А. М. Касенова. Стандарттау


Метрология жөніндегі аймақтық ұйымдар



Pdf көрінісі
бет169/184
Дата29.12.2023
өлшемі10,03 Mb.
#199846
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   184
Байланысты:
Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

3.7.3 Метрология жөніндегі аймақтық ұйымдар
Орталықжәне Шығыс Еуропа мемлекеттерінің метрологиялық 
ұйымы (КООМЕТ). Өзара экономикалық көмек Кеңесіне кіретін 
елдердің метрология жөніндегі ұлттық ұйымдары 1991 жылы 
ұлттық метрологиялық қызмет деңгейінде 
ынтымақтастық 
құру жөнінде Меморандумға қол қойды. Штаб-пәтері Брати­
слава қаласында орналасқан КОМЕТ құрылды. Оның мақсаты 
- тауар айналымын жақсарту, қуат қорларын үнемдеу, еңбек 
қауіпсіздігін жэне елдердегі экономикалық жағдайды көтеру. 
Ынтымақтастықтың негізгі бағыты халықаралық метрологиялық 
ұйымдардың ұсынымдарын жэне басшылығын ескере отырып, 
үлттық ұйымдардьщ негізгі мақсаттарын жүзеге асыру.
КООМЕТ өз қүралына мүше болғысы келген елдерге болды. 
Оған мүше болған елдерге басқа да халықаралық үйымдардың 
жүмыстарына қатысуға тыйым салынған жоқ. Ынтымақтастық са- 
ласы болып физикалық шаманың метрология эталондары, зандық 
метрология жэне калибрлеу қызметі белгіленді.
КООМЕТ-тің құрамы белгілі бір мерзімге сайланып қатысушы 
елдердің мемлекеттік метрологиялық мекемелерінің түрақты 
өкілдері төрағаларынан түрды. Отырысы жылына бір рет өткізілді.
Нақты мәселелерді әзірлеуге жүмысшы топ қүрылып, олар 
өз жүмысында тиісті халықаралық метрологиялық үйымдармен 
ынтымақтаса отырып жүмыс істеді.
КООМЕТ-ке мүше болып Беларусь, Болгария, Германия, 
Польша, Ресей, Қазақстан, Румыния, Словакия, Украина, Куба


I ll тарау. Метрология негһдері 253
кіреді. Армения, Грузия, Литва ынтымақтастыққа ниет білдіруде. 
EAL ЕВРОМЕТ-пен қарым-қатынас орнатылған, олар КООМЕТ- 
тің мүше-елдерінің мамандарының өз отырыстарына қатысуына 
рұқсат берген. Оның үстіне ақпарат алмасу, қаулыларының 
көшірмесін беру сияқты жүмыстары тұрақты жүргізілді.
КООМЕТ-тің эталондар жөніндегі біріккен комитеті 12- 
mi отырысында құрылды. (ЭБК КООМЕТ) (орталығы - Гавана 
қаласы, мамыр, 2002 ж.).
ЭБК КООМЕТ 12 техникалық комитеттен (ТК) түрады:
ТК 1.1. «Өлшемнің жалпы мәселелері (жалпы метрология)»; 
ТК 1.2. «Акустика, ультрадыбыс және тербеліс»;
ТК 1.3. «Электр және магнетизм»;
ТК 1.4. «Шығындық метриясы»;
ТК 1.5. «¥зындық және бүрыш»;
ТК 1.6. «Масса жэне онымен байланысты шамалар»;
ТК 1.7. «Фотомерия жэне радиометрия»;
ТК 1.8. «Физикалық химия»;
■ ТК 1.9. «Иондау сәулеленуі жэне радиобелсенділік»;
ТК 1.10. «Термометрия жэне жылу физикасы»;
ТК 1.11. «Уақыт жэне жиілік»;
ТК 1.12. «Стандарттың үлгілері».
ЭБК КООМЕТ өз жүмысын КООМЕТ, Өлшем жэне салмақ 
жөнінде халықаралық бюроны, Аймақтық метрологиялық бірік- 
кен комитеттердің қүжаттары мен процедураларын сақтай отырып 
жүргізеді.
ЭБК КООМЕТ ТК-тің мына жүмыстарын үйлестіреді:
үлттық метрологиялық институттар беретін үлттық эталон- 
дарды, өлшем мен калибрлеудің сертификаттарын мойын- 
дау туралы КООМЕТ елдерінің келісімдерін жүзеге асыру; 
КООМЕТ-тің өзектік, қосымша жэне екі жақты салысты- 
руын жоспарлау, үйымдастыру және әдістемелік қамтама- 
сыз ету;
КООМЕТ-тің эталондарды немесе өлшемнің жаңа әдістерін 
қүру жэне жетілдіру жобаларын үйымдастыру және жүргізу; 
эталондар 
саласындағы 
ынтымақтастық 
жөніндегі 
ұсыныстарды кұру;


254 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негіэдері
заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің 
стандарттық үлгілерін құру жэне қолдану; 
эталондар саласына қатысты басқа да сұрақтар.
Техникалық комитеттер өз қызметтерін ЭБК КООМЕТ-тің 
құзыретіне байланысты жүргізеді, оларды КООМЕТ комитеттері 
төрт жылға тағайындаған төрағалар басқарады.
Техникалық комитеттер ынтымактастыктың жэне жұмысшы 
топтардың жұмыстарын үйлестіретін төменгі комитеттер құруы 
мүмкін. Төменгі комитеттердің төрағасы мен қүрамын тиісті 
техникалық комитеттер анықтайды, КООМЕТ комитеттері үш жыл 
мерзімге бекітеді. Төменгі комитеттердің шешімі үсынымдық сипат 
алады эрі тиісті техникалық комитеттерде бекітілуі қажет. КООМЕТ 
мүшелері өз өкілдерін олардың жүмыстарына қатысуға жібере алады.
Еуропалық метрологиялық ұйым (ЕВРО MET) 1987 жылы 
қүрылды, Еуропа одағы (ЕО) елдерін біріктіреді. Оның мақсаты 
- елдер арасындағы эталондарды жетілдіру жөніндегі мәселелер 
бойынша ынтымактастыкгы арттыру; үлттық қорларды пайдалану- 
ды оңтайландыру жэне метрология жөніндегі әзірлемелерді ендіру- 
ді жылдамдату, өлшеу қызметтерінің сапасын жақсарту жэне т.с.с.
Нақты жұмыстарының негізгі бағытына мыналар жатады: 
Эталондар құру жүмыстарын үйлестіру; үлттық жэне бастапқы 
эталондарды сараптауға арналған қаржыны жүмсауды үйлестіру; 
жекелеген жобаларды жүзеге асыруға мүше елдерді жүмылдыру; 
мүше елдерді ақпаратпен қамтамасыз етуді дамыту. ЕВРОМЕТ- 
тің тұрақты орны жэне бюджеті жоқ. Нақты әзірлемелерді 
қаржыларды мүше-елдер өз мойнына алады.
Батыс-Еуропалық заңдық метрология жөніндегі бірлестік 
(ВЕЛМЕТ). 1989 жылы ЕО елдерінің заңдық метрологиясының 
ұлттық қызметтерінің жұмыстарын үйлестіру үшін құрылган жэне 
ЕО елдерінің арасындагы саудадағы кедергіні жою мақсатын 
көтереді.
1990 жылы 13 ел Өзара көмек мемарандумына қол қойды, 
оның негізгі мақсаты - қол қойган елдерге тек үсыным сипатта 
ғана құқықтық көмек корсету. Осы мемарандумга сай ВЕЛМЕГ 
комитеті қүрылды.
ВЕЛМЕТ өз қаржысы жоқ, эр мүше ел өз жұмыстарын өзі 
қаржыландырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет