А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен



бет35/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

6Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
6. Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтыланатын, біршама дербес бөлігі.
Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль. Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктері ескеріледі.
Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
7. Жеке тұлғаға бағдарланған технология (Хуторской А.В.)
Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
8. Белсенді оқыту технологиясы шәкірттерді жаңа білімді өздігінен ізденіп алуына мүмкіндік жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:

  • сабақ құрылымының икемділігі;

  • оқығаны бойынша пікірталастың болуы;

  • дидактикалық ойындар;

  • интенсивті өзіндік әрекет;

  • тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді және

  • тілдік құбылыстар заңдылықтарын дәйектеуді ұйымдастыруы;

  • білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін

  • педагогикалық жағдаяттарды құруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет