А. Ж. Сисенбердиева


Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы



Pdf көрінісі
бет3/43
Дата19.04.2020
өлшемі2,95 Mb.
#63050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
sisenberdieva-dene-tarbiesi


Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы. Дене тәрбиесінің 
теориясы мен әдістемесінің пайда болуы мен даму кезеңдері тӛмендегі 
жайлардан туындаған: 
1.Қоғамдык ӛмір практикасы. Қоғамымыздың жақсы дене дайындығы бар 
адамдарға мұқтаждығы, дене тәрбиесінің заңдылыктарын тануға деген 
ұмтылысты туғызады және соның негізінде адам денесін жетілдіруді басқару 
жүйесін құруды қажет етті. 
2.Дене  тәрбиесінің  практикасы.  Тек  кана  практика  жағдайында  барлық 
теориялық қағидалардың ӛміршеңділігі тексеріледі. Осындай жағдайларда ғана 
дене тәрбиесінің теориясы мен
 
әдістемесі жаңа қағидаларды жасау кажеттілігі 
тың идеялар туындауы мүмкін. 
3.Әртүрлі  кезеңдерде  және  әртүрлі  елдерде  философтардың,  педагогтардың, 
дәрігерлердің  жан-жақты  дамыған  жеке  адамды  тәрбиелеу  жолдары  және 
мазмұны жӛніндегі айтқан прогрестік идеялары. 
4.Ӛзінің  дамуының  жоғары  деңгейінде  дене  тәрбиесінің  теориясы  мен 
әдістемесінің жетекші қайнар кӛзі еліміздің Конституциясы болып табылады; 
5.Ел үкіметінің дене шынықтырудың жағдайы және жетілдіру жолдары туралы 
каулылары; 
6.Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер нәтижесі.  
Тарихи  ӛзінің  даму  жолында  дене  тәрбиесінің  теориясы  мен  әдістемесі 
бірнеше кезеңдерден ӛтті. 
Бірінші  кезең  -  қозғалыс  дағдыларының  организмге  әсері  жӛніндегі 
эмпиризмдік  (сезім  қабылдауларын,  тәжірибені  дүние  танудың  бірден-бір 
бұлағы  деп  тауып,  теориялық  қорытындыларды  бағаламайтын,  сол  себепті 

 
17 
құбылыстардың  ӛзара  байланысын  және  даму  заңдарын  аша  алмайтын 
(философиялық  ілім)  білім  кезеңі.  Адам  баласы  оны  күнделікті  қозғалыс 
қимылында  алды.  Эмпиризмдік  білімнің  жинақталуы  адамды    «жаттығудың 
тиімділігін»  түсінуге  және  тәжірибені  ӛзгелерге  беру  әдістерін  танып  білуге 
әкелді. Бұның ӛзі дене жаттығуларының пайда болуының алғышарттары болды, 
ал одан кейін дене тәрбиесінің де пайда болуына әкелді. 
Екінші кезең - дене тәрбиесінің ең алғаш әдістерінің жасалу кезеңі. Ол ежелгі 
және  орта  ғасырлардағы  құл  иеленуші  мемлекеттердің  кезеңін  қамтиды.  Бұл 
әдістер  тәжірибе  жолымен  жасалды.  Педагогтар,  философтар  және  дәрігерлер 
адам  организмі  қызметінің  заңдылықтарын  әлі  біле  қойған  жоқ,  дене 
жаттығуларының  әсер  ету  механизмін  түсіндіре  алмады,  сол  себепті  дене 
шынықтыру  жаттығуларымен  айналысу  тиімділігін  тек  «сыртқы»  ӛзгерістер 
(адам  шыдамды,  күшті,  ӛзіне  керекті  дағдыларды  игерді)  бойынша  ғана 
анықтады. Дене тәрбиесі әдістерінің ең белгілісі Ертедегі Грекияда жасалынып 
пайдаланған әдіс. Ол әдіс бірыңғай жүйеге белгілі бір іс-қимылдарды, сонымен 
қатар  үйрету  әдістерін,  адам  бойындағы  қасиеттерді  арттыру  жолдарын 
біріктірді. Орта ғасырлар кезеңдерінде әдістер саны үнемі артып отырды және 
гимнастикадан,  жүзуден,  ойындардан,  садақ  атудан,  семсерлесуден,  атпен 
жүруден алғашқы кӛмекші құралдар пайда бола бастады.  
Yшінші  кезең  -  дене  тәрбиесі  туралы  теориялық  білімнің  тасқынды  түрде 
жиналуы.  Қайта  ӛрлеу  кезеңінен  XIX  ғасырдың  аяғына  дейінгі  аралықты 
қамтиды.  Адам  туралы,  оны  тәрбиелеу  және  үйрету,  оны  емдеу  туралы 
ғылымның  дамуы  философтарды,  педагогтарды,  дәрігерлерді  дене  тәрбиесі 
проблемаларына  назар  аударуға  тартты.  Дене  тәрбиесінің  атқаратын  қызметі 
жӛнінде  педагогикалық,  философиялық,  дәрігерлік  ой-пікірлер  жинақтала 
бастады.  Әрине,  ой-пікірлер  бұл  кезде  әлі  жүйелі  түрде  жинақталмағандығын 
байқауға  болады,  себебі  олар  жекелеген  ғылымдардың  (педагогиканың, 
философияның, медицинаның) ӛз ішінде ғана туындаған. Жоғарыдағы аталған 
ғылымдардың  ӛкілдері  кӛптеген  «ӛзіндік»  мәселелерді  адам  ӛмірінде  дене 
тәрбиесінің  атқаратын  қызметін  есептемей  шешу  мүмкін  еместігін  түсінді. 
Қайта ӛрлеу дәуірінің ӛзінде-ақ педагог-гуманистер және социалист-утопистер 
дене тәрбиесіне тұтастай тәрбиенің міндетті бӛлігі деп караған. И.Г.Песталоцци 
(1746-1827)  балалардың  қозғалыс  мүмкіншілігін  дамытуға  арнап,  «Буын 
гимнастикасы» теориясын құрып дене жаттығуларының, жалпы педагогикалық 
талаптарына  сай  құрыла  бастағанын  атап  кӛрсетеді.  XVІІІ  ғасырда  анатомдар 
дене  шынықтыру  жаттығуларының  биомеханикалық  саласында  ізденістер 
жасаған, ал XIX ғасырда дене тәрбиесі туралы жұмыстар кӛріне бастады. Қоғам 
ӛміріндегі дене тәрбиесінің атқаратын кызметіне байланысты объективтік баға 
беру үшін К.Маркс пен Ф.Энгельстің еңбектері маңызды орын алады. Бірінші 
рет,  олар,  ғылыми  түрде  тәрбиенің  тарихи  және  таптық  сипатын  дәлелдеді. 
Тәрбиенің  мазмұнын  ашып  берумен  қатар,  дене  тәрбиесінің  орнын  анықтады, 
адамды  жан-жақты  тәрбиелеу  кағидаларын  жүзеге  асыру  жолдары  кӛрсетілді. 
Сӛйтіп, бұл кезеңде дене тәрбиесі теориясының негізі қаланды. XIX ғасырдың 
басынан  бастап  дене  тәрбиесінің  теориясы  ғылыми  білімнің  жеке  саласы 
есебінде калыптаса бастады. 

 
18 
Тӛртінші кезең - біздің елімізде жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене 
тәрбиесінің теориясы мен әдістерінің құрылу кезеңі. Бұл кезең XIX ғасырдың 
аяғы мен Қазан революциясына дейінгі аралықты қамтиды және дене 
тәрбиесінің проблемалары жӛнінде арнаулы ізденістердің тасқынды дамуымен 
сипатталынады. Осы уақытта, қоғамдық ӛмірдің кӛптеген салаларына дене 
тәрбиесі әсерінің ықпалы тигендігін аңғаруға болады. Дене тәрбиесі 
саласындағы ғалымдар арасында ең жарқын ӛкілдерінің бірі   П.Ф.Лесгафт 
(1837-1909) болды. Оның тарихтан, анатомиядан, биологиядан, педагогикадан, 
антропологиядан, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінен еңбектерінің 
кӛпшілігі прогрестік бағытта болды, сондықтан жеке ғылыми және оқу пәні 
есебінде дене тәрбиесінің теориясы мен әдісінің негізіне енді.   
Бесінші кезең - Қазан революциясынан бастап қазіргі кезеңмен ӛлшенеді 
                                Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі қандай ғылым? 
2. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің мектеп жасына дейінгі 
балалардың денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдылықтары 
туралы ғылым екенігін дәлелдеңіз. 
3. «Ұғым» сӛзі қанай мағынаны білдіреді? «Ұғым», «түсінік» сӛздерінің  
байланысы, сәйкестігі бар ма? 
4. «Ұғым» сӛзіне және дене тәрбиесі теориясында жиі қолданылатын ұғымдарға 
түсінік беріңіз. 
5. Мектеп жасына  дейінгі  балалар дене тәрбиесі теориясының педагогикамен 
байланысы қандай? 
6. Мектеп жасына  дейінгі  балалар дене тәрбиесі теориясының 
мамандандырылған ғылыми пәндердің тұтас кешенімен байланыстылығын 
ашып кӛрсетіңіз. 
7. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің мақсат, міндеттері мен мазмұнын 
түсіндіріңіз. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған 
материалдар 
1.  Дене  тәрбиесі  теориясының  жалпы  идеологиялық  және  методологиялық 
негізі 
А. Дене тәрбиесі заңдылықтарын нағыз ғылыми түрде танып-білу 
Ә. Адамдардың денсаулықтарын нығайту 
Б. Отанын қорғауға дайындық 
В. Дүниетанымды арттыру 
2. Балалар дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі нені зерттейді? 
А. Мектеп жасына дейінгі баланың барлық жас кезеңдеріндегі дене тәрбиесінің 
заңдылықтарын арнайы зерттейді  
Ә.    Мектеп  жасындағы  балалар  дене  тәрбиесінің  заңдылықтарын  арнайы 
зерттейді  
Б.  4-5 жастағы балалар дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді  
В. Ерте жастағы балалар дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді  
3. Дене тәрбиесінің негізгі  ұғымын атаңыз: 

 
19 
А.  Дене бағыты 
Ә.  Дене қалыптасуы 
Б.  Дене жетілуі 
В.  Дене созылуы 
4.  Заттар  мен  құбылыстардың  мәнді  ерекшеліктерін,  байланыстарын  және 
қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы процесінде бейнелейтін 
ой формасы: 
А.  Анықтама 
Ә.  Ұғым 
Б.  Болжам 
В.  Түсініктеме 
5.  Денені  жетілдіруге,  яғни  денсаулықтың,  дене  дамуының  және  дене 
әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған тәрбиенің құрамды бӛлігі: 
А.  Дене тәрбиесі 
Ә.  Дене машықтығы 
Б.   Дене мәдениеті 
В.   Спорт 
6. Адам организмі формалары мен қызметінің индивидуалды ӛмір барысындағы 
ӛзгеру процесі:  
А.  Дене дамуы 
Ә.  Жетілу 
Б.  Дене кӛлемі 
В.  Дене қалпы 
7. Антропометриялық кӛрсеткіштер: 
А. Шаштың ӛсуі 
Ә.  Бала тазалығы 
Б.  Шынықтыу процедуралары 
В. Ӛкпенің тіршіліктік сыйымдылығы 
8.  Адам  дүниеге  келген  сәттен  оның  сыртқы  ортамен  ӛзара  әрекеттесуі 
басталады,  бейімделу,  тепе-теңдігін  сақтау  қабілеті  пайда  болады.      Осы  тепе-
теңдікті ӛмірдің негізгі заңы ретінде қарастырған: 
А.  И.М.Сеченов 
Ә.  В. М. Бехтерев   
Б.  И.П.Павлов 
В.  П.Иванов 
9.  Дене  тәрбиесі  туралы  теориялық  білімнің  тасқынды  түрде  жиналуы  дене 
тәрбиесінің  теориясы  мен  әдістемесінің  қай  кезеніне  сай  келеді? 
А.  Yшінші кезең  
Ә.  Екінші кезең 
Б.  Бірінші кезең 
В.  Бесінші кезең 
10. Денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру,  
адамдардың ұзақ ӛмірін қамтамасыз ету міндеті: 
А. Сауықтыру  
Ә. Салауыттылық 

 
20 
Б.  Білімделік 
В.  Қозғалыстық 
11.  Қозғалыс дағдылары  мен  іскерлікті,  дене  қасиеттерін  (жылдамдық, ептілік, 
икемділік,  күш,  тӛзімділік  т.б.)  қалыптастыру,  арнаулы  білімді  меңгеру, 
ұйымдастырушылық 
қабілеттерді 
бойға 
сіңіру 
міндеті: 
А.  Тәрбиелік міндеттер 
Ә.  Білім беру міндеттері 
Б.  Жаттықтыру міндеттері 
В. Сауықтыру міндеттері 
12. Балалардың қозғалыс мүмкіншілігін дамытуға арнап «Буын гимнастикасы» 
теориясын құрып, дене жаттығуларының, жалпы педагогикалық талаптарына 
сай құрыла бастағанын кім атап кӛрсеткен? 
А.  Я.А.Коменский 
Ә.  Ж.Ж.Руссо 
Б.  Р.Оуэн 
В.  И.Г.Песталоцци 
13. Дене тәрбиесіне қатысы бар басқа ғылымдардың барлық жетістіктерін 
синтездейді: 
А.  Мамандандырылған педагогика ғылымы 
Ә.  Психология ғылымы 
Б.  Социология ғылымы 
В.  Физиология ғылымы   
14. Дене тәрбиесі саласы бойынша ғалымдар арасындағы  ең жарқын ӛкілдердің 
бірі:  
А.  П.Ф.Лесгафт 
Ә.  К.Д.Ушинский 
Б.  Т.И.Осокина 
В.  Е.А.Аркин 
15. Дене дамуының тарихи шартты деңгейі және денсаулықтың ӛмірге, еңбекке 
және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары дәрежелігі 
А. Дене дамуы 
Ә. Дене тәрбиесі 
Б. Дене жаттығуы 
В. Дене жетілуі                          
 
 
2 - тақырып. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі ғылыми - зерттеу 
әдістері 
1. Зерттеу әдістерін ұйымдастыру (бақылау, әңгіме, эксперимент, теориялық 
талдау және қорыту әдістері: оқып білу, талдау, қорыту, ғылыми 
әдебиеттермен жұмыс, сауалнамалар әзірлеу, бақылау, құжаттарды зерттеу, 
оқушы жұмысын зерттеу, математикалық әдістер)  

 
21 
 
Дене  тәрбиесі  теориясы  мен  әдістемесі  зерттейтін  мәселелердің  ауқымы  кең. 
Зерттеу  кезінде  педагогикалық  әдістер  ғана  емес,  шектес  ғылымдарда  – 
социологияда, психологияда, физиологияда, антропологияда, биохимияда, т.б.-
да пайдаланылатын әдістер де қолданылады. 
  
Методология  -  дүниені  білу  тәсілдері  туралы  ілім.  Ғылымның 
методологиясы  -  ғылыми  зерттеу  әдістерін,  белгілі  бір  ғылымның  пәнін 
(зерттейтін  жері)  зерттеу  кезінде  басшылыққа  алынатын  ұстанымдарды 
анықтайды. Әрбір ғылымның ӛзінің зерттейтін саласы, оған тән зерттеу әдістері 
бар. Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты. Кез келген 
ғылым  зерттелгелі  отырған  құбылыс  туралы  жалпы  ережелерді,  ӛзіне  тән 
әдістерін  қолданады.  "Даму"  сӛзі  -  философиянікі.  Ғылым  ӛз  пәнін  үнемі 
зерттеп отырмайынша  дами  алмайды. Дене  тәрбиесі  теориясы  және  әдістемесі 
ғылымы да ӛзінің күш-жігерін дене тәрбиесі мәселелерін зерттеуге бағыттайды. 
Әдіс  -  бұл  белгілі  бір  қорытындыға  жетуге  кӛмектесетін  әрекеттердің 
жиынтығы. Сондай-ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, 
олардың  іс-әрекетін  біркелкі  жасап,  ғылыми  зерттеулердің  ұқсас  нәтижесін 
алуға  ықпал  етеді.  Қазіргі  заманғы  ғылым  белгілі  методологияға,  яғни 
қолданылатын  әдістердің  жиынтығына  негізделген.  Осыған  қоса  әрбір  ғылым 
саласы  тек  қана  арнаулы  объектіге  ғана  емес,  сол  объектіге  сәйкес  арнаулы 
әдіске  де  ие  болады.  Зерттелетін  заттардың  әртүрлілігінен  пайда  болатын, 
жаратылыстану  ғылымы  мен  гуманитарлық  танымның  методологиялары 
арасында 
бірқатар 
айырмашылықтар 
бар. 
Жаратылыстану 
ғылымы 
методологиясында  заттың  жеке  ерекшіліктері  ескерілмейді,  себебі  ол  баяғыда 
қалыптасып  зерттеушінің  назарынан  тыс  қалған.  Мысалы,  тарих  ғылымында 
заттың  пайда  болуын,  оның  жеке  ерекшіліктерін  толығымен  қарастырады. 
Әлеуметтік  танымның  методологиясы  жаратылыстану  методологиясынан 
пәннің  ӛзіндегі  айырмашылықтары  бойынша  ажыратылады:  1)  әлеуметтік 
таным  ӛзін-ӛзі  жоюшы  нәтижеге  алып  келеді  (―биржаның  заңдарын  білу  осы 
заңдардың  ӛзін  жоюға  әкеліп  соғады‖-деп  жазды  кибернетиканың  негізін 
салушы  Н.Винер);  2)  егер  жаратылыстану  ғылымдары  танымында  жекелеген 
фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік 
таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса 
үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден 
объективті  үрдіс  пайда  болып,  солармен  түсіндіріледі.  Гуманитарлық  таным 
методологиясының  ӛзіне  тән  ерекшелігі  осында.  Қазіргі  заманғы  ғылымда 
жаратылыстану  және  қоғамдық  ғылымдардың  методологияларының  бір-біріне 
жақындасу  тенденциясы  байқалуда,  бірақ  олардың  негізгі  және  қағидалық 
айырмашылықтары әлі де сақталуда. 
  
Зерттеулер  теориялық  және  эмпирикалық,  ғылыми  әдістер  эмпирикалық 
және  теориялық  әдістер  болып  бӛлінеді.  Эмпирикалық  әдістерге  тӛмендегілер 
жатқызылған: 
1) бақылау - объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау
2)  суреттеу  -  объектілер  туралы  мәліметті  табиғи  және  жасанды  тілдің 
кӛмегімен бекіту; 

 
22 
3) ӛлшеу - объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 
4)  тәжірибе  жасау  -  құбылыс  қайталанған  кезде  қажетті  жағдайлар 
қайталанғанына  байланысты  ӛзгерістерді  арнаулы  дайындалған  орындар 
арқылы бақылау. 
  
Зерттеулердің  теориялық  деңгейіндегі  ғылыми  әдістерге  тӛмендегілер 
жатқызылады: 
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын 
абстрактылы-математикалық модельдер құру; 
2)  аксиомаландыру  -  дәлелдеуді  керек  етпейтін  аксиомалар,  яғни  дәлелдеуді 
қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 
3)  гипотетикалық  -  дедуктивтік  әдіс  –  нәтижесінде  эмпирикалық  фактілер 
тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың 
жүйесін жасау. 
Зерттеу  әдістерінің  классификациясы  аса  күрделі  мәселе  болғанның 
ӛзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және 
жеке  ғылыми  әдістерге  бӛлу  қабылданған.  Жалпы  ғылыми  әдістер  барлық 
ғылым  салаларына  тән  және  оларды  біріктіретін  зерттеу  объектісінде 
пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен 
синтез,  жорамал  мен  гипотеза,  индукция  мен  дедукция,  аналогия, 
классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді.  
Интерғылыми  әдістерге  -  экстрополяция,  интерполяция,  модельдеу, 
ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады.  
Жеке ғылыми әдістердің кӛптеген ғылыми топтары бар. 
Жалпы ғылыми әдістер ішінде тӛмендегілерді бӛліп кӛрсетуге болады: 
  анализ  –  жан-жақты  зерттеу  мақсатында  бүтін  бір  затты  құрамдас 
бӛліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бӛлу; 
  синтез – заттың құрамдас бӛліктерін біртұтас затқа біріктіру; 
  абстракциялау  -  зерттеліп  отырған  құбылыстың  қажетті  емес 
қасиеттері  мен  қарым-қатынастарынан  зерттеуге  керек  қасиеттері 
мен қарым-қатынастарын бӛліп алу; 
  жалпылау  -  объектілердің  жалпы  белгілері  мен  қасиеттерін 
анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; 
  индукция  -  жеке  қорытулар  негізінде  жалпы  тұжырым  жасауға 
мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі; 
  дедукция  -  жалпы  тұжырымнан  жеке  тұжырым  жасауға  мүмкіндік 
беретін талқылау әдісі; 
  аналогия  -  объектілердің  бірдей  белгілерінің  ұқсастығы  негізінде 
олардың  ұқсастығы  туралы  айтуға  мүмкіндік  беретін  таным  әдісі, 
басқаша 
айтқанда, 
аналогия-ғылымның 
бір 
саласындағы 
қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалы: 
тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б 
  классификация  -  зерттелетін  пәннің  зерттеушіге  қажетті  маңызды 
белгілері бойынша түрлі топтарға бӛлу (әсіресе, биология, геология, 
география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бӛлімдері). 

 
23 
  
Зерттеу  процесі  барысында  тӛмендегідей  интерғылыми  әдістер 
қолданылады: 
  экстрополяция  -  ойдың  дамуы  немесе  белгілі  бір  тарихи  кезеңдегі 
тенденциялардың 
ашылуы, 
яғни 
жасалған 
заңдар 
мен 
тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы
  интерполяция 

құбылыстардың 
динамикалық 
қатарында 
кӛрінбейтін,  бірақ  осы  қатар  мүшелерінің  арақатынасын  ашу 
негізінде параметрлерді, функцияларды, кӛрсеткіштерді табу; 
  модельдеу  -  шынайы  түрде  бар  процестер  мен  құбылыстардың 
логикалық,  информациялық  және  графикалық  құрылымын  жасау, 
яғни  объектілерді  жеңілдетілген  түрінде  бейнелеу;  модельдеу  - 
түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-
дәл кӛшірмесін түсіру арқылы зерттеу; 
  ретроспекция  -  объектінің  жүйелі  түрдегі  сипаттамасын  алу  үшін 
зерттеу  объектісінің  тарихи  дамуын  зерттеу,  яғни  оның  әртүрлі 
уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу; 
  эксперттік бағалау  -  эксперттің немесе  эксперттердің  тұжырымдары 
мен ойлары; 
  
Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін тӛмендегі әдістерді 
қолданады: 
  декомпозиция - үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бӛлу; 
  селекция  -  зерттелуге  келетін  варианттарды  іріктеп  алып,  маңызы 
жоқ фактілерді алып тастау; 
  агрегирование  -  жекелеген  сипаттамаларды  жалпы  сипаттамаға 
біріктіру. 
Егер  объектінің  құрылымы  жүйесіз  болса,  оны  талдау  үшін  дезагрегациялау, 
яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді. 
  
Жоғарыда айтылып ӛткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара 
түрде  зерттеудің  негізіділігін,  дәлділігі  мен  дәйектілігін  қажетті  деңгейде 
қамтамасыз  ете  алмайды.  Сол  себепті  зерттеуде  жоғары  нәтижеге  жету  үшін 
олардың  бірнеше  түрінің  жиынтығын  пайдалану  ғана  тиімді  бола  алады. 
Тақырыбымыз  мектепке  дейінгі  дене  тәрбиесінің  зерттеу  әдістері  туралы 
болғандықтан    осы  салада  жиі  қолданылатын  зерттеу  әдістеріне  ғана  түсінік 
беруді жӛн деп білеміз.  
Бақылау.  Бақылау  баланың  мінез-құлқын  әртүрлі  жағдайларда  кӛруге 
мүмкіндік  береді.  Бақылау  арқылы  ӛте  құнды  материалдар  алынады. 
Байқағыштық  -  педагогикалық  біліктіліктің  кӛрсеткіші.  Л.Н.Толстой  "Педагог 
баланы  үнемі  бақылап,  ол  туралы  кӛзқарасын  ӛзгерту  үшін  қайта  бақылау 
керек",  -  деген.  Бақылау  нәтижелерінің  дұрыс  болуы  оған  сезім  мүшелерінің 
бәрінің  қатысуына  байланысты.  Күрделі  бақылау  -  зерттеу  жұмысында 
қолданылатын бақылау. Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс 
мақсатты  түрде  бақыланып,  ол  туралы  фактілер  жиналады.  Бақылау  -  еңбек 
операциясының,  іс-әрекеттің  құрамдас  бӛлігі.  Алынған  мәліметтер  бірден 
ӛңделеді.  Бақылаудың  негізгі  қызметі  -  зерттелетін  процесс  туралы 
материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. 

 
24 
"Нақты  пайымдау"  ой  елегінен  ӛткізумен  байланысты,  аталған  әдіс  арқылы 
күрделі  педагогикалық  құбылыс,  процестердің  байланысы  ашылып,  ғылымда 
белгілі  құбылыстарға  түзетулер  енгізіледі.  Бақылау  тиімді  болу  үшін  басқа 
әдістермен  байланыста  қолдану  керек.  Мысалы,  эксперимент  барысын  және 
нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес. Зерттеушінің зерттеу объектісімен 
байланысына  қарай  тікелей,  жанама,  ашық,  жабық  бақылаулар  болады. 
Бақылаудың  бағдарламасы  жасалып,  болған  фактілерді  тіркеу  әдістері 
белгіленеді.  Тікелей  бақылауды  жанама  бақылау  толықтырады.  Жанама 
бақылау  зерттеушінің  тапсырмасымен  жүргізіледі.  Мысалы,  мектепке  дейінгі 
балалар  ойындарын  жоғары  сынып  оқушыларына  бақылаттыруға  болады.  Ол 
үшін  зерттеуші  нақты  нұсқаулар  береді,  бақылаудың  табыстылығы, 
зерттеушінің дайындығына байланысты. Зерттелетін құбылыстардың жасырын 
жерлеріне  енуге  мүмкіндік  беретін  ӛзін-ӛзі  бақылау.  Мысалы:  бақыланушы 
зерттеушінің  сұрауымен  ӛздік  жұмысты  орындауға  кеткен  уақытты,  үй 
тапсырмасын  қалай  орындап  жүргендерін  жазады.  Бақылау  нәтижелерінің 
дұрыстығы  педагогикалық  процестің  табиғилығына  байланысты.  Адамның 
жеке  ӛзі  қалғандағы  және  біреу  қарап  тұрғандағы  мінезі  түрліше  болады. 
Бұлтартпас  дәлелдер  алу  үшін  ашық  бақылау  жеткіліксіз.  Сондықтан  жабық 
бақылау педагогикалық процестің нақты кӛрінісін береді. Ашық және жасырын 
бақылау кӛмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді. Үздіксіз 
бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: 
сабақ,  тәрбиелік  іс-шара,  т.б.  объектілер  үзіліссіз  қаралады.  Монографиялық 
бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: 
биыл  қабылданған  балаларды  зерттеу.  Бақылау  фактілері  кезінде  белгіленіп 
отырылмаса,  жақсы  жүргізілген  бақылаудың  ӛзі  де  құндылығын  жоғалтады. 
Бақылауды  күнделік  дәптер  түрінде  жүргізген  ыңғайлы.  Ең  әуелі  қысқаша 
мәлімет  беру  керек.  Содан  кейін  бақылау  жӛнінде  жазулар  болады.  Жазулар 
хронологиялық  тәртіппен  жүргізеді.  Сабақ  кезінде,  үзіліс уақытында,  сабақтан  
тыс кезінде барлығын түгел жазып отыруға педагогтың уақыты жоқ. Дегенмен, 
қысқаша  жазып  отыру  керек  болады.  Балалардың  айтқан  сӛздерін,  олардың 
сӛздерінің ӛздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, сӛзбе-сӛз жазған немесе 
арнайы жазу құралы арқылы жазып алған жӛн. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет