Қазақстанда білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары:
ЖОО санын оңтайландыру
Сапалы жоғары білімге сұраныстың тұрақты өсуі
Оқытушылардың жаңа формацияға әлсіз кіруі
ЖОО интернационализациясына қажеттіліктің өсуі
Халықаралық және ішкі бәсекелестікті күшейту
Ағылшын тілді шетелдік ЖОО-ларға, ресейлік ЖОО-ларға орыс тілді талапкерлердің кетуі
Соңғы он жылда Білім және ғылым Министрлігі саясатының талапты күшейтуі негізінен ЖОО-лар саны айтарлықтай азайды.
1 диаграммадан көрініп тұрғандай, 2005 жылдан бастап ЖОО саны біртіндеп төмендеуде. 2013 жылы 2005 жылға қарағанда төрт есе азайды. ЖОО-ларды оңтайландыру тенденциясы жалғасатын болады. Жуық арада, олардың саны 100-ден аспайды деп ұйғарылуда11.
Сурет1. ҚР жоғары оқу орындарының саны
ЖОО білім алушыларының саны үнемі қысқаруда. Бұл жоғарыда айтылғандай, демографиялық жағдайға негізделген. 2012-2013 оқу жылында ЖОО-да студенттер саны 26%-ға аз болды, 2005-2006 оқу жылына қарағанда (диаграмма 2)12.
Сурет2. 2003-2013жж. ҚР ЖОО студенттерінің саны
Сурет3. ПОҚ саны
2003 жылмен салыстырғанда, 10 жылдан кейін, 2013 жылы қазақстандық ЖОО-лардағы ПОҚ саны өте аз өзгерді – 252 адам. Алайда, экономикалық дағдарыс кезеңінде, 2008-2009 оқу жылында оқытушылар саны кенеттен – 3158 адамға азайды, немесе 7,7%-ға, 2012-2013 оқу жылында біртіндеп қайта өсті. Егер білімге жұмсалған бюджет шығынын салыстырсақ, онда ЕЭО көптеген елдері әлемнің басқа дамыған елдерімен салыстырғанда айтарлықтай төмен деңгейде білімнің қаржылануын қамтамасыз етеді. АҚШ, Германия, Норвегияда білім беруге жұмсалатын бюджет шығыны 5,5 % шамасында, Канадада, Францияда, Швецияда – 7 %. Қазақстанда бұл көрсеткіш 2013 жылы 3,3% деңгейінде болды.
ҚР-дағы білім беруді дамытудың соңғы жылдардағы басты тенденцияларының бірі біріккен ұлттық тенденциялар мен елдің ұлттық бірегейлігін сақтау кезінде енген жаңалықтарды тарату болып табылады. Бұдан күтілетіні, білім беру кеңістігі біртіндеп саяси мәдени бола бастады және адами даму мен өркениетке тұтастай алғанда, тұспалданған, халықаралық білім беру ортасында қалыптастыру үшін, білім сипаты мен адамды әлемдік құндылықтарға тартуға барынша ашық бола түсті. Бұл 2010 жылы Қазақстанмен қол қойылған Болон келісімдерінің орындалуымен түйіндес.
2012 жылы 20 ЖОО әлемдік агенттіктердің академиялық рейтингтеріне қатысты: Quacquarelli Symond World University Ranking, Webometrics (Cybermatrics Lab), 4 International Colleges and Universities, Webomatrix/Ranking Web by Country: Top Colleges and Best Universities of Kazakhstan, SMBG-Eduniversal, Тimes higher education (THE).
Соңғы жылдары қазақстандық білім беру жүйесін дамыту 2010 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан жоғары білімнің интернационализациясын тәуелсіздік алған соң бастады.1991жылдан бастап 2000 жыл аралығында Түркиямен, Ресеймен, АҚШ, Германиямен, Ұлыбританиямен және Аға хан қорымен байланысы бар университеттер құрылған болатын, 1992 жылы ашылған Қазақстандық менеджмент, экономика және стратегиялық зерттеу институты, оның бірі оқуды ағылшын тілінде жүргізеді. 2010 жылы әлемдік сатыдағы университет болуға ұмтылған Назарбаев Университеті ашылды.
Білімді дамытудың аймақтық тенденциялары аймақтың дамуының болашағын қамтамасыз етуші кадрларды лайықты дайындау (құрамы, мамандар саны, олардың білім сапасы) қажеттілігін талап ететін аймақтағы экономиканың дәстүрлі салаларын нығайтуға бағытталған. Білім жүйесі аймақтағы мамандар құрамы мен сапасының өндірістік талаптарына сәйкес келсе тиімді және осы талаптарға сәйкес дамытылады.
Елде тұтастай алғанда, 629 мың студент білім алуда. Олардың тең жартысы сырттай бөлімде – 260 мың. Сонымен қатар, олардың қатарында колледжде білім алушылар үлесі бар (60%). Нәтижесінде жоғары білімді кадрлар саны кенеттен өсе түсті (58% жыл сайын), бірақ тиісті деңгейдегі сапасы жоқ. Осыған байланысты бұл жағдайды түзету бойынша шаралар қолданатын болады. ЖОО желісін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі күні елде 133 ЖОО бар, біраз жыл бұрын 147 болатын. Сырттай бөлімнің контингентін төмендету үшін орта мектеп базасында қабылдау тоқтатылды және колледж бітірушілері үшін ЖОО-ға түсу кезінде міндетті кешенді тест тапсыру енгізілді.
Экономиканың нақты сұранысына толық жауап бере алмайтын мамандықтар классификаторын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні қазақстандық және әлемдік практикада жалпы қабылданған мамандықтарды салыстырмалы таңдауы бойынша жұмыстар жүруде. Жұмыс берушілермен және кәсіби қоғамдастықпен кадрлар дайындау мәселесіндеөзара әрекеттестік күшейтілуде, біліктіліктің Ұлттық жүйесі қлыптасуда. Біліктіліктің ұлттық рамкасы Еуропалық біліктілік жүйесімен салыстырмалы.
Еңбек нарығына қажет мамандықтар тізбесі мемтапсырыстың негізі ретінде қызмет етеді. Мамандардың сұранысқа ие болуын арттыру жөніндегі міндет маңызды боп қала береді. БҒМ бұл жұмыс Қазақстандағы экономиканың дамуы мен еңбек нарығы мен қоғам алдындағы ЖОО әлеуметтігінің жауапкершілігін үйлестіруші барлық меморгандардың жұмысы деп есептейді.
ЖОО-ның басты міндеті – нақты экономика үшін кадрлар дайындау. Олар алдын-ала маманға кәсіби құзіреттілік кешенін салуы тиіс. Сондықтан ЖОО жұмыс берушілермен тиімді байланыстар орнатуы және олардың қатысуымен білім беру бағдарламаларын қалыптастыруы қажет.
Сонымен қатар, ЖОО бітірушілері үшін біліктілікті растаудың тәуелсіз жүйесін жасау жөніндегі жұмысты белсендіру міндеті тұр.
ҚР БҒМ-де педагогикалық мамандықтар бойынша біліктілікті растау Орталықтарының пилоттық тәртібін жасау бойынша іс-шаралар Жоспары дайындалды.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп осы бағыттағы жұмыстарды жүргізуде. Жоспар бойынша 2012 жылдан бастап педагогикалық мамандықтар бітірушілерінің сертификациясы пилоттық тәртіппен біліктілікті растау Орталығында жүргізіледі.
Жұмыс берушілер мен ЖОО серіктестері кадрлар дайындауға тартылуда. МҮИИДБ бойынша әр объектіден 5 грант/стипендия бөлінуі тиіс: базалық 69 ЖОО-ға 2336 грант бөлінді.
Жоғары оқу орындарының бизнес қоғамдастықпен ынтымақтастығы кадрларды дайындауда жұмыс берушілерді инвестициялау түрінің бірі болып табылады. «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «Қазақстан теміржолы», «Kazenergy» сияқты компаниялар, «KEGOC» АҚ, ТОО «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Атамекен» Корпорациясы атаулы стипендиялар мен білім гранттарын бөліп тұрады. Осылай, 2011 жылы 37 ЖОО-ға кадрларды дайындаудағы әлеуметтік серіктестік аясында, жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік серіктестермен (компаниялармен және кәсіпорындармен) 2336 грант және стипендиялар тағайындалды. Сонымен бірге, өндірістік кәсіпорындар базасында ПОҚ біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Қазіргі кезде ПОҚ біліктілігін арттыруды жүзеге асырушы (инженерлік зертханасы бар 15 ЖОО) базалық ЖОО мен біліктілікті арттырудың курстық бағдарламалар тізбесі айқындалды.
Назарбаев Университет нысаны бойынша басқару жүйесін енгізу механизмдері әзірленуде. 2012 жылдан бастап еліміздің 4 жетекші университетінде бақылаушы кеңестер жұмыс істеуде. Нормативтік бекіту және ұйымдық қолдау ЖОО-ларда корпоративтік басқаруға ие. Қазіргі кезде Қамқоршылық кеңесі бар Қазақстандағы ЖОО-лар үлесі 48,5%-ға тең (65 ЖОО).
Қазақстандық жоғары оқу орындарын дамыту әлемдік тенденциялар арнасында жүзеге асырылады. Қазақстандық ЖОО-ларда интернационализация және академиялық ұтқырлықты дамыту процесі жүзеге асырылуда.
Екі жыл ішінде 900 студент пен магистрант бір оқу семестрі бойынша әлемнің 40 еліндегі озық университеттерінде оқуға мүмкіндік алды.
Тарту бағдарламасы бойынша 2000-нан астам шетелдік ғалымдар мен оқытушылар қазақстандық ЖОО-ларға келді.
11 ЖОО университеттердің Еуропалық қауымдастығына қосылды. Болон процесінің принциптерін жүзеге асырудағы маңызды мәселе студенттерді білім беру процесіне белсенді түрде тарту болып табылады.Ұлттық Студенттік Кеңес құрылады және таяу арада оны Еуропалық Студенттер Одағына тарту жоспарлануда.
Әлемдік тенденциялар контексінде тәуелсіз аккредитацияның жүйесін құру бойынша оны бәсекелес ортаға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Аккредитациялық органдардың ұлттық реестріне 6 агенттік кірді, оның ішінде 2 қазақстандық және Еуропа мен АҚШтан 4 шетелдік агенттік бар. ЖОО-лар қоғамдық ұйымдар мен жетекші шетелдік сарапшылардың қатысуымен аккредитациядан өтеді. Аккредитация процесіне студенттер өкілі белсене қатысады.
Сонымен бірге, ЖОО-лар ұлттық және әлемдік рейтингтерге қатысады.
Көптілді кадрлар дайындау процесі басталды. Тұтастай алғанда, 2012-2013 оқу жылынан бастап 32 ЖОО-да 5,5 мың адамнан асатын білім алушылардың жалпы контингентімен арнайы бөлімшелер ашылады. Бұл бөлімшелердегі білім бағдарламаларының құрылымы мынадай болмақ: гуманитарлық пәндер – тарих, әдебиет және басқалары мемлекеттік тілде. Жаратылыстану-ғылыми пәндер, химия, математика, физика, биология ағылшын тілінде берілсе. Білім беру жүйесі ерекшеліктерінің бірі 2000 жылдар басынан демографиялық мәселелердің болуы болып табылады. Мектептік және студенттік жастағы жастар санын қысқарту демографтар болжамы бойынша 2017-2018 жылдарға дейін жалғасатын болады. Демографиялық жағдайды қиындату жоғары мектеп дамуындағы қарама-қайшы процестерді көрсетеді. Бір жағынан, білім беру нарығындағы тұтынушылар жетіспеушілігі ЖОО-ларды қандай жағдайда да студенттер жинауға әкеліп соғады, бұл талапкерлерге қойылатын талаптың төмендеуіне және бәсекелестіктің адал болмауына әкеледі. Екінші жағынан ЖОО мен студенттер санын қысқарту оқу сапасының өсуіне себепші болады.
Осындай жолдармен, Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне білім жүйесін интеграциялауға себепші болатын түзілген білім беру саясатын сауатты жүзеге асыруға ұмтылуда. Бір жағынан, ол өзінің ғана шешімін талап ететін мәселелермен бетпе-бет келеді.
Қазақстанда жоғары білім берудің негізгі проблемалары:
1. Бітірушілердің нақты практикадан қол үзуі (жұмыс беруші студенттер дайындығына қатысуы тиіс)
Академиялық адалдық пен зерттеу мәдениеті деңгейінің төмендігі
Мемлекеттік білім беруді қолдаудағы патернализм
ЖОО интернационализациясын дамыту деңгейінің жоғары болмауы
Әлемдік рейтингке кіретін, университеттер үлесінің жоғары болмауы
Зерттеу тиімділігінің төмендігі (дәйектілеу дәрежесі)
ЖОО автономдығының болмауы
ЖОО-лардағы жаңашылдық дәрежесінің төмендігі («Мемлекет-бизнес-ЖОО» байланысының болмауы)
Кәсіпкерлік ЖОО тұжырымдамасының дамымауы
Шетелдік ЖОО-ларда PhD дәрежесін алған оқытушылар мен зерттеушілер санының жеткіліксіздігі
Олардың бірі–талапкерлер саны мен ҰБТ-дан іріктелген студенттердің объективті жүйесінің дәрежесі.ҰБТ орта жалпы білім беру сапасын бағалауға арналған ұлттық емтихандар түріндегі тәуелсіз сыртқы бақылаудың нысаны ретінде әлемнің көптеген мемлекеттерінде жүзеге асырылады: Ұлыбритания, АҚШ, Нидерландия, Чехия, Польша және кеңестік одақ кезіндегі бірқатар елдерде: Ресей, Қырғызстан, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Литва, Латвия және басқалары.
Мамандардың көпшілігі: ҰБТ өзінің функциясын тұтастай орындап отыр әрі бүгінгі күні білімді бақылауға бұған балама болатын ештеңе жоқ деген пікірде. Сонымен қатар, ҰБТ ЖОО-ға түсу кезіндегі жемқорлықтың жаппай сипат алмауына себепші болды. Мәселе ҰБТ мазмұны мен ұйымдастырылу сапасының жатықтығына ауысуы тиіс.
Жоғары білім беру жүйесіндегі маңызды мәселе ЖОО-ның өзіндегі жемқорлық болып табылады. Оның жүйелік сипаты бар, сондықтан оның шешімінің де жүйелік сипаты болуы керек. Жемқорлықтың ПОҚ материалдық мотивациясының төмендігімен, университеттік автономияның жоқтығымен, академиялық адалдық мәдениетінің болмауымен тікелей байланысты екендігі бәріне белгілі. Тек посткеңестік кеңістікте адамдар екі рет төледі, нақтырақ айтсақ, алған құзіретіне емес, диплом үшін: университет кассасына және оқытушының немесе деканның қалтасына.
Бұл жүйелік мәселелер уақыт өте келе оқытушымен жұмыс істеу мәртебе емес, өз кезегінде кадрлардың ескіруіне әкелді. Кейбір университеттерде ПОҚ орташа жасы 50-55 жас деңгейінде. Бұл дабыл қағатындай жағдай.
Келесі бір үлкен мәселе жұмыс берушілердің ЖОО бітірушілерінің сапасына күдікпен қарауы. Ғылым, оқу және өндіріс арасындағы байланысқа көбінесе қадағаланбайды. Бұл мәселе де жүйелік сипатқа ие. Әзірге жұмыс берушілер ЖОО басқаруға тікелей араласпаса, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен сапасының жүйелік бағасына, ғылымның дамуына қаражат салынбайды, мамандарды дайындау сапасында үлкен жылжулар болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |