А үлкен және сұқ саусақтармен көзді ашып, көздің ішкі бұрыш жағына тамызғыш арқылы физиологиялық ерітінді құю б


« Дуоденальды зондтауға дайындау және өткізу »



бет72/130
Дата02.01.2022
өлшемі180,72 Kb.
#107959
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   130
Байланысты:
стандарт[1]
стандарт[1], стандарт[1], аман
« Дуоденальды зондтауға дайындау және өткізу »
Мақсаты: диагностикалық – ұлтабардағы және өт қалтасындағы сұйықтық қоспасын зерттеу, өт қалтасының концентрациялық қызметтің және өт жолдарынан өттің жүріп жатқан қызметін анықтау, одди сфинктердің жағдайын бағалау

Емдеу: өт қалтасынан өтті сыртқа шығару

Көрсеткіші: өт қалтасының, бауырдың және өт жолдарының қабынуы

Кері көрсеткіші: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің ауруларында, өңештің варикозды кеңеюі, портальды гипертензия, асқазанның қансырауы, өкпе-жүрек жетіспеушілігі, жедел холецистит, панкреатит,бронх демікпесі т.б
Жасау әдісі:

1. тәңертең ашқарында болатынын пациентке ескерту.

2. пациентке шараның жолын түсіндіру, келісімін алу

3. пациент ішетін тамағын кешкі 18.00 асырмау керек

4. жатарда спазмалитик беру (2таб) немесе балы бар шай, грелка оң

жақ қабырға астына.

5. протез тістерін шараның алдында шешеді.

6. пациентті орындыққа сүйеп отырғызу, кеудесін орамалмен жауып

қою.

7. қолға деконтаминтация (гигеналық деңгейде)



8. стерилді зондты пинцетпен алып, оливаның дұрыс бекітілгенін

тексеріп өту

9. зондты оң қолмен қаламсап ұстағандай алыңдар, бітеу жағынан

10-15см ара қашықта сол қолмен, зондтың сыртын ұстаңдар.

10. пациентке аузын ашуын сұраңдар, ылғалды оливаны тілдің

түбіне қойып, мұрнымен терең дем алып, жұтынуын сұраңдар,

оливаны бір белгіге дейін жылжытыңдар.

11. зондтың асқазанға түскенін тексеріңдер, шприц жалғап.

12. пациентке 15-20 мин жүруін сұраймыз, зондты 2-ші белгіге дейін

жұтады.


13. пациентті кушеткаға оң жақ бүйірімен жатқызыңдар, оң қолын

арқасына қайырып, жастықсыз, жамбасының астына валик

(жастық) оң жақ қабырға астына жылы грелка

14. орындыққа пробиркасы бар штативті қойыңдар.

15. зажимді шешіп, сүңгінің бас жағын пробиркаға түсіріңдер.

16. асқазан сөлі бөлінеді ( қышқыл реакция бар), 30-60мин. Кейін

пробиркаға сары түсті өт бөлінеді ( сілтілі реакцияда) – порция А

(12 елішектен) зондтың сыртқы жағына зажим салыңдар

17. пациентті арқасымен жатқызып, зажимды алып, Жанэ шприцпен

30-50мл жылы магний сульфат ерітіндісін жіберіңдер,

зондты 10-15 мин бекітіңдер

18. пациенті оң жақ бүйірімен жатқызып, зажимды алып, зондты

пробиркаға түсіріңдер қоңыр-жасыл сұйықтық бөліне бастайды.

Өт қалтасынан. өт – порция В

19. Алтын-сары сұйықтық бөлінеді – бауыр жолдарынан – порция С.

Зондтан жылы минеральды су 300мл жіберіңдер.

20. зондты салфеткамен шығарып, дез.ерітіндіге салыңдар.

21. перчатканы, салфетканы КБУ-ға тастау

22. пробиркалар жазып өтіңдер, зертханаға жіберу

23. пациентті палатасына шығарып салып, тамақтандыр.

Ескерту: - бөлінген сілекейді лотокқа түсіріп отыру

- 2-3 күн бұрын зерттеу алдында пациенттің диетасынан газ шығаратын

тағамдарды алып тастау ( капуста, картофель, сүт, майлы және

қуырылған тағамдарды)

- зондтың асқазанға түскенін аспирация жолымен тексеру. Бұл кезде

шприцке келеді сәл сұйықтық қышқыл реакциялы. Егер сұйықтық

шықпаса, зондтың асқазанда бүгіліп қалуы, зондты сәл тартып,

қайтадан енгіземіз.

- оливаның асқазанға түскенін шприцке ауа жинап, асқазанға жіберу

арқылы білуге болады, олива асқазанға түскенде пациент ауа барғанын

сезеді, және дыбыс пайда болады

- бактериологиялық зерттеуге өттің 3 порциясы алынады АВС.

- порциялар зертханаға жылы күйінде жеткізіледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет