А., Каирова Б. К. Студент жастардың корруцияға қарсы позициясын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектісі



бет3/64
Дата12.12.2021
өлшемі445,13 Kb.
#99769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi (1)
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi, Әleumettik-mәni-bar-aurular
ISBN-978-601-7839-55-0

© Костанай мемлекеттік

Педагогикалық институты, 2016

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алағанан бері құқықтық-азаматтық мемлекет құру үстінде. Осы уақыттан бері еліміздің жеткен жетістіктері, алған асулары көп болғанымен өкінішке орай кейбір жағымсыз құбылыстардың да орын алып отырғаны тарихи шындық. Сондай келеңсіз құбылыстардың қатарына ересек адамдар мен жастар арасында қоғамға қауіпті әрекеттерге бару, адамзатқа қарсы қылмыстық әрекеттер жасау жыл сайын өсіп келеді. Осындай қылмыстардың қатарына сыбайластық жемқорлық мәселесін айтуға болады. Бұл келеңсіз әлеуметтік-құқықтық құбылыспен елімізде белсенді күрес жүргізіліп жатса да, оның тамырына балта шабу оңай емес екенін анық байқатып отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық әрекет ретінде кең ауқымда таралуына себеп болып отырған - мемлекеттік қызметтегі азаматтар мен жастардың құқықтық мәдениеті мен патриоттық сезімдірінің төмендігі. Тұлғалардың құқықтық мәдениеті құқықтық әлеуметтену үрдісінде дамып қалыптасады. Құқықтық әлеуметтенудің маңызды механизмі тұлғалардың құқықтық санасының қалыптасуы болып табылады. Құқықтық сана стихиялы және мақсатқа бағыттала жүргізілген отбасылық тәрбие мен оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесінде қалыптасады. Қалыптасқан құқықтық сананы тұлғаның құқықтық мәдениетінен, яғни оның қоғамдық ортада бекітілген заңдылықтар мен құқықтық-әлеуметтік нормалар негізінде өз мінез-құлқын реттеу, нормаларды құрметтеу сезімдерінен көрінеді. Олай болса, құқықтық сана, құқықтық мәдениет құқықтық нормаларға, Конституцияға қатысты тұлғаның құрметтеу сезімі негізінде мінез-құлқын, әрекеттерін, көңіл-күйін бақылау және реттеу болып табылады.

Құқықтық сана-сезімдер, көңіл-күйлер отбасының, білім беру жүйесінің, әлеуметтік ортаның тікелей ықпалы негізінде қалыптасып, кейін тұлғаның белсенді қоғамға пайдалы еңбек әрекеттері негізінде байып, толығып отырады. Осыған байланысты орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында «Құқық негіздері» пәндері және оқу-тәрбие жұмысына құқықтық тәрбие іс-шаралары енгізіледі. Дегенмен, бұл іс-шаралардың беретін нәтижесі ойдағыдай болмағандықтан ҚР қаржы полициясының ақпараттық-аналитикалық департаментінің бастығы Олжас Бектенов ҚР Білім және Ғылым министрлігіне білім бері жүйесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру курсын енгізуді ұсынған. Қаржы полиция агенствасы сыбайлас жемқорлыққа байланысты туындайтын себептерді, жағдаяттардың бетін ашып, дер кезінде әрекеттер жасап, болдырмаудың барлық жолдарын қолданады. Осы агенство Қазақстанның студенттер Ассоциациясымен, жастар Конгрессімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресу үшін меморандумға қол қойған. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, осындай қылмысқа барған адамдарды жазаға тарту жағына баса назар аударады. О.Бектенов құқық бұзушылыққа жүйелі түрде қоғамның барлық сферасы бірігіп жұмыс істегенде ғана жеңуге болады деп есептейді. Гонконг, Сингапур және т.б. мемлекеттің тәжірибелерін қолдана отырып, сыбайлас жемқорлықты жеңу жолдарын алға тартады [1].

Бұл мәселемен күресте нәтижелі көмек беретін білім беру жүйесі деп есептейді көптеген ғалым крминогтар-психологтар. Олардың ойынша қазіргі кезде мектептерде тәрбие жұмысы өз міндетін толық атқармайды. Тәрбие теориясы мен практикасына қайта оралып, тарихтан белгілі А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің, Я.Корчактың тәжірибелерін тәрбие жұмыстарына енгізудің маңызы зор деп есептейді ғалымдар. Сонымен бірге, отбасы тәрбиесіне де үлкен көңіл бөлу қажет. Өйткені баланың құқықтық сананың қалыптасуына бірден бір ықпал ететін агенттер - ата-аналар. Құқықтық сана тұлғаның жас ерекшелігіне қарай сапалы өзгеріп, адамның өмір тәжірибесіне сәйкес толығып, байып отырады. Құқықтық сана-сезім құқықтық мағынадағы білімдер жүйесі, оны жағымды эмоционалды қабылдау және күнделікті өмірде қолдану негізінде қоғамдық ортадағы құқықтық нормалар мен құндылықтарды адекватты қабылдап, солардың негізінде мінез-құлқын реттейді, оларды сыйлайды және ешқашан бұзбауға тырысады. Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары, білімді жастар тәрбиелеу және қалыптастыру кезек күттірмейтін мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр.  Жастардың құқықтық мәдениетін көтеру ісінде - ең алдымен құқықтық санасының қалыптасуы мен оған ықпал ететін қозғаушы күштердің рөлін анықтап, сол мәселелер төңірегінде маңызды іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруға баса назар аудару қажет. Қоғамдық өмірдегі рухани бастауларды зерделеп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда салт-дәстүрдің тигізетін ықпалын, оның адами құндылықтарын, бағыт-бағдарын басшылыққа алу керек.

Құқықтық білімнің негізі мектепте салынады, сондықтанда құқықтық тәрбие тек жалаң сөз арқылы емес, баланың санасының қабылдау мүмкіндігіне байланысты әр түрлі үйірмелер, клубтар, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарды негізінде іске асуы қажет. Ао ЖОО келген жастардың  құқықтьқмәдениетті кәсіптік-теориялық білімдерімен қатар әртүрлі ғылыми-жобалар, студенттің өзіндік жұмыстары, диспуттар, ғылыми конференциялар т.б. формаларды қолдана отырып жүргізудің маңызы зор.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттың рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиені жалпы рухани-адамгершілік тәрбиесімен сабақтастықта жүргізілуін басшылыққа алынуы қажет.


  1. ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕЛУІ

Жемқорлық мәселесі мемлекеттік маңызды мәселе болып табылады. Елімізде әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу барысында кездестіріп отырған қиыншылықтардың басты себебі - сыбайлас жемқорлық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында үнемі жұмыс істеп, ахуалды жақсартып келеміз, дегенмен, кейбір азаматтардың табысты жасыру, қаржы мен мүлікті шетелге шығару, салық төлеуден жалтару арқылы көлеңкелі экономика жасап халықтық бюджетті ысырапқа салуда. Сөзден іске қөшетін уақыт жетті, сыбайлас жемқорлықпен ашық күресетін кез келді» -деді өзінің халыққа Жолдауында [2].

«Жемқорлық» үғымы ғылыми әдебиеттерде сыбайлас жемқорлық түсінігмен қатар қарастырылады. Профессор А.Н.Ағыбаев жемқорлық тек бір адамның пара алуымен жасалынатын қылмыс емес, қылмыстық кодекс бойынша параны алған адамда, оны берген адамда заң алдында жауап береді, өйткені екі адамның арасындағы ортақ қылмыстық мәмлеге келіп, мақсатты түрде жасалынатын қылмыс болып табылады. Сондықтанда сыбайлас жемқорлық деп аталып, әлеуметтік-құқылық құбылыс ретінде екі жақты мәнде қарастырылады. Біріншіден, мемлекеттік қызметтегі тұлғаның өз міндетінің ерекше мәртебесін заңсыз түрде бас пайдасы үшін «сататынын» білдірсе, екіншіден, - мүдделі тұлға лауазымды қызметтегі тұлғаға пара беру арқылы оны «сатып алғанын» білдіреді. Сол арқылы заңсыз түрде өзінің материалдық, тұлғалық қажеттілігін жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлықтың осы екі мәні бірі-бірімен өзара тығыз байланысты және осы екеуінің сыбайластық әрекетінің негізінде Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін қылмыстық әрекет ретінде жауапқа тартылады.

Ғылыми әдебиеттерде жемқорлық мәселесі «сыбайлас жемқорлық», «пара алу», «кәсіби қызметін пайдалану арқылы заңсыз пайда табу», «мемлекеттік қызмет бабын пайда көзі ету» т.б. қылмыстық әрекет ретінде анықталады.

«Жемқорлық» этимологиялық мағынасына қарай «corruptio» деген латын сөзінің «параға сатып алу», «пара беру» деген түсінік ретінде криминалистика ғылымының төл категориясына айналды. Рим құқығында «corrumpire» түсінігі «сындыру, бұзу, зақымдау, параға сатып алу» деген мағына беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдіреді.

Ғылыми әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық — (лат. тілінен аударғанда «соrruptio» — пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау, заңға қайшы келу деген мағынаны білдіреді) мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды пара беріп сатып алу, олар қолындағы кәсібіне сәйкес берілген билікті, қызмет бабын жеке басын байыту, өз мақсатына пайдалану» арқылы еліне сатқындық жасап, отандастарының жеке бас құқығын заңды мүдделерін бұзу арқылы қылмыстық әрекеттерге барады. Олай болса, сыбайлас жемқорлық — бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмыстық әрекеті болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол беретін мемлекеттік қызметкерлер үш топқа бөлінеді:

- Лауазымды тұлғалар;

- Жауапты мемлекеттік қызмет орында отырған тұлғалар;

- Лауазымды тұлғаларды сатып алушы тұлғалар.

Лауазымды тұлғаға - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Қарулы Күштер жүйесінде, ішкі істер жүйесінде және әкімшілік-шаруашылық міндеттерді атқарушы тұлғалар кіреді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстық әрекет ретінде лауазымды адамға пара беру және оны алу (талап ету) болып табылады. Пара алу көбіне қолында билігі бар, шешім шығаруға өкілетті қызметкерлер айналысып отыр. Қазақстан Республикасы Прокуратурасының статистикасы бойынша тек өкімет огандарында отырған шенеуліктер ғана емес, сонымен қатар, кіші деңгейлі жетекші қызметте тұрған тұлғаларда осындай қылмыстық әрекеттерге баратыны анықтаған, мысалы білім беру жүйесіндегі мектеп директорлары мен мұғалімдері осындай қылмыстық әрекеттері бойынша 6 орында тұрғанын мәлімдеген. Олай болса, әркім өзінің қызметін табыс көзіне айналдыра алады деген сөз. Ондай мектеп, мұғалім өскелең ұрпаққа қандай тәрбие береді. Оны көріп өскен бала, олда ертең өзінің қызметін пайдаланып, ар-ожданын сатпасына кім кепілдік бере алады. Ал ондай қылмыстық әрекетке бара алмаған азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасалынады. Сондықтан пара берудің, пара алудың түпкі себептерін анықтап, қоғам болып белсенділік таныту, онымен күресу қажет. Сондықтан да пара беру де, пара алу да қылмыс ретінде әшкереленіп, жастардың қоғамдық-құқықтық санасын қалыптастыру арқылы жүзеге асыру қажеттігі бүгінгі күні кезек күттірмейтін мәселеге [3].

Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген ғалымдардың бірі Б.А.Амрекулов қызмет бабын асыра сілтеу, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, пара берушінің пайдасына орай жалған қорытыңды шығару, тендер мәселесін көп пара төлегеннің пайдасына шешу, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау т. б. түрлерін қарастырған. Құрамы жағынан күрделі, көптеген қылмыстық әрекеттерді біріктіретін жемқорлық мәселесі қазіргі кезде жастардың қоғамдық-құқықтық сананың бұзылуына әкеліп отыр. Автордың пікірінше сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жою, құқықтық мәдениетті көтеру қажет. Әр бір азамат өздерінің құқықтарын қорғай білу және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекет жағдайда қайдан көмек алу жолдарын нақты білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың отанына деген сүйіспеншілігін, оның болашағына деген жауапкершілігін байқатады [4, 126].

Сыбайлас жемқорлық қылмысының көбеюі қоғамның моральдық-саяси дамуына кедергі келтіріп, әлеуметтік-психологиялық қайшылықтарды тудырады, жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік жаңару үрдістеріне негативтік көзқарастардың пайда болуына негіз береді.
Сондықтан Қазақстан Республикасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы» 1998 ж. 2 шілдеде (өзгертулермен және толықтырулармен 1999 ж. шілдеде, 2000 ж. 28 сәуірде, 2001 ж. 9 тамызда) заң қабылданған [5].

Бұл заңның мақсаты – Қазақстанның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық мүдделерін қанағаттандыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа жол бермеу, оны тоқтату және алдын алу арқылы мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Негізінен сыбайлас жемқорлықтың кең ауқымды өршуін көптеген ғалымдар (А.И. Долгова, К.Е. Игошев, Н.Ф. Кузнецова, С.Я. Лебедев, А.Н.Ағыбаев, М.Б.Құбайбергенов, Р.Вагапов т.б.) рухани-адамгершілік құндылықтардың бағасыздануы нәтижесінде бой көтере бастағанын алға тартады. Соған байланысты авторлар кейбір мемлекеттік қызметкерлердің құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлықпен айналысуының негізгі себептерін атап көрсеткен:

1.Мемлекеттік қызметкелердің құқықтық мәдениетінің төмендігі;

2. Мемлекеттік қызметке мамандарды таңдауға, іріктеуге немқұрайлық таныту, таныстық, тамырлық, туыстыққа жол берілуі;

3.Құқық бұзушылыққа жол беру, қызметтік тәртіп қатаң сақталмау;

4.Кейбір мемлекеттік қызметкерлердің мемлекет мүддесінен гөрі өзінің жеке мүддесін жоғары қоюы;

5.Кейбір мемлекеттік органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын қатаң қадағаламау, орын алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолданбау;

6. Қызмет бабы шапшаң өсетін басшылардың азаматтық позициясы, патриоттық жауапкершілігінің төмендігі;

7.Мемлекеттік қызметтегілердің интеллектуалдық деңгейі мен азаматтық позициясының төмендігі [6].



 Сыбайлас жемқорлық қылмыстық әрекет ретінде әлеуметтік-экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар мемлекетің абыройы, мәртебесі  үшін, өскелең ұрпаққа тигізер теріс ықпалымен де өте қауіпті. Сыбайлас жемқорлыққа қылмыстық әрекет ретінде криминалист ғалымдар төмендегідей бірнеше анықтамалар берген мысалы Н.Ф. Кузнецова «сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуы» деген анықтама берген [7]. Профессор А.И. Долгова осы пікірді қолдай отырып, «сыбайлас жемқорлық мемлекеттік немесе басқада әлеуметтік статусы бар қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік мүмкіндіктері мен беделдерін сату немесе сол үшін сатылу» деп атап көрсеткен [8]. С.Я. Лебедев корупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын жеке пайдасы үшін қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп – шіруі деген анықтама береді. Бұл жағдайда «cor» (дене) сөзін негізге алып корупция деген сөзге латын тілінен сөзбе сөз аударғанда дененің іруі, іріп – шіру процесі деген мағынаны береді [9]. Осы мәселені түбегейлі зерттеп жүрген профессор В.В. Волженкин «сыбайлас жемқорлық дегеніміз – әлеуметтік құбылыс болып табылатын, биліктің іріп – шіруі, мемлекттік қызметті атқаруға өкілетті адамдардың өз қызмет бабын, қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы» деп анықтама берді [10].

Сонымен, сыбайлас жемқорлық қылмыстық әрекет ретінде өзінің қызметін пайдаланып заңсыз өзіне тәуелді адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін өрескел бұзып, еліміздің Конституциясына қарама-қарсы әрекет ететін тұлғалардың қылмыстық іс-әрекеттері.



Жоғарыда келтірілген себептерді талдай отырып, сыбайлас жемқорлықтан құтылудың жолы азаматтардың құқықтық сауатсыздығын жойып, азаматтық-патриоттық сезімді көтеру қажеттігі туындайды. Әрбір адам өзінің құқықтарын білсе, өздеріне қарсы қандай да бір құқық бұзушылық әрекет жасалған жағдайда тойтарыс бере алатындай құқықтық мәдениеті болса құқық бұзушылық мәселесі шешілер еді.

Сыбайлас жемқорлықпен басқа мемлекеттерде күресуде және олардың жақсы нәтижелері үлгі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресуде қолға алынуда. Ондай елдердің қатарына Дания, Финляндия, Швеция, Канада, Норвегия, Швейцария, Австралия, Сингапур, Люксенбург, Ирландия, Германия, Ұлыбритания, Израиль, АҚШ, Австрия, Исландия, Жапонияны жатқызуға болады. Мысалы Сингапур мен Гонгконгте қылмытың алдын алу принципі бойынша әрекет етеді және ыбайлас жемқорлық бойынша айыпталушыға кінәсідік презумциясының принципі қолданылмайды, ол өзінің кіріс көздерін түсіндіруге міндетті. Германия мен Францияда сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар 6 жылдан 10 жылға дейін сотталады немесе пара сомасынан екі есе көп айыппұл төлейді. Америкада осындай қылмысы үшін жазалау мерзімі 5 -жыл бас бостандығынан айырса, Жапонияда жеті жыл. Ең қатал жаза қазіргі Қытай елінде қолданылады. Экономикалық қылмыс жасағаны үшін «ату» немесе «өмірлік сотталу» жазасы қолданылады. Осы елде осындай қатал жазаға байланысты сыбайлас жемқорлық бірден төмендеп, мемлекеттік қызметтегі азаматтар адал еңбек етуге көшкен. Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат берген адамға анықталған сомадан пайыздық сыйақы төленеді, ал пайда тапқысы келген шенеулік және оның туған-туыстары мәңгілікке мемлекеттік қызметке жіберілмейді екен. Францияда параны алғаны, ұсынғаны үшін бірдей жазаланады, екеуіне де 10 жылға түрмеге қамалынады және 1 млн. франк көлемінде айыппұл төлейді. Лауазымдық тұлғаларға лауазымнан босағаннан кейін 5 жылға дейін жинаған капиталымен жұмыс істей алмайды. Әділетті шешім, қатал тәртіп, бірақ бәріне бірдей. Бұдан шығатын түйін: «Қызметін сыйлау, елінің абыройын сыйлау, жастарға дұрыс тәлім-тәрбие беру» көзделеді [11].

Бұл жерден Б. Момышұлы  айтқандай  «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында тек тәртіп болып, оны ешкім ешқандайда жағдайда бұзбаса жемқорлық мәселесін қатаң тәртіп енгізу арқылы жеңуге болады. Сонда ғана елімзідегі азаматтардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық-патриоттық сезімдері жоғары болар еді [12].

Көптеген зерттеушілердің пікірінше, пайдакүнемдік қылмыстарға нашар отбасында материалдық таршылық көрген азаматтар барады деп есептейді. Өйткені олар бала кезінен сезінген жоқшылықты жылдам оңай ақша тауып, өзін «бай», «ауқатты» адамдар қатарына қосқысы келеді.



  Дегенмен, кейбір криминалист-ғалымдар А.И. Долгова, С.Я. Лебедев, Н.Ф. Кузнецова, К.Е. Игошев зерттеулері бойынша, сыбайлас жемқорлық әрекеттерге баратын адамдардың көбі әлеуметтік жайлы, материалдық қамтамасыз етілген отбасынан шыққан адамдар екені анықталған. Бұдан отбасындағы тәлім-тәрбие жұмысы жолға қойылмағандығы, құқық бұзуға бейім криминогендік мінез-құлықты қалыптастыруға басқа да әлеуметтік жағдайлардың жол бергенін көрсетеді.

Қазіргі кезде көптеген адамдар сыбайлас жемқорлықтың құрбандығына айналып отыр, олар күнделікті жұмыс жасап отырған орнынан айырылып қалмас үшін басшыларына сыйақы төлеу, пара беру т.б . әрекеттерге барады. Сөйтіп, жемқорлықтың өршіп дамуына ықпал етеді. Кейбіреулер беретін ақшасы болмаса, банктен кредит алып беріп, соңынан төлей алмай зардабын өзі шегеді. Бұл туралы атақты ресей гуманист педагогы А.С. Макаренконың «адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып жаралса, оның өзін де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды» - деген болатын.

Қоғамдық ортадағы құқықтық нормалар мен құндылықтар негізінде реттелетін мінез-құлық – тұлғаның құқықтық мәдениетін анықтайды. Керісінше құқықтық нормаларға қайшы келетін мінез-құлық көріністеріндевиантты, құқық бұзушы, делинквентті, қылмыстық мінез-құлықты тұлға деп қарастырылады.

Г.Г. Шиханцовтың пікірінше нормадан ауытқушы, құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың түп-тамырында жайсыз отбасы, мәдениеті төмен ата-аналар, отбасындағы дау-жанжалдар мен келіспеушіліктер жатыр, сондай ортадан теріс тәжірибе алып өскен жастар қылмыстық әрекеттерге кейде ойланбай барса, ал кейде жоспарлап, мақсат қойып жасайды [13, б.116].

Криминология ғылымында қылмыс жасаған адамды өз ақыл-ойын, іс-әрекетін ойластырып басшылыққа алатын саналы адам деп қарастырады. Ал «саналы» ақыл-есі дұрыс адам қылмысты ұғынып, еркімен жасаса, ол өз әрекетінің қисынсыз, ақылға қонбайтын және сол үшін бас бостандығынан айырылып, қамауға алынатынын біле тұра қылмыстық әрекетке барса, оны қалай атауға болады.

Заң психологиясы оқулығының авторларының бірі В.Л.Васильев отбасында ата-ананың, кейбір ересектердің бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы, олардың көзінше жасаған құқық бұзушылық мінез-құлқын мақтан етіп айтып, оны ерлік жасағандай баяндайды. Мұндай теріс мінез-құлықты естіген (бірнеше рет естіген) бала болашақта соларға ұқсап, заңсыз пайда түсіру, оны мақтан ету, сол арқылы өзінің экономикалық, әлеуметтік-психологиялық беделін көтеруге тырысады. Бұл  сезімдер адамның санасынан тыс бейсана деңгейінде сақталып, болашақта жүзеге асырылады [14]. Сонымен қатар, балалардың санасына теріс ықпал ететін, қылмыстық мінез-құлықты насихаттайтын бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Қазіргі күнде жасалынып жатқан зорлық-зомбылық, экономикалық қылмыстардың көбі теледидар, интернеттен көрсетілетін ақпараттардан, фильмдердің ықпалымен қылмыстық әрекеттерге баратыны анықталған. Оны 2003 жылы Павлодар қаласында мектеп оқушыларының жазықсыз адамды пышақтап өлтіру фактісіне Ресейдің «Бригада» сериалы әсер еткенін жасөспірімдердің өздері мойындаған. Ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, сотталғандардың 63 пайызы телекейіпкерлерге еліктеп заң бұзса, 22 пайызы қылмыс жасау тәсілдерін үйренген. Сол сияқты, арам пиғылды кейбіреулер балалар суицидін дамыту мақсатында өзін-өзі өлтіруге итермелейтін, оны қалайша жүзеге асыруға болатындығын насихаттайтын ақпараттық сайттар ашып, өздерінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шеше алмай жүрген жастарға оңай жол көрсетіп отырған [15].

Қазіргі кезде заңсыз ақша табу, материалдық қамтамасыз етілген өмір туралы фильмдер жастардың арасында қызығушылыққа ие. Кейбіреулері жаңалықтарда жемқорлығы үшін жауапқа тартылып жатқан шенеуліктер туралы теріс ойда емес, қайта ол бір жақсы әрекет еткендей баға беріп жататындары болады. Бұдан кейбір жастардың құқық бұзушы мінез-құлыққа қарсылық танытпайтынын, сәті түссе өзі де сондай әрекеттерге баруы мүмкін деп болжауға болады. Г.Г.Шиханцовтың зерттеулері бойынша көптеген жеткіншектердің қылмыстық әрекеттерді пайда көзі ретінде қарап, өздеріне сыбайлас жемқорлыққа барған қылмыскерлердің әрекетін «ерлік» деп бағалайтындығын анықтаған [16, б. 183].

Сонымен, жоғарыда келтірілген талдауларды түйіндей келе сыбайлас жемқорлыққа мынадай қорытынды жасауға болады:

— сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-құқықтық-психологиялық құбылыс ретінде ғылыми жағынан зерттелуде;

— кейбір тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа саналы түрде барып, сол арқылы тек материалдық жағын ғана емес, сонымен қатар өзінің әлеуметтік-психологиялық мәнін көтеруді көздейді;

— сыбайлас жемқорлық ұғымы жастарға құқықтық тәрбие беру мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға кедергі келтіретін жағымсыз құбылыс.

Қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде сыбайлас жемқорлық мәселесі жастар тәрбиесі үшін қауіпті құбылыс болып отыр. Жастар күнделікті өмірде оның теріс ықпалдарымен кездесуде (теледидар жаңалықтарынан, арнайы құқық және заң мәселесіне арналған ақпараттардан, оқу-тәрбие орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралардан, тұрғылықты жердегі өкілетті органдардың қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттері т.б.).

Өмір практикасы көрсеткендей кейбір жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқына себеп болып отырған осындай жағымсыз ықпалдар. Оны көрген кейбір жастар дайын тәжірибе ретінде қолданса, ал басқалары өзін ондай әрекеттерден аулақ ұстап, өзін-өзі тәрбиелеп, дүниетанымын байытып, өзінің болашағына жауапкершілікпен қарайды. Яғни, рухани жағынан жоғары алғыр адамдар оны жаңа өмірге «секіріс» факторы ретінде қабылдап, өзін шығармашылық дамытуға, жақсы әрекеттерге итермелеуші «жағдай» деп қабылдаса, тек надан адамдар ғана оны қылмысқа «себеп» деп теріс жолға түседі екен.

2 ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ


Қазіргі  таңда құқық бұзушылық  әрекеттердің, соның  ішінде жастардың арасындағы  қылмыстық әрекеттердің көбеюі, оның алдын-алу шараларын қолдануды талап етеді. Осыған байланысты өскелең ұрпақтың тұлғасына тән құқықтық-адамгершілік санасын қалыптастырудың маңызы зор. Жастар өздерінің психикалық даму деңгейі бойынша тұрақсыздығы, бұрмалануға оңай түсуімен ерекшеленеді. Криминогендік белсенділер өздерінің қатарына осындай буыны қатпаған жастарды тарту арқылы, олардың санасын бұрмалайды, құндылықтар бағдары мен қажеттіліктер жүйесіне, қызығушылығы мен дүниетанымына кері ықпал етіп теріс сипатқа әкеледі. Бұл олардың құқық, заң категорияларына деген қарсылықтарын тудырып, дұрыс жолдан тайып, қылмыс жасауының бірден-бір себебіне айналады. Осыған орай, жастардың құқықтық санасының бұзылуына жол бермеу, олардың әлеуметтік-құқықтық нормалар мен құндылықтарды игерту мақсатында оқу-тәрбие жұмыстарына ерекше мән беру керек.

Адамзат қоғамында тұлғалардың қатынастарын реттеп, құқықтарын қорғау заңды түрде жазылған және жазылмаған нормалар арқылы жүзеге асады. Сол нормалардың ішінде (әлеуметтік, адамгершілік, рухани, моралдық, діни) құқықтық норма үнемі жаңарып, дамып отырады, сонымен қатар, азаматтардың қатынастары мен мінез-құлықтарын реттеуде басқаларына қарағанда жүйелі, әрі қатаң.

Құқықтық норманың басты қызметі – әділеттілік орнату. Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік десе, атақты француз педагогы Ж.Ж. Руссо құқықты қоғамдық билік деп түсіндірді. Құқық азаматтардың қоғамдық ортадағы бостандығын қамтамасыз етеді, мінез-құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына әділ жағдай жасайды, әр түрлі қылмыстық ниеттегі адамдардың теріс әрекеттерінен қорғайды, қамқорлық жасайды [18].

Адамдардың жекелік, топтық және ресми қарым-қатынастарын реттеп, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуына негіз беретін құрал. Сонымен қатар, құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап, мемлекеттің ішкі-сыртқы қатынастарын қамтамасыз ететін негізгі құрал.

Құқықтық нормаларды тұлға құқықтық әлеуметтену үрдісінде қабылдайды және ол жалпы әлеуметтену үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Құқықтық әлеуметтену процессінде әрбір тұлға өзі өмір сүретін қоғамның құқықтық нормаларын игереді және оны өз мінез-құлқын реттеуде ұстанады. Құқықтық әлеуметтену интериоризация, идентификация, игеру, еліктеу механизмдері арқылы жүзеге асады.

Баланың дүниеге келген күннен басталатын әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін механизм персонификация және идентификация. Бала сәби кезінен бастап ата-анасының өмір тәжірибесін көріп өседі, есейе келе сол көргендерін қайталай отырып әлеуметтік мінез құлық нормаларын қабылдайды. Л.С.Выготский психологияға енгізген «интериоризация» механизмі арқылы әлеуметтену процесінде өзіне қажеттінің бәрін «сырттан ішке енгізу» арқылы әлеуметтік-психологиялық қасиеттерге ие болады. Яғни құқықтық нормалар туралы түсініктерді, білімді, ережелер мен үлгілерді «сырттан ішке енгізу» арқылы құқықтық санасын қалыптастырады. Бала кезінен құқықтық санасы қалыптасқан адам құқықтық нормаларды құрметтейді, өзінің мінез-құлқын әрқащанда соған лайықтап басқарады. А.Н.Леонтьевтің ойынша «игеру» және «өз құндылығына айналдыру» ұғымдары арқылы адам дүниеге келген күннен бастап, айнала қоршаған ортасындағы құндылықтарды, нормаларды игереді және оны өзінің игілігіне айналдырады. Игерілген білім, тәжірибе, құқықтық нормалар оның құндылығына өтіп, болашақта өз әрекеттерін реттеуде белсенді пайдаланады. «Еліктеу»механизмі баланың өзіне ұнаған адамның мінез құлық үлгілерін қайталау арқылы өзінің мінез-құлқын әлеумет ортада реттейді. Еліктеудің оң және теріс жақтары болады. Қай жағын ұстану тұлғаның сана-сезіміне, жауапкершілігіне, тәлім-тәрбиесіне тығыз байланысты[19].

Құқықтық сананың бұзылуына көп жағдайда жайсыз әлеуметтік-психологиялық орта болып табылады. Ондай ортаға арақпен немесе есірткімен адами жолдан тайған отбасы, қылмыс жасап жазасын өтеп жатқан ата-ананың тәрбиесі, толық емес (не анасы, не әкесі) тәрбиесіз отбасы, сырттай жақсы көрінгенімен отбасында баланың құқығын бұзатын отбасылар, сонымен қатар, В.Л.Васильев өз зерттеулерінде әлеуметтік жағдайы жайлы, материалдық қамтамасыз етілген отбасынан шыққан адамдардың құқықтық мәдениетінің төмендігін анықтаған [20].

Тұлғаның құқықтық мәдениеті оның құқықтық санасымен тығыз байланысты. Құқықтық сананың қалыптасуы өзара байланысты үш компоненттен тұрады: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік. Танымдық құқықтық мағынадағы тұлғаның білімі мен біліктілігі; бағалаушылық - құқықтық нормаларға деген эмоциялық қатынасы, ұнайды, ұнамайды деген баға беруі және соған байланысты құқықтық нормаларды ұстануы немесе бұзуымен айқындалады, ал реттеушілік - мінез-құлықты құқықтық нормалар негізінде реттеуге деген ниетпен анықталады. Құқықтық сана - дегеніміз, тұлғалардың құқықтық нормаларға деген көзқарасын, түсініктері мен сезімдердерін, мақұлдауын, жақтырмауын немесе құрметтеуін мінез-құлық арқылы көрінетін күрделі әлеуметтік-психологиялық жиынтық. Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Құқықтық сана әлеуметтік қатынастарды реттей, бақылай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мысалы, меншіктің экономикалық санамен қатынастары, тұрмыс жағдайының адамгершілік санамен  қатынастары, ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан т.б. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи  мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Құқықтың мәдени-тарихи дамуы, реттеу әдістері мен жауапкершілік түрлері туралы түсініктер жастардың құқықтық санасының терең, жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Құқықтық сана - көп қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани үйлесімді дамуына негіз береді. Әрбір азамат құқықтық нормаларды және заңды қылмыстық жазадан қорықаннан емес, Конституцияны құрметтеу сезімімен өз мінез-құлқын реттеп бақылауға негізделген болуы керек.

Құқықтық сана - тұлғаға өз әрекеттерінің заңдылығын, әділдігін өзіндік бағалауына мүмкіндік береді. Өзінің ниетіне, мотивтері мен қылықтарына, әрекеттеріне сын көзбен қарап, дер кезінде бағалай білуі, мінез-құлқын реттеуі, құқық бұзушылықтың алдын алуы мүмкіндіктерін айқындайды. Өзін-өзі бағалау, өзінің заңды әрекеттеріне қанағаттану немесе істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрініс береді. Адам ар-ожданының көрінісі ретінде ұялу, опық жеу оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды тежеуге мүмкіндік береді. Тұлғаның құқықтық санасы өзін-өзі бағалау дағдысына, құқықтық өзін-өзі тәрбиелеуіне негіз береді [21].

Құқықтық сана - тұлғалардың әлеуметтік белсенділігін реттеуде қолданылатын құқық нормалар, заңдылықтар мен құндылықтар түсініктер мен көзқарастар жиынтығынан тұрады. Құқықтық сана тұлғаның жалпы мәдениетімен тығыз байланысты. Құқықтық санаға негізделген мінез құлық дегеніміз – тұлға өзінің қоғамға пайдалы іс-әрекеттерін құқық нормалар талабына сәйкес орындау, заңда белгіленген мүмкіндіктерін пайдалану, өзіне жасалған заңсыз әрекеттерден қорғану жатады. Құқықтық сананың белгілері:

– Құқықты танып білуге тырысу;

– Құқықтық нормалар бекітілген актілерді түсіну;

– Құқықты құрметтеу;

– Құқықтың дұрыстығына және әділдігіне сену;

– Құқықтық нормаларды сақтауға дағдылану;

–Құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.

Құқықтық сана қалыптасуының негізгі факторы болып қоғамдық ортада ҚР Конституциямен бектілген құқықтық нормалар мен ережелер, жатады. Олардың атқаратын негізгі функциялары:



  • тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық қатынастарын реттеу;

– халықтың құқықтық білімін арттыру;

– құқықтық мәдениетті дамыта отырып, әлеуметтік теңдікті сақтау;

– қоғамдағы қатынастарды реттеу,

– құқықтық жауапкершілікті түсіндіру.

Қалыптасқан құқықтық сана-сезім тұлғаға қоғамдағы қатынастарды дұрыс түсініп, өзінің мінез-құлқын, әлеуметтік әрекеттерін реттеп, басқарып отыруға негіз береді. Ол тұлғаның әлеуметтік өзін жүзеге асыруға, міндеттерін еркін орындауға, болашағын дұрыс болжауға маңызды әсер етеді. Құқықтық сана-сезім арқылы тұлға қоғамдағы нормативтік актілер мен құбылыстардың, қатынастардың маңызын бейнелейді және қолдану аясын анықтайды [22].

Сонымен, құқықтық сана-сезім қоғамдағы құқықтық нормалар дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін маңызы рөл атқарады. Олай болса, қоғам мүшелерінің құқықтық сана-сезімі сол қоғамдағы заңдылықтар мен құқықтық тәртіпті жүзеге асыруға негіз береді.

Құқықтық тәрбие- азаматтарда құқықтық сананың қалыптасуын, яғни жеке құқықтар мен бостандықтарды қолдау мен ұғынуды, мемлекеттің ішкі заңдары мен құқықтық нормаларды қабылдауы мен ұстану негізінде қамтамасыз етіледі. Ол тұлғаның құқықтық санасының қалыптасуын, құқықтық мәдениеті мен құқықтық тәрбиесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге міндеттелген. Құқықтық тәрбие азаматтылықты қалыптастырудағы өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Адамның құқықтық тәрбиелілігі құқықтық нормалар мен құндылықтарды игеру арқылы қоғам алдындағы адамның жауапкершілігін мойындау, бұлжытпай орындаудан тұрады.

Құқықтық тәрбие ел Конституциясына және мемлекеттік рәміздерді, заңдарды құрметтеуден, демократизмді ұстанудан және жоғары азаматтылық белсенділіктен тұрады.

Құқықтық тәрбиелілік тек жеке құқықтар мен бостандықтарды тану мен сақтауға деген ұмтылыстан ғана емес, сонымен қатар, қоғамның өзге мүшелерінің құқықтары мен міндеттеріне құрметтен де көрінеді. Бұл үшін тұлға сол мемлекет азаматтарының фундаменталды құқықтары мен бостандықтарын нақты білуі және ол елдің заңнамалық негіздерімен таныс болуы тиіс. Балаға бұл қасиет пен таным-түсінік ерте жастан бастап ата-ананың тәрбиесімен, үлгі-өнегесі, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары арқылы қалыптасып, заңға қатысты сыйластық сезімі пайда болады, соның нәтижесінде баланың санасында заң талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттілігі туралы түсінік өмірінің негізіне айналады.

Құқықтық тәрбиеге сол мемлекетте қабылданған негізгі құқықтық нормаларымен танысудан басталады. Құқықтық нормалар азаматтардың мінез-құлық, іс-әрекеттеріне заңды шектеу қойып қана қоймай, сонымен қатар оның әлеуметтік әділдік негізінде орнығып, осы әділдікті сақтауды қаматамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер мен мінез-құлықтан тұрады. Бұл фактіде құқықтық және адамгершілік мәдениеттің бөлінбес байланысы жатқандығын түсінген кезде ғана адам оны сыйлайды және орындайды. ХІХ ғасырдағы көрнекті орыс заңгері және қоғам қайраткері А.Ф. Кони былай деп жазған: «Құқық және адамгершілік бір-біріне қарама-қарсы және жат ұғымдар емес. Екеуінің кайнар көзі ортақ, олардың шынайылық айырмасы басты түрде адамгершіліктің еркін орындалуымен құқықтың мәдениеттілікте. Осыдан құқықтық көзқарастардың адамгершілік идеалдармен байланысы шығады. Осы екі ұғым адамзаттың санасында неғұрлым бір-біріне жақын болса, соғұрлым қоғам саналы деңгейде дами түседі» [23]

Құқықтық мәдениет адамгершілік, еңбек тәрбиелерімен тығыз байланыста бола отырып, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыруда шешуші рөлге ие болады. Бұл бірліктің тиімді жүзеге асуы тек жанұяның, мектепке дейінгі мекемелердің, мектептің және басқа да әлеуметтік ұйымдардың, сонымен қатар БАҚ-ң келісілген күш салысуы жағдайда ғана мүмкін болады.

Құқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт – құқықтық нигилизм.


Нигилизм (лат. nihil – ештеңе) – қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар мен мұраларды, діни, моральдық нормалар мен түсініктерді қайта қарауды, жоққа шығаруды білдіретін ұғым [24]. Ол ХІХ ғасырда Европада солшыл-радикалды бағыттағы философтар Ф.Г.Якоби, П.Ж.Прудон еңбектерінде жарық көрді. Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі т.б. мәселелерді фундаменталдық философиялық талдаудың бір бағыты болып табылады.
Нигилизм әлеуметтік құбылыс, және оның өзіне тән белгілі бағыттары бар: субъективизм, волюнтаризм, консерватизм, үстемділік, асыра сілтеу т.б.

Бұл бағыттар қоғамның, адамдардың өміріне көптеген зияндар келтіруде: рухани, моральдық, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді жоюда, еңбексіз баюды, ар-ұятты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді ұстанбауды насихаттайды.

Осы бағыттардың кейбір өкілдері мемлекеттің ең жоғары басқару аппаратына кіріп кетіп, мемлекетті басқару органдарының іс-әрекетіне теріс ықпалдарын тигізуге тырысуда.

Құқықтық нигилизмнің көріну түрлері:



  1. Қоғамдағы құқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау.

Құқық бұзушылық, құқыққа қарсы теріс мінез-құлық, қоғамға, ұжымдарға, адамдарға моральдық, материалдық зиян келтіру, адамдардың өміріне қауіп төндіру т.б.;

  1. Азаматтардың жалпыға ортақ заңды нұсқауларды орындамай, өздерінің ойдан шығарған нормасымен жүріп қоғамдағы азаматтық, әкімшілік тәртіпті бұзу;

  2. Заңды нормативтік актілердің арасындағы қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып кетуі. Бұл нигилистік асыра сілтеу…;

  3. Заңдылықты субъективтік, прагматикалық саясатпен ауыстыруға тырысу. Бұл қоғамның объективті дамуына зиян келтіреді;

  4. Қоғамда адамдардың бостандығы, құқықтары, теңдігі толық қамтамасыз етілмесе, онда саяси нигилизмнің негізіне айналып көп зиян келтіруі, соғысқа апаруы мүмкін. Мысалы, Россиядағы чечен халқына қарсы соғыс;

  5. Әртүрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Мысалы,

социалистік, коммунистік және буржуазиялық идеологияның күресі, 50 жыл атом қаруын себепсіз дамытып дүние жүзіндегі халыққа қауіп төндірілді [25].

Сонымен құқықтық нигилизм (немқұрайдылық – қоғамда құқық пен заңдылықтың девальвацияға ұшырауынан (құнсыздануынан), заңдылықты елемеуден, немесе олардың әлеуметтік реттеуші рөлін жете бағаламаудан көрінеді.

Құқықтық нигилизм — құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.

Құқықтық нигилизм (немқұрайдылық) құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан құқыққа толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып мойындамау. Соған байланысты:

1. Қоғамдағы заңдар мен құқықтық нормативтік актілерді қасақана бұзу;

2. Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау;

3. Бір-біріне қайшы келетін бұрмалаушы құқықтық актілерді қабылдау, сол арқылы оның құнын төмендету;

4. Заңдылықты саяси, идеологиялық және прагматикалық пайдалылықпен алмастыру;

5. Адам құқықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысына, жеке құқықтарына нұқсан келтіру, тұлғалық қадір қасиетін қолау, және тағы басқа да құқықтарын бұзу.

Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары – азаматтарға құқықтық білім беру арқылы олардың құқықтық мәдениетін көтеру, азаматтық, рухани-адамгершілік тәрбие негізінде құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу; заңдарды жетілдіру; құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды азайту; заңдылық, құқықтық және мемлекеттік тәртіпті нығайту; тұлғалардың құқықтық нормаларды құрметтеуі мен ұстануына қол жеткізу; жастарға құқықтық білім беру және тәрбиелеу, жоғарғы білікті заңгер мамандар даярлау, олардың кәсіпқойлығын арттыру; құқықтық реформаны әрқашан дамытып отыру [26].

Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп, қазіргі кезде құқықтық нигилизмнен құтылудың негізгі жолдары:

– халықтың жалпы және құқықтық мәдениетін көтеру;

– азаматтардың моральдық және құқықтық санасын күшейту;

– заң шығарушы органдармен тұлғалардың кәсіби сапасын көтеру;

– саяси-экономикалық дағдарыстан тезірек шығу үшін азаматтардың рухани-адамгершілік деңгейін көтеру болып табылады.

Аталған мәселеге қол жеткізу үшін ең алдымен өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың мәдени деңгейіне көңіл бөлінуі қажет.

Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, парасаттылық, инабаттылық, экологиялық құқықтық, т.б. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп-басқарып отырады.

Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартып, нығайтуға негіз береді. Жақсы дамыған экономика, мәдениеттің жан-жақты нығауына мүмкіндік жасайды, ал жақсы дамыған экономиканы жоғарғы мәдениетті жастар жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекетпен бірге бірлестіктер, одақтар, ұжымдар зор үлес қосады. Мәдениеттің жоғарғы деңгейі құқықтық мемлекет атануға жол ашады.

Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық тәрбиелік деңгейі азаматтардың мәдени деңгейімен айқындалады. Қоғамда бұл екі жақты байланыс бір елдің, бір мемлекеттің ішкі шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы жағдайлар зор әсер етеді. Мысалы, дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып, олардың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп, жалпы мәдени деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Мәдениетті төмендегідей үш жіктеуде қарастырылады: антропологиялық, социологиялық, философиялық жіктеулер:

– антропологиялық жіктеу – мәдениет адамдардың іс-әрекеті мен қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасқан материалдық және рухани жетістіктер. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын жақсы түсіну үшін қоғамның барлық саласының жетістіктерін біріктіріп зерттеуді жақтайды;


– социологиялық жіктеу – мәдениет қоғамның даму процесінде қалыптасқан рухани жетістіктер. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамның әлеуметтік және идеологиялық жетістіктерін біріктіріп зерттеуді қостайды;

– философиялық жіктеу – мәдениет қоғамдағы барлық материалдық және рухани құбылыстардың жиынтығы – деп түсіндіреді. Бұл концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіну үшін қоғамдағы барлық құбылыстардың объективтік және субъективтік заңдылықтарын зерттеп, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасауды қарастарады.


Антагонистік қоғамда материалдық және рухани мәдениет үстемдік етуші таптың мүддесіне бағындырылған. Ал демократиялық жолда дамушы елдердің мәдениеті ұлттық-интернационалистік нақышта болады.

Қазіргі замандағы мәдениет мазмұны жағынан алғанда өте кең, ол өткендегі барлық мәдениет атаулының ең прогресшіл және ең жақсы жақтарын заңды түрде қабылдап, дамып отырады. Мәдениет түсінігіне тек ғылым, ағарту, өнер, тіл және әдебиетпен ғана шектеліп қойылмайды. Мәдениеттің маңызды сипаты, оның интернационалдығы. Қоғамдық мәдениетінің негізгі салаларының бірі – құқықтық мәдениет. Бұл қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтардың құрметтеу негізінде мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерінреттеп-басқару. Құқықтық мәдениет қоғамдағы мәдениеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл объективтік процесс.

Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық санасының айнасы деуге болады. Өйткені бұл мәдениет адам қоғамының өткен формацияларының құқықтық мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады.

Құқықтық мәдениет екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Жеке тұлғалардың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес қосады. Құқықтық мәдениет жалпыадамзаттық құндылық, өйткені ол адам қоғамының тарихи цивилизациялық жетістігі.

Құқықтық мәдениет жеке тұлғалардың құқықтық білімінің деңгейіне қарай үшке бөлінеді: күнделікті, профессионалдық, теоретикалық. Күнделікті мәдениет адамдардың күнделікті тіршілік ету барысында өзінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін, қатынастарын жалпы қоғамдық қабылданған мәдениет шеңберінде реттеп басқаруы. Бұл көрсеткіш динамикалы өзгерісте, үнемі даму үрдісінде. Профессионалдық мәдениет – әрбір кәсіпкердің, әрбір маманның өз ісінің шебері, кәсіби құзіреттілігін анықтайтын сапалар мен қасиеттерден тұрады. Мысалы, педагог, ол тек өз пәнін ғана біліп қоймай, ол жан-жақты дүниетанымдық көзқарасы кең, балаларды жақсы көріп, олардың тағдырына өзінің ұстаздық еңбегімен үлес қосу. Теоретикалық мәдениет – жалпы философиялық, нақты методологиялық заңдылықтарды, тұжырымдарды талдай білу, дүниеге ғылыми көзқарас болу, әрбір әлеуметтік, экономикалық, саяси, психологиялық, идеологиялық өзгерістердің заңды себептерін ашып, түсіндіру жатады.

Мәдениет жүйесін құқықтық реттеудің, басқарудың негізгі бағыттары:


– азаматтардың құқықтық сана-сезімін дамыту;

– құқықтық шығармашылықты жақсарту;

– нормативтік актілердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету;

–мемлекеттің құқықтық жұмысының нәтижесінде халықтың рухани және материалдық мүдделерін жақсарту.

Осы көрсетілген төрт бағыттағы құқықтық реттелу қоғамдық көлемде болсын жеке адамдар тұрғысынан болсын ғылыми творчестволық процесс деп білу керек. Сонда ғана тұлға мәдени прогрестік жолмен дамып, қоғамының рухани және материалдық жетістіктерін біріктіріп мемлекеттің жақсы дамуына мүмкіншілік жасайды.

Қоғамның мәдениет саласындағы қатынастар заң арқылы реттеліп, басқарылады. Заң мәдениеттің негізгі мүдде-мақсатын анықтап, оның орындалу бағыттарын көрсетіп реттеп отырады. Заң мәдениеттің жаңа бағытын, жаңа мақсатын болжап, алдын-ала заңға тәуелді нормативтік актілерін дайындап, мәдениетті мінез-құлықты қамтамасыз ету жағын бақылап отырады. Заң құқықтық мәдениетті басқаратын, дамытатын аппараттарды құрып, нығайтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет