Пайдаланылған деректер: Сolin Nelson, http://aacsbblogs.typepad.com
Аймақтардың ерекшелігі мен жаңа рейтингтердің пайда болуын ескерген әлемдік рейтингтегі өзгерістер
Аккредитациялық институттардың, сондай-ақ қауымдастықтардың көпшілігінің пайда болуы, ел шеңберінде немесе басқа географиялық шекарада көбінесе санаулы мамандық болып табылатын әртүрлі көптеген қабылдау өлшемдерін жасайды. Бизнес-мектептердің келешекте мұндай санаулы бағыттағы аккредитациялық өлшемдері барынша жаһандық деңгейге көтеріліп, әлемдік барлық аккредитациялық институттармен мойындалатын болады.
master’s programs сұранысының өсуі (бейіндік және мамандандырылған магистратура)
Бизнес-мектептерде мамандандырылған магистрлік бағдарламалардың киберқауіпсіздік, ақпараттық жүйелер, қаржы және басқару сияқты салаларына оқуға түсушілер санының өскендігі байқалады. Мамандандырылған бағдарламалар, студенттер үшін экономикалық құлдырау кезінде қажет болатын, қызмет саласы мен функциясын ескере отырып, бітіру үшін аз уақыт талап етеді және оқу жоспарын ұсынады. Осылай, көптеген университеттер магистрлік бағдарламаларының санын кеңейтеді13.
Форматын кеңейтумен байланысты оқуға қолжетімділік (digital learning, blended learning және т.б.)
Бизнес-мектептер барынша әртүрлі және ең заманауи оқу әдісі мен нысандарын енгізетін болады, мысалы, студенттердің компанияға шығуы және оқытушылардың компанияларда жұмыс істеуі. Сонымен бірге, барынша әртүрлі қызметтер жиынтығын көрсететін болады, бизнес-мектеп – бұл компаниялар үшін ұзақтығы әртүрлі, әртүрлі бағыттары, жекелеген бейімделген бағдарламалар.
АБР (ашық білім ресурстары) – материалдар ашық және қашықтықтан білім беретін бизнес-мектептеріне белсенді кірігуде. АБР пайдаланушы көптеген бизнес-мектептер өз контентінің көрінуі мен абыройын күшейту үшін әлеуметтік медиаларға өздері қосылды. АБР өзіне сандық ресурстардың әр түрін қосып алды. Оқыту контентінде курс материалдары, модульдар мазмұны, оқу объектілері, коллекциялар мен журналдар бар. Құрал-саймандар ашық оқыту контентін құру, жеткізу, пайдалану және жақсартуды қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етеді, іздеу және контентті ұйымдастыру, контент пен оқытуды басқару жүйесі, контент әзірлеу құралдары мен онлайн оқыту қоғамдастығы.
Executive Education өсуі
Бұдан әрі мектептердің мемлекеттіктен меншіктің жеке түріне ығысуы жүреді. Мектептер бизнес-білімнің қажеттілігін айқындайтын бизнестің өзімен қолдау табатын болады. Бизнеспен серіктес ұйымдардың саны ұлғаяды: қауымдастықтар тек бизнес-мектептердің арасында ғана емес, бизнес-мектептер мен компаниялар арасында да құрылатын болады. Сондай-ақ диплом берілмейтін бизнес-білімнің айтарлықтай өсуі болады. Болашақта дипломның қазіргідей қажеттілігі болмайды.Компания үшін маңыздысы – оның жұмыскерінің қандай дипломы бар екендігі емес, білімі мен дағдыларының болуы және оны әрі қарай қалай дамытатыны қызықтырады. Бизнес-мектептер барынша өз абыройын жинақтайтын болады. «Біздің клиенттеріміз кім? Қандай компаниялар біздің серіктесіміз болып табылады?» - бұл мәселелер бизнес-мектептер үшін ең маңызды.
Оқытудың практика мен қоғамға тұспалдануы (experiential learning, service learning, оқытудың бір бөлігі ретінде көшпелі семинарлар мен консалтингтік жобалар)
Заманауи бизнес мектептерінің әлеуметтік жауапты жүрісі жақсы рең береді, әлеуметтік стандарттың қоғамдағы белгілі бір бенчмаркі болады. Тұтастай алғанда, бұл еліміздің тұрақты дамуының шартын құрайды және экономикаға, ұзақ мерзімді преспективасына айтарлықтай экономикалық пайда әкелуге қабілетті.
Өмір бойғы білім (life-long learning)
Сонымен бірге МВА бағдарламасының ұзақтығы да өзгереді. Егер қазір бағдарламаның нақты аяқталған оқыту процесі болса, онда алда ол блок форматына ие болады.Білім тыңдаушыға бірден беріле салмайды, кәсіби өсудің әртүрлі кезеңдерінде қажет болады.Белгілі бір кезең арқылы оған жаңа білім керек болады, сол кезде ол бизнес-мектепке қайта оралатын болады. Осылай, бизнес-мектептер компаниялар үшін білім менторы рөлінде әрекет ететін болады.
Негізгі тенденциялардың қорытындысын шығара келе, бизнес-білім клиенттерінің рөлі айқындаушы болатынын айтқымыз келеді. Бизнес-білім беру бағдарламаларында не және қандай нысанда оқытылатынын клиенттердің өздері айтатын болады. Бизнес-мектептерден бұл бәрінен бұрын жаңашылдықты, сондай-ақ ең таңдаулы студенттер мен әлемдік нарықтағы оқытушылар үшін күресе білуді талап етеді.
АҚШ бизнес-білім беру нарығы
АҚШ-та 800-ден астам бизнес-мектеп бар, МВА бағдарламасы бойынша жыл сайын 100 мың адам бітіреді. Американдық-көшбасшы бизнес-мектептер (АҚШ) ұстанымы – таяудағы 5-8 жылда бұдан да әрі күшейе түсетін болады. Олардың жетістіктерінің негізгі факторларының арасынан төмендегілерді атауға болады:
бакалаврлық білім берудің бірыңғай стандарты, ол МБА бағдарламалары үшін жақсы фундамент болып табылады және үздік талапкерлерге бәсекелестікке қолайлы жағдай туғызады;
дәстүрлі күшті кәсіпкерлік рух және тәуекелге баруға дайындық. Бұл менеджмент-білім беруді дамыту үшін қажет болып табылады;
халықтың мобильділігі–мектептер үшін қайда тұратындығына қарамастан таңдаулы студенттерді алу мүмкіндігі.
Бизнес-білім ұзақ жылдар бойы американдық университеттерге ерекше хұқ болып қала берді. Гарвард МВА-дің бірінші бағдарламасын1908 жылы бастаған.16 жылдан соң, осы бизнес-мектеп МВА аясында оқытудың негізгі құралы ретінде кейстерді оқудың әдісін ұсынды. Алдымен Гарвард әдістемесі бүкіл Құрама Штаты бойынша қамтамасыз етілді, тек 50 жылдан кейін INSEAD MBA бағдарламасын Еуропа тұрғындары үшін қолжетімді жасады. 2013 жылы Forbes болжамы бойынша үздік бизнес-мектеп бестігіне, (ROI) инвестициясын қайтару көрсеткіші бойынша қосылды: Калифорнияда Стэнфорд, Иллинойста Чикаго (Booth), Массачусетсте Гарвард, Филадельфияда Уортон, Иллинойсте Northwestern (Kellogg).
Америкалық элиталы бизнес-мектептер абырой тұрғысынан жаһандық көшбасшы болып қала береді, алайда білім беру тиімділігінің экономикалық көрсеткіштеріне қатысты сөз болғанда, еуропалық бағдарламалар анағұрлым жақсырақ болып шықты.
ЕО бизнес-білім беру нарығы
Англияда әрбір университеттің өзінің бизнес-мектебі бар, мұндай мектептер орта есеппен алғанда МВА бағдарламаларының 60 мыңдай тыңдаушыларын шығарады. Әлемдік рейтингте 100 ең таңдаулы бизнес мектептің 27-сі еуропалық, оның 14-і – британдық мектептер.Британдық бизнес білімнің флагманы – Лондон Бизнес Мектебі. Колледждер мен университеттердің күшті желісі, көбінде тарихи мұрасына борышты, үздік оқытушылар мен үздік студенттер тартуға қатысты олардың арасында салауатты бәсекелестік жасады. Сонымен бірге, Англия дәстүрлі қаржылық орталық болып табылады, ол қаржылық бизнес-білімнің дамуына жақсы әсер етеді.
Францияның бизнес-мектептері INSEAD көшбасшысымен, Испания (IESE және ESADE), Швейцария (IMD), Нидерландия (RSM) әлемдік рейтингте еуропалық мектептерге қалған 13 позицияны иеленеді десе де болады. Нидерландияда қызық жағдай, халықтың 98%-ы ағылшын тілін білетіндіктен, нарық көшбасшысымен белсенді түрде ынтымақтасуға жақсы мүмкіндік береді.
Германия, Австрия және скандинавия елдерінің нарықтары, бизнес білім беру жүйесінде кертартпашыл болғанына қарамастан, айтарлықтай өзгерістерге шыдап төзуде. Бұл бәрінен бұрын үкіметтің дәстүрлі қолдауымен байланысты.Қаржыландыра отырып, үкімет талапкерлерге, бағдарламалар мазмұнына өз талаптарын қояды және бітіруші меңгеруі тиіс білім стандартын анықтайды. Сонымен қоса, оқудың тегін болуы құндылықтың психологиялық факторы мен білімнің маңыздылығын әлсіретеді. Швецияда, мысалы, МВА бағдарламасына түсу үшін тестен өтудің керегі жоқ. Бакалаврлық дәрежесін алғандығы туралы дипломды тапсырып, тіркелуі жеткілікті. Мұндай жағдайда білімі, дағдысы мен шеберлігі бірдей топ жинау мүмкін емес.
Осындай жағдай, әрине, бизнес-білім беру стиліне әсер етпей қоймайды. Бұдан аталған еуропалық елдердегі мектептердің әлемдік бизнес-білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілігін төмендетті. Мысалы, бизнес-білімнің неміс бағдарламаларының бірде-бірі әлемдік рейтингтегі 100 көшбасшыға кірмейді. Осыған қарамай, бұл неміс білім беру жүйесі жаман дегенді білдірмейді. Бұл жүйе бәрінен бұрын фундаментальді зерттеу мен аз мамандықтарға бағытталған (Fachschule), алайда ол белгісіздік жағдайында бәсекеге қабілетті болмады және талаптар стандартқа сай емес.
АҚШ нарығынан өзгешелігі, еуропалық елдерде компаниялардың бизнес-білімді қаржыландыру дәстүрінің жоқтығы жағдайды қиындатады. Скандинавиялық компаниялар жоғары мөлшерде салық төлей отырып, өздерінің міндетін сонымен орындалды деп есептейді. Алайда, Еуропа күрессіз, әрине беріле салмайды. Білім жүйесін реформалаудың алғашқы қадамдары:
•Бакалаврлық және магистрлік білім берудің бірыңғай стандартын енгізу туралы Болон конвенциясына қол қою;
•солтүстік америкалық жетекші мектептермен белсенді ынтымақтастық: Kellogg School of Management, Richard Ivey School of Business серіктестігі және алмасу және оқытушыларды тарту бағдарламалары аясында.
Шығыс-еуропалық елдердің бизнес-мектептері жаһандық контексте нашар позиция ұстанбайды. 90-шы жылдар басында бизнес-білімнің жоқтығы елдерге сол кездегі ең таңдаулы әлемдік практиканы алуға мүмкіндік берді. Осы елдердегі бизнес-білім беру төтенше инновациялық сипатқа ие және көп жағдайда олардың жалғыз табыс көзі болып табылатынклиенттердің сұраныстарына бейімделген. Өздерінің жаңашылдығы мен жинақталуының арқасында клиенттер табысы жағынан көп жылғы тарихы мен нарық сұранысы мен өздерінің клиенттерін көзге іле бермейтін американдық мектептерден басып озуда. Тарихи аналогтар жүргізе отырып, Шығыс Еуропаны Жапониямен салыстыруға болады, соғыстан кейінгі кезеңде, олардағы жинақталған капитал барынша заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтар алуға мүмкіндік берді.
Азияның бизнес-білім беру нарығы
2050 ж. Әлемдік өнімдегі Азия үлесі 70%-дық көрсеткішке жетеді. Бизнес-мектептердің саны тап осы Азияда қарқынды өсе түспек. Тыңдаушылардың орташа жасы да өзгереді, Азияда бизнес-мектептердің контингенті жасаруда және 23-25 жасты құрайды.
Азиялық бизнес-мектептерге қызығушылық артуда
Азия — туризмнен бизнеске дейінгі, барлық салаларда барынша тез дамып жатқан аймақ. Бұл дамуда білім соңғы орында емес: ЖОО-лардың беделді рейтингтерін жасаушылар азиаттық оқу мекемелерін жекелей шашылдырады. Мамырдың ортасында Quacquarelli Symonds британдық компания азиялық ЖОО-лардың кезекті рейтингін шығарды, ол тізімнің басында Сингапур Ұлттық университеті тұр.
Азиялық бизнес-білімге қызығушылықтың шартты өсуінің себептері
Азияда сапа мен бағаның үйлесуі АҚШ-қа немесе Еуропаға қарағанда жақсы болуы мүмкін. Студенттердің көпшілігі Қытайда, Оңтүстік Кореяда және Сингапурде оқу туралы ойланады: бұл елдерде оқу бағасы төмен, ал сапасы топ ЖОО-ларда еуропалық және америкалықтармен салыстыруға тұрады. Еуропалық және америкалық бірнеше университеттер Азияда филиалдарын ашты, беделді британдық ЖОО-ның дипломын аз ақшамен Малайзияда немесе Қытайда алуға болады.Бұл студенттерді қызықтырады. Мысалы, Сингапурдың ұлттық университеті Йеле, MIT, Кингс-колледж және басқаларымен бірлескен бағдарламаларын ұсынады, Сингапурдың өзінде Чикаго университетінің бизнес-мектептері мен француздық Insead кампустары бар. Ноттингем университетінің кампустары Қытай мен Малайзияда бар, ал Орталық Ланкашир университеті өзінің филиалын Тайландта ашуды жоспарлап отыр. Малайзиялық кампустегі Ноттингем университетінің шетелдіктерге арналған бакалаврлық бағдарламалары28 840 рингиттен (£5 000 шамасында) 45 420 рингитке дейін (£8 400 шамасында) тұрады, ал Ұлыбританияда — £12 110-нан £17 340-қа дейін. Ноттингемге қарағанда, Малайзияда өмір сүру екі есе арзан.
Батысқа қарағанда, азиялық ЖОО-ларда оқу бағасы тек төмен ғана емес: көптеген елдерде үкімет шетелдік студенттер үшін стипендиялар мен гранттар бөледі. Сонымен қатар, азиялық бизнес-мектептердегі ғылым күшті, өйткені оны шетелдік оқытушылар, шетелде оқып келген PhD докторлары әкелді. Ғылымға батыстық стандарттарды әкеле отырып, азиялық ЖОО-лар өздерінде мультимәдени орта жасау үшін студенттер деңгейіндегі интернационализациямен айналысуда.
Азиялық бизнес-мектептер бизнес-білім рейтингінен АҚШ бизнес-мектептерін ығыстыруда
Азиядағы МВА бағдарламаларының сапасы жетілдірілуде, оған жайлы орта, визалық қолдау, гранттардың берілуі қолдау білдіруде. Әлемдік рейтингке өту үшін, азиаттық ЖОО-лар батыстық білім беру стандарттарына бағытталуы тиіс болатын: студенттермен алмасу және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, кредиттік бірлікті өзара тапсыру жөніндегі келісімшарттар жасалды, ағылшын тілінде сабақ беру енгізілді. Соңғы 10 жылдағы бизнес-білім беру нарығының нәтижесінде азиаттық жоғары оқу орындары американдықтар позициясынқайтарып алуда: егер 2004 жылы full-time MBA Financial Times бағдарламасының топ-50 рейтингі бойынша бірде-бір азиаттық бағдарлама болмаса, ал 2014 жылы олар 16% болды, сол уақытта американдық бағдарламалардың үлесі 76%-дан 52%-ге дейін төмендеген болатын. Executive рейтингінде MBA Financial Times алты азиаттық бағдарламасы — дербес немесе батыс мектептерімен бірге — топ-10-ға енді; ал рейтингті Гонконг ғылым және технология университеті (Hong Kong UST Business School) мен американдық мектеп Kellogg жанындағы бірлескен бизнес-мектептер басқарды.
Дегенмен, азиялық және батыстық ЖОО өмірлік циклдың әртүрлі сатысында тұр: егер Еуропа мен Америкада оншақты жылдар бойы жетілу сатысында болып келе жатса, ал Азияда қазір – қызу даму сатысында әрі экономиканың күрт өсуі себеп болуда. Біріншіден, Оңтүстік-Шығыс Азияның рөлі әлемдік экономикада өсіп жатыр және ол жалғаса түсуде.Азиаттық өзіндік бизнестің дамуынан басқа, батыстық компаниялар көбіне осы аймаққа назар салуда, ал Сингапурды (және Гонконг) ұлттық корпорациялар астанасы атауға болады. Екіншіден, азиаттық бизнес-мектептер өзінің жастығы мен қарқынды даму үстіндегі өсуімен қоса, олар барынша экономикадағы өзгерістерге дайын және дәстүрлі мектептерге қарағанда тез сезіне білуге қабілетті.Үшіншіден, Азиадағы білімді дамыту тәжірибесінің өзіжақсы сабақ болуда. Белгілі бір уақытта, Оңтүстік-Шығыс Азияның бизнес-мектептері еуропалық пен америкалықтардың істегендерін көшіріп ала алмайтынын түсінді, әйтпесе оларға жету қиын және атап айтқанда осы жағдай қызықты инновациялық шешімдерге өз кеңістігін ашты. Басты кемшілік — азиялық нарықта бизнес-мектептердің күшті брендтерінің болмауы.
Қытайдың бизнес-білім нарығы
Қытайлық бизнес-білім нарығы агрессивті жылжумен айналысуда, шетелдік студенттерді тартуда, мемлекет тарапынан қолдау көруде. Осылай, қытайлық үкіметтің МВА бағдарламаларына өзінің спецификалық талаптары бар (мысалы, тапсырыс берушімен тығыз байланыс), бұл AMBA талаптарымен сәйкес келмеуі мүмкін (қауымдастық MBA-ді бизнестен мемқызметке өтуге жол беретін дженералистикалық бағдарлама ретінде қарайды). AMBA-ға өзінің бағдарламаларын аккредитацияға берген қытайлық мектептер үлесі (бизнес бағдарламаларының аккредитациясын беретін негізгі халықаралық қауымдастықтардың бірі) басқа бір елдерге қарағанда қарқынды өсуде. Олардың көпшілігі аккредитация алуда.
МВА тыңдаушыларының саны ұлғаюда, бүгінде Қытайдың бизнес-мектептерін жыл сайын 20 мыңнан астам адам бітіріп шығуда. Қытай бағдарламалары сапасының бәсекелестік деңгейге шығуына кем дегенде он жыл уақыт керек.
Қорытындылар
Бизнес-мектептерді жіктеу және олардың ерекшелігін көрсету үшін, сарапшылар төмендегідей сызбаны жасады.
Кесте2. Әлемдік бизнес-мектептердің классификациясы
Иностранные преподаватели
|
Голландия
|
Шығыс және Орталық Еуропа, Украина, Ресей
|
Местные преподаватели
|
Азия, Жапония
|
АҚШ, Канада, Қазақстан
|
|
Академиялыққа бағдар
|
Бизнеске бағдар
|
Матрицаның өлшемдері лайықты сайланды:
1. Оқытушылар құрамы. Мектептер өздеріне шетелдік мамандарды шақырта ала ма немесе олардың оқытушылар құрамы өз мектебінің қызметкерлерімен шектелген бе?
2. Академиялық оқытуға немесе бизнеске тұспалдау. Бизнес-мектептердің қызметі көп мөлшерде неге бағытталған: бизнес саласындағы фундаментальді ғылыми зерттеулерді жүргізуге ме немесе нақты компанияларда орын алған қолданбалы мәселелер басымды болып табыла ма?
Матрицадан көрініп тұрғандай, оның сол жақ төменгі секторында негізінен азиаттық және жапондық бизнес-мектептер орналасқан, мысалы, кореялық KAIST сияқты жәнежапондық мектеп JAIST консорциумы. Бұл мектептерге шақырылған оқытушылар пайызы мардымсыз (барлық бағдарламалар көлемінен 10%, яғни 2-3 курс бар). Мұндай мектептердің профессорлары білімді шетелде алады, содан кейін келгеннен соң студенттерге алған білімін қайтарады. Азиялық және жапондық тыңдаушылар көбіне американдық бизнес-мектептердің қарапайым тобын құрушы болып табылады. Осы сектордың бизнес-мектептерінің үлкен бөлігі LG, Toshiba, Samsung сияқты ұлтаралық компанияларға арналған фундаментальді зерттеулер жүргізуге тұспалданған.
Голландиялық бизнес-мектептер шетелдік оқытушыларды, сондай-ақ білім берудің академиялығын тартудың ашық үлгісі ретінде көрінеді. Оқытушылардың өздері басқа оқу мекемелерімен белсенді ынтымақтастықта. Курс бағдарламаларында теориялық моделдер мен компанияның мінез-құлық әдісі, математикалық есептеулерге айтарлықтай көңіл бөлінеді.
Шығыс және Орталық Еуропаның бизнес-мектептері, ресейлік және украиндық мектептер нақты жағдайлардағы нақты бизнестің қажеттілігіне тұспалданған. Бизнес оларды қаржыландырудың жалғыз көзі болып табылады, ал мемлекет тарапынан қолдау жоқ десе де болады. Мұндай мектептердің көпшілігі халықаралық студенттер үшін сабақ берумен, өздерінің зерттеулері мен консалтингі үшін жаңа материалдар жинаумен айналысатын мамандар мен жетекші ғылыми қызметкерлерді шақырады.
Осындай мектептер, мысалға алатын болсақ, көшбасшылар Harvard Business School, Kellogg School of Management, Stanford University, Richard Ivey School of Business және АҚШ пен Канаданың қалған бизнес-мектептері, таңдаулы брендтер жасай отырып, өздерінің брендтерін басқа мектептің брендтерімен салыстыруға қызығушылық танытпайды, сондықтан олар өздерінің оқытушылар құрамына сенім артады. Мұндай жүйенің кемшілігі – оның икемсіздігінде. Егер басқа мектептен үздік оқытушы курсына шақыруға теориялық мүмкіндік болса, онда бұл мүмкіндік ешқашан пайдаланылмайды.
Сонымен, АҚШ-та бизнес-білімнің тарихи шоғырлануы және қарқынды дамығанына қарамастан, қазір біз бизнес-білімнің провайдерлері аралығындағы жаһандық бәсекелестік дәуіріне қадам басқалы отырмыз. Жыл сайынғы бизнес-мектептердің Financial Times ТОП-100 рейтингі бойынша американдық емес бизнес-мектептердің саны өсуде.Яғни, соңғы рейтингте 44 американдық емес бизнес-мектептер, оның ішінде 27 еуропалық, 8 канадалық, 4 азиаттық, 2 австралиялық және 3 латиноамерикалық және солтүстік африкалық мектептер бар. 1992 жылдары, сол кездегі рейтинг бойынша, американдық емес мектептер небәрі 31 болған.
9 географиялық аймақтағы 3 үздік бизнес-мектептер 2014 жылдың нәтижесіне сәйкес, Eduniversal рейтинг компаниясының бизнес-мектептерінің декандары 2014 жылдың 22 қазанында Ыстамбұлда (Түркия) болды.
1.University of Cape Town - UCT Graduate School of Business - South Africa
2.University of Stellenbosch - Business School - South Africa
3.The American University in Cairo - School of Business - Egypt
1.Indian Institute of Management Bangalore (IIM-B) - India
2.Indian Institute of Management Ahmedabad (IIM-A) - India
3.Indian Institute of Management
Calcutta (IIM-C) - India
1.St. Petersburg University - Graduate School of Management - Russia
2.University of Economics, Prague VSE - Czech Republic
3.University of Ljubljana - Faculty of Economics - Slovenia
1.Koç University - Graduate School of Business - Turkey
2.Tel Aviv University's Faculty of Management - The Leon Recanati Graduate School of Business Administration - Israel
3.Istanbul University - Faculty of Business Management - Turkey
Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытай
1.National University of Singapore - NUS Business School - Singapore
2.Hong Kong University of Science and Technology - HKUST Business school - Hong Kong S.A.R., China
3.CEIBS - China Europe International Business school - China
1.EGADE Business School - Tecnologico de Monterrey - Mexico
2.FGV - EAESP SÃO Paule Business Administration School - Brazil
3.IAE Business School - Universidad Austral - Argentina
1.Harvard Business School - USA
2.McGill University - Desautels Faculty of Management - Canada
3.Yale School of Management - USA
3.Stanford University Graduate School of Business - USA
1.The University of Melbourne - Melbourne Business School - Australia
2.Monash University - Faculty of Business and Economics - Australia
3.The University of Sydney - Business School - Australia
1.Copenhagen Business School – CBS - Denmark
2.London Business School - United Kingdom
3.INSEAD - France
3 қосымшада Times Higher Education World University Rankings 2014-2015 болжамы бойынша университеттер рейтингі берілген. Берілген тізімге үздік әлемдік университеттер кірді. Бұл рейтинг студенттер, ғалымдар, жоғары оқу мекемелерінің басшылары, өндірістік және үкіметтік құрылымдар өкілдері сенім білдіретін барынша кешенді және теңдестірмелі салыстыруды қамтамасыз етуге тиімділіктің 13 мұқият іріктелген көрсеткішін пайдаланылады. 3 қосымшада бұл университеттер тұрған елдеріне қарай топтастырылған.Толық әдістеме www.timeshighereducation.co.uk. сайтында келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |