ГЛОССАРИЙ
АВТОРИТАРИЗМ – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
АГРЕССИЯ – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.
АДАМ – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері.
«АЙДАР ТАҒУ» ТЕОРИЯСЫ – (негізін салған Дж.Г.Мид) мағынасы адамға лақап ат тағу. Ол оң және теріс мағынада болуы мүмкін, мысалы «бос кеуде», «жарым ес», «түк білмес», т.б. қоғам мүшелері тарапынан болған айыптаулар адамды девианттылық жолға түсуіне себеп болады, немесе мадақтау арқылы адамның өзін тиімді жүзеге асыруына негіз береді.
АНОМИЯ – (ғылыми айналымға енгізген француз әлеуметтанушысы, юрист Э.Дюркгейм) қоғамдағы адамгершілік құндылықтар жүйесі, құқықтық нормалардың бұзылуы, адамдардың тәртіпсіз мінез-құлық, заңсыздық әрекеттер жасауын білдіретін термин.
АУЫТҚУШЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ – (девиантты) топтағы, қоғамдағы жеке тұлғаның немесе тұлағалардың құқық (жалпы адамгершілік нормаларды) бұзушылық мінез-құлық, бұл қоғамның моральдық және құқықтық талаптарына қарсы жасалатын әрекеттердің жиынтығы. Оның девиантты, делинквентті, аддиктивті, агрессивті, деструктивті т.б. түрлері болады.
БЕЙІМДЕЛУ – жүйенің сыртқы және ішкі орта жағдайларына икемделу үрдісі.
БЕЙТАРАПТАНДЫРУ – девианттық мінез-құлықты жалғастыруға мүмкіндік беретін жауапты реакция. Девианттық әрекеттер жасайтын адамдар, көп жағдайда жауапкершіліктен бас тарту, келтірлегн залалдан бас тарту, жәбірленушіні айыптау және бұл девианттық әрекетті айыптаушыларды сынау сияқты тәсілдер (техникалар) көмегімен өзінің кінәсін бейтараптандыруға тырысады.
ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ – жеке тұлғаның әр түрлі әлеуметтік құралдардың көмегімен өзгерген ортаға белсенді түрде бейімделу үрдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |