А., Каирова Б. К. Студент жастардың корруцияға қарсы позициясын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектісі


Жоғарғы оқу орнындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарының жүйесі



бет7/64
Дата12.12.2021
өлшемі445,13 Kb.
#99769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi (1)

2.2 Жоғарғы оқу орнындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарының жүйесі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес тәрбиелеу білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын, жалпы адамзат құндылығы негізінде білім алушылардың рухани-адамгершілік ұүндылықтарын дамыту үшін жағдай жасауға, олардың өмірлік өзін-өзі билеуіне, азаматтық және кәсіптік тұрғыдан қалыптасуына көмек көрсетуге, жеке адамның өзі-өзі жетілдіру үшін жағдай жасауға бағдарланған нысаналы қызмет ретінде қаралады.

ЖОО-дағы тәрбие ісінің тұжырымдамасында тәрбиелеу білім берудегі бірінші дәрежелі басымдық ретінде айқындалады, ал азаматтық жауаптылықты, құқықтық сана-сезімді, руханилық пен мәдениетті, бастамашылықты, дербестікті, тағаттылықты, қоғамдағы табысты түрде әлеуметтендіруге қабілеттілікті қалыптастыру маңызды міндеттер ретінде қаралады [30].

ЖОО тәрбиелеу жұмысының негізгі міндеті – тіршілік етудің негізгі: танымдық, кәсіптік, отбасылық, рухани-мәдени, қоғамдық-саяси салаларда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, біліктілігі жоғары маманды даярлау. ЖОО-ның тәрбие кеңістігінде студенттерді тікелей ынталандыру кезінде басқарушылық ықпалмен тәрбие жұмысының барынша жоғары нәтижесіне қол жеткізу. Осыған байланысты білім алушылардың тұлғалық-кәсіптік қалыптасу проблемасына баса назар аударып, әлеуметтік ортада кездесетін жағымсыз жағдаяттардан (жемқорлық, оңай пайда табу, отбасына, баласына қиянат жасау (ажырасу, алименттен қашу) саналы түрде бас тарту, өзіне жауапкершілік ала білу, өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу арқылы шыңдалу құндылықтарын қалыптастыру өзекті болып табылады. Бұл тұрғыда жүйелілік, практикалық-бағдарлық, ғылыми негізділік, болжамдық тәсіл қағидаттары негізінде әзірленетін тәрбиенің мазмұны мен ұжымдық нысандарын жаңарту аса мәнге ие болады.

Студентке жаһандану жағдайында дүниетанымдық қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру арқылы салауатты өмірлік бағдарды таңдауға және өзінің өзекті қажеттіліктерін құқықтық мәдениет шеңберінде жүзеге асыру - жоғары оқу орнындағы тәрбиенің негізін қалайды.

ЖОО-дағы тәрбие жұмысының негізгі қағидаттарының бірі студенттің өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға және жастарды әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін әрбір адамның құқығы мен жауапкершілігінің теңдігі қағидасын ескеру болып табылады.

Студенттердің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту Қазақстанның Болон процесіне қосылуымен байланысты өзекті сипат алады, ал студенттің өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру, ұйымдастыру тәрбие жұмысының негізгі талаптарының бірі болып табылады.

Қазақстан қоғамына, жұмыс берушілерге бүгінгі таңда белсенді өмірлік ұстанымы, көшбасшылық қасиетті бар, жаһандық танымға икемді, халықаралық ынтымақтастыққа құзыретті, иманды, іскер жас адамдар қажет.

Кез келген ЖОО уақыт талабымен алға қойылған міндеттерді жеке тұлғаны дамытудың мазмұнын, әдістері мен нысандарын жаңарту, оқу орнының нақты жағдайлары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, тәрбие жұмысының жүйесін жаңғырту арқылы ертеңгі күннің талабына сай жастарды тәрбиелеу жолын іздестіруде.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген Әл-Фараби бабамыз. Олай болса, өз тағдырын өзі шешуге қолын енді жеткізген халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыруға ат салысатын жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесі.

Қазіргі кезде әрбір адамның негізгі күші білімде (білімді мыңды жығады) болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи-этникалық мұрасын, ұлтының әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтанышын туғызуға және жағымсыз қылықтар мен ықпалдардан өзін сақтай алатын жастарды тәрбиелеу бір жағынан педагогтардың міндеті болса, екінші жағынан ол әрбір адамның өзіндік міндеті болмақ.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Өзіміздің және ұрпақтарымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз қажет. Бұл бәрінен бұрын еліміз үшін және елдің жетістіктері үшін үлкен мақтаныш»,– деп көрсетілген [31]. Барлық азаматтардың тең құқығы мен отанымыздың абыройын сақтау үшін жастардың жауапкершілігіпен қазақстандық патриотизм сезімдерін нығайту мақсатында отбасындағы және білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмыстарын халық педагогикасы негізінде жандандырудың бүгінгі күннің маңызы міндеттерінің бірі болып табылады.

Студент жастардың жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстары отбасында, орта білім беру жүйесінде жүргізілген жұмыстармен сабақтастықта әрі қарай жалғасын табады. Жоғарғы оқу орнына келген бірінші курс студенттерімен жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмысында олардың жалпы түсініктерін анықтай отырып, жемқорлықтың себептері, оны тудыратын фактлоары, түрлері және оның адам өмірі үшін қаншалықты қауіпті екені туралы таным-түмініктерін кеңейту. Ал, 2-3-ші курстарда жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыра отырып, олар өз еркімен ішкі рухани-адамгершілік құндылықтары негізінде оңай пайда табудан, «ауырдың үстімен, жеңілдің асынан жүру» қағидасынан таза болуды қалыптастыру. Өмір сынақ, әрқашанда әрбір адамның алдынан таза жолдан тайдыру себептері кездеседі, сондай кезде әр адам өзіне жауапкершілік алып, одан бас тартатқанда, елде тәртіп орнығады. Бұл міндетті арнайы пәндердің шеңберінде (заң психологиясы, девиантты мінез-құлық психологиясы, дінтану, әлеуметтану, құқық негіздері, саясаттану, педагогика т.б.), сонымен қатар жүргізілетін тәрбие сағаттарында үнемі ескерілген жөн. Қазіргі кезде жемқорлықпен (коррупция) күресу мәселесі өзекті болғандықтан тәрбие жоспарына әртүрлі формада ұйымдастырылатын іс-шараларды енгізу арқылы студенттердің осы мәселе бойынша толық жүйелі құндылықты қатынасын орнатуға болады. Жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстарының негізгі элементтері төмендегі 1 кестеде келтірілген.


Кесте 1

Білім беру жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстары




Курс

Тәрбие жұмысының міндеттері

Тәрбиелік іс-әрекеттің мазмұны

Тәрбие жұмысының негізгі формалары

1-2

Қоғамда қабылданған нормалар мен ережелер негізінде өмірде кездесетін міндеттерді (сынақтарды) құқықтық мәдениет негізінде шешу құзіреттілігін қалыптастыру

Тәртіпті сақтай отырып жетістікке жету

Арнайы практикумдер, таңдау пәндері, ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстары негізінде

3-4

Студенттердің коррупцияға қарсы дүниетанымын қалыптастыру, өмірге құндылықты көзқарас орнату

Коррупция –құқық бұзушылықтың бір түрі ғана емес, сонымен қатар тұлғаның өміріне үлкен қауіп ретінде

Сабақ, дебаттар, дискуссия, тәрбие сағаттары, әңгімелесу, кеңес беру

Студенттермен тәрбие жұмысында пікір алмасу, дебаттар, әлеуметтік-психологиялық тренингтер т.б. интерактивті әдістерді қолдана отырып жүргізген жұмыстардың нәтижесі тиімді болмақ. Осындай әдістер арқылы 1- курс студенттерінің жемқорлық сияқты жағымсыз құбылысқа деген көзқарасын анықтауға және оған деген теріс қатынасын қалыптастыруға негіз береді. 3-4х курс студенттерімен «Біз коррупцияға қарсымыз» тақырыбында жүйелі жүргізілген тәрбие жұмыстары нәтижесінде олардың өмірге құндылықты көзқарастарын қалыптастыру, дұрыс шешім қабылдау, өзіне жауапкершілік алу сияқты қасиеттерін нығайтуға болады.

Тәрбие жұмыстары кезінде төмендегі мәселелерді талқылау белгілі бір тиянақты шешім қабылдау мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді:


  • ЖОО оқу орнына түсу;

  • Жатаханадан орын алу, онда өзін-өзі ұстай, бақылай білу;

  • Емтихандарды тапсыру;

  • Жол ережелерін, моралдық нормаларды сақтау;

  • Әлеуметтік төлем ақыларды алу, сыйақыларды бөлу;

  • Анықтама, жолдамалар алу;

  • Дау, жан-жалдарды шешу;

  • Кіші кәсіпкерлік іс-әрекеттерді құру, ұйымдастыру т.б.

Осы және тағы да басқа өзекті мәселелер, тақырыптар бойынша жүргізілген тәрбие жұмыстарында іскерлік ойындарды, әлеуметтік-психологиялық тренингтерді, дискуссия мен диспуттарды т.б. интерактивтік әдістерді қолдану арқылы студенттердің мәселеге байланысты ішкі позицияларын, қатынасын, таным-түсінігін анықтауға, түзетуге мүмкіндіктер бередіКуратордың (эдвайзердің) студенттермен жүргізетін тәрбие жұмыстарының жоспарында әрбір студенттің жеке көзқарасын, жемқорлық (құқық бұзушылық) мәселесін шешуге бағытталған әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданылып, нәтижесінде теріс әлеуметтік-психологиялық ауытқушылықтардан студент өз еркімен бас таруға әкелу қажет. Әринеқалыптасып қалған теріс қылықтардан, әдеттерден жылдам арылту оңай есем. Бірақ студенттің қалауымен, оның ішкі қажеттіліктері ескеріліп, жүйелі жүргізілген әлеуметтік-психологиялық ықпал ету әрекеттері өзінің тиімді нәтижесін береді. Студент институт қабырғасында төрт жыл оқиды, сол уақыттың ішінде мақсатқа бағыттала жүргізілген жұмыс оның өмірлік позициясын, даралық-тұлғалық сапаларын, мінез-құлық ерекшеліктерін, қарым-қатынас жасау дағдыларын өзгертуге мүмкіндік береді.

Куратор (эдвайзер) сенімді, ашық әңгімелесу әдісін сауатты қолдану нәтижесінде студенттердің дүниетанымына, өмірлік құндылықтар жүйесіне, сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатынасын өзгертуге әсер ете алады. Қазіргі кезде көптеген адамдар оңай олжа табу, аз еңбек етіп, көп ақша табу жолдарын іздейді. Солардың ішінде студент жастар да кездеседі. Осындай студенттерді дұрыс жолға бағыттаудың бір тәсілі – ашық, сенімді әңгімелесу. Тәрбие жұмысының әдісі ретінде әңгімелесу бірнеше кезеңдерден тұрады. Соларға тоқталып өтейік:

Кезең 1 «Әңгімеге шақыру» студентті әңгімелесуге, сыр шертуге деген мотивациясын тудыру. Ол үшін өзекті мәселе бойынша студенттің қызығушылығын тудыру, әңгімеге өз еркімен пікірін білдіруге ынтасын ояту. Эдвайзер болашақ әңгіменің жоспарын, туындайтын сұрақтары мен оның жауаптары бойынша алдын ала дайындалып алып, студенттің мәселеге деген қызығушылығын көтермелеу. Әңіме кезінде эдвайзер студенттің қаншалықты тыңдап және мәселенің маңыздылығын түсініп отырғанын қадағалауы қажет. «Мен кіммен сөйлесіп отырмын?», «Сен мені тыңдап отырсың ба, әлде басқа бірдеңе ойлап отырсың ба?», «Қалай түсінбейсің бұл өте маңызды ғой» т.б. сұрақтармен студентті ашық әңгіме шақыру – дұрыс емес. Талқыланатын сұрақ айтушыға да, оны естушіге де маңызды және қызықты болғаны жөн. Бос әңгіме өмірде толып жатыр, ал ашық, өзара түсіністіктегі рефлексивті қарым-қатынас сирек болады. Өйткені әңгімелесушілердің сөйлесу мәдениеті төмен болуы немесе сөйлесуге деген ниеті болмауы мүмкін. Куратор әңгімелесетін уақытты, орынды дұрыс таңдағаны жөн. Өйткені осы екі фактор әңгімелесудің сапасына ықпал етеді

Кезең 2 «Көзқарас немесе өзіндік пікір» әңгімелесушілердің әңгіме тақырыбына деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Әңгіме тақырыбына студенттердің көзқарасын біліп алмайынша жемісті нәтиже алу мүмкін емес. Сондықтанда арнайы сұрақтар арқылы кері байланыс орнатып алып, мәселенің маңызды жақтарына көшу қажет. Әр кезде студенттердің пікірлеріне, мәселеге қатынасын бақылай отырып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Ең алдымен студенттердің алған әсері мен жеткен нәтижелеріне көңіл аудару маңызды. Өйткені олар әңгімеден кейін ой толғап, тек қана әрбір студент өзіне ғана тән түйін жасайды. Маңыздысы сол түйгеннен кейінгі мінез-құлық пен қатынастағы оңтайлы өзгеріс.

Кезең 3 «Ақпараттық баяндама» белгілі бір фактілермен дәлелденген ақпаратты ортаға салу. Ой-пікірді ортаға салудың келесідей нұсқалары болады:


  • Педагогтің, студенттердің қонақтардың пікірі;

  • Кино және бейне фильмдер ақылы;

  • Дискуссияларды ұйымдастыру арқылы;

  • Оқу, көпшіліктің алдында оқып беру арқылы;

  • Топтық ақпарат беру арқылы.

Бұл кезең әңгімелесудің маңызды және біршама ұзақ уақытты талап етеді. Оның басты мақсаты – ақпараттық қары-қатынас (ақпарат алмасу) болып табылады. Бір ақпарат бойынша бірнеше көзқарастар айтылу мүмкін немесе сөздері мен дауыс ырғақтары өзгеріп әртүрлі эмоциялық тонға түсуі мүмкін. Эдвайзер осы ерекшеліктерді ескере отырып, ортақ түсіністікке бағыттап отыруы қажет.

Кезең 4 «Өзара түсіністік» әңгімеге қатысушыларды бірін-бірі мұқият тыңдап, өзара түсіністікте ақпарат алмасуға дағыдыландыру. Ол үшін эдвайзер әңгімелесуші студенттерді жайлы дауыс ырғағымен арнайы сұрақтар, толықтырулар арқылы әңгімеге бағыт-бағдар беріп отырады. Әңгіменің тақырыбы басқа мәселелерге көшіп кетпеуін, әңгіме кезінде кейбір эмоциялық қалпы тұрақсыз студенттердің жайсыз пікірлерін, көзқарастарын қалыпты деңгейде ұстауға ықпал етеді.

Осы кезеңнің маңызды бөлігі әңгімелесуші студенттердің бір-біріне сұрақ қоя білу мәдениетін нығайту болып табылады. Дұрыс қойылған сұрақ мәселені тереңірек талдауға, одан маңызды түйін шығаруға, ой толғауға мүмкіндік береді. Ертеде Грек философтары адамның мәдениеттілігінің бір көрсеткіші ретінде оның сұрақ қоя білу өнерін қарастырған екен. Қарап отрысақ, одан бері көп уақыт өтседе әлі көп адам дұрыс сұрақ қоя білу өнерін игермеген екен. Дұрыс қойылған сұрақ, оны мұқият тыңдап, ойланып берілген жауап мәселені жылдам және тиімді шешудің қысқа жолы. Тәрбие жұмыстары кезінде осы принципті басшылыққа алған кураторлар үлкен жетістікке жетеді.

Кезең 5 «Ортақ пікір шығару (түйін жасау)» Бұл кезде айтылған пікірлер бойынша белгілі бір түйін жасалынып, қортынды шешімге келеді. Бұл кезеңнің маңыздылығы жасалынған түйіннен нәтижеге көшу, яғни қабылданған ортақ шешім бойынша енді оны жүзеге асыру үшін қимыл-әрекеттер жасайды (мінез-құлқын, қарым-қатынас жасау дағдыларын қайта қарап, оны өзгеруге әрекеттер жасау т.б.).Бұл ертеңгі күнге жоспар жасау, болашақта болатын өзгерісті болжау т.б. тиімді өзгерісті сезіну мен оны жүзеге асыру жолдарын қарастыру болып табылады.

Мысал ретінде студенттермен жүргізілетін әңгімелессудің тақырыптарын келтірейік:


  1. Қоғамдағы құқықтық мәдениет жемқорлықтың алдын алу шарты ретінде.

  2. Жемқорлық тұлғаны азғындаушы әрекет.

  3. Оңай олжаны алғың келген тілекпен қалай күресуге болады?

  4. Этика және құқық, адамгершілік және пайда.

  5. Жемқорлықтың кері айналып келіп тиер зияны.

  6. Қоғамдағы әділдік, ар-ожданымдағы әділдік т.б.

Сонымен бірге, мысал ретінде студенттермен жүргізілетін кураторлық сағаттардың күнтізбелік жоспарын ұсынамыз:
Кесте 2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет