XXI ғасыр межесінде, AACSB-International дерегі бойынша, әлемде 7,5 мыңдай бизнес мектептері бар боп шықты, бүгінде олардың саны 13 мыңға жетті. Әлемдік экономиканың жаһандануы, саяси және заңдық дамуы, әлеуметтік және демографиялық өзгерістер таяудағы 5-8 жылда бизнес-білімнің дамуына айтарлықтай әсер ететін болады.Осы уақытқа дейін бизнес-білімге керітартпа көзқарас ұстанған еуропалық мектептер өздерінің стратегияларын қайта қарауда. МВА-дің алдыңғы қатарлы бағдарламаларының көпшілігінде үздік талапкерлер үшін күрес әлемнің барлық елдерінде белең алды. Нарық жаһандық контексте бәсекелес болуда.
Бизнес-білімді дамытудағы жаһандық тенденциялар, болашақта ие болуы мүмкін:
«Үш тәжді» халықаралық аккредитациясы бар ЖОО мен бизнес-мектептер санының өсуі (triple crown: AMBA, AACSB, EQUIS)
Халықаралық аккредитация МВА мектебінің бітірушісіне оның дипломының бүкіл әлемде танылғанына кепілдік береді. 21 ғасырда жаңа тенденция пайда болды, бизнес-мектептер бір ғана емес, бірнеше аккредитация алады. 2014 жылдың желтоқсанына шаққанда әлемнің 1000-нан астам бизнес-мектебінің AACSB, EQUIS және AMBA аккредитациялары бар, әлемдегі 68 бизнес мектептер «Үш тәжді» аккредитациясын алды, ал көптеген аккредитациялары бар мектептер саны соңғы үш жылда 129 –дан 173-ке өсті.
Сурет4. Көптеген аккредитациялары бар мектептер саны
Достарыңызбен бөлісу: |