Кураторлық сағаттардың күнтізбелік жоспары
Р/С
|
Тақырыбы
|
Мерзімі
|
Кураторлық сағат
|
Көрнекі құралдары,
дәлелді құжаттары
|
1
|
Студенттердің ар-намыс кодексінің талаптарын талқылау, тәртіп бұзған студенттермен жұмыс жүргізу шаралары, топтағы оқу озаттарын, белсенді студенттерді алғыс хаттармен марапаттау.
|
|
Пікір алмасу сағаты
|
Хаттама, Институтттың ішкі талаптары мен ережелері, слайдтар
|
2
|
Мемлекеттің стратегиялық бағдарламалары туралы (ҚР ПрезидентіН.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы талқылау)
|
|
Талқылау сағаты
|
Хаттама, баяндама мәтіні, слайдтар,
тақырыптық суреттер
|
3
|
Салауатты жастар – салауатты болашақ
|
|
Пікір алмасу сағаты оғанкеңес беретін дәрігерлерімен кездесу
|
Хаттама, баяндама мәтіні, слайдтар,
тақырыптық суреттер
|
4
|
«Адамгершілік – асыл қасиет» (ойшылдардың, философтардың адамгершілік туралы афоризмдерін талдау)
|
|
Пікір алмасу сағаты
|
Хаттама, тақырыптық
афоризмдер, слайдтар
|
5
|
Қазіргі жастардың ұлттық тәрбие мәселесі мен ұлттық салт дәстүрлерге қатынасы
|
|
Пікір алмасу сағаты
|
Хаттама, баяндамалар мәтіні, слайдтар,
тақырыптық суреттер
|
6
|
Ғаламтордың пайдасы мен зияны
|
|
Пікір алмасу сағаты
|
Хаттама, баяндамалар мәтіні, слайдтар,
тақырыптық суреттер
|
7
|
Қазақстандағы экономикалық және рухани дағдарыстардың себептері
|
|
Пікір алмасу сағаты
|
Хаттама, баяндама
мәтіні, слайдтар,
тақырыптық суреттер
|
8
|
Жастарға әсемдік жарасады (ішкі сұлулық жайлы ой бөлісу)
|
|
Әдеби-музыкалық тәрбие сағаты
|
Хаттама, слайдтар,
сценарий,тақырыптықсуреттер
|
9
|
Еркін болу құқығы (құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениет мәселесі)
|
|
Пікір алмасу сағаты
|
Хаттама, слайдтар,
сценарий,тақырыптық суреттер
|
10
|
Көркем фильмдердің тәрбиелік мәні мен маңызы (жастардың талғамы мен қажеттіліктері мәселесі)
|
|
Пікір алмасу, кеңес беру
|
Хаттама, слайдтар,
сценарий,тақырыптық суреттер
|
11
|
Тұлғаның ішкі тәртіп ережесі және еліктеу механизмі
|
|
Пікір алмасу, ой бөлісу сағаты
|
Хаттама,слайдтар,
сценарий,
|
12
|
Абайдың қара сөздеріндегі патриотизм мәселесі
|
|
Пікір алмасу, талқылау сағаты
|
Хаттама, баяндама мәтіні, слайдтар,
тақырыптық суреттер
|
13
|
«Құқық – әділет пен парасат жолы»
|
|
Пікір алмасу, сағаты
|
Хаттама, баяндама мәтіні, слайдтар,
тақырыптық суреттер
|
14
|
Ер есімі ел есінде (Отан үшін ерен еңбек еткен, ерлік жасаған батырларға құрмет)
|
|
Пікір алысу сағаты
|
Хаттама, баяндама мәтіні, слайдтар,
тақырыптық суреттер
|
15
|
"STOP CORRUPTION" атты пікір-сайыс турнирі
|
|
Пікір алысу сағаты
|
Хаттама, баяндама мәтіні, слайдтар, тақырыптық суреттер
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы болашақта өзін зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде орнықтыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатты жүзеге асырудың тетігі жастар екендігі белгілі. Сондықтан да жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған заңдарда, ең алдымен жастардың құқықтық білімі мен тәрбиесін жетілдіруге бағытталған шаралар қажет. Құқықтық тәрбие беру жас адамның жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары партиоттық сезіммен отанына, еліне, жеріне адал болу, адал қызмет ету мәселесін нығайтуды міндет етеді. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау — ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық дүниеге деген қызығушылықтың жоғарылығы мен рухани игіліктерге деген қажеттіліктің болмауы қоғамға жат қылықтар жасауға негіз береді. Сондықтан да әр бір жас адамның санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің басты міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының бойына құқықтық құндылықтарды сіңіріп, құқықтық сананы қалыптастыру қажеттігі бүгінгі өзекті мәселеге айналып отыр. Қоғам үшін ең қымбат қазына – адам, адамның бостандығы мен өмірі. Бүгінгі жастар осы қымбат қазынаны бағалай білуі тиіс. Сол себептен құқықтық мәдениетті қалыптастыру тәрбиенің негізгі мақсатына айналуы қажет. Бала кезінен мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ережелерін құрметтеуге, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзбеушілікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу арқылы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аса назар аударып былай деген: «Өркениетті қоғамда құқықтық мәдениет әр адамның жалпы мәдениетінің қажетті бөлшегі, әрбір лауазымды адамға қойылатын кәсіби талап болып табылады. Тиісті құқық тәртібін орнықтырмайынша, біздің экономиканы реформалауымыз, қоғам өмірінде демократиялық қалыпты өлшемдерді бекітуіміз неғайбыл».
Олай болса, жалпы білім беру жүйесі құқықтық мәдениетті қалыптастырудың алтын бесігі, негізгі саласы болып табылады.
Әрбір жас адамның әлеуметтік-құқықтық тәжірибесін қалыптастыру проблемасы мектеп практикасында әлі терең шешімін таба қойған жоқ, жоғарғы оқу орнында көп көңіл кәсіби білім беру мәселесіне арналады да, ал тәрбие жұмыстары рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты мәселелері төңірегінде ұйымдастырылады. Сондықтанда бүгінгі күні құқықтық тәрбиеге баса назар аударатын уақыт келіп жетті. Қандай білімді болып өндіріске келген жас мамандар құқықтарын қорғай алмай, бостандықтарын пайдалана алмай, кейде сыбайлас жемқорлықтың қармағына ілігу немесе басқа да өкінішті жағдаяттарға душар болып жатады. Мұның бәрі олардың құқықтық сауатсыздықтарынан екенін түсінеді.
Қазіргі кезде жастарға өмірдегі қоғамның қарым–қатынас заңдылықтарын терең ажырата алу үшін құқықтық сана, құқықтық мәдениет қажет.
Құқықтық тәрбие сан қырлы күрделі процесс, ол жалпы және арнаулы білімдер мен әлеуметтік-психологиялық ықпалдарды (тәрбие жұмыстары, іскерлік ойындар, дискуссиялар, тренингтер, пікір алмасулар т.б.) қамтитын тұтас жүйе. Жастарды қоғамдық пайдалы тәртіпке, құқықтық санаға негізделген әлеуметтік белсенділікке жетуін қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты болғанымен, жергілікті жерлерде (мектептерде, ЖОО-да) нақты іс-шаралар жүргізу баяу.
Жастық шақтың басты ерекшелігі — адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан елеулі өзгерістерге жеңіл түсуінде. Студенттік жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана-сезімі өседі, психикасы шыңдалып, нығая түседі. Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады, қоршаған ортаға сын көзбен қарайды. Олар өзідерінің мүмкіндіктерін бағалау, оны таңдаған мамандықтары негізінде жүзеге асыру, рухани өмірге қызығу, қоғам мен тұлғаарасындағы байланыс, қақтығыс, дағдарыс т.б. заңдылықтарды саналы түрде түсіну арқылы кемелдену немесе ауытқушылықтарға жол беру тәжірибелерін бастан өткізеді. Сол арқылы тәжірибе жинақтайды.Мұның бәрі оның күшті, епті, ширақ, оңтайлы болып өсуіне және түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, құқықтық ережелерді бұзбай, кездесетін кедергілерді жеңіп, өзіне жауапкершілікті алуға үйретеді.
Жастарға құқықтық тәрбие беру, қоғамдық қарым-қатынастағы заңды және әлеуметтік мәселелердің саяси мәнін жан-жақты, әрі терең түсінуіне негіз жасайды. Бұл тәрбиеленушінің «көзі ашық» қоршаған дүниенің әлеуметтік, экономикалық, саяси, психологиялық, идеологиялық құбылыстарының заңдылықтарын түсіну арқылы жаңа өзгерістерге уақытында бейімделіп отыруына негіз береді.
Құқықтық құбылыс, құқықтық ұғым және құқықтық категория жастардың заң негіздегі құқықтық сауаттылығын ашу үшін 6-7-ші сыныптардан бастап арнаулы оқу-әдістемелік құралдар арқылы мектепті бітіргенге дейін, одан кейін ЖОО орнындағы оқу-тәрбие жұмысында жалғасын табуы қажет. Сол мақсатта осы оқу құралы дайындалып, оны жастар тәрбиесімен айналысатын мамандарға арналып отыр.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Интернет ресурс : http://bnews.kz/ru/news/post/278254
Интернет ресурс: http://bnews.kz/ru/news/post25854
Ағыбаев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2013. 286 б.
Амеркулов Б.А. Криминологическое направление предупреждения противоправного поведения // Повышение правосознания правовой грамотности граждан в условиях развития правового государства и демократизации общества: мат-лы междунар. науч.-теорет. конф.
Интернет ресурс: http://online.zakon.kz
Куламбаева К.К. Об особенностях формирования правовой культуры как элемента общей культуры граждан //Перспективы государственно-правового и социального развития Республики Казахстан:Материалы Международной научно-практичкской конференции.-Костанай:КЮИ МВД РК,2001.-С.99-102.
Кузнецова Н.Ф. Проблемы криминалистической детерминации.-М.; МГУ. 2006. 381 с.
Долгова А.И. Социально-психологические аспекты преступления. –М.; Слова. 2002. 316 с.
Лебедев С.Я. Традиции, обычай и преступность.-М.; 2005. 267 с.
Волженкин В.В. Правовая культура и преступное поведение. Красноярск. 2008. 220с.
Николаев С.М. Понятие и сущность антикоррупционного воспитания // Исторические, философские, политические и юридические науки, культурология и искусствоведение. Вопросы теории и практики. - 2011. - № 7 - 2. - С. 159 - 162.
Интернет ресурс: http://bnews.kz/ru/news/post/257512
Шиханцов Г.Г. Юридическая психология. –М.; ЗЕРЦАЛО 1999. -352 с.
Васильев В.Л. Юридическая психология. СПб Питер, 2009. -560
Жаңабаева М К. Жастардың құқықтық әлеуметтенуінің кейбір мәселелері. // Қаз ҰУ Хабаршысы- 2003, 45 б.
Шиханцов Г.Г. Криминальная психология. –М.; Юридическая литература. 2001. 326 с.
Ағыбаев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2013. 286 б.
Гладких В. И. Коррупция: генезис, детерминанты и пути
преодоления. – 2001. –№ 3. – С. 42 - 46.
19. Каирова Б.К. Әдеуметтік психология. Костанай, 2008. 100б.
20. Еникеев М.И. Основы общей и юридической психологии.-М.; 2007. 544 с.
21.Амиров, Д. К. АмироваАнтикоррупционное и правовое воспитание: Учеб. пособие для учащихся 10-11 кл. общеобразоват. учреждений, студентов колледжей и вузов. – Казань, 2010;
22. Сафронова И.В., Фокеева И. М. Формирование антикоррупционной нравственно-правовой культуры: методическое пособие /науч. рук. В. И. Пискарёв. – Казань, 2010.
23. Криминалистика. Оқу құралы //Жәкішев Е.Ғ., Алматы «Жеті Жарғы» - 2006. 143 б..
24. Большая юридическая энциклопедия.//Составители- В.В.Авасян, С.В.Андреева, Е.В. Белякова. –М.: Изд.Эксмо, 2005. –455 с.
25. Нұртаев Р.Т. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері.//Қазақстан Республикасы Заңнама Институтының Жаршысы № 3 2015. Б-13-21.
26. Замалетдинов Р.Р., Ибрагимова Е. М., Формирование антикоррупционной культуры у школьников: Учеб. пособие для учащихся 10-11 кл. общеобразоват. учреждений. – Казань, 2010;
27.Долгова А.И. Криминалистика. Учнбное пособие.-Воронеж. 2002. -411 с.
28.Сухомлинский В.А. Рождение гражданина. //Мукажанова Р.А. Руководство для тренера. Алматы. 2015. 163 с.
29. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Ақиқат ұлттық-қоғамдық-саяси журналы. № 6. (21). 2013.
30.Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы.
31. Интернет ресурс: http://bnews.kz/ru/news/post/277519
Достарыңызбен бөлісу: |