Куратор (curator) – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің өміріндегі тəлім-тəрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, əлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы.
Эдвайзер (advizor)– оқу кезеңінде білім бағдарламасын меңгеруге бағыт беретін арнаулы кафедра оқытушысы.
Ал, куратор-эдвайзер студенттермен тығыз байланыста болып, бірге қызмет атқаратын маман. Оған төмендегідей талаптар қойылады:
Куратор-эдвайзер оқу жылы барысында студенттік топтың өмірімен танысып, топтық жəне жеке мəселелерді шешуге көмек көрсету, топта достық қарым- қатынас орнату жəне əрбір студентке тұлға ретінде қарау.
Студенттердің сабаққа қатысуын,үлгерімін, денсаулығын бақылау, сабаққа қатысу, тұрғылықты менен-жайын, бос уақытын ұйымдастыруын, үйірмелерге, спорттық ойындарға, клубтарға жəне т.б. қатынасуын қадағалау.
Денсаулығына, оқу сабақтарына, аралық, апталық жəне сессияға байланысты мəселелер туындаса көмек көрсету.
Топтағы əрбір студенттің мінез- құлқына, бір-бірімен қарым-қатынасына социометриялық талдау жасау.
Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми мүдделерін ескеру, зерделеу.
Студенттерді студенттік өмірге баулу, өздерін-өзі танытуына жағдай жасау.
Жоғары оқу орнына бейімделу барысында қиындыққа тап болған əрбір студентке педагогикалық-психологиялық көмек көрсету.
Студенттердің ата-аналармен байланысып тұру жəне студенттердің сабақка қатысуы мен сабақ үлгерімі жəне жеке іс-əрекеті туралы қажетті ақпараттар беру.
Топтағы студенттердің этикалық тəрбиесіне, сыртқы келбетіне, киім-киісіне, жүріс-тұрысына, бір-бірімен қарым- қатынасына, сөйлеу мəдениетіне мəн беру жəне студенттерді университет ережесімен, студент кодексімен таныстырып əрдайым талқылап отыру.
Студенттермен бірлесіп жылдық тəрбие жоспарын құру жəне азаматтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық, салауаттылық, құқықтық жəне т.б. тəрбие беру бағыттарына байланысты тəрбиелік іс- шаралар ұйымдастыру.
Куратор-эдвайзерлердің басты мақсаты жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тəрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру жəне өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.
Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндеті оқу тобында тəрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру жəне студенттерді университеттің қоғамдық жəне шығармашылық өміріне біртіндеп тарту жəне кураторлық сағат жоспарын құру жəне сол жоспар негізінде жұмыстар жүргізу. Куратор-эдвайзер сағаты аптасына бір рет жүргізіліп отырылуы тиіс.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тəрбие жұмысы жəне тілдерді дамыту департаментінің директоры Г.Ə.Сəрсенбекова «Сабақ кестесіндегі кураторлық сағаттардың өткізілу сапасы, куратор-эдвайзерлердің топ активтерімен жұмысты ұйымдастыруы, университеттегі жаңа бастамаларды тез арада топ студенттерімен талқылап, пікір бөлісуі бірізділендірілу керек»- деген болатын.
Куратор-эдвайзердің атқаратын қызметінің негізгі бағыттарының бірі 1 курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделуі, студенттерге əлеуметтік- тұрмыстық жəне бос уақытты тиімді өткізу жолдарын шешу барысында топ аралық достықты, бауырмалдықты, ынтымақтастықты, бір-бірін қолдауды, бір- біріне көмек көрсету жəне т.б. қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Осындай қызметтерді атқаратын куратор- эдвайзерлерге əдістемелік көмек беру мақсатында философия жəне саясаттану факультетінің жалпы жəне этникалық кафедра кафедрасының ішінен университет көлемінде жұмыс жасайтын «Куратор- эдвайзер мектебі» ашылып төмендегі бағыттарда жұмыс атқара бастады.
Жалпы тəрбие жұмысының бағыттары: рухани-адамгершілік, қоғамдық-саяси жəне құқықтық, патриоттық жəне ұлтаралық,мəдени-эстеттикалық жəне этномəдениеттік, парасаттылық, ақыл-ой, ғылыми зерттеушілік, экологиялық, экономикалық,салауатты өмірсалты тұрғысында іске асырылады. Оларға қысқаша тоқталайық:
Достарыңызбен бөлісу: |