А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен


Жоғары мектепті реттеудің әдіснамалық тәртібі



бет8/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен
113-117 (1), 236555, 6 сынып БЖБ 2-тоқсан (1), МодульССС.27.06.10.-каз-doc
Жоғары мектепті реттеудің әдіснамалық тәртібі.

Қазіргі заманға қоғамның даму деңгейі жоғары білімге жоғары талаптар қойып отыр. Оларда ХІХ ғасырда қалыптасқан университет модельдері ұстанымымен қанағаттандыру мүмкін емес. Сол себептен 90 жылдары классикалық университеттің негізгі қызметі айтарлықтай кеңейіп, қайта түсіндіруді талап етті.
Талдаған барлық теориялар жаңа замандағы классикалық университетті түсіндіруде негізгі пайымдауларды қарастыруды талап етеді.
Ең алдымен жиі айтылып жүрген талаптардың бірі автономияға талдау жасаған жөн. Гумбольд былай деп жазады: «Мемлекет ішкі сенімге ие болуы керек, өзінің соңғы мақсатына жете отырып, университеттерде оның соңғы мақсатына жауап беруі керек [3], экономикалық жоқтық пен азаматтық парыздың ығыстырылуы деген тəуелсіздік сапалы оқу процесінің кепілі болып табылады.
Əлемнің қазіргі заман талаптарына сай əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуы, өскелең ұрпақты оқыту мен тəрбиелеудің жəне қоғамның басқа да салаларының жаңа өлшемдерін талап етуде. Əлемдік экономикалық, қоғамдық, əлеуметтік даму барысында жастардың ортаға тез бейімделгіш, бəсекеге қабілетті қажеттіліктерді туындатты, адам капиталына, білім сапасына жоғары талаптар қойды. Қазақстан Республикасы, əлемдегі басқа да мемлекеттер сияқты, заман талабына сай өзінің білім беру сферасын экстенсивті дамыту жолында. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық білім беру кеңістігіне ену жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан білім беру жүйесіндегі көпсатылы реформалардың қазіргі кезеңі, ең алдымен, бүкілəлемдік интеграцияға, оқу жоспары мен бағдарламаларын əлем тенденцияларына сəйкес түзету, сонымен қатар жоғары оқу орындарында дайындалатын мамандардың бəсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Соңғы жылдары білім беруді жаңаландырудың негізгі тенденциялары оқытудың гуманизация, гуманитаризация, демократизация, децентрализация, дифференциация, индивидуализациясымен сипатталады. Білім берудің ұлттық моделінің қалыптасу мен бекітілу процесі белсенді жүруде, оның негізгі идеясы - ұлттық-мəдени негізде тұлға мен қоғам талабына сай өзін-өзі дамытуға қабілетті білім беру мен тəрбие жүйесін құру. Қазіргі уақытта жоғары мектептердің дамуына ықпал ететін жаңа ұйымдастырушылық-басқарушылық тұлғаның бейнесі сомдалуда. Шынымен-ақ даму үстіндегі жоғары мектеп өзге типтегі басшыны – оқу мекемесін тек басқарып қана қоймай, оны сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтеруге қабілетті тиімді менеджерді қажет етеді. Тек жақсы басқарушысы бар жоғары мектептер ғана сапалық деңгейде алдыңғы қатарда бола бермек. Жоғары оқу орындары оқуға түскен əрбір студенттің болашағына жауапты.
Салыстырмалы түрдегі университеттің тəуелсіздігі оқу процесінің табиғатында, барлық білімдердің ішкі ұйымдастырылуында көрінеді, бұл қағиданың мəнін Фихте ашқан. Университеттің мақсаты – кітаптағы білімдерден жаттығу емес, кітаптың көмегімен ғылыми түсіну өнерін дамыту.
Оқыту процесінде өнімді білім оқытушы мен студенттің бірлескен жетістігі арқыла алынуы керек. Бұл жерде дəрістер, семинарлар, дискуссиялар басты рөл атқарады, əсіресе дəрістің маңызы зор, ол жағдаяттық ғылыми ойлаудың дамуына ықпал етеді. Оқытушы өзінің білімін, дəлелдерді студенттің өзі барлай алатынындай етіп беруі тиіс. Дəріс тек студентке ғана емес, оқытушы үшін де қажет. И.В.Гумбольд пен И.Г.Фихте оқытушы студент үшін ғана емес, екеуі де оқу процесі үшін қажетті. Оқу еркіндігі білім беру еркіндігімен тығыз байланысты, яғни студенттер өздерінің ғылыми қызығушылықтарына жауап беретін курстарды талдау құқығына ие.
Ғалымдардың пікірінше, университеттік білім дамуының негізіне көптеген парадигма білімдерін жатқызуға болады. Олардың алғашқысы «академиялық парадигма» деп аталады, ол университет түлектерінің жаңа білімдерді іздестіруге бағдарлануын, ғылым, теория, гипотезалар позициясы арқылы адамдар əрекеті мен əлемді түсіну мен ұғынуға, фундаменталды ғылымдарды дамыту мен теориялық білімдердің приоритеттерімен сипатталады.
Тағы бір парадигма – «кəсіби», жаңа заман талаптарына жауап беретін, мемлекет қоғамның мамандарға деген сұранысына жауап ретінде пайда болды. Кəсіби парадигманың мəні – университеттік білім мазмұнын байыту мен кеңейтуден көрініс табады. Мұнда ғылым əлемді тану мен түсіндіру сипатындағы өзіндік құнын өндірістік күш қызметін орындауға бағыттайды. Осыған орай мамандарды дайындау мақсаттары да өзгереді, басты бағыт ғылыми білімдерді кеңейту емес, адамның кəсіби іс-əрекетін қалыптастыруға арналады. Содан бастап университеттер медициналық, заң, педагогикалық, экономикалық жəне т.б. жоғары кəсіби білім бере бастады.
Алғашқы университеттердің əлеуметтікпедагогикалық мəндігі жоғары болды, себебі оларға ұлттық жəне демократиялық сипат тəн еді, ал бүгінгі таңда мектепте де, ЖОО-да тəрбиелеу мен оқытудағы ұлттық элементтер əлі де болса жеткілікті дəрежеде бағаланбауда. Яғни, парадигмалардың мазмұнына осы мəселені қосу керек немесе гуманистік парадигманы кеңінен қолдану тиімді нəтиже береді, деп тұжырым жасауға болады. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында университеттік білімнің үш технократиялық парадигмасы анықталды. Мұнда студенттерді оқытуда техника мен технологиялар, экономика мен бизнес ғылыми жəне мəдени құндылықтардан басып озды. Бұл өз кезегінде жоғары білім мен ғылыми білімнің дамуында тар прагматикалық бағыт алды. Сол себептен де төртінші гуманистік парадигманың туындауына алып келді. Гуманистік парадигманың ерекшелігі оның тұлға қабілеттері мен қызығушылықтарына бағдарлануында. Университеттік білім беруде ол фундаменталды ғылымдардың дамуы мен теориялық білімдердің приоритетімен, университет түлектерінің жаңа білімді іздеуге, əлем мен адам əрекеттерін ғылым, теориялар мен гипотезалар позициясында ұғыну мен түсіндіруге бағдарлануын сипаттайды.
Отандық философиялық əдебиеттерде білім берудің кейбір мəселелері егеменді Қазақстан үшін білім моделін таңдау жағдайында қарастырады. Біздер білім моделін таңдағанда бірнеше сəттерден шығады деген Г.А. Бейсенованың пікірін қолдауға болады. Олар біріншіден, қоғамдағы рухани бірлік пен консолидацияны, бейбітшілікті сақтау; екіншіден, дін негізінде еңбек этикасын құрастырудың мүмкін еместігі; үшіншіден, ұлттық колоритті сақтай отырып, ұлтаралық жəне полимəдениеттіліктің негізінде университеттік білімнің əлеуметтік мəдени негіздерін дамыту.Бұл қазіргі заманда университеттік білімді жетілдіруге де қатысты.
Қазақстан Республикасындағы жалпы орта және кәсіби мектептердегі реформалар педагогика ғылымының алдына өзекті теориялық және практикалық мәселелерді қоюда: мектептердің әлеуметтік қызметін, статусын көтеру; жалпы және кәсіби білім беруді жетілдіру; оқу-тәрбие үрдісінің өндірістік еңбекке оқытудың, мамандыққа бағыттаудың сапасын көтеру; педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру; білім беру жүйелерінің оқу-материалдық базасын жетілдіру жіне т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет