Байланысты: А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен
Бірінші – Ол пәнге арналған аудиторлық сессия барысында алынған оқушылардың мұғалімнен алынған ақпаратты белсенді қабылдауды іске асыруды көздейді.
Екінші функция оқытушы ұсынымы негізінде сдуденттің өз бетімен оқу-әдістемелік құралды, әдеби көздерді оқуды, уй тапсырмасы және курстық жұмыстарды орындауды, тестілеуді өткізуді және т.б көздейді. Бұл этапта студенттен өзін-өзі ұйымдастыруды, қиындықтарын бекітуді және өз пәндері талап етіледі.
Үшінші функциясы оқу материалын түсіну мен игеруде қиындықтар себептерін анықтау, оқытудың басқа да қызмет түрлерін орындау тақырыбында проблемалық сұрақтарды талдау және жүйелеу болып табылады.
Төртінші функциясы пән бағдарламасының оқу тапсырмаларын іске асыру үшін түсініктемелерді және кеңес алу үшін оқытушы мекен-жайы болады.
Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) басқа жұмыстардан ерекшелігі – студент өз алдына мақсат қояды, оған жету үшін жұмыс түрін, тапсырманы таңдайды.
Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған. Жоғарғы мектептің орта мектептен ең басты айырмашылығы- оқыту жұмысының әдісі және оқушылардың жеке деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты. Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады.