А. К. Маханова хормен ән айту тәрбиесі



бет7/34
Дата17.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#191662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

Қайталау үшін сұрақтар



  1. Ырғақ дегеніміз не?

  2. Метр дегеніміз не?

  3. Екпін дегеніміз не?

  4. Өлшем дегеніміз не?

  5. Қандай екпіндерді білесіз?

3.1. Музыкалық сөзжұмбақты толтырып, ноталар мен үзілістердің ұзақтығы туралы білімдеріңізді бекітіңіз:

3.2. Тігінен, көлденеңінен және көлбеуінен 3/4 өлшемі құралатындай, берілген ұзақтықтармен бос торкөздерді толтырыңыз:
























































3.3. Тігінен, көлденеңінен және көлбеуінен 4/4 өлшемі құралатындай, берілген ұзақтықтармен бос торкөздерді толтырыңыз:




















































3.4. Төмендегі скрипка кілтінде жазылған ноталарды оқыңдар. Бұл ноталарды фортепианоның клавиатурасынан тауып көрсетіңдер.

4. ӘУЕНДЕРМЕН ЖҰМЫС
















4.1. Канон


Ереже бойынша канонды орындауда екі партия да бір әнді орындайды, бірақ олар әр түрлі уақытта бастайды: әуелі бірінші дауыс бастайды, содан кейін сол әуенді екінші дауыс орындайды.
Арнайы ережені бүзбас үшін канон ережесін жаттау керек, яғни аталған ережеде канонды орындау тәртібі туралы айтылады.






Қайталау үшін сұрақтар



  1. Канон дегеніміз не?

  2. Әуендерді нота арқылы талдаңыз.

  3. Әуендерде қарапайым және күрделі өлшемдерді анықтаңыз.

  4. Белгілі өлшеммен әуендерді тактілеңіз.

  5. Тактілеу арқылы әуендерді сөзімен орындаңыз.



5.ӘН АЙТУДАҒЫ ТЫНЫС АЛУ, ДЫБЫСТАРДЫ ҚҮРУ ЖӘНЕ РЕЗОНАТОРЛАР

Вокалды хор техникасының негізі ән айту кезіндегі дұрыс тыныс алу дағдысы болып табылады. Ән айту кезіндегі тыныс алу күнделікті жағдайдағы тыныс алудан ерекше болып келеді. Тыныс алу процесі автоматты және санамен реттелмейтін процестер ырықты басқарылған, ерікті тыныс алуға ұласады. Тыныс алу мүшелері белсенді жұмыс жасайды.


Тыныс алудың үш түрі бар, олар: жоғарғы қабырғалық, кеуделік, төменгі қабырғалық. Ән айту кезіндегі тыныс алудың екінші, үшінші түрін қолданған тиімді. Сонымен қатар практикада тыныс алудың аралас түрі де қолданылады.
Оқушылардың ән айту кезіндегі дұрыс тыныс алуын тәрбиелеудің маңызды шарты ретінде табиғи ән айту бағдарын қалыптастыру алынады. Ішкі жинақылық сезімін сақтау қажет. Дұрыс тыныс алуды бағалаудың критерийлері ретінде есту және бұлшық еттік сезінулер алынады. Әдемі, ұшқары дауыс тыныс алумен байланысты болып, дыбыс шығаруға қатысатын жүйелердің табиғи тепе-теңдік нәтижесі болып табылады. Фразаның өн бойында тыныс, дем біркелкі шығып отыруы керек. Фразаның немесе сөздің ортасында тыныс алуға болмайды.
Дұрыс тыныс алуды қалыптастыру әннің жылдамдығы мен сипатына сәйкес шусыз, терең, біркелкі ауа жұту дағдысын жетілдіруді талап етеді. Ауа жұту процесі ауыз және мұрын арқылы бірдей жүргізілуі керек. Тыныс алғаннан кейін, ауаны бірден сыртқа шығаруға болмайды. Ауаны ұстап, содан кейін үнемді түрде, ақырындап шығарған дұрыс.
Оқушылардың тізбекті тыныс алу дағдысын меңгеру қажеттілігіне көңіл бөлген жөн. Ән айту кезінде тізбекті тыныс алуды сақталған жаттығудың пайдасы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет