  жұмыстары  қамтылады.  Ол 
жұмыстар реті бағдарламада тӛмендегідей сипатталған. 
  
1  жастан  2  жасқа  дейінгі  балаларға  арналған  бағдарламадағы    дене 
шынықтыру мазмұны «Денсаулық» білім беру саласында кӛрсетілген. 
Бала ӛмірінің екінші жылы ерекше жастық топ - ерте жасқа жатады. Бұл кезеңде 
бала  ӛз  бетімен  тік  жүріп,  тұрудың,  сӛйлеу  дағдыларын  иемденіп,  негізгі 

 
65 
сенсорлық  эталондарын  меңгереді.  Бір  жастағы  бала  ересектің  кӛмегімен 
орамал қолданып, түбікке сұрана алады. Эмоционалды кӛңіл-күй пайда болады: 
кӛздеген мақсатына жеткеніне қуану, дәміне қарай тамақты таңдау дағдылары, 
ӛзіне  жақын  адамдарды  тану.  Бұлшық  ет  жүйесі  бекіп,  қасықты  қолмен  ұстай 
алады,  жақсы  жүреді,  ӛз  еркімен  тұрады,  еңкейеді,  затты  бір  орнынан  екінші 
орынға ауыстырып қояды. Қолы мен бетінің тазалығын байқайды. Орындыққа 
отырады,  тамақты ұқыпты ішеді.  Ӛз  киімін  таниды,  шұлығын дұрыстап  киеді, 
бас киімдері мен аяқ киімін жартылай шешеді, бет орамалды қолданады, жеке 
заттарын  сақтайтын  жерді  таба  алады.  Үлкендердің  кӛрсетуімен  қарапайым 
қимылдарды  қайталайды:  қолын  бұлғайды,  сүю  ишарасын  орындайды,  қолын 
артқа 
жасырады. 
Саусақ 
жаттығуларын 
орындайды.  
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны 
Мақсаты: Бала денсаулығын нығайту, оның ағза қызметі мен жүйесін дамыту.  
«Денсаулық»  білім  беру  саласының  базалық  мазмұны  ұйымдастырылған 
оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады: 
-дене шынықтыру; 
-валеология. 
Міндеттер: 
-  қозғалысты  тәжірибелерінің  молығуына  және  негізгі  қимылдарды  меңгеруге 
кӛмектесу; 
-  балалардың  бойында  тазалыққа,  ұқыптылыққа  деген  қажеттіліктерін 
қалыптастыру. 
Мазмұны: 
Дербес қимыл әрекетінің белсенділігі 
Балалардың  бӛлмеде  және  таза  ауада  қарапайым  қимыл-қозғалыстарды  ӛз 
бетінше орындауға тәрбиелеу. Балалардың қимыл әрекеттерін дене шынықтыру 
және  ойын  құралдары  арқылы  толықтыру.  Үлкендермен  жұптасып  қимыл 
жасауға үйрету. 
Мәдени-гигиеналық дағдылары 
Қасықты,  шыныаяқты  дұрыс  ұстап  ӛз  бетінше  тамақтану,  бет  пен  қол 
тазалығын  сақтау  дағдыларына  үйрету.  Үлкендердің  тапсырмаларын  түсіну, 
орындау дағдыларын қалыптастыру. 
Салауатты ӛмір салты дағдылары 
Жеке бас  гигиенасы  ережелерін  сақтауға  үйрету:  саусақты  ауызға  салмау, 
еденнен лас заттарды алмау. Қол мен бетті таза ұстау. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет