Ескерту:
- жұтқыншақтан мазок алу тәңертеңгілік ашқарында немесе тамақтанудың алдында 2 сағат бұрын алынады, тіс жуудың, тамағын жаюдың алдында
- зерттеу нәтижесі 5-7 күнде шығады, пациенттен мазокты дұрыс алған кезде
- ашық қарсы өзгерістер болғанда 2 тампонмен жүргізіледі
1.107 Стандарт
Мұрыннан мазок алу.
Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау
Көрсеткіші: мұрындағы микрофлораларды зерттеу, жұқпалы ауруға
күдіктену.
Әзірле: штатив стерильді пробиркалары мен тығыз жабылатын мақталы тампонымен, стержень құрғақ мақталы тампонмен оралған, шпатель, бикс, жолдама қағаз, маркер, перчатка, маска, вазелин майы, мақта тампон, КБУ
Жасау әдісі:
1. пациентке шара барысын, мақсатын түсіндіру, келісімін алу
2. жолдама жазу зертханаға
3. пробиркаларды нөмірле НОС - №2, пробирканы штативке сал
4. қолға деконтаминтация жасау (гигиеналық деңгейде),
перчатка, маска кию
5. жарыққа қарай пациентті орындыққа отырғыз, артқа басын сәл
шалқайтуын сұра
6. пациентке қарама-қарсы тұр
7. мұрын қуысының тазалығына көз жеткіз
8. мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазалау
(пациентке сімгіруін айту), мұрын қуысынан қабыршықтарды
жою, вазелин майын жағып, мақта тампонымен алып тастау
9. сол қолға жабық пробирканы НОС - №2 белгісімен 3,4,5-ші
саусақ арасына, ал оң қолмен тампонды пробиркадан
шығарып қақпағынан ұста ( қақпағынан ғана ұстау керек еш
жерге тиіп кетпей)
10. сол қолдың үлкен саусағымен мұрын ұшын көтер, оң қолмен
тампонды айналдыра бірінші мұрын қуысына, одан кейін
келесіне, тереңдігі 1.5-2см, мұрын аралықтарының
қабырғасына тығыз тигізу
11. тампонды мұрын қуысынан шығар
12. тампонды еш жерге тигізбей пробиркаға сал
13. тығыздап жабылғанын тексер
14. штативті пробиркаларымен бикске салып, «замокқа» жабу
15. перчатка,масканы шешіп КБУ –ға таста
16. қолды жуу, құрғату
17. алынған мазокты бактериологиялық зертханаға 2сағаттың
ішінде жібер.
Достарыңызбен бөлісу: |