А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен


Бағдарламалап оқыту технологиясы



бет34/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

1. Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б. Скипер, Н: Крауер, В.П Беспалько) Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Мұнда оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдары кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген.
2. Ойын арқылы оқыту технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
3. Дамыта оқыту технологиясы (Д.С. Высотский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов).
Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді.
Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы,теориялық білімнің жетекші ролі, жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде
жедел ілгерілеу, оқу үдерісін баланың сезінуі, оқыту үдерісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту барлық баланың дамуы жолындағы болуы керек.
4. Түсіндіре оза оқыту технологиясы (С.Н. Лысенкова)
Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материадардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырма ның қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға: әуелі озаттар, сосын ортаншылар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасын тек оқушының мүмкіндігіне қарай беру; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіру.
5. Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет