А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет41/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

Экономикалық. Экономикалық тəрбие жүйесі оқушылардың екінші кезектегі жұмыспен қамтамасыз етуге жəрдемдесуі
Салауаттық өмір салты. Жастардың денсаулығының кепілі де салауаттық өмір салтын ұстануларынан басталады. Қоғамда дені сау адамды тəрбиелеуде бұл тəрбиенің орны ерекше. Ол белгілі орындарда, яғни спорт алаңдарында, сауықтыру орындарында іске асырылады. Осы тəрбие бағыттары негізінде кураторлық сағаттар жүргізіледі.
Кураторлық сағат-оқу жылы басында бекітілген эдвайзер-куратор жоспары негізінде жүргізіледі. Жоспар тəрбие бағыттарына негізделіп жасалуы тиіс. Мысалы: «Отбасы–тəрбие негізі» деген тақырыпта əңгіме жүргізер болса, онда «отбасы» ұғымына талдау жасап, отбасы арқылы студенттер бойына барлық тəрбие бағыттарының қалыптасатынын түсіндіріп кеткен жөн.
Тұлғаның көркемдік талғамын қалыптастырып, сұлулықты қабылдауға үйрету үшін дарын нышанын айқындап, талантын дамыту үшін эстетикалық тəрбиенің мəні зор. Баланың көру сезімі жетіле бастағаннан-ақ табиғаттың тамаша көріністеріне қызыға қарайды, эстетикалық əсералады, үлкендердің түсіндіруімен дүние таниды. Əсемдікті түсіну- адамдық сана- сезімнің жоғары сатысы. Əр баланың көркемдікке өз бейімділігі болады. Сол нышанды ата-ана дер кезінде байқап, қамқорлық жасауы керек. Жас бала сурет салуға, əн, тақпақ айтуға, билеуге құштар келеді. Оған бишілер мен əншілердің, суретшілер мен əртістердің өнерлері ерекше əсер етеді. Оған əн, тақпақ үйретуден жалықпауымыз керек. Осы орайда ұлы жазушы А.П.Чехов «Адам барлық жағынан да сұлу болуы керек», - дейді. Отбасында ата-ана баланың таза киініп, таза жүруімен қатар оның əдепті болуын талап етеді. Əдептілік эстетиканың негізгі бір саласы. Эстетикалық əсер ізгілік сезім туғызады. Əсерленген балада эстетикалық ұғым, эстетикалық мұрат пайда болады. Көркемдік негіз тұрмысты сəндендіреді жəне адамның адамгершілік қасиетін арттырады. Əсемдік əрқашанда жақсы сезімге бөлейді. Баланы əсемдікті көре білуге, одан лəззат ала білуге үйретуіміз керек. Əсемдік табиғатта, сондықтан мен алғашқы сабақты табиғат аясында бастадым, - дейді атақты педагог В.А.Сухомлинский. «Баламен бақ ішінде жəне далада өткізген бір күн – сабақ үстінде өткізген көп аптаға пара-пар» - дейді ұлы педагог К.Д. Ушинский.
Бұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса, студенттер арасында ынтымақтастық, ұйымшылдық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізері анық. Суреттерден байқағанымыздай студенттер эстетикалық талғамға сай, киімдерін біргіп таңдап, бірігіп тіккен. Бұл ұйымдастырылған іс- шара студенттердің бойына эстетикалық жəне еңбек тəрбиесінің қалыптасуына ықпалын тигізері анық.
Көркемдік сана эстетикалық тəрбиенің аса маңызды нəтижесі, талғамдар мен көркемдік көзқарастардың, эстетикалық мұраттардың жиынтығы. Баланы өнерге үйрету, эстетикалық талғамға үйрету, оның бойына сұлу мінез-құлық қалыптастыру, шығармашылық еңбектерді, үлкенді құрметтеуге үйрету, оның патриоттық сезімін ояту отбасының міндеті болса, əрі қарай тəрбие жұмыстары негізінде балабақшада, мектепте жəне жоғары оқу орындарында ұштастыру тəрбиешілер, мұғалімдер жəне куратор-эдвайзерлердің негізгі қызметі болып табылады.

14 дәріс. Кредиттік технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік мәліметтерді құрастыру технологиясы.




Жоспар:

  1. Аудиториядағы қарым-қатынас «адам-адам» тұжырымдамасы негізінде маманды қалыптастыру үдерісі ретінде.

  2. Студенттердің өзіндік жұмысы өз бетінде шешім қабылдауға дайындық формасы ретінде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет