А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі



бет4/34
Дата17.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#191662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

Қайталау үшін сұрақтар



  1. Хормен ән айту өнері туралы не білдіңіз?

  2. Хор дегеніміз не?

  3. Хор а сареllа дегеніміз не?

  4. Қазақ халық музыканың ерекшілігі неде?

  5. Қазақ халық музыка мәдениетінің дамуына бірінші қатарында кім өз үлесін қосты?



2. ӘН АЙТУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ХОРМЕН ӘН АЙТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ, НОТА САУАТЫ

Ән айту дыбысының қажетті сапасын сақтау үшін және әншілердің ішкі мінез-құлқын қалыптастыру үшін төмендегідей ережелерді ескеру керек:


- басты төмен түсірмей, не артқа шалқайтпай, түзу, еркін ұстау;
- дене салмағын теңдей, екі аяққа бірдей салмақ түсіре, нық тұру, отырған жағдайда, орындықтың шетіне отырып, екі аяққа салмақ түсіру;
- кез-келген жағдайда ішті тарта, денені тік ұстау;
- орындыққа отырып ән айтқан жағдайда, нотаны ұстау қажет емес кезде, хор айтушылар қолдарын тізе үстіне қояды;
- аяқты айқастырып отыруға болмайды, ондай жағдай денеге қажет емес қысым тудырады.
2.1. Хормен ән айту жаттығулары

Оқушылармен алғашқыда вокалды-хормен ән айту дағдыларын тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Олар: дененің табиғи қалпын дұрыс сақтау; ән айтқанда бастың, қолдың бірқалыпты болуы; иықты көтермей, терең тыныс алу; ауызды еркін ашу; әнді бір уақытта бастау; дыбыстың ұзақтығын сақтау.


Вокалдық жаттығулар жүйесі оқу міндеттерінің төмендегідей реті мен көлемін анықтайды: біріншіден, күрделі емес музыкалық материал арқылы ән айтуда тыныс алу мен дыбыс шығару дағдыларын қалыптастырады, екіншіден, вокалды-хормен ән айту дағдысы екі дауыста ән айту кезінде бекітіледі.
Меңгерілген вокалды хор дағдысы мен шеберлігі шығарманың бейнелі мазмұнын берудің қажетті құралы болып табылады, сонымен бірге орындаудың көркемдігі мен сапасына тікелей әсер етеді.

2.2. Нота сауаты

Дыбыс – белгілі бір дененің (струна, мембрана т.б.) тербелмелі қозғалысын білдіретін физикалық құбылыс. Музыкалық дыбыстардың басқа шулы дыбыстардан өзіндік айырмашылықтары бар. Олар: музыкалық дыбыстың биіктігі (тербеліс жиілігі), ұзақтығы (тербелмелі қозғалыстың ұзақтығы), күші, тембрі (тербелістің құрамы). Музыкалық дыбыстардың белгілі биіктігі болады және олар өсу және төмендеу ретімен орналасады. Дыбыс қатарының негізгі жеті сатысы бар. Олар: До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си. Дыбыстар нотамен белгіленеді. Ноталар нота сызығында орналасады. Нота сызықтарын есептеу (санау) төменнен жоғары қарай жүргізіледі. Жеті негізгі саты қайталанып отырады. Олар «октава» деп аталатын дыбыстық қатарлы үзіктерді құрайды.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет