А., Каирова Б. К. Студент жастардың корруцияға қарсы позициясын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектісі



бет4/64
Дата12.12.2021
өлшемі445,13 Kb.
#99769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi (1)

2.1 Құқықтық мәдениет
Құқықтық сананың маңызды көрсеткіші, даму деңгейін айқындаушы тұлғаның құқықтық мәдениеті болып табылады. Құқықтық мәдениет құқыққа байланысты белгілі бір көзқарасты, құқықтық білімнің тереңдігін, тұрақты құқықытық бағдарды, тұлғаның рухани-құқықтық құндылықтар жүйесін айқындай отырып, құқықтық нормалардың тұлғаның мінез-құлқында әрқашанда, өмірдің қандай жағдайы болмасада бірлік құру ерекшелігімен көрініс береді.

Құққтық мәдениет құқықтық білімінің жоғары деңгейімен, тұлғаның құқыққа деген сыйластығы мен құрметі арқылы сипатталады. Ол адамдардың құқықтық сенімдеріне, басқа адамдар мінез-қылықтарына заңды немесе заңға қарсы келу фактілерімен баға беруіне және құқықбұзушылықтарға белсенді қарсы шығып, кедергі жасай отырып, заңды сақтап қалуға деген белсенді әрекеттерімен анықтайды.

Негізінен құқықтық нормалар әрбір адамның қоғамдағы еркіндігін, сонымен қатар өзіне және ешкімге қиянат жасамауға, адамдармен тең үйлесімді өмір сүруге бағытталған. Бұдан шығатын түсінік ешкім өзінің мінез құлқын құқықтық нормалардан қорыққаннан немесе «жұртттың бәрі» приниципі бойынша комформизм салдарынан өзін еріксіз тежеу емес, қалыптасқан құқықтық мәдениеті негізінде құқықтық нормаларды құрметтеу негізінде өзінің әлеуметтік белсенділіктерін (қарым-қатынасын, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын) бақылау, реттеу болып табылады. Ал құқықтық конформизм тұлғаның құқықтық білімінің төмендігін, өзін қоғамдық ортада қалай ұстап, қалай әрекет етуге деген сенімінің жоқтығын білдіреді.

Олай болса, құқықтық мәдениет тұлғаның құқыққа бағынушылық мінез-құлқы мен құқықтық нормалар негізінде қоғамға пайдалы әрекеттермен (қарулы күштерде абыроймен қызмет ету; ғылым, спорт, өндірістік, саяси немесе көркем шығармашылық еңбектермен айналысып, биік жетістіктерге жету; рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін салт-дәстүрлер мен діни-ғұрыптарды ұстана отырып, ұрпақ тәрбиелеу т.б.)айналыса отырып, өз елінің еркін азаматы ретінде өзін жүзеге асыруын айтуға болады [27].

Құқықтық мәдениеттің маңызды саласының бірі кәсіби құқықтық сана. Әрбір адам өзінің кәсіби біліміне сәйкес мемлекеттік орындарда қызмет жасайды. Мемлекеттік қызметтегі тұлғалар мемлекеттің рухани-материалдық құндылықтарын көздерінің қарашығындай сақтап, оның талан-таржыға түсіп кетпеуін қадағалай отырып, ар-ождан тазалығы мен азаматтық жауапкершілікті сақтаумен ерекшеленуі қажет. Бұл мемлекеттік қызметкердің құқықтық мәдениетімен тығыз байланысты.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден тұрады. Яғни, құқықтық құжаттарды, актілерді жете түсініп, оны өмірде қолданудан көрінеді.Құқықтық мәдениет тұлғаның жалпы тәртібі мен жауапкершілігінің қосындысынан пайда болады. Ендеше әрбір адам қоғамда қабылданған нормалар мен ережелерді жас кезінен ұғынып, оны өз мінез-құлқына арқау етсе, елде тәртіп орнайды.

Тәртіп- адамның қоғамдық ортадағы әрекеттерінің заңды және әлеуметтік ережелер мен нормаларға сәйкестігі. Дүниеге келген әрбір адам баласы сол ережелер мен нормаларды әлеуметтік институттарда тәрбие үрдісінде қабылдап, өзінің мінез-құлқын, қатынастарын, іс-әрекеттерін реттейді, жүзеге асырады.

Жалпыға ортақ тәртіпті сақтау тәрбиелілікті, тәртілікті білдіреді, өмірдің әрбір жағдаяттарында тұлғаның өзін-өзі ұстауы арқылы көрініс береді. Тәртіптілік - ұстамдылық, шыдамдылық, сабырлылық, іштей өзін-өзі ұйымдастырушылық, мақсатқа талпынушылық, кездескен қиындықтар мен кедергілерді ішкі адами қасиеттеріне жүгіне отырып жеңу, қайырымдылық, сыпайылылық, кішіпейілділік т.б. көптеген түсініктер арқылы тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін көрсетеді.

Тәртіптіліктің даму деңгейі мінез-құлық мәдениетімен анықталады. Мінез-құлық мәдениеті тұлғалық даму деңгейімен тығыз байланысты.Мінез-құлық мәдениеті шеңберінде іс-әрекет мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау мен бақылау және тұрмыстық мәдениетін қамтиды.

Келбет мәдениеті өзінің стиліне сәйкес киіне білуінен, жеке бас гигиенасын сақтаунан т.б. көрінеді. Оқушыны төменгі сыныптан бастап әртүрлі жағдаяттарға байланысты (сабаққа, қонаққа бару, сорттық үйірмелеріне қатысу, таза ауада серуендеуге т.б.) бойынша киім таңдай білуге үйрету. Киімді күтіп,таза ұстау мәдениеті оның ішкі мәдениетінің көрсеткіші болып табылады.

Қарым-қатынас мәдениеті мейрімділік пен сенімділікті, адамдарға әдептілік пен мұқияттылықты, айтылған пікірді, ақпаратты аяғына дейін тыңдап, ойланып жауап беру тәртібінен тұрады. Жақын және бөгде адамдармен,сыртта, қоғамдық орындарда қарым-қатынас ережесін сақтау мәдениеттіліктің белгісі. Қарым-қатынас мәдениетін адамның сөйлеу мәдениеті деп аталады. Сөйлеу мәдениеті сөздің құдіретін түсіну, сөздерді дұрыс пайдалану, тыңдай білу, естіген ақпарат бойынша жағымды сөздермен жауап қайтарудан тұрады.

Тұлғаның құқықтық мәдениетін қалыптастыру әдістеріне әңгімелесу, сұхбаттасу, пікірсайыстардыт.б. жатқызуға болады. Әңгімелесу тәрбие әдісі ретінде қисындылық және дәлелділік, анықтылық және жүйелілік, бейнелілік және әсерлілік талаптарына сай болуы керек. Әңгіме барысында тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін назарға алу, уақыт шектеулерін ескеру керек; бастауыш сыныптардағы оқушылары үшін 10 минуттан аспауы қажет, ал жоғары сыныптар үшін 30 - 35 минут болғаны жөн. Әңгімелесу келесі тәрбиелік міндеттерді шешу үшін қолданған жөн:



  • әңгімедегі кейіпкерге, оның әрекеттеріне байланысты ізгі немесе наразылық сезімдерін ояту;

  • адамгершілік түсініктерінің және тәртіп нормаларының мағыналарын ашу;

  • тәртіптің үлгілерін ұсыну және ізгілікке ынталандыру т.б.;

  • үйлесімді сөйлесу (коммуникативтік) дағдыларды қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет