А. Канагатова 20



бет3/41
Дата05.06.2017
өлшемі11,34 Mb.
#18111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

ХБА тарихының 1988 жылы ашылған шағын Менеджмент Мектебінен басталғаны ешкімге

де құпия емес.Бұл біздің мемлекетіміздің жас менеджерлерінің жаңа буынын – алғашқы қарлығаштарын дайындаған Мектеп болды.

1996 жылы дамудың бірінші кезеңінен ойдағыдай өткен кезде, Алматы менеджмент мектебі (АлММ) Халықаралық Бизнес Академиясы болып қайта құрылды! Сол кезеңмен салыстырғанда, бұл – батыл қадам еді. Академия аты - салмақты әрі өршіл естілетін, «халықаралық» сөзі барынша жоғары, жаһандық деңгейге өскендігін көрсетті. Жаңа атаумен бірге әрі қарай дами түсудің перспективаларын қайта ашқан жаңа көзқарас, жаңа бағдар пайда болды.

Құрылған сәтінен 26 жылдан кейін, біз 2014 жылы өрлеудің келесі бұтағына бастайтын жаңа белеске бет алып, Университет мәртебесіне ие болдық – Алматы Менеджмент Университеті атандық.

Бұл жәй ғана атын ауыстыру емес – Қазақстан экономикасының соңғы жылдардағы қарқынды дамуымен бірге өзіміздің стратегиялық мақсаттарымызға жетудегі батыл қадамға бару. Бұған дәлел – халықаралық аккредитациялар мен әлемдік


рейтингтер Университет AMBA Халықаралық аккредитациясына (Association of MBA's, United Kingdom) ие, әлемнің 300 үздік бизнес-мектептерінің қатарына енді, Қазақстан Республикасының 8 үздік университеттері Концорциумының мүшесі болып табылады.Біз Eduniversal (France) әлемдік рейтинг агенттігімен Қазақстандағы №1 бизнес-жоғарғы оқу орны болып танылып, төрт пальма бұтағымен марапатталдық.

Бүгінде біз нағыз халықаралық деңгейге көтерілдік, әлемнің озық университеттерінен үйреніп, олардан ең жақсыларын ала отырып, зор белсенділікпен оларды іске асырудамыз. Ұлт болашағы алдындағы өз жауапкершілігімізді сезіне отырып, біз қазақстандық білімнің халықаралық алаңда бәсекеге қабілетті әрі танымал болуы үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Бұл жетістіктердің барлығы – біздің Университет ұжымы жұмысының нәтижесі. Құрылған күнінен 26 жыл өте келе, бүгінде Alma University – отандық бизнес білім берудің көшбасшысы екенін зор мақтанышпен айта аламыз және ол жаңа асуларды бағындыра отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің қатарынан лайықты орын алатындай нық сеніммен алға басуда.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруі, Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриялды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2030 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы мен басқа да бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ ХБА-ның 2012-2020 жылдар кезеңіндегі даму Стратегиясын орындау нәтижесі оңтайландыру қажеттілігіне, қабылданған стратегия көрсеткішінің маңыздылығына негізделді. Сондықтан, заманауи талаптар мен уақыт қарқынын ескере отырып, жаңа стратегия жасау – Университет дамуының міндетті шарты.


Құрметпен,

Асылбек Қожахметов, DBA

Alma University президенті




Кіріспе

2012 жылы Халықаралық Бизнес Академиясының 2012-2020 жылдар кезеңіне арналған ұзақмерзімді даму Стратегиясы дайындалды. Бұл стратегияда стратегиялық бағдар жасалды және стратегиялық мақсаттар белгіленді. Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруі, Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриялды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы, «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты, сондай-ақ ХБА-ның 2012-2020 жылдар кезеңіндегі даму Стратегиясын орындау нәтижесі оңтайландыру қажеттілігіне, қабылданған стратегия көрсеткішінің маңыздылығына негізделді.

Осы құжатта Алматы Менеджмент Университетінің 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықтағы даму Стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі бағыттары мен 2012-2020 Стратегиясының логикалық даму мен жаңашылдандыру контексінде, оны жүзеге асырудың маңызды шаралары баяндалады. Қабылданып отырған Стратегия мақсаты мен міндетіне жауап береді, сонымен қатар МҮИИДБ, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының әрекеттік кезеңімен ұштасады.


1. Миссия


Біз жаһандық инновациялық экономика мен қарқынды даму үстіндегі қоғамға заманауи білім ұсына отырып, көшбасшылардың жаңа буынын дайындаймыз.

2. Бағдары


Алматы Менеджмент Университеті – әлемдік деңгейдегі кәсіпкерлік, әлеуметтік-жауапты университет.

3. Негізгі құндылықтары


    1. Үздіксіз даму - нәтижесінде университет жаңа сапалы деңгейге көтерілетін, жаңа білім жасауда барлық процестердің заңды өзгерісіне бағытталған.

    2. Жауапкершілік- қоғамның және өзіңнің алдында өз жұмысыңның нәтижесі үшін, білім сапасы мен біздің бітірушілеріміздің дайындық деңгейіне жауап беру қажеттілігін сезіну.

    3. Көшбасшылық- өзінің бойында кәсіпқорлықты, креативтілікті, жеңіске жетуге ұмтылу, болашақты көре білу және ортақ мақсатқа жетуге адамдарды жұмылдыра білетін көшбасшыны тәрбиелеу.

    4. Адалдық - берік моральдық қағидалар мен этикалық нормаларға сүйене отырып, клиенттермен, серіктестермен, әріптестермен қарым-қатынаста дәйекті және адал ұстанымда болу.

    5. Белсенділік - нарық пен клиенттердің сұранысын болжау негізінде басқару, жаңа трендтер жасау.

    6. Қоғам игілігі үшін серіктестік - екі тараптың кез келген өзара тиімді ынтымақтастығына сәйкес (Win–Win) үшінші тарапқа – қоғамға пайда әкелетін «Win–Win–Win» қағидасының жүзеге асуы.




    1. Синергия - Университет ішіндегі, сондай-ақ серіктестермен және клиенттермен ынтымақтастық процесі, нәтижесінде жекелеген компоненттердің қарапайым тежелгенінен шығатын сапалы әрі тиімді нәтиже.



4. 2020 жылға Стратегиялық мақсаттары


Кіру:

  • топ-200 әлемнің бизнес-университеттері (рейтинг QS World University Rankings), 5 бұтақты Eduniversal

  • Еуропалық экономикалық одақ елдерінің үздік бизнес-университеттер үштігіне (ЕАЭО)

  • топ-100 әлемнің кәсіпкерлік университеттері

  • топ-100 білімді басқару бойынша әлем университеттері

  • «Үш Тәжді» аккредитациялары бар жоғары оқу орындары қатарына*

*EFMD (EQUIS, EPAS), AMBA,AACSB аккредитациялары

Рейтингтер мен аккредитациялар әдістемелерінің компоненттері 1Қосымшада берілген.


5. Білім беру нарығын талдау

5.1 Әлемде экономиканы дамытудың 2020 жылға дейінгі тенденциялары


Жаһандық жаңа экономикалық нақтылықты құрушы, әлемдік экономиканың басым тенденцияларын, төмендегідей жіктеуге болады :

  1. Экономикасы қарқынды дамып жатқан елдерде адами даму сапасын арттыру тұрғысынан жұмыс күштері құрылымындағы өзгерістер.

  2. Әлемдік экономикада шикізат көздеріне бәсекелестіктің өсуі.

  3. «Жасыл экономика» (қорларды жинақтаушы технологиялар дайындауға инвестицияның өсуі).

  4. Көлемінен инсвестиция тиімділігіне ығыстыру.

  5. Дамушы елдер экономикасының еңбек ресурстарына бағаны арттыруға негізделген, ЖІӨ дамыған елдердің өңдеуші өнеркәсіп үлесін арттыру.

  6. Әлемдік экономиканы аймақтандыру (аймақтық интеграциялық бірігуді қалыптастыру - ЕС, ТС, ЕАЭС және басқалары).

  7. VII технологиялық қалау, негізінде құралдар мен роботсалу, биокомпьютерлік жүйелер мен биомедицина бар, жасанды және жанды жүйелердің байланысы (бұл жаңа өркениетті қалау – бар технологияларға трансферт емес, керісінше жаңа қағидалар мен әсерін анықтауға ілгерілеу). (Барлық технологиялық қалаулар мінездемелері 2 Қосымшада берілген)

5.2 Еуразиялық экономикалық одақта экономиканы дамытудың 2020 жылға дейінгі тенденциялары


Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері-мемлекеттері Армения, Белоруссия Республикалары, Қазақстан және Ресей Федерациясы болып табылады. ЕАЭО жан-жақты модернизациялау, кооперациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оған мүше мемлекеттер халықтарының өмір сүру деңгейін арттыруды тұрақты дамыту үшін жағдай жасау мақсатында құрылған. Еуразиялық комиссияның штаб-пәтері (ЕЭК) Мәскеуде болады, қаржылық реттеуші – Алматыда, ал ЕАЭО соты Минскіде орналасады. Еуразиялық экономикалық одақта экономиканы дамытудың негізгі тенденциялары:

  1. Аймақтық одақтың ішінде бәсекелестіктің өсуі, оның ішінде білікті қызметкерлер күші

  2. Әлеуметтік саланы қаржыландырудың сапалы өсімінің жоқтығы

  3. Үшінші секторды дамыту (қызметтер)

  4. Ресейдің басымдық рөлі

5.3 Қазақстан экономикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі тенденциялары


Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған стратегиялық мақсаттары

Тұтастай алғанда, 2020 жылы Қазақстан экономиканың жеделдетілген әртараптануының келесі негізгі нәтижелеріне жетуі тиіс. Қазақстан бизнес-климаты ең қолайлы 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Осы онжылдықтың аяғында ЖІӨ бюджетінің мұнай емес тапшылығы3% -дан аспауы тиіс. Әрі қарай оны нөлге төмендету қажет. 2020 жылы біз келесі көрсеткіштерге жетуге тиіспіз. ЖІӨ өсуі — кемінде 30 пайыз (2009ж. қатысы бойынша). Қайта өңдеу салаларындағы өсу өндіруші салалардың деңгейін асыратын немесе соған жететін болады. Халық саны 18 миллион адамға жуықтайды. Білікті мамандар үлесі 40 пайызды құрайды. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді. ЖІӨ өңдеуші өнеркәсіп үлесі кемінде 13%-ды құрауы тиіс. Экспорттың жалпы көлемінен шикізат емес экспорт үлесі 27-ден 45%-ға дейін өсуі тиіс. Өндіруші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 2 есе артуы тиіс, ауыл шаруашылығында – кемінде 4 есе. ЖІӨ энергосыйымдылығы кемінде 25%-ға төмендетілуі тиіс. Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 4-тен 20%-ға дейін өсуі тиіс. 2015 жылы аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға артуы тиіс, ал құрылыстың ішкі қажеттілігі 80% қазақстандық құрылыс материалдармен қамтамасыз етілуі тиіс.Үкімет бес жылдың ішінде металлургиялық өнімдерді өндіру мен экспорттауды екі еселендіру, химиялық өнімдер өндірісін үш еселендіруді қамтамасыз етуі тиіс. 2015 жылға жаңа жобалар есебінен бюджет табысы 300-400 миллиард теңгеге өсуі тиіс. 2016 жылы Қазақстан халық басына шаққанда табысты 15 мың долларға өсіріп, табыс деңгейі жоғары елдер тобына кіруі тиіс. Онжылдықтың аяғына қарай ЖІӨ шағын және орта бизнес үлесі 40%-ға дейін артуы тиіс.



Қазақстан экономикасын 2020 жылға дейін дамытудың негізгі тенденциялары:

  1. Бастапқы сектор басымдығы (мұнай өндіру және т.б.)

Қазақстан көмірсутегі шикізатын өндірушілердің бірі боп қала береді. Сонымен бірге, республика энергетиканың технологиялық модернизациясын дамыту мен энергия үнемдеуді жеделдете отырып, ғаламдық жылыну мәселелерін шешуге қатысады. Еліміз табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды, әсіресе суға қатысты, инфрақұрылымды модернизациялау мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттерді ескере отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саясатын қалыптастыру есебінен өсе түседі.

  1. Бастапқыдан экономиканың екінші секторына өтуді қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат (Бизнестің жол картасы 2020, Өнімділік 2020, Экспорт 2020, Жұмыспен қамту 2020, Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы)

2020 жылға еліміз диверсифицияланған экономиканы дамыту үшін қажет адами ресурстарға ие болады, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспортерларға қызмет көрсету үшін қажет болатын инфрақұрылымы болады. Көлік инфрақұрылымы мен телекоммуникацияны интенсивті дамыту есебінен дүниежүзімен үздіксіз байланыспен қамтамасыз етілетін болады. Өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және Қазақстанның қызмет көрсету саласы тау-кен өндіру өнеркәсібімен қатар экономика құрылымында лайықты орын алады. Әлеуметтік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында айтарлықтай нәтижеге жететін болады.

2020 жылы қазақстандық экономика 2009 жылғы деңгейге қарағанда нақты өсе түсуде. Экономиканы диверсификациялау бойынша жоспарларды ойдағыдай жүзеге асыру есебінен өсу көрсеткіші экономиканың қайта өңдеу салаларының 2020 жылға өндіруші салалармен өсу көрсеткіші көбірек болады немесе олармен тең болады.



  1. Үшінші сектордың дамуы – инфрақұрылымдық жобалар (Нұрлы жол Саясаты)

2014 жылдың қарашасынан бастап негізі Қазақстанда «Инфрақұрылымды дамыту жоспары» болып табылатын Жаңа Экономикалық Саясат қабылданды. Бұл жоспарды жүзеге асыру мерзімі бойынша МҮИИДБ Екінші бесжылдығының жүзеге асуымен сәйкес келеді. Бұл саясатты жүзеге асыруда 100-ден аса шетелдік компаниялар қатысуды көздеп отыр. Жалпы инвестициялық қоржын 6 триллион теңге, мемлекет үлесі – 15 пайыз.

Жаңа экономикалық саясат аясындағы мемлекеттің негізгі күші транспорттық-логистикалық, энергетикалық инфрақұрылымның дамуына бағытталатын болады. Сонымен бірге индустриалды инфрақұрылым, ең алдымен арнайы экономикалық зоналарда құрылады. Аймақтарда ШОБ өндірісін дамытуға және қосымша инвестицияларды тартуды көздеген жаңа индустриалды зоналар салынатын болады. ТКШ инфрақұрылымы мен су және жылумен жабдықтау желілерін модернизациялау, сондай-ақ тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту жоспарлануда. Мысалы, мемлекет әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйлер салып, оны халыққа ұзақ мерзімді сатып алу құқығымен беретін болады.



  1. Экономиканың ғылыми сыйымдылығын жасау (Әлемнің дамыған 30 елінің құрамына кіру тұжырымдамасы)

Экономиканың ғылыми сыйымдылығын жасау, өндірілетін және өңделетін өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ өндірістің жаңа жоғары технологиялық саласын кезегімен дамыту жолдарымен қол жеткізіледі. Сонымен бірге негізгі тірек өңделуші өнеркәсіпті жеделдетіп дамытуға жасалады. Модернизацияның негізгі механизмі мен экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру өсудің барлық факторларын – еңбек, капитал және ресурстар өнімділігінің өсуі болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан мемлекеті алдына келесі міндеттерді шешуді қояды1:

1) өсу факторларының өнімділігін арттыру;

2) әлемдік деңгейдің агломерациясын қалыптастыру;

3) ұлттық инновациялық жүйені дамыту;

4) инфрақұрылымдық шектеулерді болдырмау;

5) мақсатты озық инвесторларды тарту арқылы тартымды инвестициялық климат қалыптастыру;

6) «жасыл экономикаға» өту арқылы тұрақты даму.


  1. Аграрлық секторды инновациялық рельстерге ауыстыру («Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы)

Әлемде азық-түлікке қажеттілік өсе түсетін болады. Агроөндірістік кешенде бәсекелестікті арттыру үшін озық технологияларды енгізуге, экспериментальді агро-инновациялық кластерлер жасауда, аграрлық ғылымды дамытуға инвестициялар тартылатын болады.

  1. Инфрақұрылымдық триада – агломерация, көлік, энергетиканы қарқынды дамыту

Қазақстанда экономиканың ғылыми сыйымдылығын құру мақсатында Астана мен Алматы, Шымкент пен Ақтөбе сияқты ірі қалалар Қазақстанда урбанистикалық орталықтар құрылып, дамытылатын болады. Бүгінде қалаға шоғырланудың жоғары көрсеткіші Астана, Алматы және Алматы облысында байқалады. Алдағы 20 жылда қалаға шоғырлану тағы да 10%-ға өседі деп күтілуде, ол елдің әлеуметтік саласының жүктемесін ұлғайтады.

Энергетика мен көлік саласын дамыту бойынша ұлттық компаниялар қытайлық серіктестермен бірқатар жобаларды жүзеге асырады: Іле өзенінде Кербұлақ ГЭС-інің құрылысы бойынша жоба, «Қазақстан-Қытай» магистральді газ құбырының бірінші бөлігінің құрылысы, Алматы облысында Мойнақ ГЭС-і, Қазақстанда битум заводын салу, ядролық энергетика саласын дамыту, дизельдік жағар май өндірісін құру, синтетикалық табиғи газ және басқа да химиялық-мұнай өнімдерін өндіру.




  1. Шағын және орта бизнесті дамыту

Бүгінгі күні Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдау және оны несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толығымен игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл шараға сұраныс 23 миллиард теңгеге ұсынысты арттырды. Бизнесті несиелеуге 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен беріліп, бұрын-соңды болмаған жағдай жасалды. ШОБ үлесі 2050 жылға қарай 50 пайыз ЖІӨ-ға дейін өседі. Ел Үкіметі шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге 100 миллиард теңге бөледі. Бұл тамақ өнеркәсібін және химиялық өнеркәсіпті, машина жасау, сондай-ақ қызмет көрсету саласындағы жобалардың іске асуын қамтамасыз етеді.


Каталог: images -> uploads
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
uploads -> Бұрғылау қондырғысын жайғастыру бойынша тәуелсіз супервайзердің қызметтері шарт №


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет