А. К. Оралбекова «Жоғары мектеп педагогикасы» пәнінен


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет38/55
Дата10.12.2022
өлшемі309,21 Kb.
#162237
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
Байланысты:
А. К. Оралбекова «Жо ары мектеп педагогикасы» п нінен

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы – Алматы, 1998 ж.

  2. Образование и наука Энциклопедический словарь – Астана, 2008

  3. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 жыл) атты Жолдаулары. – Астана, 2008 г.

  4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 442 б.

  5. Чошанов М. A. Гибкая технология проблемно-модульного обучения:

Методическое  пособие. - М.: Народное образование, 1996. - 160 с., ил.
Использование современных информационных и коммуникационных
технологий в учебном процессе [учебно-методическое пособие] / Д.П. Тевс,

  1. В. Н. Подковырова, Е. И. Апольских, М. В. Афонина. - Барнаул: БГПУ, 2006.

  2. Новые педагогические и информационные технологии в системе

образования: учеб.пособие для студ. пед. вузов и системы повыш. квалиф. пед. Кадров / Полат Е.С., Бухаркина М.Ю., Моисеева М.В., Петров А.Е.; /под ред. Е.С. Полат. – М.: Издательский центр ―Академия, 2000.

13 дәріс. 13 апта. ЖОО-ғы эдвайзерлер, тьютор және офис-тіркеушілердің қызметі. Оқу-әдістемелік материалдарды құру технологиясы


Жоспар:
1. Эдвайзер және оның қызметі. Студенттерді оқытудың жеке траекториясын құруда эдвайзердің атқаратын рөлі.
2. Педагогикалық іс-әрекетті тьюторлық қызмет.
3. Офис-тіркеушілердің іс-әрекеті. Портфолио білім алушылардың өзіндік жұмыстары бойынша жетістіктерін бағалау формасы ретінде.
4.Оқу- әдістемелік материалдарды құру технологиясы.

Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мəдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық жəне жеке ұлттық игіліктер негізінде тəрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.


XXI ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.
Осы орайда, біріншіде барлық саланың ғаламдануы, ал екіншіден рухани азғындаудың бас көтеріп, даму үдерісімен түсіндіріледі. Бүгінгі танда республикамызда нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, Қазақстан сəбилерінің жер жүзіне таралып қолды болу сияқты қоғамымыздағы келеңсіз көріністер жалпы тəрбие үдерісінің күрделене түскендігін байқатады.
Бүгінгі тəрбиенің басты міндеті – адамзат мəдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани, мəдени байлықты кіріктіре отырып меңгерту, студент-жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге икемделген, жан-жақты жетілген, қабілетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты, Отанын сүйетін азамат етіп тəрбиелеу болып табылады. Адам баласының өз өмір жолында тəрбиелі ғұмыр сүруі оның қоршаған ортасына, достарына, тəрбие беретін мекемелерге жəне отбасына байланысты. Осы орайда студенттермен жүргізілетін əртүрлі бағыттағы тəрбие жұмыстары олардың шығармашылық, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңызы ерекше. Тəрбие қызметінің табыстылығы көптеген жағдайда студенттік топпен бірге жүргізілетін куратор-эдвайзерлерінің кəсіби педагогикалық шеберлігіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет