А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет6/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

Үздіксіз білім алу нәтижесінде білім алушы бірқатар мүмкіндіктерге ие бола алады:
педагогикалық:
- өз бетімен білім алу мүмкіндігі;
- сапалы білімге қол жеткізуі;
- білім алушының танымдық ой-өрісінің дамуы;
- қызмет саласында әрбір жанның өз шеберлігін жетілдіруі,
- өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай жасауы;
психологиялық:
- жеке адамның қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты толық дамуына;
- психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу;
- ауызша сөйлеу кемшіліктерін жою;
экономикалық:
- уақытты тиімді пайдалану;
- шығыс көздерін азайту(оқу материалдарына кететін шығын, көлік шығындары, қағаздармен жұмыс жүргізу т.с.с);
Үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі құралы -  виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет жүйесі. Қазіргі кезде көптеген аналитиктердің айтуынша Интернет – ең арзан оқыту құралы болып табылады. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі конференцияларға қатыса алады. Тыңдаушылар мен білім алушылар үздіксіз білім алуда білім беру прцесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында өз бетінше Интернет желісінің көмегімен ала алады. Сонымен бірге сапалы білім алу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында, қоғамның әрбір мүшесінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда, үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы зор. Үздіксіз білім алу нәтижесінде әр салада әмбебап қызмет ете алатын, білікті, білімді, рухани бай, өз мүмкіндігін жан-жақты көрсете алатын тұлға қалыптасады.



  1. Жоғары білім берудің заманауи парадигмасы

«Парадигма» - латынның мысал деген сөзінен шыққан.
Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес. Оларға мыналар жатады: 
1. Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы); 
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы); 
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы); 
4. Технократтық
5. Эзотерикалық. 
Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады. 
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас:ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді. 
Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.
Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады. 
Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс.
Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселе. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмаларына модульдік сабақ жатады. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, оқушыларға мұғалім алдын-ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын таратып береді.Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Сондықтан оқушы өзінің не істеу керектігін, яғни сабақ соңында нені біліп шығуы керектігі жөнінде мағлұмат алады. Екіншіден, ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателігін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай алады. Үшіншіден, жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын жасауды жоапарлайды. Төртіншіден, әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады.Сонымен бірге модульдік сабақ оқушының білімін тексеріп бағалауға зор мүмкіндік береді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – білім беру мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру және оларды жүзеге асыратын болашақ мамандарды даярлау. Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты – білімді сапалы ету, оқушының толыққан жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Жалпы білімнің 3 міндеті бар, олар – баланың өзіндік жалпы дамуы, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жақсартуды көздейді. Бұл бағдарламаның негізгі міндеттері – сапалы білімге қол жеткізу, білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу бағамын жетілдіру, қазақстандық ұлтжандылыққа, төзімшілдікке, биік мәдениетке, мемлекеттік тілді басым дамытуға бағытталған отандық дәстүрлерді әлемдік тәжірибе мен тұрақты даму қағидалары негізінде білім берудің мазмұнын, құрылымын жаңарту.
Жаңа қоғамға жаңа адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Демек, Елбасының «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген қағидасына сүйенсек, қазіргі қоғамдағы дамудың басты факторлары: білім, ғылым, саяси тұрақтылық екенін, яғни заман өзгергенімен, мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі білім-ілімсіз әсте мүмкін емес екеніне көз жеткіземіз.
Дауылпаз ақын М.Дулатов ағамыз айтқандай «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» дегендей, ендеше, егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы, білімді ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу – біздің ұлы мұратымыз.
Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсаринның «Мұғалімнің жұмысы – балалар. Ендеше балалар түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны. Ол өзін-өзі кінәлауы тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеп, шыдамдылық көрсетуі тиіс, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдер пайдаланбау керек» деуінде мән-мағына жатыр. Бұл, сөз жоқ, қазіргі мұғалім бойынан табылмағы ләзім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет