Частные задачи программы следующие:
помочь детям осознать себя как личность и другого;
помочь детям ощутить связь с другими;
показать детям, что есть уважение и доверие;
помочь детям правильно обдумывать и анализировать свои поступки;
научить детей сочувствию и пониманию другого;
помочь детям преодолеть свои сомнения и страхи;
показать детям, как можно жить без насилия и лжи;
помочь детям развить в себе и другом, только сильные стороны своего характера;
развить в детях правильное, безобидное чувство юмора.
Формирующий этап опытно-экспериментальной работы включал ряд последовательных и сочетающихся друг с другом личностно-развивающих мероприятий, важнейшим из которых являлась разработанная программа факультативных занятий.
Проведение коррекционных занятий необходимо для формирования личности, путем присутствия родителей и учителей, рассмотренные в таблице 2.
Таблица 2. Коррекционные темы занятий
№
|
Темы занятий
|
Кол-во
занятий
|
Кол-во
упражнений
|
1
|
Знакомство
|
1
|
4
|
2
|
Я и Ты
|
1
|
4
|
3
|
Какие «Мы»
|
2
|
4
|
4
|
Что объединяет людей?
|
1
|
5
|
5
|
Мои трудности
|
2
|
6
|
6
|
Какой я в школе
|
1
|
17
|
7
|
Какой я с друзьями
|
1
|
15
|
8
|
Что такое вместе?
|
1
|
18
|
Примечание: [составлено автором]
|
Данный этап работы формирует у детей осознание надобности сотрудничества, создаются условия для формирования новых, более эффективных коммуникативных навыков (конформный тип личности).
Реализовывая модель процесса формирования социального типа личности подростка мы решали задачу по сохранению и формированию условий типов личности и эффективных коммуникативных навыков общения. Но процесс формирования невозможен без коммуникативных начальных навыков, создания специальной системы отношений, складывающихся между учениками. Поэтому при непосредственном взаимодействии в учебном процессе и на занятиях применялись вышеупомянутые психолого - педагогические принципы.
Как отмечает С.В.Кривцова, моделируя свое отношение в соответствии с пятью указанными принципами, мы научим своих учеников устанавливать отношения с ровесниками и другими людьми по тем же принципам [3].
Представление о своих высоких способностях - вот то, что обеспечивает мотивацию общения в гораздо большей степени, чем истинный уровень этих способностей. Так считают многие психологи, например: такие как М.В.Минияров, Р.Кеттелл и другие [4].
Применение активных форм воспитания (тренинги, ролевые игры, диспуты, беседы) способствовало обогащению поведенческого репертуара подростков, расширялодопустимый и одобряемый спектр нравственных способов реагирования на жизненные события, выступало действенной формой становления установок толерантного сознания, развития эмпатийных качеств личности и профилактики агрессивного поведения.
Проведение бесед на темы формирования личности «Друг в жизни человека». Организация тренингово-игровой деятельности подростков, «Зеркало», «Пиктограмма».
На констатирующем этапе эксперимента была осуществлена диагностикаисходного уровня развитияэмоциональной отзывчивости подростков в соответствии с разработанными критериями и уровневыми показателями.
На формирующем этапе эксперимента был реализован комплекс педагогических условий, включая программу факультативного спецкурса «Формирование личности школьников во внеклассной работе», что способствовало эффективному развитию подростков.
Контролирующий этап эксперимента позволил сравнить результаты, полученные на констатирующем и формирующем этапах опытно-экспериментальной работы.
Полученные данные свидетельствуют о положительной динамике уровневых показателей. Таким образом, эффективность педагогических условий, направленных на развитие эмоциональной отзывчивости подростков в формировании личности, в воспитательной системе школы, подтверждена опытно-экспериментальной проведенной работы.
ЛИТЕРАТУРА
Целуйко В.М. Психология современной семьи: книга для педагогов и родителей. - М.: Издательство «ВЛАДОС - ПРЕСС», 2006. - 288 с.
Лесгафт Л.Ф. Семейное воспитание ребенка и его значение. - М.: Педагогика, 1991. - 341 с.
Кривцова С.В. Учитель и проблемы дисциплины. Серия «Психология в школе». М.: Генезис, 2004. - 135 с.
Минияров В.М. Психология семейного воспитания (диагностико-коррекционный аспект). - М.: Московский психолого-социальный институт; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2000. - 256 с. (Серия «Библиотека школьного психолога»).
Макаренко A.C. Воспитание в семье и школе // Педагогические сочинения в 8 т., Т. 4. -М., 1984.
Болдырев Н.И. Методика воспитательной работы в школе. 2-е изд. - М.: Просвещение, 2002.
Ломов Б.Ф. Проблема общения в психологии // Методологические и теоретические проблемы в психологии. М., 1984. - С. 242 - 271.
Мясшцев В.Н. Психология отношений / Под ред. А.А. Бодалева. М.: Инст. практической психологии, Воронеж: «МОДЭК», 1995. - 356 с.
Psychology Today / Richard R.Bootzin, Gordon H.Bower .et al. New York: McGraw-Hill, Inc., 1991. - 715 p.
Спиваковская A.C. Педагогика родителям. - М., 1986. - 157 с.
ӘОЖ 37.01
АБАЙ МЕН АЛАШТЫҢ ЗИЯЛЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ
КӨРКЕМДІК САБАҚТАСТЫҚ.
ХУДОЖЕСТВЕННАЯ ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ МЕЖДУ
АБАЕМ И ИНТЕЛЛИГЕНТЦИЕЙ АЛАШ
THE NARRATIVE CONTINUITY BETWEEN
ABAI AND INTELLIGENCE ALASH
Кушпаева Г.Б. - педагогика ғылымдарының кандидаты, АМКУ
Шарипова А.М. - Педагогика және психология мамандығының магистранты
Аңдатпа
Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың шағармашылығын жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген қоғам қайраткерлері – Алаштың ардақты азаматтары. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінің дамуына Абайдың еңбегі аса зор. Абай шығармашылығы халқымызға қоғамдық жағынан жаңа сілкініс туғызып, рухани, әдеби бетбұрыс жасады. Осыған орай ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының үлкен шоғыры ұлттық мүддені жоғары көтерді. Қазақ зиялылары халықтың болашағы Абай ұстанған жолда екенін біліп, соның ізімен жүруді мұрат етті.
Аннотация
Первыми кто высоко оценили творчество Абая и выразившие мнение мысль в истории казахской литературы были общественные деятели Алаш. Вклад Абая в развитие казахской литературы и культуры очень большой. Творчество Абая вызвал новый общественный всплеск в народе и сделал переломный ход в духовной и литературной сфере. В связи с этим в начале ХХ века большая группа казахской интелегенции защищала национальные интересы. Казахская интелегенция понимая что будущее народа в пути Абая наставляла идти по его следом.
Annotation
Primarily, who greatly appreciated the creation of Abai and expressed their point of view in the history of Kazakh literature were the social figures of Alash. The input of Abai in the development of Kazakh literature was very incredible. Abai caused new splashing popularity among the public and made turning progress in the spiritual and literary sphere. In accordance with it in the beginning of 20th century the most of Kazakh intelligentsia protected the national interests.
Kazakh intelligence understood that the future of the people was in the way of Abai and it instructed them to follow in his way.
Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінің дамуына, бұрын-соңды болмаған жаңа сапаға көтерілуіне Абайдың еңбегі орасан зор. Абай шығармашылығы халқымыздың қоғамдық санасында ерекше сілкініс туғызып, рухани бетбұрыс жасады. Осыған орай ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының үлкен шоғыры ұлттық мүддені ту етіп көтеріп, тарих сахнасына шығуы да кездейсоқ құбылыс емес еді. Қазақ зиялылары халықтың болашағы Абай нұсқаған сара жолда деп білді, соның ізімен жүруді мұрат етті.
ХХ ғасырдың басында-ақ Алаш арыстарының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы Абайға «қазақтың бас ақыны» деп, ал Мағжан Жұмабайұлы «хакім ақын» деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров «ақындар пайғамбары» деп лайықты бағаларын берген болатын. Абайдың өмірі мен ақындық өнері жөнінде бірінші болып ғылыми ой айтқан адам – Әлихан Бөкейханов. 1905 жылы жазған «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» атты азанамасында: «...Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ», - деп ең алғаш жоғары баға береді. Абай шығармашылығына шынайы әдеби талдау жасап, алғаш Абай ақындығына көркемдік тұрғыдан зерделі ой айтып, ғылыми құнды мақала арнаған А. Байтұрсынұлы. Ол «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында: «Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты Ибрагим) Құнанбаев, онан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», - деген. Бұл ең жоғары баға және үлкен құрмет. Бір ғасырға жуық бұрын айтылған бұл баға Абайдан басқа әлі ешкімге берілген жоқ.
Абай мұрасы жайлы А.Байтұрсынұлынан кейін құнды пікір айтқан адам – Міржақып Дулатұлы. Оның 1914 жылы 23 шілдеде «Қазақ» газетінде жарияланған «Абай» атты мақаласы ақынның қайтыс болуының он жылдығына арналып жазылған. Қазақтың классик ақыны Абай дәстүрінің жалғасын алғаш танып, ол туралы жар салып пікір білдіргендердің бірі М. Дулатұлы болатын. М. Дулатұлы Абайды оянып келе жатқан қазақ халқы әдебиетінің негізін салушы деп таныстырады. «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі», - деген пікір білдіреді. Бұған қарап Абайға дейінгі ұлттық әдебиетті жоққа шығару деп түсінуге болмайды. Ақынның өзіне дейінгі халық даналығы, ауыз әдебиеті, өзі үлгі тұтқан әлем әдебиетінің жауһарлары негізінде жасаған жаңа әдебиеттегі еңбегіне баға беру.
Ж. Аймауытұлы мен М. Әуезовтің («Екеу» деп қол қойған) 1918 жылы «Абайдың өнері Һәм қызметі» атты мақаласы «Абай» журналының №2 санында жарық көреді. Бұл мақалада Ж. Аймауытұлы мен М. Әуезов Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын көрсетеді. Абайдың ақындық өнерін өзіне дейінгі әдебиет үлгілерімен салыстыра отырып, өзіндік ерекшелігін, поэзияға әкелген жаңалығын атап өтеді. «Абайдың ең бір артық өзгешелігі, заманының ыңғайына жүрмей, өзінің «өздік» беті мықты ұстап, ақылға, ақтыққа, көңілдің шабытына билетіп, көз тұндырарлық кемшілік, міннің ортасында туып, ортасында жүріп, үлгілі жерден өрнек алып келген кісідей ашық көзбен қарап, барлық мінді мүлтіксіз суреттеуі, шарықтап жүріп қылт еткенді көретін қырағы қырандай сыншылдығы.
Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл-білімнің әр тарауынан көкірегінде асыл қазына көп. Сол қазынаны барлық ырғағы, нәзік сыпатымен, қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы ғып шығаруы, әрі ақындығы, қызыл тілді шешендігі». Осылай Ж. Аймауытұлы мен М. Әуезов Абайдың сыншылдық, ойшылдық, сыршылдығы мен тілге шешендігін айтып, оның өзге ақындардан өзгешелігін атап көрсетеді. Яғни ақындық қуаты мен шеберлігін, өзіндік ұстаған бетін айқындап береді.
Ж. Аймауытұлы ақындардың өлеңдерінің сырты мен түріне қарап осындай үш топқа жинақтап көрсетеді. Ақындар поэзиясын мазмұн мен пішініне қарап, әдеби ағымға топтастырып бөлудің өзі сол кездегі әдебиет үшін үлкен жетістік. Әдебиеттану ғылымының үлкен білімдары әрі әдебиетті терең зерттеп жүрген әдебиет зерттеушісінің қолынан ғана келетін іс екені анық.
Алаш арыстары – табиғатынан асыл туған, айрықша дарынды жандар. Бұл буын өкілдері қазақтың әдет-салтымен тәрбиеленген, мұсылманша хат танып, исламның иманды бұлағынан нәр алып, одан кейін жәдидше, орысша оқып, бірнеше тілді меңгерген жандар. Олар үлкен мәдени қалаларда білім алған өз заманының көзі ашық зиялылары, сондай-ақ сан салалы мамандық иелері екенін де ерекше айтуымыз керек.
ХХ ғасыр басындағы ұлттың ояну кезеңінің жаршысы, қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров Алаштың ардақты азаматтарына жан даусымен Алаш деп ұран салады. Ол барлық ерлерді бостандық, еркіндік, ел қамы үшін күресуге, бірігіп тізе қосуға, бір тудың астына бірігуге шақырады.
Алаш туы астында,
Біз – алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған.
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Жасасын, алаш, жасасын! [1].
Ақынның бұрыннан бері ішінде қайнап жүрген бүкіл арманы осылай ұран болып шығады. Ол Алаш партиясының ұранын құптап, бостандық жолындағы алдағы күнге артқан үмітіне қосылады. Бұрынғы «ерімізді айдаған», «елімізді лайлаған», «жерімізді шимайлаған» «өшті залым қарасы» деп қуанады. «Алаш ісіне адалдықты, оны қолдауды уағыздайды, бірлікке, ел тұтастығы үшін күреске шақырады» [2].
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз!
деп халқына жар сала, сеніммен уәде береді. «Шындықтың ауылын іздеп», туған елінің аспанында жарық күндей болып өнер шашуға талпынып, шиыршық атып үнемі толғанып жүрген ақын «бостандық», «теңдік» деген алаш үніне қосылады.
Абай өздігінен ұлы ақын болған жоқ. Ақынның өзгеден алған және өзгелерге берген нәрі де бар. Өзгеден алған нәрі туралы айтқанда, өскен ортасы, ақындық айналасы, сусындаған рухани қазына көздеріне терең үңілгеніміз жөн. Абайдың асқан ақындық және данышпандық қасиетке жетуіне себепші болған М. Әуезов атап көрсеткен «үш қайнар бұлағы» еді. Мәдениеттің, өнердің, адамгершіліктің мол үш арнасы данышпан ұлы ақынның шығармашылығына рухани азық болады. «Мәдениеттің бұл айтылған үш саласын өзінің творчестволық ісіне пайдаланғанда, Абай оларға тек еліктеп қана қойған жоқ немесе кесек шығарманы ұсақтап, көшіріп алған жоқ. Ол өзінің сүйегіне біткен қасиеті, даналығы, дарындылығы, тілге бай көркем сөзге шеберлігі арқасында өткен дәуірдің әрбір шығармашылығына сын көзімен қарап, ең жақсыларын ғана іріктеп алды, өзінің идеялық-көркем шығармаларын, поэзиясын осылармен байыта отырып, оған жаңа түр, жаңа мазмұн берді», - деп, академик М. Әуезов Абай шығармашылығының нәр алған қазына көздерінің негізгі себебін түсіндіреді [3]. Аталған үлкен үш арна Абайдың тек ақындық қабілетіне әсерін тигізіп қана қоймай, оған рухани азық болып, ой-өрісін, дүниеге көзқарасын өзгертіп, ақындық өнеріне жаңа жол ашты.
Абай ең алдымен халық даналығынан сусындайды, сөз байлығы, өнерпаздық үлгісінен нәр алады. Шешендік орамды сөз сөйлеу мен қисынды кесек ой тастауды өз ортасынан үйренеді. Тамыры тереңде жатқан халқымыздың бай ауыз әдебиетінен, бірнеше ғасыр бойы кеңінен қанат жайып өркендеген жыраулар поэзиясынан, өзіне дейінгі ақындар поэзиясынан үлгі алып, қанаттанады. «...анықтап айтатын нәрсе – Абай поэзиясының негізгі тірегі, қайнар көзі, ана сүтіндей нәрлендірген арнасы – халық поэзиясы, қазақтың ақындық өнері, Абай поэзиясы қазақ топырағында өсіп-өнді» [4]. Абайға Шығыс пен Батыс әдебиетінің ықпалы мол болған.
Қазақ әдебиетіндегі ұлы дәстүр – Абай дәстүрі. Абай дәстүрі деген ұғымның сан салалы, күрделі екендігі баршаға мәлім. Абай мұрасы тақырып-мазмұн жағынан алғанда да, ақындық өнер, шеберлік тұрғысынан келгенде де ұланғайыр. Қазақ әдебиеті тарихында Абай дәстүрі деген ұғымның қалыптасып, кең қанат жайғаны бүгінгі әдеби үрдістің даму барысында зор маңызын көрсетіп отыр. Себебі Абай дәстүрі деген тақырып өте кең ауқымды әрі өзекті, ғылыми айналымға түскен сала. Абай дәстүрінің Шәкәрім шығармашылығындағы жалғастығын зерттеген ғалым Б.Әбдіғазиевтің пікірінде: «Абай дәстүрі – қазақ әдебиетінің даму тарихында заңды жалғасын тауып, жан-жақты байып келе жатқан асыл арна», - делінген [5].
Сұлтанмахмұт – Абай дәстүрін жалғастырушы. Сұлтанмахмұттың Абайды ұстаз тұтқандығы, алғашқы кезде еліктеп жазғандары оның өлең өлшеулері мен сөздіктерінен көрінеді. Абайдың оқу-ағарту, білім-ғылым саласындағы ойларын, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын, өз заманының шындығын өз өлеңдерінде өрбітіп дамытады. Сұлтанмахмұт Абай уағыздаған оқу-білім, өнер, адалдық пен ар-намысқа жастарды үндейді. «Елді азаттыққа, прогреске атой салып шақырады. Бұл өлеңдер өмір суреті ғана емес, өмір оқулығы, алға басудың ұраны еді. Сұлтанмахмұт өлеңдерінде әсіресе ағартушылық сарын басым» [6]. Оның шығармаларының тақырыптары түгелдей қазақ халқының шынайы өмірі, әдет-ғұрпы мен мінез-құлқы әрі халықтың арман-тілегі.
Шынында, ғылым артық мал мен бақтан,
Ғылым болса қара су тасып аққан.
«Оқу оқып не керек, мал таппай» деп
Қазақтың айтқан сөзі надандықтан [7].
Ақын ғылымның өмірдегі мәнін түсіндіріп, мал мен бақтан ғылым артық екенін айтады. Қазақтың надандығына қарсы болады. Абайдың да ең бірінші күресетіні – надандық. Сұлтанмахмұт өлеңінде айтылған ой Абай өлеңінің идеясына сәйкес келеді. Мәселен:
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме [8].
Абай «надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты...», егер қисық көрінсе кімнің сөзі болса да, тіпті жақын адам айтса да, ақылмен жеңуді үлгі етеді. Ақын халықты білімге, ғылымға, еңбекке үндейді.
Қызмет қылып ой таппай,
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады [8].
Ғылымды іздеп, оқып, құр жатпауға шақырады. Ақиқатты білмек үшін, даналық пен терең ойды үйрену үшін ғылымның керек екенін баса айтады.
Адасып алаңдамай жол таба алмай,
Берірек түзу жолға шық қамалмай.
Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай [8].
Қазақ халқын түзу жолға түсіруді ойлайды. Жұртының қамын жеген ол «адасып алаңдамай», бір жерде «қамалып қалмай» өнерлі өзге халық сияқты білім-ғылым іздеп, еңбек етсең, дұрыс жолға түсесің деген келелі ойды алға тартады.
Абайдың ақын шәкірттерінің ішінде Шәкәрімнің орны бөлек, ол Абай шәкірттерінің ішіндегі бас шәкірті деп аталады. Өйткені оның ақындық өнерімен қоса ойшылдық тереңдігі, философиялық толғаныстары өз заманы үшін теңдесі жоқ қайталанбас рухани құбылысқа айналды. Абайды терең танып білгендер ғана Шәкәрімнің ойшылдық табиғатына адаспай кіріп, жол таба алмақ.
«Шәкәрім Абай шәкірттерінің ішіндегі ең ұзақ өмір сүргені ғана емес, артында ең мол мұра қалдырғаны да. Оның поэзиясы шын мәнінде Абайдың ақындық дәстүрінде туған. Құнарлы топырақтан нәр алған қуатты поэзия» [9]. Шәкәрім Абайдың қоғам туралы толғамын, адам болмысын танудағы ізденісін, адамның адам болып қалу жолындағы имандылықты, ар-ұяты, адамгершілікті уағыздау өнегесін, білім мен өнер шашпақ үлгісін, теңіздей терең ойшылдығын ұлы ұстаз дәстүрін сақтай отырып, жаңаша жаңғыртып, жасампаздықпен дамытты. Осы құбылысты анықтап дер кезінде айтқан Ж. Аймауытұлы: «Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға өлеңінің сыртымен болмаса да ішкі мағынасымен еліктеген кісі – Шаһкәрім. Мінді, кемшілікті айтқанда жерлеп, кекеп, шенеп, оңдырмайтын Шаһкәрім өлеңінде шанышпа, ащылық бар», - деген [10].
Шәкәрім – Шығыс әлеміндегі аса ірі көрнекті қазақ әдебиетінің классигі. Ол – ХХ ғасырдың басында қазақ елінің арасында данышпандығымен айналасына танылған адам. Сонымен бірге жаңа қалыптасып келе жатқан қазақтың зиялы қауымы Шәкәрімді танып, ерекше құрмет тұтып, санасып қана қоймай, оның идеясымен терең сусындады.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиетінде Абайдың азаматтық үнін, ұлтжанды сезімін барынша күшейтіп дамытқан ақын. Азаматтық үн... Жалпы, қай дәуір ақындарын оқысақ та, негізінен өлеңіне өміршең қуат, сөнбес от беріп тұратын ақынның дүниетанымдық позициясы. Оларды ғасырлар қойнауларынан табыстырып, жалғастырып жататын дәстүр өзектері де сол төңіректен туындайды. Азаматтық лирика жайлы академик З.Ахметовтің берген анықтамасы бойынша, «лирикалық поэзияның әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы болып табылады. Өмір жөнінде, халықтың тағдыры туралы ой-толғамдар ақынның өз көңіл күйімен терең ұштасып, өзінің өмірге қатынасын суреттеу арқылы көрінеді. ...Халық қамын, оның қоғамдық халін шығармасына арқау еткен әрбір ақын лирикасында азаматтық сарын басым болмақ. Тақырыпты көтеру арқылы ақын заман сырын ашады. Әсіресе оның қайшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді, алға, болашаққа жол сілтегендей ой қозғайтын сипатымен ерекшеленеді» [11].
Поэзиядағы азаматтық әуен де ең алдымен ақынның тұлғасына байланысты. Ақынның азаматтық тұлғасын оның шығармаларының азаматтық үні ғана таныта алады. Жазба әдебиетте азаматтық сарын Абай шығармаларынан бастау алады. ХХ ғасырдың бас кезінде бұл сарындағы лирика Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Міржақып Дулатұлы поэзиясында үлкен әлеуметтік маңызға ие болды.
Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың әдеби дәстүрлерін көбінесе қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді, заман жайын, халық тағдырын жырлау тұрғысынан жалғастырды. Оның өлеңдерінің Абай поэзиясымен үндестігі аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғауларынан анық байқалады.
Ақындық өнерінде өзінің рухани ұстазы ретінде пір тұтып, көркем сөз үлгісін жалғастырған келесі қаламгер иесі – Мағжан Жұмабайұлы. Ол Абай дәстүрін дамытып, қазақ поэзиясын тың өрнектермен, жаңа айшықтармен байытты. 1909 жылы жарыққа шыққан баспадан Абай өлеңдерін оқып, Абайға арнап «Алтын хакім Абайға» деген өлең жазады. Абайды өзіне рухани ұстаз тұтқан Мағжан ақынға табынып, «алтын хакім» деп жоғары бағалап жыр шашуын арнайды.
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан үні кетпес.
Абай, Ахмет, Міржақып, Мағжандар қазақ әдебиетінде жаңа көркемдік әдістің негізін салды. «Абайды білген немесе оның аты мен шығармаларына сырттай қанық ірілі-кішілі ақындардың Абайдай көркем сөз алыбына еліктемегені, тағлым алуға тырыспағаны кемде-кем».
Қорыта айтсақ, біз арнайы сөз қылған Абай дәстүрін жалғастырған Алаш әдебиетінің өкілдері Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан – әдебиетіміздің шоқтығы биік тұлғалары.
Алаш ақындарының өлеңдеріндегі ой тереңдігі қазақ қоғамының шындықтарымен тамырластығында жатыр. Абай мен Алаш ақындарын біріктіретін ортақ мақсат: біріншіден, олардың бәрі де қазақ халқының қамын ойлап, ұлттық тәуелсіздігін көксеген, ел еңсесін көтеруді мақсат еткен; екіншіден, бәрінің де негізгі ой-армандары елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу басқа халықтармен терезесін тең ету еді. Бір сөзбен айтқанда, ғасырлар бойғы қазақтың ұлттық рухын паш ету, ел намысын, болашағын аяқасты етпеу.
ӘДЕБИЕТ
Ахметов З. Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі / М. Әуезов - ХХ ғасырдың ұлы жазушысы және гуманисі. - Алматы: Ғылым, 1997. - 163 б.
Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. - Алматы: Қазақстан, 1996. - 272 б.
Жұртбай Т. Бесігіңді түзе: Роман-эссе. - Алматы: Жазушы, 1997. - 560 б.
Әуезов М. Өз жайымнан мағлұмат / Шығармаларының елу томдық толық жинағы. - Алматы: Ғылым, 1998. - 3 т. - 392 б.
Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. - Астана: Елорда, 2003. - 424 б.
Мырзахметов М. Абайтану тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1994. - 192 б.
Нұрғалиев Р. Тақырыппен табысу // Қазақ әдебиеті. - 1967. - 14 июль.
Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. - Алматы: Жазушы, 1980. - 312 б.
Соболев Л. Абайдың рухани інісі / Мұхтар Әуезов әлемі. Ред. басқ. З. Ахметов, Т.Әкім, Л.М. Әуезова. - Алматы: Жазушы, 1997. - 352 б.
Әдібаев Х. Алыптың тұлғасы / Мұхтар Әуезов әлемі. Ред. басқ. З. Ахметов, Т.Әкім, Л.М.Әуезова. - Алматы: Жазушы, 1997. - 352 б.
Қабдолов З. Абай және Әуезов / М.Әуезов - ХХ ғасырдың ұлы жазушысы және гуманисі. - Алматы: Ғылым, 1997. - 163 б.
Достарыңызбен бөлісу: |