7
Машиналар мен қҧрылғылар ҥздіксіз және мерзімді әрекет ететін болып
бӛлінеді. Ҥздіксіз әрекетті машиналар мен аппараттар процестің қалыпты
ағымына қажетті барлық операцияларды орындау жабдықты тоқтатпай,
ӛңделген ӛнімді ҥздіксіз жылжыту кезінде жҥзеге асырылатындығымен
сипатталады.
Мерзімді әрекетті жҧмыс істейтін машиналар мен аппараттарда негізгі
операциялар шикізатты тиеу, жартылай фабрикаттарды немесе ӛңделген
материалдарды тҥсіру ҥзілістермен орындалады.
Әдетте, ҥздіксіз жҧмыс істейтін машиналар мен қҧрылғылар металл мен
энергияны аз пайдаланады, қарапайым қҧрастырылымымен және жоғары
ӛнімділігімен ерекшеленеді. Мерзімді жабдықтардың басты артықшылығы-бҧл
ҥлкен технологиялық икемділік, яғни ӛнімнің сапасын тӛмендетпей, ең аз уақыт
жҧмсай отырып, сҧрыптан сҧрыпқа тез ауысу мҥмкіндігі.
Машиналарда жҧмыс органдарына кҥш кӛп жағдайда механикалық
энергияны механикалық жҧмысқа айналдыру арқылы жасалады. Ӛңделетін
объект пен жҧмыс органдары арасындағы ӛзара іс-қимыл кинематикалық
(салыстырмалы қозғалыс жылдамдығы) және кҥштік (технологиялық кҥш)
параметрлермен сипатталады.
Қҧрылғылардың негізгі жҧмыс қҧрылғылары әдетте қозғалмайды.
Аппараттағы энергия оның кӛздерінен ӛңделетін объект ӛзара әрекеттесетін
жҧмыс қҧрылғыларына беріледі. Кейде қҧрылғыларға ӛңделетін материалдарды
тасымалдауға, процестерді кҥшейтуге және т. б. арналған қосалқы механикалық
қҧрылғылар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: