А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі


Дыбыстарды қүру және резонаторлар



бет8/34
Дата17.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#191662
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

5.1. Дыбыстарды қүру және резонаторлар

Ән айтудағы дыбыстың пайда болуы тыныс алу және артикуляция мүшелерінің өзара дыбыстық үндесуінің нәтижесі болып табылады. Көмейде пайда болған дыбыс алғашқыда өте әлсіз болады, осылайша дыбыстың күшеюі, тембрлік реңктер дыбыстың ауыз, мұрын қуыстарына түскен уақытында жүзеге асады, оны резонатор деп атайды.


Жоғарғы резонатор (басты деп саналады) – оған жұтқыншақ, ауыз, мұрын қуысы жатады.
Төменгі резонатор (кеуделік деп аталады) – оған кеңірдек тарамы жатады.
Кіші балалар хорында жоғарғы резонатор басым болады. Үлкен балалар хорында кеуделік резонатор болады.
Қайталау үшін сұрақтар



  1. Тыныс алудың қандай түрлері бар?

  2. Дұрыс вокалды тыныс алудың жолдары қандай ?

  3. Тізбекті тыныс алу дегеніміз не?

  4. Резонатор дегеніміз не?

  5. Резонаторлар қалай қалыптасады?



6. ДЫБЫС АТАКАСЫ, ӘУЕН ЖҮРГІЗУ

Ән айту дыбысының маңызды мәселесі болып дыбыс атакасы саналады, ол дыбыстың пайда болуының алғашқы кезеңі. Дыбыс атакасының негізгі екі типі бар, олар: қатты және жұмсақ түрлері. Қатты және жұмсақ деген түсінік әр түрлі теңеумен ерекшеленеді, сондықтан шартты түрде дыбыс атакасын төрт түрге бөлуге болады. 1) өте қатты (жарылғыш); 2) қатты; 3) жұмсақ; 4) өте жұмсақ.


Дыбыстардың жасалуында дыбыс атакасының белгілі бір регистрлік механизмінің шешуші маңызы бар. Осыған байланысты дауыс қатпарлары біздің басқаруымызға бағынады және негізінен дыбыс атакасы кезінде қажетті тербеліске келтіре алады.
Атакасның әр түріне дыбыс жасауда қысымның белгілі деңгейі сәйкес келеді: 1) артық қысым; 2) тұрақты қысым; 3) жеңіл қысым; 4) жеткіліксіз қысым.
Дауысты кез келген регистрлік күйге келтіруде аталған төрт түрлі қысым деңгейлері кездеседі. Әншінің қолданатын дыбыс атакасының түрі және дауыс қатпарларын ретке келтіру дәрежесі оның пайда болу кезіндегі дауыс күшімен тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет