9. Топтық технология. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін топты уақытша микротоптарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
10. Дамыта оқыту технологиялары.
Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмұны болады.
Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.
Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.
11. Оқытудың компьютерлік технологиясы
Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыруды және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты “ақпараттық қоғамға” даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей комьпютермен қатынасы арқылы орындалады.
Яғни баланың жеке қасиетіне қарай компьютерге бейімделуі, т.б.
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы: Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
2.Жоғары оқу орнындағы инновациялық оқыту технологиялары.
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында: жоғары оқу орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқыту бағдарламаларын өзгертуді сондай-ақ студенттердің алатын білім сапасын көтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді, – деп көрсетілген [1]. Бұдан нәтижеге бағдарланған білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланып, білім сапасын арттыру мен түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттігі туындайды.
Инновациялық технология – белсендіруді ұйымдастыру және басқаруды дамыту үрдісі. Оқытудың инновациялық технологиясы – педагогтың білім алушылармен амал әрекеттерді таңдауы оның нәтижесінде білімгерлердің оқуға деген мотивациясы түбегейлі артады [2]. Инновациялық технологияны білім беруде педагогикалық жаңалық пен динамикалық бірліктің нәтижесінде педагогикалық қауымдастықтың меңгеруі мен тәжірибеде ғылыми негізделген оқытуды тиімді қолдануы. Білім берудегі инновация құрылымы жағынан кешенді әрекет болып табылады. Атап айтсақ: туындының дүниеге келуі, оны менгеріп, жаңалықты таратып тәжірибеге енгізу, педагогикалық жаңалық құру, оны педагогикалық бірлестіктің игеруі, тәжірибеге енгізілуі мен қолдануы. Инновациялық үрдіс жаңалықты ашудан бастап, тәжірибеге енгізіп, жүзеге асыруға дейін жүреді. Инновациялық технологияларға: тұлғалық-бағдарлы, интеграциялық, ақпараттық, қашықтан оқыту, дамыта оқыту, модульдік оқыту жатады. Осылардың ішінен интеграциялық және ақпараттық технологияларға тоқталып өтуді жөн көрдік.
Интеграциялық технология – ғылымдардың байланысы және кірігу үдерісі. Әлемдік білім беру кеңістігінің интеграциясы - біркелкі білім кеңістігін құру мақсатында әлемдік білім жүйесінің жақындасу үрдісі болып табылады. Бұл бүгінде еліміздің оқу орындарының әлемдік білім кеңістігінде Болон үрдісіне еніп, кредиттік жүйеге көшуімен сипатталады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2004 жылдан бастап кредиттік оқу жүйесіне көшті. Кредиттік оқу жүйесіне көшуге байланысты аталған университетте бірнеше мамандықтар бойынша бакалавриат, магистратура, докторантурадан мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер мен электрондық оқулықтар даярланып, педагогикалық үдерісіне енгізіліп отыр. Университетте 38 мамандық бойынша магистрлар дайындалады. Интеграция жинақтау ұғымымен барабар, бірақ жинақтау жекеден жалпыға өтудің логикалық үрдісі ретінде анықталса, ал интерациялау жаңа сапаның пайда болуымен сипатталады. Сонымен, интеграциялық технология дегеніміз - мазмұнның бірігуі, ортақ бағытты тауып, оны мазмұн жағынан жаңалау болып табылады, яғни пәндік білімді жақындастырудың жалпы негізін табуға көмектеседі. Бұған бүгінгі жоғары оқу орнындағы бейнелеу өнері мен еңбекке баулу әдістемелерін интеграциялап, көркем еңбек деген пән ретінде алынуы дәлел болады. Интеграциялық оқыту технологиясын басқа пәндерде тіл және әдебиет т.б. пәндерді оқытуда пайдалану тиімді.
Ақпараттардың қазіргі заманғы жаңа рөліне байланысты қоғамды ақпараттандыру процесі әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Бүгінгі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл қазіргі ақпараттық технологияның бірі ретінде мультимедиалық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы ұлттық білім сапасын арттыруды көздеп отыр.
Жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі студенттерді болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, білім беру туралы: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу» - деп атап көрсетілді [3]. Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесін әлемде болып жатқан келелі жаңалықтармен ұштастырып оқыту мақсатына байланысты еліміздің жоғары оқу орындарының алдына сапалық өзгерістер енгізу мәселесін міндеттейді.
ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: “Мектеп бітіріп шыққан соң, бала бүкіл әлемге өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарайтын болса, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз болуы керек”, - деп айқындап берген [4]. Бұдан шығатын қорытынды автордың идеясының өміршеңдігін, яғни бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі университет студенті екенін ескере отырып, жоғары оқу орнының да білім мазмұнының жалпыадамзаттық құндылыққа бағдарлануы, білім беруді тұлғалық-бағдарлы, нәтижелі-шығармашылық ұстанымдарға негіздеп құру міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздеу қажеттігін көрсетеді.
Ақпараттық өркениетілік ғасыры компьютерлік сауаттылықтан ақпараттық сауаттылыққа көшуді талап етеді. Соның нәтижесінде ақпараттық мәдениеттілікке көшу мақсаты жүзеге асырылады. Оқыту үрдісін ақпараттандырудың басты міндеті жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет – ерекше ойлау, қазіргі ақпараттық қоғам талаптарына сай болуды қажет етеді. Оқыту үдерісін ақпараттандырудың басты міндеті жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Ақпараттық мәдениет – компьютерлік сауаттылық, ақпараттық қарым-қатынас, диалогтік режим қабілетін меңгеру, қажетті ақпаратты іздестіруді тиімді іске асыру болып табылады. Сондықтан жоғары оқу орнында білім берудің бүгінгі таңдағы мақсаты бәсекеге қабілетті, ұлттық мәдениетті, әртүрлі бағыттағы білімді меңгеруге дайын, ақпараттық кеңістікте икемді әрі тез қимылдайтын, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген, құзыретті тұлғаны тәрбиелеуді көздейді.
Осы тұрғыдан алғанда құзыреттілік – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. М.М.Чошанов құзыреттілікті білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің оралымдылығы + ойлаудың сынаулығы [5].
Достарыңызбен бөлісу: |