А. Мырзахметов атында



бет31/34
Дата01.05.2018
өлшемі9,69 Mb.
#40353
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

ӘОЖ 343.211
ЖАЗАНЫ АТҚАРУШЫ МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАРДЫҢ

ҚЫЗМЕТІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
КОНТРОЛЬ СЛУЖБЫ ОРГАНОВ УЧРЕЖДЕНИЙ,

ИСПОЛНЯЮЩИХ НАКАЗАНИЯ
CONTROL SERVICE OF ENTITIES THAT EXECUTE PENALTIES
Тлеубердина У.Т. - м.ю.н., Ташенова А.К.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранты


Аңдатпа

Аталған мақалада Қазақстан Республикасындағы жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметінің бақылау жүйесі қарастырылады.
Аннотация

В статье анализируется система контроля службы органов учреждений, исполняющих наказания в Республике Казахстан.
Annotation

In the article the monitoring system of the institutions service bodies executing punishments in the Republic of Kazakhstan is analyzed.
Қылмыстық-атқару құқығының жүйесі Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының бір бөлігі болып есептеледі. Бұл жүйеге қылмыстық жазаны атқару мен өтеуді қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнату, сотталғандарды түзеу, сотталғандар және басқа біреулер жаңа қылмыс жасамауды ескерту мақсаттары жүктелген. Көрсетілген мақсаттарды шешуге қоғам толықтай мүдделі болғандықтан, бұл мемлекеттік, қоғамдық институттар жүйесі арқылы құқық қорғау органдарының, соның ішінде жазаны атқарушы органдарға әрдайым әлеуметтік бақылау қоюды белгілейді. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмысына бақылау қоюдың үлкен құқықтық-әлеуметтік маңызы бар. Қылмыстық жазаны өтеу кезіндегі бақылау процесінде, алдымен заңдылықты сақтау қамтамасыз етіледі. Заңдылықты сақтау – жазаны атқару органдары жұмысының басты қағидаты болып есептеледі. Жазаны атқаратын түзеу мекемелері мен органдарының қызметі зандарды қатал сақтауға негізделеді. Бұл мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өздері еңбек етіп жүрген қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге жауапты [1].

Қызметкерлердің жұмысын бақылау тіркесін қарап жүру мен тексеру жүйесі, яғни, қызметкерлер әрекеттерінің құқықтық-нормативтік актілер талабына сәйкестігін, болып жатқан заң бұзушылықты білу мен тоқтату мақсаттарында және осындай бұзушылықтарды келешекте болдырмауды ескерту ретінде түсіну керек. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің жұмысын бақылау жеке бастың мақсаты ғана емес, ол қажетті амалдың тиімділігін көтеру, жазаны атқару мен түзеу шараларын қолдануға әсер ету мақсаттарын көздейді.

Бақылаудың қорытындысын жүзеге асыру нәтижесінде әкімшіліктің қызметі әрекеттеріндегі кемшіліктерді табу және оларды жоюға мүмкіндік туады. Әкімшіліктің қызмет әрекеттерін бақылау, сонымен бірге, қылмыстық-атқару мекемелері жүйесіндегі заңдылықты бұзу жағдайларын табу амалдары мен оның себептерін жою болып есептеледі. Алдымен, ол заңдылықтың құқықтық негізін, әсіресе, заңға негізделген құқықтық-нормативтік актілерді, егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жағдайда жетілдіруге әсерін тигізеді.

Демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында Үкіметтің барлық мемлекеттік институттары, соның ішінде құқық қорғау органдары бұқаралық ақпарат құралдарының, жалпы қоғамның назар салып қадағалауында болады. Жазаны атқарушы органдардың қызмет әрекетін бақылау, оның қоғамдық түрлерін пайдалану арқылы іске асырылады, ол жазаның жағдайларын, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған экономикалық және басқа да қиыншылықтарды кеңірек хабарлауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі өз кезегінде, жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның қарқыны мен мақсаты жөнінде әр түрлі көзқарастар туғызған қоғамдағы әлеуметтік шиеленісуді төмендетуге септігін тигізеді [2].

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетін бақылау әр түрлі негіздермен топтастырылуы мүмкін, ол бақылау жүргізетін халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық субъектілерге байланысты.

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетін халықаралық бақылау – Халықаралық адам құқықтары ережелерінде, алдымен, Адам құқықтарының жалпы Декларациясында (1948), азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде (1966), азаптауға және басқа да мейірімсіз, адамгершіліктен тыс сондай-ақ абыройын қорлау түрлерімен айналысу немесе жазалауға қарсы Конвенциясында (1984) және басқаша ұсыныс ретінде БҰҰ мүше елдеріне айтылған жайттар болып табылады.

Әкімшіліктің жұмыс әрекетін бақылаудың маңызы мынадан байқалады: ол мемлекет бөлетін қаржы-материалдық қаражаттарды үнемдеп жұмсауға, оны қайта бөлуге қылмыстық-атқару мекемелер жүйесін ұстауға, біздің мемлекетке аса қажетті басқа да әлеуметтік мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық бақылау да жаза атқарушы мекемелер мен органдардың қызмет әрекетінде заң бұзбауды қамтамасыз ету амалдарының бірі болып есептеледі. Ол – мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қоғамдық құрылымдардың және құқық қорғау ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының жазаны өткеру жағдайлары мен ретін бақылауы болып табылады [3].

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қызмет әрекетін мемлекеттік бақылаудын бірнеше түрлері бар. Олар: соттық бақылау, атқарушы үкімет органдарының бақылауы, прокурор бақылауы және ведомстволық бақылау.

Жазаны атқарушы түзеу мекемелері және басқа да органдардың жұмыс әрекетін атқарушы Үкімет өкілдері, яғни Үкімет, өз аумағындағы жағдайға жауапты әкімдер жағынан бақылау жүргізіледі. Жергілікті әкімшілік органдарында түзеу мекемесі әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін тексеруге функциясы бар бақылау комиссиялары құрылады. Ведомстволық бақылау маңызды орын алады. Оны қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары органдары, яғни, қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті мен басқарма, бөлім басшылары және Қазақстан Республикасы полиция мекемелерінің басшылары жүргізеді [4].

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызмет әрекетін бақылауда прокуратура органдарының рөлі айрықша болып табылады. "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Прокуратурасы – Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші, Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен басқа да нормативтік актілерін Республика аумағында бір түрде және бұлжытпай қолданылуына жоғары бақылау жүргізетін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заңбұзушылықты табуға және оны болдырмауға шаралар қолданады. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге қарсылық білдіреді, сотта мемлекет мүддесін қорғайды және керекті жағдайда заңмен белгіленген тәртіп пен көлемде қылмысты қудалауды іске асырады.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қадағалау жұмысын тиімді жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Прокуратурасында арнайы бөлім құрылады немесе бұл жұмысты облыс, аудан прокурорларының көмекшісі, аға көмекшілер жүзеге асырады.

"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Заңда жеке тарау "Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау" енгізілген. Онда заң прокуратураға заңдылықты сақтап іске асыру үшін бірқатар арнайы қадағалау уәкілдігін береді. Оған жазаны атқару мекемелері мен органдары әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін қадағалау да кіреді.

"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес прокуратура былайша бағытта бақылау жүргізеді:

    1. Сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезінде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығына;

    2. Аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына;

    3. Бас бостандықтарынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығына.

"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңында прокурордың Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесінің органдарында заңдылықты қамтамасыз ету өкілеттігі көрсетілген. Заңдылыққа бақылау жүргізе отырып, прокурор өз шамасы құзырлығында төменде көрсетілген құқықтары бар:

    1. Адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейірбандық тұрғыдан қарау жөнінде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бірыңғай қолданылуын талап етуге;

    2. Азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша, сондай-ақ, прокурордың талабы мен өтініштері бойынша атқарушылық істер жүргізілуін талап етуге және тексеруге;

    3. Сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерінде тексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;

    4. Ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;

    5. Осы адамдарды ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ, оларға мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;

    6. Мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерінде заңсыз отырған әрбір адамды өз қаулысымен дереу босатуға;

    7. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға заңды бұза отырып, қолданылған тәртіптік шаралардың күшін жоюға, оларды өз қаулысыменен айыптық изолятордан, камералық үлгідегі орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;

    8. Заңда белгіленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкімшілігінің актілерін санкциялауға құқылы [5].

Сонымен, прокурорлық бақылау барлық бас бостандығынан айыру орындарын (қамау, бөлу), оларда қандай категориядағы ұсталған адамдар отырғанына қарамастан түгелдей қамтиды. Прокурорлық бақылаудың мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарындағы заң бұзушылықты кезінде түгелдей тоқтату, ал заң бұзған адамдар заңда көрсетілгеніндей жауапқа тартылуы тиіс. Әкімшіліктің қызмет әрекетіне бақылау жүргізуде прокурор барлық салаларға прокурорлық жалпы бақылау өкілеттілігін қолданумен бірге бақылау субъектісі ретінде прокурорға жүктелген арнайы өкілеттілігін ұсталғандардың, алдын ала қамалғандардың, жазаны өткеру орындарындағы заңның орындалуын және сот белгілеген басқа да мәжбүрлеу шараларын бақылайтыны есте болуы керек.

Зандылықты бұзуды табу мен ескерту прокурор өкілеттілігінің бірі – жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін, ондағы жазаны атқару жағдайлары мен тәртібін тексеру. Оны іске асыру үшін прокурор жазаны атқарушы мекемелер мен органдарға кез келген уақытта баруға құқығы бар. Прокурор жеке барып танысу процесінде әкімшіліктің жұмыс әрекетімен тікелей танысады, атап айтқанда сотталғандардың бас бостандығынан айырылуы негізі жөніндегі құжаттармен танысады, сотталғандарға жеке-жеке сұрақтар қояды, жатқан орындарымен, жазаны өтеу режимі жағдайымен, ондағы қылмыспен, тәртіптік жаза қолдану тәжірибесімен танысады. Сотталғандардың жұмыс әрекетімен барып және тікелей танысуы зандылықтың, режим мен жазаны атқару жағдайларын тікелей білуге және заңдылықты бұзушылықты анықтауға, оны ескертуге мүмкіндік береді [6].

Прокуратура туралы заңға сәйкес прокурор жазаны өтетуші мекемелер мен органдар әкімшілігінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтарының заңға үйлесімділігін тексеруге құқығы бар. Сонымен қатар, лауазымды адамдардың, қызметкерлердің тәртіптік жаза қолдануының заңдылығы мен дәлелділігі тексеріледі. Егер де заңға қайшы акті қабылданған болса, онда прокурор лауазымды адамдардан заңсыз шешім қабылдағаны үшін жеке түсініктеме беруді талап етуге құқығы бар және оған кейін қарсылық білдіреді.

Прокурор бақылауының негізгі актілері мыналар: наразылық білдіру, қаулы, ұйғарым, жарлық, рұқсат ету, нұсқау, бұйрық, ережелер. Бұлар прокурорға жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетіндегі заңбұзушылықты тиімді де тез жоюға мүмкіндік береді. Прокурор заңның бұзылу сипатына байланысты іс қозғауы, тәртіптік және шығаруы, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың лауазымды және басқа да қызметкерлердің әкімшілік құқық бұзғаны туралы қаулы шығаруы мүмкін. Прокурор өзінің қаулысы мен бас бостандығынан айыру орындарында заңсыз отырған сотталғандарды, бас бостандығынан айыруды өтеп жатқандарға заңсыз салынған тәртіптік жаза шараларын бұзуға, заңсыз жазаланған адамдарды айып қапасынан, қамау торы бөлмесінен, карцерден, жеке адамдық тордан, тәртіп қапасынан босата алады [5].

Прокурордың заңбұзушылыққа көніл аударуының түрі, ол – заң бұзушылықты, оған мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс жасауы. Мұны прокурор, әдетте жаза атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің жұмыс әрекетінде заңбұзушылықтың әрдайым кездесетіндігінен жасайды. Ұсыныс жіберілген қызметкердің немесе жоғары органның лауазымды адамы ұсыныста көрсетілгендей, болған істерді бір айдан қалдырмай қарауға міндетті. Бұзылған заңды, оны тудырған себептер мен жағдайды жою шараларын қабылдап, қорытындысын прокурорға хабарлайды.

Прокурордың заң бұзушылыққа көңіл аударуының тағы бір түрі, ол – наразылық білдіру. Прокурор жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың лауазымды адамдарына заңға қайшы бұйрық, қарар немесе қаулы қабылдағаны үшін наразылық білдіреді. Білдірілген наразылық міндетті түрде түскен уақытынан бастап он күннен кешіктірілмей қарауға және қорытындысын жазбаша прокурорға тез хабарлауға міндетті.

Сонымен, бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықты сақтау мен қылмыстық жазаның басқа да түрлерін бақылау прокурорлық бақылаудың саласы болып саналады. Мұның өзіне тән заңды бұзуды табу мен ескертудің және табылғанға назар аударудың айрықша түрлері мен әдістері бар [7].

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетіндегі заңдылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл әділсот органына жатады. Соттың бақылау қызметінің негізгі үлгілері, түрлері мен әдістері әр түрлі және олар едәуір тиімді болып келеді.

"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Заңының 1-бабына сәйкес соттардың шешімдерін, үкімдерін, өзге қаулыларын, сондай-ақ, олардың занды үкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға міндетті [8].

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қызмет әрекетін соттық бақылауды үш түрге бөлуге болады:

Бірінші – азаматтық, отбасылық, еңбек және әкімшілік құқық қатынастық таластарда және сот ісін жүргізу ережесімен жүзеге асырылатын айрықша іс жүргізуді қарағанда соттық бақылау болады. Мәселен, азаматтық іс жүргізгенде қызметкерлердің жұмыс әрекеті екі жақтан тікелей талас тудыруы мүмкін. Мысалы, бас бостандығынан айыруды өткеріп жатқанда еңбекке жарамсыз болған талап етуші адамның түзеу мекемесінің кінәсінен келтірілген шығынды өтеуді шешкенде немесе керісінше, жазаны өтеу кезінде сотталғанның келтірген материалдық зиянын босатылғанда өндірілмей қалғанын төлеу туралы түзеу мекемесі талабын шешкенде туатын таластар. Бұл жағдайларда жазаны өтеу кезінде сотталғандардың еңбек құқын сақтауда түзеу мекемесі қызметкерлерінің жұмыс қимылын сот бағалай алады.

Сондықтан іске дәлел ретінде берілген құжаттарды соттың қабылдауы, олардың заңды екенін растайды, ал оларды қабылдамауы әкімшілік қызмет әрекетіне кері әсерін білдіреді.

Соттық бақылау сотталғандардың түзету шараларымен байланысты емес жазаны өтеу кезінде де орын алады. Мысалы, сотталған белгіленген мезгілде айып төлемесе, азаматтық сот ісі тәртібімен сот берген орындау қағазы негізінде жазаны орындауға мәжбүр етеді.

Әкімшіліктің жұмыс әрекетін соттық бақылаудың екінші түріне – қылмыстық істер жүргізгендегі бақылау, ал сотта қылмыстық іс қаралғанда жүзеге асырылатын және сот үкімін орындау мәселелерін сотта қарағандағы бақылау жатады.

Соттың бақылау функциясы қылмыстық-атқару мекемелері жүйесі қызметкерлерінің лауазымды адамдары жағынан жіберілген зандылықтың өрескел бұзылғаны жөнінде қылмыстық іс қаралғанда білінеді. Ол – билігін немесе қызметтік жағдайын пайдаланып қиянат жасау, өкілеттілігін пайдаланып қиянат жасау, кездейсоқ уәкілдігін пайдаланып асыра сілтеулік, селқостық және басқа да лауазымдық қылмыс түрлері.

Соттық бақылау сотталғандардың жазаны өтеу кезінде жасалған қылмыстық істерді қарағанда да орын алады. Мәселен, қылмыс жасаған сотталғандар жөнінде қылмыстық іс қарағанда, мысалы, түзеу мекемесі әкімшілігінің талабына қасақаналықпен көнбеушілік немесе түзеу мекемесі және басқалардың жұмысына іріткі салу, бұл құқыққа қарсы әрекет сотталғандардың құқығына қысым жасалуына байланыстылығын сот тексеруге міндетті. Сот түзеу мекемесі әкімшілігі талабының заңдылығын, оған сотталғанның қасақаналықпен көнбегенін, қапас тәріздес бөлмеге көшіру туралы салынған жазаның негізділігін тексеруі тиіс.

Сот іс қарау процесінде айғақтардың, жәбірленушінің, сотталушылардың жауаптарын, эксперттер қорытындысын заттар дәлелдемелерін, құжаттарды бағалай отырып, түзеу мекемесі әкімшілігі жағынан заңдылықтың бұзылғанын, яғни қиянат істегендігін анықтай алады. Бұл жағдайда сот айқындаған заң бұзушылықты, оны тудырған себептері мен жағдайларын жазаны өткеруші мекемелер мен органдар жұмыс әрекетіне бақылау жүргізетін прокурорға немесе оларды басқарып отырған лауазымды адамдарға хабарлауға міндетті. Көрсетілген лауазымды адамдар сотта ашылған және жеке ұйғарымда, яғни ұсыныста көрсетілген заң бұзушылықтың себептері мен қызметкерлерге оны бұзуға мүмкіндік туғызған жағдайларды болдырмау шараларын қабылдауға міндетті.

Жалпы атқарушы түзеу мекемесі қызметкерлерінің жұмыс әрекетін соттың бақылауы жазаны атқарудың әр түрлі аспектісіне қатысты мәселелерде көрінеді. Мысалы, түзеу мекемесі әкімшілігі сотқа жаза мерзімінен бұрын босатуға, жазаны жеңілдетуге немесе оның түрін өзгертуге ұсыныс жібереді, ал оны шешу үшін керекті материалдарды да қоса жолдайды. Сот түскен құжаттарға сүйеніп, олардың заңдылығы мен негізділігі жағынан баға бере отырып, лауазымды адамдардың шешіміне заң күшін береді немесе оларды заңды күшінен айырады. Осы мақсатпен соттар түзеу мекемесі әкімшілігі жіберген материалдарды бұрмалау мақсатыңда, сондай-ақ сотталғандардың тәртібі толық бейнеленбеуі мүмкін болғандықтан, бұлар істі әділ шешу мақсатында ұқыпты қарап шығуға міндетті.

Соттық бақылау қызметі сот жазаны басқа түрге ауыстыру мәселелері туралы іс қараған кезінде сотталғанның үлгілі мінез-құлқын немесе белгіленген жазаны өтеуден бас тартқанын есепке алғаннан пайда болады. Мысалы, бас бостандығынан айыруды түзеу жұмыстарына немесе одан да жеңілірек жазаға ауыстырғанда, сондай-ақ керісінше, сотталғанды түзеу мекемесіне өтелмей қалған жазаны өткеруге қайтарғанда т.с.с. Сот жазаны өткеруші мекемелер мен органдар қызметкерлерін жазаны өтеу жағдайларын өзгертуге байланысты мәселелерді шешу кезінде бақылай алады. Заңға сәйкес мұндай мәселелер, бас бостандығынан айыру мен түзеу жұмыстары жазаларын өтеу кезінде пайда болуы мүмкін. Бас бостандығынан айыру орындарында, сот сотталғанның мінез-құлқын ескере отырып, бас бостандығынан айыруды ұстау мәселесін өзгертіп, сотталғанда түзеу мекемесі бір түрінен екіншісіне, яғни жеңіл немесе қатаң режимге ауыстыруды шешеді.

Бұдан басқа жасы толмаған сотталғандардың 18-жасқа толуымен тәрбиелеу колониясында қалдыруға негіз болмаса, сот оларды түзеу колониясына ауыстыруға шешім қабылдайды.

Қызметкерлердің жұмыс әрекетін соттың бақылауы жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қылмыстық жазаны өтеу саласымен немесе оның жұмысына шағым етумен ғана аяқталмайды. Сот бақылауын түзеу мекемелері жұмысына қолайласақ, онда сот мүлік-шаруашылық, жер т.б. дау-таластарды қарағанда, әрине бір жағы түзеу мекемесі болуы керек, ал сот ерікті жалдамалы немесе аттестациядан өткен қызметкерлерді жұмысқа қайта алу сияқты талаптарын қарағанда ол іске асуы мүмкін.

Соттық бақылаудың үшінші түрі – ол жазаны өтеуші мекемелер мен органдар әкімшілігінің әрекетіне шағым ету. Мемлекеттік органдарға жіберілген сотталғандардың шағымы, арыздары тиісті жеріне жіберіліп, заң тәртібі бойынша шешіледі. Мысалы, сотталғандардың жазаны азайту шаралары туралы өтініші. Сонымен, жазаны атқарушы мекемелер мен органдарының қызметтерін бақылаушылар нысандары әр алуан болуының ең басты мақсаты сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін заң негізінде қорғау, заң бұзушылыққа жол бермеу болып табылады [9].
ӘДЕБИЕТ

  1. Бастемиев С.Қ. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы: 050301 «Заңгер» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу құралы (Жалпы бөлім) - Павлодар: Кереку, 2011. - 92 б.

  2. И.В. Шмарова. Уголовно-исполнительное право: Учебник. М.: Изд-во БЕК, 1996.

  3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті Жарғы. 1999 ж. - 68 б.

  4. Каковкина Е.Н. Уголовно-исполнительное право. Аллель, 2000.

  5. «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2709 Заңы.

  6. «Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 тамызындағы Нұсқаулығы.

  7. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының қоғамдық-саяси, ғылыми-құқықтық журналы. 2002 ж. №2. 7 б.

  8. «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы.

  9. Коробеев А.И. Уголовно-исполнительное право: учебное пособие. 1999 г. - 69 б.



ӘОЖ 343.2.01
ЖАЗАНЫ АТҚАРУШЫ МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАРДЫҢ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕЛЕРІ
ПРАВОВЫЕ ОБЯЗАННОСТИ ОРГАНОВ УЧРЕЖДЕНИЙ, ИСПОЛНЯЮЩИХ НАКАЗАНИЯ
JURIDICAL OBLIGATIONS OF ENTITIES THAT

EXECUTE PENALTIES
Ташенова А.К.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистранты


Аңдатпа

Аталған мақалада Қазақстан Республикасындағы жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың құқықтық мәртебелері қарастырылады.
Аннотация

В статье анализируются правовые обязанности органов, учреждений, исполняющих наказания в Республике Казахстан.
Annotation

Legal obligations of bodies, institutions executing punishments in the Republic of Kazakhstan are analyzed in the article.
Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты – әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадыр-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-ақ, жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы да есепке алынады [1]. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру. Негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру; мүлкін тәркілеу т.б. [2].

Біздің елімізде қылмыспен күресуді болжау арнайы профилактика жұмысын ұйымдастыруды, алдын ала қылмысты ескерту және оны істеуге мүмкіндік беретін себептері мен жағдайын белгілеуді, сонымен қатар жасалған қылмысты тергеу және сотта қарау, жазаны белгілеу мен орындауды талап етеді. Қылмыспен күресу үрдісі әр түрлі бағытта өтеді: мысалы, болжау, арнайы алдын алу жұмысын ұйымдастыру; жасалған қылмысты тергеу; жасалған қылмысты сотта қарау және жазаны белгілеу; сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау. Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларын іске асыру мемлекеттің мекемелері мен органдарына жүктелген. Яғни, жазаны атқаруға байланысты белгілі бір мемлекеттік мекемелер мен органдар құрылады. Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларының барлық жиынтығын іске асыру мемлекеттік органдарға жүктелген. Қылмыстық іс жүргізу зандарымен үкімді атқару, онымен айналысу үкім шығаратын сотқа жүктелген. Үкімді орындау туралы жарлықты сот немесе сот төрағасы үкімнің көшірмесімен қоса үкім орындау міндеттелген органға жібереді. Ол орган үкімнің орындалғаны туралы сол сотқа дереу хабарлайды. Сот шешімін орындау үшін мемлекет тиісті жазаны атқаратын арнайы мекемелер мен органдар құрады, сондай-ақ жазаны атқару басқа бір жеке органдарға өзге де міндеттермен бірге жүктеледі. Жазаны өтеуді басқаратын түзеу мекемелері мен органдарының негізгі міндеттері төмендегідей:

  1. Соттың немесе әскери соттың үкімімен белгіленген тиісті қылмыстық жазаны лайықты түрде атқару;

  2. Сотталғандарды заңды нақтылы орындау және қоғамдық тұрмыс ережесін сыйлау рухында түзету мен тәрбиелеу;

  3. Сотталғандардың өздерінің жаңа қылмыс жасамауын ескерту (арнайы немесе жеке ескерту);

  4. Басқа адамдардың жаңадан қылмыс жасамауын ескерту (жалпы ескерту) [3].

Барлық түзеу мекемелерінің тапсырмасын айтатын болсақ, ҚР қылмыстық атқару заңдылығымен орнатылған ережелерге сәйкес үкімдерді орындау болып табылады. Бұл жағдайда мекемелер, органдар сот үкімінде көрсетілген жазалау, сазайын тартқыза отырып жазалауды атқару, ал жазалардың жекелеген түрлерінде түзету әрекетіндегі шараларды қолданады. Қылмыстық жазаны атқаратын органдар мен мекемелер медициналық мінездегі жазалау шараларымен қылмыспен келген материалдық шығынды өтеу туралы сот үкімінің атқарылуын орындауға міндетті. Жазаны атқаратын мекемелер мен органдардың ерекше тапсырмалары – сотталған адамның түзелу процесін қамтамасыз ету, өмірге деген көзқарасының өзгеруіне жағдай туғызу, өздерінің мәдени және жалпы білім деңгейін көтере отырып және бас бостандығынан айыру орнында дұрыс өмір сүруді қамтамасыз ету. Бұл тапсырмалар қылмыстың жазаны атқару мекемелері мен органдар жүйесіндегі тапсырмаларға қарағанда әлде қайда қиынырақ.

Қылмыскердің қоғаммен арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы, қарама-қайшылықтың болуы ол қылмыс жасағанда болады, бірақ ол үшін жазаланады. Қылмыскерді бас бостандығынан айыра отырып, Мемлекет оның тағы бір жаңадан қылмыстар жасауының алдын алады, жолын кесіп, оған шарттар қояды, бұл шарттар жоғарыда айтылған мүмкіндіктерді айқындап, қылмыскердің түзелуіне жетелейді [4].

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Атқарушы Кодексінің 15-бабына сәйкес «Сотталушының жазасын өтеу орнына келгені туралы жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не заңды өкілдерінің біріне 10 тәулік ішінде хабарлауға міндетті».

Сотталғанның пайдалы әлеуметтік байланыстарын жоғалтпау кездесулерді уақытында алып тұру мақсатында, жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не заңды өкілдерінің біріне 10 тәулік ішінде хабарлауға міндетті. Әкімшілікпен жіберілген хабарламада сотталғанға қажет азық-түліктің және бірінші кезекте керек заттардың тізімі көрсетіледі. Заңды өкілі ретінде кәмелетке толмаған сотталғанның қамқоршысы және сотталғанның адвокаты бола алады. Берілген ереже сотталғанның өзі жазасының өтеу орны туралы хабарды жөнелту мүмкіншілігін жоққа шығармайды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 39 бабында көрсетілгендей: қылмыстық жаза міндетті түрде орындалуға жатады, ал оның жүру кезеңі Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару заңдылығымен анықталады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 14 бабында жазаны атқаруға тікелей құзіретті мемлекеттік органдар мен мекемелер жүйесі көрсетілген. Әрбір мемлекетте қылмыспен күрес өзіммен бірге арнайы кешендік шараларды құрайды. Мысалға алатын болсақ, арнайы алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, қылмыстық жағдайын және себебін анықтау, оның жасалу әрекеті, жасалған қылмыстық сот тәртібімен қаралу және тергелу тәртібін, қылмыстық жазаны тағайындау. Сонымен бірге, жазаның атқарылуы секілді шаралар болып келеді. Осы арнайы мемлекеттік шаралардың барлық кешендерінің орындалуы мемлекеттің арнайы органдарына жүктелген.

Сонымен, жазаның түрлеріне байланысты оны орындаушы мекемелер мен органдар да әр түрлі болады. Олар:


  1. Айыппұл және мүлікті тәркілеу жазасын үкім шығарған сот, сондай-ақ мүліктің орналасқан жері бойынша және сотталушының жұмыс орны бойынша сот атқарады. Айыппұл немесе мүлкін тәркілеу жөніндегі жаза түрлері соттармен атқарылады, дәлірек айтқанда, соттардың штаттық кестесінде тұратын соттық атқарушылармен орындалады. (ҚР ҚАК-нің 14-бабы 1-тармағы).

  2. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды сотталушының тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы, түзеу мекемесі жүзеге асырады. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптарын сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі, сондай-ақ лицензиатты жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыруға Қазақстан Респуликасының заңдарына сәйкес құқықты органдар атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-бабы 2-тармағы).

  3. Құрметті, әскери, арнайы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және біліктілік сыныбынан айыру туралы жазаны осы атақтарды берген лауазымды тұлға атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-б.3-т.).

  4. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-б.4-т.).

  5. Қамау, бас бостандығынан айыру және өлім жазасы түріндегі жазаларды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-б.5-т.).

  6. Қамауға сотталған адамдар жазаны соттау орны бойынша тергеу изоляторларында өтейді (ҚР ҚАК-нің 63-б.1-т.).

  7. Бас бостандығынан айыру жазасын орындауда сотталғандардың әр түрлі дәрежесі болатындықтан және оларды бір-бірінен бөлек ұстау тиістілігінен, мемлекет әр түрлі түзеу мекемелерін құрған. Сотталғандардың жасына карай түзеу мекемелері екі топқа бөлінеді:

    • ересектер үшін (18 жасқа толғандар);

    • кәмелетке толмағандар үшін (14-тен 18 жасқа дейінгілер).

Түзеу мекемелері ересектер үшін бірнеше түрге бөлінеді: колония-қоныстар, жалпы, қатаң және ерекше режимдегі колониялар және түрмелер.

Кәмелетке толмағандар үшін екі түрлі тәрбиелеу колониялары бар:



  • жалпы режимді тәрбиелеу колониясы;

  • режимі күшейтілген тәрбиелеу колониясы (тек қана ер адамдар үшін).

Сот әрбір сотталғанға жынысына, жасына, жасаған кылмысының ауырлығына, бұрынғы бас бостандығынан айыруға қанша рет сотталғанына және басқа да оның жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты түзеу мекемесінің түрін белгілейді. Тергеу изоляторында шаруашылық қызметі үшін сотталғандар қалдырылуы мүмкін. Сотталған ауруларды емдеу үшін арнайы емдеу мекемелері ашылған және онда сотталғандар жынысына, жасына қарай бөлек-бөлек орналастырылады.
Жазалаудың мақсатына жету үшін түзеу мекемелерінің алдына нақтылы міндет қойылып, ал олар негізгі түзеу мен тәрбиелеу амалдарының көмегімен іске асырылады. Ол жазаны атқару (өткеру) режимін орындау, қоғамдық, пайдалы еңбек ету, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы, жалпы білім мен техникалық мамандыққа оқыту болып табылады.

Жоғарыда айтылған түзеу мекемелерінің барлық түрлері мен қылмыстық-атқару инспекциялары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құрылымына кіріп, біртұтас қылмыстық-атқару жүйесін кұрайды.

Әрбір облыстағы облыстық түзеу мекемелерін басқару үшін түзеу мекемелерінің саны мен ондағы сотталғандардың санына байланысты облыстық қылмыстық-атқару департаменті құрылады. Облыстық қылмыстық-атқару департаменті Қылмыстық-атқару комитетінің құрылымына кіреді, соған бағынышты [6].

Әскери қызметшілер мына жазаларды өтейді:



    • қамауға сотталған әскери қызметшілерге арналған гауптвахталарда гарнизондардың командованиесі немесе гарнизон гауптвахталарының тиісті бөлімшелерінде атқарады;

    • әскери қызмет бойынша шектеуді аталған әскери қызметшілер қызмет өтіп жүрген әскери бөлімдердің, мекемелерінің, органдар мен әскери құрамалардың командованиесі атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-б.7-т.).

Шартты сотталғандар қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауында болады. Шартты сотталған әскери қызметшілерге бақылау жасауды әскери бөлімдердің командованиесі атқарады (ҚР ҚАК-нің 14-б.9-т.) [5].

Жаза атқарушы мекемелер мен органдар өз міндеттерін тиімді орындауы үшін, әсіресе сотталғандарды түзету үрдісінде тергеу, сот, прокуратура, полиция органдарымен, сол сияқты жергілікті билік органдарымен, қоғамдық құрылымдар және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасайды.

Қылмыстық іс жүргізу заңдылықтары көрсеткендей жазаның орындалуы сот шешімімен басталып сот шешімінің көшірмелері судьяларға немесе төрағаларға жібертіледі, ол анықтамада жазаны атқару қай органға тиесілі екендігі және заңды күшіне енгендігі туралы көрсетіледі. Істелген қылмысқа қылмыстық жаза мемлекеттік қарғыстың қатаң жазасы ретінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 38 бабы бойынша тек сот шешімімен тағайындалады. Жаза тек қылмысы үшін кінәлі болып табылған адамға ғана қолданылады, қорытындылай айтқанда, сол адам Қылмыстық кодекс қарастырған әрекеттерге байланысты құқығынан немесе бостандығынан шектеледі. Қылмыстық заңдылыққа сәйкес жазаның мақсаты – таза рухани еңбекпен байланыс арқылы сотталғанның түзелуі, әлеуметтік теңдікті орнықтыру, адамгершілік ережені сыйлау, заңның дәл сақталуы, сонымен бірге, моталғандарға немесе басқа тұлғаларға жаңадан қылмыс жасамауға ескерту болып саналады [5; 6].

Сот шешімдерін атқаруды жүзеге асыру үшін мемлекетпен арнайы органдар мен мекемелер жүйесі құрылып сот шешімдерінің атқарылуы жеке-жеке жазаларға бөлініп соған қатысты міндетті органдар, мекемелер, өнеркәсіптер наряды ұйымдар негізгі тапсырмаларды орындаушы болады. Арнайы, әскери немесе басқа да құрметті шенінен, класстық, дипломатиялық қатарынан, біліктілік классынан және мемлекеттік наградаларынан айыру түріндегі қосымша жазаларды атқару арнайы органдар мен мемлекеттердің құрылуын қажет етпейді, бірақ бұндай жазалардың атқарылуына бақылауды соттық атқарушылар жүзеге асырады.

Сот шешімдерінің орындалу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы арнайы бұйрығымен реттеледі («Атқару өндірісі туралы Инструкция» №2-2/117).

Сот шешімдерін міндетті түрде орындайтын субъект ретінде:



  • арнайы қызметі сот шешімдерін немесе сотталғанға дейін жұмыс істеген орны (жоғарыда көрсетілген) соған байланысты арнайы лауазымдық құқығынан немесе арнайы қызметпен айналысу шарасын қолдану үшін шығарылған сот шешімдері атқарылатын орындар;

  • айыппұл түріндегі жазаны өтеу кезіндегі сотты болған тұлғаның өзі.

Сонымен айта келгенде, барлық қылмыстарды атқаратын арнайы органдары, Қорғаныс Министрлігінің дисциплинарлық әскери бөлімдері және соттық атқарушылар екендігін көреміз [7].

Қылмыстық жазаны атқарушы органдар мен түзету мекемелерінің міндеттері:



  1. Сот шешімімен анықталған қылмыстық жазаларды сәйкесінше орындау;

  2. Қылмыс жасағандардың құқықтары мен бостандықтарын шектей немесе айыра отырып әлеуметтік теңдікті орнату;

  3. Сотталғандарды рухани түрде түзету, еңбекке деген шынкөңілдік қатынас, адамгершілікті құрметтеу, бағалау.

Бас бостандығынан айыру – бұл қылмыстық жаза кінәліні күштей отырып сот шешімімен анықталған мерзімге соттау, бұндағы арнайы мекеменің алға қойған мақсаты – сотталған тұлғаны түзеу, адамгершілікті құрметтеу, бағалау, әлеуметтік теңдікті орнату және сотталғандарға немесе басқа да адамдарға жаңадан қылмыстар жасамау үшін алдын-ала ескерту.

Бас бостандығынан айырудың мәні былай қарағанда сот шешімімен анықталған мерзімге сотты түзеу мекемесіне жабылады, сонымен қатар, ол қоғамнан сол мерзім ішінде алшақтатылады.

Бас бостандығынан айыру қылмыстық жазаның белгілі түрі ретінде түзеу мекемелерімен атқарылады, олардың жүйесіне кіретіндер: түзету колониялары, қозғалысын шектей отырып жазалау, сазайын тарттыру [8].

Заң түсінігінде бостандық дегеніміз тұлғаның өз еркімен емін-еркін жүріп тұруы, тұрғын үй немесе басқа да мүліктерді еркі бойынша пайдалану, тұрғылықты және айналысқысы келетін жұмысын өзінің таңдауы және мемлекеттегі құқықтары мен міндеттері. Ал осы көрсетілген бостандықтар кінәліге бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолданған кезде өзгереді, өз еркімен жүзеге асыра алмайды.

Жеке бастың бостандығынан маңызды элементтері азаматтардың міндеттері және кешенді заңды құқықтары болып табылады. Жеке бас бостандығының мазмұнын Қазақстан Республикасының Конституциясы нақты, анық көрсетеді. Бірақ осы құқықтарды, бостандықтар мен міндеттемелерді қоғамдық және басқа да адамдарды мүдделеріне қарсы зиян келетіндей етіп пайдаланбауы керек [9].

Сонымен, жазаны атқаратын органдар мен мекемелер төмендегідей 4 ерекше маңызды тапсырмаларды орындайды: сот үкімін атқару, сотталған тұлғаның түзелу процесін қамтамасыз ету, өздері жағынан ескертіп, сол секілді жаңадан қылмыс жасағандар жағынан да ескертеді. Бұл тапсырманың әрбірі өзіндік мәнге ие, ал барлығы қосылып қылмыстық жазаны атқарудың кең мағынасын береді. Бұрынғы қылмыстық жазаны атқару заңдылығының негізінде еңбек пен түзету колониялары жұмыс жасайтын, ал қазіргі жаңа қылмыстық атқару кодексі мұндай жағдайды ұстанбайды [10].


ӘДЕБИЕТ

  1. Полубинская С.В. Цели уголовного наказания / С.В.Полубинская. - М., Наука. - 1990.-486 б.

  2. Карпец И.И. Индивидуализация наказания / И.И. Карпец. - М., 1962. - 27 б.

  3. Стручков Н.А. Органы, исполняющие наказания. М., Академия МВД СССР, 1989.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті Жарғы. 1999 ж. - 30 б.

  5. ҚР Қылмыстық-атқару кодексі 13.12.1997 ж. 01.01.2005 ж. енгізілген толықтырулар қалпымен Алматы: Баспа, 2005 ж., 15-бап.

  6. Беляев Н.А. Цели наказания и средства их достижения в исправительно-трудовых учреждениях / Н.А. Беляев. - Л., 1963. - 25-26 б.

  7. Балтабаев К.Ж. Исполнение наказаний: законодательство Республики Казахстан и международные нормы. Алматы, 1999.

  8. Фефелов В.А. Социально-правовые основы уголовно-исполнительной цивилизации учреждений, исполняющих уголовные наказания в виде лишения свободы. Рязань, РВШ, 1992.

  9. Ткачевский Ю. М. Освобождение от отбывания наказания / Ю.М. Ткачевский. - М., 1970. - 20 б.

  10. Ағыбаев А.Н., Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық / А.Н. Ағыбаев. - 4-бас. 2011 жылдың 1 наурызына дейінгі өзгерулер мен толықтырулар ескерілген. - Алматы: Жеті Жарғы, 2011. - 198 бет.



УДК.347.637:364.694
ЗАЩИТА ПРАВ ДЕТЕЙ ИНВАЛИДОВ
МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
PROTECTION OF THE RIGHTS OF DISABLED CHILDREN
Ташимова Д.К. - магистр

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Аннотация

В данной статье рассматриваются основные проблемы защиты прав детей инвалидов и их пути решения.
Аңдатпа

Бұл мақалада мүгедек балалардың құқықтарын қорғаудың негізгі мәселелері мен олардың шығу жолдары қарастырылады.
Annotation

This article discusses the basic problems of the disabled children’s rights protection and ways of its solution.
Қазіргі еліміздің қоғамының дамуында көптеген салалар бойынша мәселелер толы. Олардың бірі- қоғамымыздың маңызды салалардың бірі-әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыс қоғам өмірінің барлық салаларына өз әсерін тигізе, халыққа, жеке басқа тиер жағдайларына оң қанат беруде.

Әлеуметтік жұмыс саласының ең өзекті мәселенің бірі – жағдаяттары шалдыққан, заңи мекелермен көңілге ілінбес, құқықтары шектелетін, мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалармен әлеуметтік жұмыс.

Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға мынадай анықтамалар берілуде: мүгедек бала-тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам.

Мүгедектілік – маңызды әлеуметтік проблема, организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi. Мүгедектілік масштабы әрбір елде көптеген факторларға байланысты болады, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, саяси. Оның бәрі де мемлекеттің әлеуметтік саясатының қалыптасуы үшін негіз болады. Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет болып табылады және де әлеуметтік саясаттың мақсаты - адамдарды, оның ішінде мүгедектерді қорғау болып табылады. Мүгедектерге қатысты саясат олардың экономикалық және қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған [1].

Соңғы кезде мүгедек сәбилердiң дүниеге келуi көбейiп, саны жағынан жыл өткен сайын артып барады. Оған қоса мүмкіндіктеріне қодаушылық көрсету де шалдығушылық жағдайға ұшырауда. Жарық дүние есiгiн мүгедек болып ашқан баланың қуанышынан гөрi әкелетiн қасiретi басым болатыны анық. Сондықтан оларды қорғап және қолдаушылық көрсету бүгінгі күні мемлекетіміздің басты мақсат - міндеті болып табылады.

Мүгедек балалар мәселелерінің өсуі, құқықтарына нұқсан келетіре, оларға уақытылы көмек (білім беру, әлеуметтік көмек пен арнаулы әлеуметтік қызмет, медициналық көмек түрлері) және оңалту жұмыстарының уақытылы көрсетілмейтінінде.

Ол ең біріншіден мемлекеттік қызметкерлеріне кінә. Бұл кесірлер ақыға, қоғамдағы алатын орынға байланысты қалыптасады. Одан көңілді қажетсінетін қоғам, мүгедектер де мүкіндіктерінен айрылып, құқықтарын қанағаттандыра алмайды. Себебі басты мемлекетпен бөлінген басты тұлғалар заңды бұза көмек беруден бас тартуда.

Бірақ ондай жағымсыздыққа қарамастан, әр тұлға өз құқықтарын заң бойынша кез- келген кезде қорғап, өзіне бөлінген көңілді иеленуі мүмкін. Ал біздің мемлекетімізде ондай күйге ұшырағандарға арналған заңи түрде шығу жолдар баршылық. Тек ол үшін әр азамат заң білім, олармен уақытында қолдана, өз құқықтарын қорғау қажет.

Мүгедек балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту болып табылады, ол мүгедек балалардың тіршілік әрекетінің шектелуіне еңсеруі, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруі, әлеуметтік – тұрмыстық және еңбекке бейімделуі және материалдық тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым –қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық дағдарыстарды жеңіп шыға алатын ізгіленген 21 ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан – жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастырып дамытсақ, әлеуметтік қызыметкерлер даярлап шығарсақ, әлеуметтік жағдайымыз жақсарып, қоғамыздағы мүгедек адамдарға, отбасыларға, көп балалы отбасыларға, қиын балаларға, қарттарға, жетім балаларға т.б әлеуметтік көмек бере алатын боламыз» деп айтқан. Сондықтан елімізде жағдайлар жоспарлануда, ал, жүзеге асырушылық жауапкершілікің жоқтығынан қадамдана шалдығуда.

Мүгедек балалардың өзекті мәселелерінен құқықтарын ұстана шығу жолдың бірі «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы Заңын ескере отырып, материалдық игіліктерін, сұраныстарын, мұқтаждықтарын, және қажеттіліктерін шектемей әрі қарай адамдардың күрделі табиғатына өмір сүруін өзіндік мәнін құрайтын болашағына қажетті қажеттіліктерін қанаттандыру. Ол заң Қазақстан «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңды іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерді оңалтудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірледі, мұнда оңалту жүйесін жетілдіруге, мүгедек балаларды әлеуметтік қолдауды күшейтуге және өмір сүру саласын жақсартуға бағытталған бірқатар іс шараларды көздейді. 2006 жылдан бастап тұңғыш рет жекелей оңалту бағдарламаларына сай мүгедек балаларға санаторилік – курорттық ем көзделген [3].

Туған сәтінен бастап мүгедек балалар психологиялық - медициналық-педагогикалық консультацияда (ПМПК) тексеруден өтіп тұрады, ол психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу диагностикасының нәтижесінде олардың жалпы не арнаулы түзеу арқылы білім беретін жүйеде оқуға және тәрбиеленуге қабілеттері туралы шешім шығарылады.

Денсаулық кемістіктері бар мүгедек балаларды медициналық-әлеуметтік оңалту басымдығына және барынша ықтимал дамытуға бағдарланған, арнайы түзеу арқылы білім беру мекемелерінің – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (ПМПК), оңалту орталықтарының, түзеу кабинеттерінің (олар реабилитациялық оралықтар) желісі дамып келеді.

Реабилитациялық орталықтарда баланың саулығын сақтай отырып, жеке реабилитациялық бағдарламалар жүзеге асырылады. Ол бағдарламаларды қолдану мен қолдануды иеленуге міндетті жандар өздік құқықтарын иелену қажет. Олардың кейбіреулерін атап айтсақ «диеталық тамақтану», «ойын терапиясы», «еңбек терапиясы», «демалыс терапиясы», «жанұялық терапия», «психологияны түзету», «медициналық бағдарлама», «логопедиялық бағдарлама», «түзетушілік бағдарлама», «диференциялданған дамытушы бағдарламаларды қолдану арқылы мектепке дейінгі және мектептік негізгі бағдарламалар».

Реабилитациялық орталықтарда мүгедектердің қолдануға құқылы реабилитациялау түрлері мен әдістемелерін атап өтуге болады. Оларды шартты түрде 3 топқа бөлуге болады.


  1. Медициналық реабилитация.

  • Емдік дене шынықтыру;

  • Медициналық массаж;

  • Аэрофитотерапия;

  • Небулайзерлік емдеу;

  • Физиотерапия;

  • Гиппокситерапия;

  • Галотерапия;

  • Жоғарғы тиімділігі бар препараттармен иммунитетті түзету;

  • Микронутриенттердің жеткіліксіздігінің профилактикасы;

  • Болжамдық кеңес;

  • Денсаулық сақтау органдарымен өзара әрекет ету.

  1. Әлеуметтік реабилитация.

  • Бала мен жанұяны диагностикалық тестілеу және бақылау;

  • Ақпаратты өңдеу және талдау;

  • Жанұяны үй жағдайында емдеу;

  • Лекциялар;

  • Видеотека;

  • Ұжымдық спорт сауықтыруға және мәдени бұқаралық шаралар;

  • Халықты әлеуметтік қорғау мекемелерімен серіктес болу;

  • Ақпараттық бюллетень.

  1. Психологиялық-педагогикалық.

  • Арттерапия;

  • Ертегі терапиясы;

  • Әуен терапиясы;

  • Сурет терапиясы;

  • Еңбек терапиясы;

  • Кітап терапиясы;

  • Гарденотерапия;

  • Педагогикалық түзетулік істер;

  • Психология-педагогикалық диагностика;

  • Тренингтер;

  • Кәсіптік ойындар;

  • Кеңесу;

  • Әңгімелесулер.

Әлеуметтік реабилитация - балаға әсер ететін оны әлеуметтік өмірге қосатын көп деңгейлі жүйе.

Медициналық реабилитация - медициналық құралдардың көмегімен баланың физикалық денсаулығын қалыптастыруға бағытталған процесс.

Психологиялық-педагогикалық реабилитация - танымдық, еріктік эмоцианалдық сфераларын дамытатын қайта қалыптастырушы кешенді әрекеттер.

Ол деңгейде туғандарға қоса, өзге азаматтардың да мүгедектік күйдегі балаларға қамқор бола алатын жағдайлар да бүгінгі кезде ескеріледі.

Ол, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 30 наурыздағы №380 және "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 30 наурыздағы №386 қаулыларына сүйене қазіргі кезеңдегі еліміздегі мүгедек балалар санының көбеюі, денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жыл санап мүгедек балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Үкіметіміздің мүмкіншілігі мүгедек балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөспірімдерге көрсетіледі [4].

Оған қоса, әлеуметтік қызметкерлер мүгедек балалы отбасының басты мәселесін- әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып табылады. Мүгедек баланың тәрбиесі-дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. «Дефектология» - балалардың педогогикалық ғылымына жатады. Ол кемістігі бар балалардың психологиялық жэне физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттейді, сонымен қатар оларды оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын белгілейді.

Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педогогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі және түзетілуі тиіс.

Соңғы жылдары мүгедек балалардың білім алуға қол жеткізуін кеңейту мақсатында арнаулы білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер жүргізілді. Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты -дамыта оқыту бағдарламаларын іске асыру, осы санаттағы балалардың едәуір бөлігін кәдімгі жалпы білім беретін мектептерде оқыту үшін жағдайлар жасау [2].

Жаңа кезеңде мүгедек балалармен және мүмкіндігі шектеулі жандармен мемлекет атынан әлеуметтік ұйымдар жұмыс атқаруда. Олардың қатарына: Алматыдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаушы қоғамдық ұйымдарды жатқызсақ болар.

Қазіргі кезде мүгедек балаларды емдеу – сауықтыруың басты мәселесі оларға толық деңгейде бөлініп жатқан күштер мен қажеттіліктерді уақытында жеткізбей, заңдарға негізделе жұмыс жүргізбеуде. Осыған байланысты олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп, ұйымдастыруымыз қажет.

Дер кезінде алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек Қазақстанда әр түрлі категориядағы мүгедек балалар мәселелері толы. Олар әр түрлі жас аралықтарын иемденеді. Әр мүгедек азаматқа бұны жеткізу оңай іс емес.

Сондықтар қазіргі заманда мүгедек, кемтар жандардың көңілін тауып өмірге деген махаббатын оятып, олардың да адамзатқа керек қоғамның бір бөлшегі екенін түсіндіру қажет және оған жасар жолымыз бар.
ӘДЕБИЕТ


    1. Баймұқанов М. Мүгедек балаларға әлеуметтік қамқорлық қажет // Заң.Алматы. 2002 ж.-N2.-Б.26-30

    2. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N345 Заңы//adilet.zan.kz

    3. Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы//adilet.zan.kz

    4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 30 наурыздағы №380 және "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 30 наурыздағы №386 қаулыcs // Заң, Алматы. 2011ж. - Б.13.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет