«Сыбайлас жемқорлықсыз өмір»
тақырыбы бойынша студенттер арасында өткізілетін ғылыми жұмыстар сайысының өткізілу ережесі
Сайысқа қатысу үшін
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқитын әрбір студент сайысқа қатыса алады.
Сайысқа түсетін жұмыстарға қойылатын талаптар:
Тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік өзекті мәселені қамтитын, сайысты ұйымдастырушылардың әзірлеген номинация талаптарына сәйкес дайындау;
3.Жұмысты сайысқа тапсырушы келесі қажетті талаптарды ескеруі керек: мәтіні қысқа, тиянақты, жүйелі болу, оригиналды өңделген; эмоционалдық қабылдауға ыңғайлы: түсі, шрифті, суреттері, графикалық элементтері, шығармашылық қабілеті, сонымен қатар, анықталмаған деректер болмауы шарт;
4. Басқа адамдардың еңбектері мен идеяларын арнаулы сілтемесіз қолдануға болмайды.
4.1 Сайысқа қатысу үшін өтініш қағазы толтырылады. Ұйымдастырушылардың әзірлеген өтініш формасы осы қосымшаның соңында келтірілген.
4.2 Сайысқа қатысушылар бірнеше номинация бойынша бірнеше жұмыс дайындап қатысуына болады. Бір материалмен бірнеше номинацияға қатысуға болмайды.
4.3 Өтініште сайысқа дайындалған жұмыстың қысқаша мазмұны, техникалық мінездемесі, автордың (авторлардың) толық аты-жөні, байланыс ақпараттары жазылуы қажет.
4.4 Сайыстық жұмыс «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» деген белгімен ұйымдастыру комитетіне тапсырылады.
4.5 Бұрын басқа сайыстардан жүлделі орындарға ие болған жұмыстар осы сайысқа жіберілмейді.
4.6 Сайысқа жіберілген материалдар иесіне қайтарылмайды және сын-пікір жазылмайды.
5. Сайыстық жұмыстарды іріктеу көрсеткіштері
Сайысқа ұсынылған жұмыстар келесідей көрсеткіштер бойынша бағаланады:
5.1 Жаңашылдығы (автордың зерттеу нәтижелері, материалды ерекше мағыналы етіп дайындауы ескеріледі);
5.2 Жұмыстың сайыс тақырыбына сәйкестігі, өзектілігі, мақсаты, міндеттері, болжамы ғылыми тұрғыда құрастырылып, зерттеу нәтижелерімен дәлелденуі;
5.3 Тақырыптың ашылуы және тереңдігі, автордың дәйектілік үшін келтірген нақты дәлелдері ескеріледі;
5.4 Кәсіби шеберлігі, мәселені шығармашылық жағынан шеше білу қабілеті, қатысушыларға тиімді ықпал ету технологиялары мен әлеуметтік әдістері;
5.5 Жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы, позитивтілігі мен креативтілігі;
5.6 Жұмыстың нақтылығы, автордың орындау стилінің мақсатқа лайықтылығы.
6. Сайысты қортындылау және жеңімпаздарды марапаттау
6.1 Сайыстың жеңімпаздары арнайы құрылған Сайыстық комиссияның қорытынды шешімімен анықталады.
6.2 Сайыстық комиссия жоғарғы оқу орнының оқытушыларынан тұрады.
6.3 Сайыстық комиссияның жұмысын тағайындалған төраға басқарады.
6.4 Сайыс белгіліген уақытында жүргізіліп, соңында комиссия мүшелерінің талқылауынан кейінгі белгіленген орындармен жеңімпаздар анықталады.
6.5 Сайыстық комиссияның қортынды талдауынан бірнеше 2 немесе 3 адамның ұпай саны сәйкес келсе, торағаның қортынды шешімі бойынша (лайықты деген автордың еңбегі бойынша және жұмысты қорғауы бойынша артықшылығы протоколда көрсетіледі және жүлделі орындарды марапаттағанда ашық жарияланады) бір адамға жүлделі орын беріледі;
6.6 Комиссияның жұмысы және қорытынды шешімі бойынша хаттама толтырылады, комиссия мүшелері қолдарын қояды;
6.7 Жүлделі орындарға ие болғандар алған орындары көрсетілген Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;
6.8 Ең таңдаулы жұмыстар практикалық жүзеге асыруға ұсынылады.
Ережеге қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |