"Биохимиялық қан анализіне қанды жинау"
Стандарт 1.101.
Мақсаты:диагностикалық
Көрсеткіші:пациенттің тексерілуі
Асқыну:гематома,тромбофлебит,сепсис,вирусный гепатит,СПИД.
Қан алу орны: бүгілу шыңтағындағы венасы,білезік,иық маңы
Дайында:стерильді:бір рет қолдануға арналған шприц сыйымдылығы 10-12 мл,мақталы шариктер,перчатка,лоток,70 % спирт, резеңкелі жгут, жастықша,маска,алжапқыш, салфетка,штатив пробиркаларымен , КБУ.
АЛГОРИТМ:
1.Пациентке істің мақсатын және орындалу ретін түсіндіру,келісімін алу.Пациент таңғы асын іштіме екенін,қосымша сұрау;
2. Лабораторияға жолдама жіберу,пробирканы белгілеу;
3. Пациентті ыңғайлы отырғызу;
4. Қолға деконтаминтация жасау(гигиеналық деңгейде),антисептикамен тазалау;
5. Маска,перчатка,қорғауыш көзілдірік және алжапқыш кию;
6.Бір рет қолдануға арналған шприцті ашып,оны жинау. қорғауыш қақпақшасын алмай тұрып ауасын шығару,жинастырылған шприцті упаковкасынын бет жағына қою;
7.Пациенттің шынтақ астына жастықша қою;
8. Иықты 3 бөлікке бөліп, ортаңғы бөлігіне жгутты киім үстіне немесе салфетка үстіне салу;
9.Жгуттың екі жақ түбі жоғары,ал байланған жағын төмен қаратып байлаңыз;
10. Пульсті тексеру (пульс бірқалыпты болу керек)
11. Вена зерттеу.Толып тұрған венаны табыңыз.
12. Венанын толуы үшін пациентке қолымен жұмыс істеп тұруын(ашып,жұмып тұруын) сұрау;
13. Инъекция жасайтын аймақты спирке малынған 2 мақталы шарикпен өңдеу,КБУ-ға тастау; 3-інші мақталы шарикты сол қолға 4,5 саусақтар арасына ұстау;
14.Шприцті оң қолға алыңыз
15. Инені венаға белгіленген жерден төмен ,сол қолдың үлкен саусақтарымен белгілеу;
16.Иненің қоғауыш қақпақшасын шешіп,инені пациентке кіргізіңіз(пациенттің жұдырығы қысулы болуы керек)
17.Поршенді өзіңізге тартып,иненің венаға түскеніне көз жеткізіңіз
18. Шприцке 5-7 мл қан жинау үшін ,сол қолмен ақырындап поршенді өзіңізге тартыңыз;
19.Жгутты шешіп,пациеттің қолын босатып ,инені венадан тез алу керек.
20. Инъекция жасаған жерге спирке малынған мақталы шариктерді 5-7 минутқа қойып,пациентке қолын бүгуін сұрау;
21.Инені шприцтен ажыратып ,КБУ-ға тастаңыз;
22.Қанды шприцтен ақырындап,шашыратпай, пробиркаға бір жаққа қырынмен ағызу;
23.Пробиркаға су тимейтіндей етіп ,жабыңыз;
24.Пробирканы штативпен бірге контейнерға салыңыз,оны қатты жабыңыз;
25.Пациенттің қан алған жерінен ,қан ақпағанына көз жеткізіңіп,мақталы шариктерді КБУ-ға тастаңыз;
26.Контейнермен мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз;
27. Перчатканы шешіп,КБУ-ға тастау;
28. Қолды жуып,құрғату;
Достарыңызбен бөлісу: |