А. Ж. Сисенбердиева



Pdf көрінісі
бет7/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Қорытынды  фаза  бейнелеп  айтқанда  жұмыс  жағдайынан  шығуға  мүмкіндік 
беретін  қимылмен  аяқталады.  Секіруде  бұл  фаза  жерге  аяқтың  тиюінде,  ал 
жүгіруде-инерция  бойынша  фиништен  (мәреден)  кейінде  жүгіріп  ӛту. 
Қорытынды  фазаның  тиімділігі  кейде  негізгі  фазада  қимылды  орындаудың 
дұрыстығына байланысты болмақ.  Негізгі фаза техниканың негізін құрайтын 
қозғалыстардың  кӛмегімен,  ал  қалған  екі  фаза  -  техниканың  бӛліктерін 
кұрайтын қозғалыстың кӛмегімен жүзеге асырылады.  
Циклсіз жаттығулар (лақтыру, секіру т.б.) үш фазаға бӛлінеді: дайындық, 
негізгі  (басты),  соңғы  фазалар.  Бұл  фазалардың  бәрі  ӛзара  байланысты, 
біртұтас ӛтеді, бір-бірімен шарттас келеді, бірақ олардың әрқайсысының тұтас 
жаттығуда атқаратын қызметіне байланысты ерекше орны бар. 
Кеңістіктік  сипат.  Дене  жаттығуларының  бәрі  кеңістікте  кеңістіктік  сипатта 
орындалады.  Кеңістіктік  сипатқа  жататындар:  бастапқы  жағдай,  дене  және 
оның  мүшелерінің  қозғалыстағы  жағдайы,  траектория.  Бастапқы  жағдай  -  бұл 
жаттығу  басталар  алдында,  салыстырмалы  түрде  айтқанда  қозғалмай  тұру,  ол 
әрекет  етуге  әзірлікті  кӛрсетеді.  Дененің  және  оның  мүшелерінің  бастапқы 
жағдайын  ӛзгертумен  бірге  жаттығудың  күрделілігін  ӛзгертуге,  бұлшық  етке 
түсетін  салмақты  арттыруға  және  организмге  ағымды  әсер  етуге  болады. 
Мысалы, орындықта отырып кеудені оңға, солға бұру қарын бұлшық еттерінің 
жұмысын  күшейтеді;  еденде  жатып  жаттығу  дене  салмағының  омыртқаға 
түсіретін  қысым  күшін  азайтады.  Бастапқы  жағдай  жаттығудың  дұрыс 
орындалу  және  келесі  әрекеттердің  нәтижелілігін  қамтамасыз  ету  (тізені 
молырақ  бүгу,  жүгіру  жылдамдығын  мейлінше  арттыруға  кӛмектеседі)  үшін 
мейлінше тиімді жағдай туғызады. Дененің немесе оның жеке бӛліктерінің дене 
жаттығуларын  орындау  процесінде  қозғалмайтын  жағдайда  болуына  бұлшық 
еттердің  статикалық  ширығуы  арқылы  қол  жетеді.  Орындалатын  дене 
жаттығуларының  тиімділігі  керекті  қалып  сақтауға,  денені  және  оның 
мүшелерін мейлінше оңтайлы жағдайда ұстауға байланысты. Мәселен, коньки, 
шаңғы  тебушінің  тізені  тӛменірек  бүгуі,  велосипедшінің  отырысы  ауа 
кедергісін  азайтады,  сӛйтіп  алға  қарай  шапшаң  қозғалуға  жәрдемдеседі.  
Жүгіру  процесінде  дененің  алға-артқа  еңкею  бұрышын  ӛзгерту  арқылы  оған 
жылдамдық  қосуға  болады.  Кейбір  жаттығуларды  орындау  техникасында 

 
51 
бастың  белгілі  бір  жағдайда  болуы  маңызды.  Мысалы,  орындық,  бӛрене 
үстімен  жүргенде  тепе-теңдік  сақтау  үшін  басты  тік  ұстау  қажет.  Мәнерлеп 
сырғанауда, кӛркем, спорттық гимнастикада дене және оның жеке бӛлшектері 
жағдайына арнайы эстетикалық: аяқтың басын тік ұстау, кӛкіректі қайқайту, т. 
б. талаптар қойылады. Кейбір бастапқы және статикалық жағдайлардың ӛзіндік 
мәні де болады (тік тұру).  
Қозғалыс  траекториясы.  Қозғалыстағы  дене  мүшесінің  (немесе  заттың) 
жолын  траектория  дейді.  Траекторияның  формасы,  бағыты  және  қозғалу 
амплитудасы болады. Формасы жӛнінен траектория түзу сызықты және қисық 
сызықты болады. Түзу сызықты қозғалыстар дененің белгілі бір мүшесіне қысқа 
жолда  (қылыш  шаншу)  мейлінше,  жоғары  жылдамдық  ӛрбіту  қажет  болғанда 
қолданылады.  Қисық  сызықты  қозғалыстар  жиірек  қолданылады,  ӛйткені 
қозғалыс  инерциясын  жеңу  үшін  қосымша  бұлшық  ет  күші  жұмсалынбайды 
(теннис  добын  соққан  кездегі  ракетканың  ілмек  тәріздес  қозғалысы). 
Траектория  формасының  күрделілігі  дененің  қозғалыстағы  массасына  тәуелді 
болады:  ол  үлкен  болған  сайын  форма  қарапайымданады.  Мысалы,  қолдың 
қозғалысы аяққа қарағанда сан алуан. 
Қозғалыс  бaғыты.  Дене  жаттығуларының  жеке  бұлшық  еттердің  дамуына 
және қимыл-қозғалыс міндеттерінің ойдағыдай орындалуына тигізетін әсерінің 
тиімділігі  қозғалыстағы  денеге,  оның  мүшелеріне  немесе  затқа  берілетін 
бағытқа  тәуелді.  Қозғалыс  бағыты  адамның  ӛлі  тұлғасына  қатысы  бойынша 
(қолды  алға  созу)  немесе  сыртқы  бағдар  тұтатын  нәрселермен  (жіптен  асыра 
лақтыру)  анықталады.  Мына  тӛменгі  бағыттар  адам  денесі  қозғалысының 
негізгі  бағыттары  болып  аталады:  жоғары-тӛмен,  алға-артқа,  оңға,  солға. 
Айналмалы  қозғалыстардың  бағытын  дененің  жазықтары  бойынша,  бүйірлік 
(алғы-артқы)  жазықтықпен  қозғалғанда  (аяқ-қолды  бауырға  бүгіп  алға,  артқа 
домалағанда  («алға»,  «артқа»  терминдерін  қолдана  отырып),  беттік 
жазықтықпен  қозғалғанда  (мысалы, бір  жағына  қарай  тӛңкеріліп  түсу)  -  «оңға 
қарай»,  «солға  қарай»,  горизонтальдық  жазықтықпен  қозғалғанда  (мысалы, 
оңға,  солға  бұрылу)  «оңға»,  «солға»  терминдерін  қолдана  отырып  анықтайды. 
Coндай-ақ  екіаралық  бағыттарда  (мысалы,  жартылай  солға  т.б.)  қолданылады. 
Козғалыс  бағытын  бақылауда,  кеңістікті  бағдарлауда  кӛру  жетекші  рӛл 
атқарады.  Осыған  байланысты,  бағыт  тез  және  қатты  ӛзгерген  кезде,  бас 
дененің басқа мүшелерінен гӛрі біршама бұрын қозғалады. 
Козғалыс  амплитудасы  –  бұл  тербелісті  қозғалыстың  арылы-берілі  ауытқу 
құлашы  (дененің  немесе  оның  мүшелерінің  теңдік  қалпынан  мейлінше 
ауытқуы).  Қозғалыс  амплитудасы  бұрыштық  ӛлшемдермен  (градустармен), 
сызықтық  ӛлшемдерден  (адымның  ұзындығы)  және  шартты  белгілермен 
(жартылай  отыру)  немесе  сыртқы  нәрселерді  бағдар  тұтумен  (еңкейгенде 
колды  еденге  тигізу),  ӛз  денеңдегі  бағдарлармен  (еңкейгенде  қолды  тізеге 
тигізу) анықталуы мүмкін. Қозғалыс амплитудасы буындар құрылысына, сіңір 
және бұлшық еттерінің икемділігіне тәуелді болады. Бұлшық еттердің белсене 
жиырылуынан пайда болатын буындар қозғалғыштығын белсенді қозғалыс деп 
атайды.  Самарқау  қозғалыс  сыртқы  күштердің  (партнер)  әрекетінен  туады. 
Самарқау  қозғалыстың  ауқымы  белсенді  қозғалыс  ауқымынан  үлкен.  Ӛмірде 

 
52 
және  дене  тәрбиесі  практикасында  әдетте,  қозғалыстың  максималды, 
анатомиялық мүмкін амплитудасы қолданылмайды. Максималды амплитудаға 
жету  үшін  антагонист  бұлшық  еттер  мен  байланыс  аппаратын  шегіне 
жеткенше  созуға  бағытталған  қосымша  бұлшық  ет  күші  талап  етіледі.  Егер 
амплитуда  шамадан  тыс  ұлғаятын  болса,  онда  бұлшық  еттер  мен  сіңірдің 
зақымдануы мүмкін. Мұнымен бірге үлкен амплитудалы қозғалысты атқарған 
соң оның бағытын жайлап ӛзгеру қиын. Кейін тез және қатты жиырылуы тиіс 
бұлшық еттерді алдын ала созу талап етілгенде, сондай-ақ қысқарған бұлшық 
еттерді  созу,  икемділікті  арттыру,  тұлға  кемшілігін  түзету,  аяқтың 
үзеңгіліктерін нығайту қажет болғанда буындарда қозғалғыштықтықтың үлкен 
ауқымы  пайдаланады.  Әртүрлі  амплитудалы  козғалысты  белгілеу  үшін  «кең 
құлашты»  және  «тар  құлашты»  деген  терминдер  қолданылады.  Үлкен 
амплитудалы  қозғалысты  –  кең  құлашты,  кіші  амплитудалы  қозғалысттарды 
құлашты деп атайды. Қозғалыстың бағыты немесе амплитудасы алға қойылған 
қимыл-қозғалыс міндетіне сай келмейтін қозғалыс - бұрыс қозғалыс аталады. 
Кеңістіктік-уақыттық сипаттамалар. Қозғалыс жылдамдығы дененің немесе 
оның  мүшесінің  жүріп  ӛткен  жолы  ӛлшемінің  (ұзындығының)  сол  жолға 
жұмсалған  уақытқа  қатысымен  анықталады.  Жылдамдық  м/секундпен 
ӛлшенеді. Егер шапшаңдық жолдың бар нүктелерінде де тұрақты болса, онда 
қозғалыс бір қалыпты, егер ол ӛзгеріп отыратын болса, ӛзгермелі деп аталады. 
Жылдамдықтың белгілі бір  уақыт  ішінде ӛзгеруі  үдеу  деп  аталады.  Ол оң  да, 
теріс те болуы мүмкін. Қозғалысты орындау процесінде жылдамдық та, үдеу де 
ӛзгepyi мүмкін. Егер қозғалыс жылдамдығы күрт ӛзгермей үдеумен орындалса, 
ондай  қозғалысты  бір  қалыпты  қозғалыс  деп  атайды,  бірден  үлкен 
жылдамдықпен  басталатын  қозғалысты  -  күрт  қозғалыс  дейді,  сондай-ақ 
біркелкі үдемелі және біркелкі баяулайтын немесе кілт тоқтайтын қозғалыстар 
болады.  Тұрақты  жылдамдықты  немесе  тұрақты  үдемелі  қозғалыстар  аз 
кездеседі.  Жақсы  орындалған  дене  жаттығуында,  әдетте,  жылдамдықтың 
тұтқиылдан,  күрт  ӛзгеруі  болмайды.  Дене  жаттығуларын  орындағанда  бүкіл 
дененің  қозғалыс  жылдамдығы  және  дененің  жеке  мүшесінің  шапшаңдығы 
бӛлініп  алынады.  Бүкіл  дененің  қозғалу  жылдамдығы  дененің  жеке 
мүшелерінің шапшаңдығына және басқа факторына (аяқ-қолдың ұзындығына, 
сыртқы орта кедергісіне т. б.) тәуелді болады. Жылдамдықты оптималды және 
максималды  деп  бӛледі.  Жылдамдық  ұлғайған  сайын  нәтиже  де  жоғары 
болады,  дегенмен,  мейлінше  жақсы  нәтижеге  жету  үшін  максималды  емес 
қозғалыс  жылдамдығының  әр  адам  үшін  оптималды  болуының  маңызы  зор. 
Қозғалыс  жылдамдығы  ықтиярлы  (тауға  шыққанда)  және  ықтиярсыз  (таудан 
түскенде)  болуы  мүмкін.  Дене  тәрбиесі  процесінде  айналысушыларды 
қозғалыс  жылдамдығын  оны  ӛзгерте  отырып  меңгеруге  үйрету  ӛте  маңызды 
(«жылдамдықты сезінуді» дамыту, белгіленген жылдамдықты ұстану). 
Уақыттық  сипаттамалар. Уақыттық сипаттамаларға жаттығуды және оның 
бӛлшектерін,  жеке  статикалық  жағдайларды  орындау  ұзақтығы  мен 
қарқыны  жатады.  Дене  жаттығуларын  орындаған  кезде  техниканың  жеке 
бӛлшектері  әртүрлі  ұзақтықта  атқарылады  (лақтыру  кезінде  құлаштау 
лақтырудан  жайырақ  орындалады).  Жеке  статикалық  жағдайларды  (тік  тұру) 

 
53 
және  дене  мүшелерінің  қозғалыстарын  орындауға  әртүрлі  уақыт  бӛлінуі 
мүмкін. Жаттығудың, оның жеке бӛлшектерінің ұзақтық ӛлшемін біле отырып, 
түсетін  салмақтың  жалпы  ауқымын  анықтауға  және  оны  реттеуге  болады. 
Қарқын  -  уақыт  бірлігінде  қозғалыс  циклдерін  немесе  қозғалыс  санын 
қайталау  жиілігі  (жаяу  жүру  қарқыны  минутына  120-140  адымға  тең). 
Қозғалыс  қарқыны  дененің  қозғалатын  бӛліктерінің  массасына  тәуелді 
(мысалы,  қолдың  саусақтары  секундына  8-10,  ал  кеуде  1-2  қозғалыс  жасай 
алады).  Қарқынның  ӛзгеруіне  қарай  кӛбіне,  қозғалыстың  барлық  құрылымы 
сапалық  ӛзгеріске  ұшырайды.  Мысалы,  қарқын  белгілі  шектен  асса,  жүріс 
жүгіріске айналады (минутына  180-200 адым). Козғалыс қарқынының ӛзгеруі 
денеге  түсетін  жүктің  артуына  немесе  азаюына  әкеледі.  Әр  адамның 
қозғалысты  атқаруының  индивидуалды  қарқыны  бар.  Бұл  организм 
ерекшеліктеріне  (бой,  салмақ,  жүйке  жүйесінің  типі)  тұтас  алғанда  жеке 
адамдық  қасиетке  (жалпы  белсенділік  т.  б.),  сондай-ақ  сол  бір  қозғалысты 
меңгеру деңгейіне тәуелді. Дене жаттықтырумен жүйелі айналысу нәтижесінде 
қозғалысты орындаудың индивидуалдық қарқынын ӛзгертуге болады.  
Ырғақтық  сипаттама. Ырғақ - бұл қозғалыстың күшті, айрықша бӛліктерін, 
әлсіз,  сылбыр  бӛліктерімен  уақыт  жүзінде  үйлестіру.  Қозғалыстың  айрықша, 
күшті  бӛлігі  бұлшық  ет  күшін  мейлінше  кӛп  жұмсаумен  орындалады,  содан 
соң  қозғалыс  біраз  уақыт  инерция  бойынша,  сылбыр  жүріп  жатады  (шаңғы 
таяқтарын  бір  мерзімде  таяна  серпілу  және  қосаяқтап  сырғанау).  Айрықша 
кезең интенсивті болған сайын қозғалыстың сылбыр бӛліктері соғұрлым толық 
пайдаланылады.  Бұлшық  еттің  ширығуы  мен  босаңсуын  дер  кезінде 
кезектестіріп  отыру  дене  жаттығуларын  дұрыс  орындаудың,  қимыл-қозғалыс 
міндеттерін  шешудің  үнемді  тәсілдерінің  бірі  болып  табылады.  Ырғақты 
қозғалыс  оңай  орындалады,  сондықтан  ұзақ  уақытқа  дейін  шаршатпайды. 
Қимыл-қозғалыс ырғағы игерілген қозғалыстарда, әдетте, тұрақты сипатқа ие 
болады,  бірақ  жағдай  ӛзгерген  кезде  ырғақ  та  ӛзгереді  (бет  бедері  әр  түрлі 
жерде  шаңғымен  жүргенде).  Қимыл-қозғалыс  ырғақтарын  адам  саналы  және 
ықтиярлы  түрде  қалыптастырады,  реттейді.  Жаттығуды  орындаған  кезде  әр 
адамның  ӛзінің  индивидуалды  ырғағы  болады,  бірақ  оның  белгілі  бір 
қозғалыстың рационалды құрылымы анықтайтын шектен шықпауына талпыну 
керек.  Дене  жаттығуларымен  айналысу  әсерімен  қозғалыстың  белсенді  және 
сылбыр бӛліктері ұзақтығының арақатысын ӛзгертуге болады.  
Динамикалык  сипаттама.  Адам  денесінің  қозғалысына  әсерін  тигізетін 
күштер  ішкі  және  сыртқы  болып  бӛлінеді.  Ішкі  күштерге  жататындар:  тірек-
қозғалыс  аппаратының  сылбыр  күштері  (бұлшық  еттерінің  серпінділігі, 
тұтқырлығы  т.б.),  қозғалыс  аппараттарының  белсенді  күштері  (бұлшық 
еттерінің  тарту  күші),  реактивті  күштер  (үдемелі  қозғалыс  процесінде  дене 
буындарының ӛзара әрекеттесуі кезінде пайда болатын қайта тебетін күштер). 
Сыртқы  күштерге  -  адам  денесіне  сырттан  әсер  ететін  күштер  жатады:  ӛз 
денеңнің  салмақ  күші,  сүйеніш  реакция  күші,  сыртқы  орта  (су,  ауа,  құм) 
кедергілерінің күштері және сыртқы дене (күрестегі қарсылас, акробатикадағы 
әріптес),  сыртқы  ауырлық  (нығыздалған  доп,  штанга)  күштері  адам  орнынан 
қозғайтын денелердің инерциялық күштері. Адамның қимыл-қозғалыс әрекеті 

 
54 
бұлшық  еттік  тарту  күштерінің  басқа  ішкі  және  сыртқы  күштермен  ӛзара 
әрекеттесуінің  қосымшасы  ретінде  қарала  алады.  Дене  жаттығуларын 
орындаған  кезде  кедергі  жасайтын  күштерді  азайтумен  бірге  қозғалтқыш 
күштердің  бәрін  мүмкіндігінше  толық  пайдалануға  талпыну  керек. 
Қозғалысты  дұрыс  меңгергендерде  ӛзара  әрекеттес  күштердің  арақатысы 
орынды, тиімді, үнемді болады. 
Дене  жаттығуларының  жіктелуі.  Жіктеу  дене  жаттығуларын  белгілі  бір 
белгілерге сәйкес топ және шағын топ бойынша бӛлуді білдірді. Әртүрлі дене 
жаттығуларының  кӛптеген  жалпы  белгілері  болады.  Жаттығуларды  топтарға 
бӛлетін басты белгіні табудың маңызы зор. Бұл белгі педагогикалық жағынан 
алғанда  елеулі  болуы  тиіс.  Әртүрлі  белгілер  бойынша  құрылған  жіктеулер 
кӛптеген дене жаттығулары ішінен бағдар табуға және оларды алға қойылған 
міндеттерге  сәйкес  іріктеп  алуға  кӛмектеседі.  Едәуір  жалпы  жіктеулердің 
бірінің  негізіне  дене  тәрбиесі  құралдары  мен  оларды  қолдану  әдістерінің 
тарихи  қалыптасқан  жүйелері  алынған:  гимнастика,  ойындар,  спорт  және  ту-
ризм алынған. Бұл топтардың әрқайсысының ӛзіндік мәні бар және бұдан  әрі 
жіктелген шағын топтарға бӛлінеді.  
Гимнастика  (грек.gymnazo-жаттықтырамын)  -  адамның  денсаулығын 
нығайту,  күш-қуатын,  икемділігін,  тӛзімділігін  арттырып  жетілдіру  үшін 
қолданылатын  методикалық  әдістер  мен  арнайы  іріктеліп  алынған  дене 
шынықтыратын  жаттығулар  жүйесі.  Гимнастика  адамды  дұрыс  жүруге, 
жүгіруге    жаттықтырады.  Адам  мүсінінің  қалыптасуына  әсер  етеді. 
Гимнастика  дене  тәрбиесінің  жүйесінде  айтарлықтай  орын  алады. 
Гимнастиканың ӛзіндік ерекшелігі мынада: дененің әртүрлі бӛліктеріне, жеке 
буындарға, бұлшық ет топтарына, тіпті, олардың әрекеттері мен жағдайының 
әр жағына арнайы әсер ететіндігі (бұлшық еттерін босаңсыту, созу т. б.), жүк 
салмағын дәл мӛлшерде түсіру, жаттығуларды музыканың сүйемелімен ӛткізу. 
Гимнастиканың  осы  ерекшеліктері  оны  сабақтарда  дене  әзірлігі  және 
денсаулық жағдайы әртүрлі барлық жас шамасындағы адамдарға пайдалануға 
мүмкіндік береді.  
Қозғалыс 
ойындары 
дене 
жаттығуларының 
басқаларынан 
айналысушылардың  әрекетін  ұйымдастыру  және  оған  басшылық  ету 
ерекшеліктерімен  айрықшаланады.  Жалпы  ойын  -  адам  мен  хайуанаттардың 
мардымсыз  іс-әрекеті,  оған  түрткі  болатын  себеп  (мотив)  ойынның 
нәтижесінде  емес,  сол  процестің  ӛзінде  жатады.  Ойын  адамзаттың  бүкіл 
дамуымен  ілесіп,  ӛзгеріп  отырды.    Ойынның  мән-мағынасын  мәдениет 
мұраларын  зерттеуші  тарихшылар,  этнографтар,  психологтар  (балалар 
психологиясымен  байланысты)  т.б.  зерттеді.    Ойынның  жаттығумен    және 
демалумен  байланысты  болуы  іс  жүзінде  шешуі  қиын  не  шешіп  болмайтын 
дау-дамайларды тұспалдап кӛрсетуге  мүмкіндік береді.  Кеңес психологиясы 
ойынды  әлеуметтік-тарихи  құбылыс  деп  қарайды  (Л.Выготский,  Д.Эльконин 
т.б.). Еңбек жоғары дамыған қоғамда ойын үлкендердің іс-әрекеті мен қарым-
қатынасына  жұмылдыру  формасы  ретінде  қаралады.  Мектепке  дейінгі 
педагогикада  бала  дамуы  мен  тәрбиесінде  қолданылатын  ойындар  түрі  ӛте 
кӛп.  Соның  ішінде  дене  жаттығуларының  бір  түрі  ретінде  қозғалыс 

 
55 
ойындарын  қарастырады.  Қозғалыс  ойындарында    балалардың  ойындағы 
әрекеті  кенет  ӛзгеретін  ситуациялық  жағдайларда  мақсатқа  жетуді  алдын  ала 
қарастыратын бейнелі мазмұн (образды сюжет) немесе ойындық тапсырмалар 
негізінде  ұйымдастырылады.  Ойын  әрекеті  кешенді  сипатта  болады  және 
әртүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттерінің үйлесуінен тұрады (жүгіру, секіру т.б.). 
Ойында  қимыл-қозғалыстық  дағдылар  нығаяды,  денелік,  сондай-ақ 
моральдық-еріктік қасиеттер дамиды.  
Спорт аса жоғары нәтижелерге жетуге, жарыстарға қатысуға бағытталған  
жүйелі  түрде  айналысуды  қарастырады.  Спорт  адамның  дене  және  рухани 
күштеріне  деген  жоғары  талаптар  қояды,  сондықтан  оған  жас  шамалық 
дамудың  белгілі  кезеңіне  жеткенде  ғана  және  тиісті  әзірлігі  болған  жағдайда 
қол жетеді. 
Мектеп 
жасына 
дейінгі 
балалар 
әртүрлі 
спорттық 
жаттығуларды ғана (шаңғы, коньки, шана, велосипед, жүзу т.б.) пайдаланады. 
Осындай  әлдеқайда  жеңіл  спорттық  жаттығулар  техникасының  негізін 
қалыптастыра  отырып,  балалар  дене  тәрбиесінің  олардың  жас  ерекшеліктері 
ескерілетін  басты  міндеттерді  шешеді.  Туризм  (франц.-tourisme,  серуендеу, 
жол жүру) - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. 
Туризм  халықтың  қажеттілігін  (денсаулығын  жақсарту,  күш-қуатын  қалпына 
келтіру т.б.) қанағаттандырудың  ең тиімді жолы. Туризм адамдардың  қарым-
қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен ӛнердің дамуына, ел 
экономикасының  ӛркендеуіне  ӛзіндік  үлесін  қосып,  ел  мәртебесін  әлемге 
танытуға  мүмкіндік  туғызады.  Ел  ішінде  саяхат  жасау  ішкі  (ұлттық)  туризм, 
шетелге  саяхатқа  шығу  халықаралық  (шетелдік)  туризм,  саяхат  мақсатына 
қарай:  экологиялық,  ойын-сауық,  танымдық,  спорттық,  балалар  туризмі, 
әлеуметтік  мақсатына  қарай:  іскерлік  (конгресс,  жәрмеңке),  этникалық,  діни 
туризм  болып  бӛлінеді.    1975  жылы  Дүниежүзілік  туристік    ұйым  (ДТҰ) 
құрылған,  ол    (2006  жылғы  дерек)  120-дан  астам  елді  біріктіреді.  Оған 
Қазақстан  1993  жылы  мүше  болып  кірді.  Қазақ  жеріндегі  туризмнің  тарихи 
алғы  шарттары  б.з.б.  3-мыңжылдықта  қалыптаса  бастаған  Ұлы  Жібек 
жолының  дамуы  болып  табылады.  Қазақстанда  алғашқы  туристік  ұйым  1931 
жылы  құрылып,  оның  тӛрағасы  Ә.Жангелдин  болды.  1993  жылы  туризмді 
жетілдіру мақсатымен Мемлекеттік бағдарлама қабылданып, Ұлы Жібек жолы 
бойындағы тарихи орталықтырды  жандандыру, түркі тілдес елдердің  мәдени 
құндылықтарын  қорғау  мен  дамыту,  туризм  инфрақұрылымын  жаңарту 
мәселелері және 2030 жылға дейін туризмді дамыту жоспары белгіленді.  1998, 
2000,  2001  жылдары  Қазақстан  Республикасының  туризмге  байланысты 
шыққан  заң  жобаларында    ел  экономикасында  туризмнің  құқықтық, 
экономикалық,  ұйымдық негіздері қарастырылған.   
Мектепке 
дейінгі 
ұйымдардағы 
туризмде 
қимыл-қозғалыстық 
дағдыларды  нығайтуға  және  дене  қасиеттерін  табиғи  жағдайларда  дамытуға 
мүмкіндік  береді.  Жүрудің  түрлі  әдістері  пайдаланылатын  серуендер 
ұйымдастырылады  (жаяу,  шаңғымен,  велосипедпен  т.б.).  Жолда,  аялдаған 
жерлерде  әртүрлі  дене  жаттығулары  қолданылуы  мүмкін  (мысалы,  ағаш 
түбіртегінен  секіру,  арықтан  секіру,  жіппен  секіру,  доппен  жаттығу  қозғалыс 
ойындары т. б.).  

 
56 
Келтірілген  жіктеу  жалпылама,  сондықтан  қазіргі  кезде  жаттығуларды 
дене  қасиеттерін  дамыту  үшін  мәні  басым  белгілер  бойынша  (ептілік, 
шапшаңдық,  икемділік,  күш,  тӛзімділік  т.б.)  жіктеу  қолданылып  жүр. 
Жаттығулар  бір  мерзімде  дене  қасиеттерінің  барлығының  дамуына  әсерін 
тигізді,  бірақ  кӛп  дәрежеде  белгілі  біреуін  дамытады.  Мысалы,  қысқа 
қашықтыққа  жүгіру  кӛбіне,  жылдамдықты,  алысқа  жүгіру  -  тӛзімділікті 
дамытады.  Жаттығулар  құрал-жабдықтардың  және  заттардың  пайдаланылуы 
бойынша  бӛлінуі  мүмкін  (гимнастикалық  орындықта,  бӛренеде,  қабырғаға 
қойылған  сатыда  атқарылатын  жаттығулар,  таяқтар,  доптармен  атқарылатын 
жаттығу  т.б.).  Жаттығулар  анатомиялық  белгілер  бойынша  топтарға  бӛлінеді 
(иық, қол, аяқ, кеуде т.б. бұлшық еттеріне арналған жаттығулар). Құрылымдық 
белгі бойынша құрылған жіктелу қолданылады.  
Циклді,  циклсіз  және  аралас  типті  жаттығулар.  Циклдік  қозғалыстар 
(жүру,  жүгіру,  жүзу,  шаңғы  тебу,  коньки  тебу  т.б.)  циклдерінің  заңды  бір 
ізділігімен 
және 
циклдегі 
қозғалыс 
элементтерінің 
байланысымен 
сипатталады.  Циклсіз  қозғалыстарда  (лақтыру,  секіру  т.  б.)  әр  жаттығу 
аяқталған  әрекет  болып  табылады.  Аралас  қозғалыстарда  (жүгіріп  келіп 
секіру) циклді жаттығулар циклсіз жаттығулармен жалғасады.  
Биомеханикада жаттығуларды үдемелі (тұрған жерден ұзындыққа секіру 
т.б.) және айналмалы (диск лақтыру т.б.) деп бӛледі. Физиологияда -  қуаты 
әртүрлі жаттығулар.  
Сонымен  бірге  жаттығулар  табиғи  және  абстрактылы  болып  (еркін, 
аналитикалық) бӛлінеді. Табиғи жаттығулар (жүру, жүгіру, велосипед тебу, т. 
б.)  күнделікті  ӛмірде  және  еңбектің  кейбір  салаларында  қолданылады. 
Абстрактылы  жаттығулар  дене  тәрбиесі  міндеттерін  шешу  үшін  арнайы 
жасалған.  Оларға  бұлшық  еттерінің  жеке  топтарына,  дененің  кейбір 
бӛліктеріне арналған  жаттығулар  және  қалпы ӛзгертілген табиғи қозғалыстар 
(бір  орында  тұрып  жүгіру,  жүру  т.  б.)  жатады.  Жаттығулар  динамикалық 
және статикалық болып бӛлінеді. Динамикалық жаттығулар кеңістікте орын 
алмастырумен  байланысты.  Статикалық  жаттығулар  бұлшық  еттерге  бір 
қалыпта тұрып күш түсіруге негізделген («тік тұру», «қолмен тік тұру»). Дене 
жаттығуларын зерттеумен бірге олардың жіктелуі нақтыланады. Дене тәрбиесі 
теориясында  қабылданған  дене  жаттығуларының  алуан  түрлерімен  қоса 
қозғалыс ойындары, спорт элементтері бар ойындар (городки, бадминтон, стол 
теннисі),  спорттық  жаттығулар  (шаңғы,  коньки,  шана,  велосипед  тебу,  жүзу) 
бар.  Дене  жаттығуларында  қабылданған  жіктелу  оқу  құралдарында 
қолданылады  және  керекті  жаттығудың  сипаттамасын  тез  тауып  алуға 
мүмкіндік береді. 
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  дене  тәрбиесінің  міндеттерін  атап  жан-
жақты сипаттама беру... 
2.  Дене тәрбиесі құралдарына талдау... 
3.  Дене тәрбиесі құралдарының организмге тигізетін әсері қандай? 

 
57 
4.  Дене жаттығуларына сипаттама  беру. Дене жаттығуларының мазмұны мен 
формасы дегенді қалай түсінесіз? 
5.  Дене жаттығуларының техникасы туралы толық түсінік беру. 
6.  Дене  жаттығуларының  фазалары,  кеңістіктік  сипат,  бастапқы  жағдай, 
қозғалыс траекториясы дегенді қалай түсінесіз?. 
7.  Дене жаттығуларын жіктеу. Жаттығу түрлерін ашып түсіндіру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет