Дәріс мазмұны:
1.Өзін- өзі реттеу және адамның мотивациялық сферасының деңгейлері
2.Қажеттілік ұғымы. А. Маслоу бойынша қажеттіліктер классификациясы.
Адам мінез-құлқынан функционалды өзара байланысқан 2 жағын көрсетуге болады: реттеуші, оятушы. Реттеуші жағы әртүрлі жағдайда мінез- құлқының тұрақтылығы мен икемділігін қамтамасыз етеді .Мінез-құлықты реттеу әртүрлі психикалық көрілулердің арқасында қалыптасады, олар мысалы, сезім ,қабылдау, темперамент ,зейін ,ойлау,ес,сөз қабілет ,мінез,эмоция.
оятушы –мнез-құлқының бағытын және белсенділігін қамтамасыз етеді. Бұл бағыт мотивация түсінігімен байланысты.
Мотивация түсінігі 2 мағынада қолданылады:
Мотивация –адам мінез-құлқының бағытын анықтайтын және ағзаның белсенділік түдыратын факторлар жүйесі.
Мотивация – анықталған деңгейде мінез-құлық белсенділігін қамтамасыз ететін процесс мінездемесі.
Мотивациялық түсініктің ең маңыздысы болып «қажеттілік» түсінігі табылады.
Қажеттілік –бұл бір нәрсені қажетсіну күйі. Қажеттіліктің барлық түрі ағзада бар . Ол ағзаға керекті нәрселерді іздестіріп ағзаны белсендендіреді. Қажеттілік мінездеменің негізі болып табылады: а) қүш, б) пайда болу кезеңдері, в) қанағаттану тәсілдері, д) қажеттілік пәндік мазмұны.
Мотив (лат. Movere – қозғалысқа әкелу, итеру)- бұл қажетті қанағаттандіру тәсілі ретінде көрінеді. Мақсат –мінез-құлық бағытын саналы қорытынды.
Бұл күтпейтін нәтиже адам іс-әрекеті.
Қызығушылық-бұл танымдық мінездің ногнетивті мотивациялық жағдайы ,олар қажеттілік орталығын байланыстыру болады. Қалау және ниет –бұл жағдайдағы байланысты туатын және бір –бірін тез ауыстыратын субъективтік жағдайлар.Әрекет орындау шарттарың өзгершелігіне жауап береді. Тапсырма –бұл жеке жағдайлық мотивациялық фактор, әрекетті орындау кезінде туатын анықталған мақсатқа бағытталған болып табылады.
Мотивтеу –бұл жеке немесе барлық ұйымнын жетуге деген қарым-қатынас, іс-әрекетке итермелеу процесі.
Абрахам Харальд Маслоу Нью-Йорктің Бруклин деген жерінде 1908 жылы дүниеге елген. Оның ата-аналары Ресейден көшіп келген еврейлер болған. Ол отбасының үлкен ұлы болғандықтан, оның ата-анасы Маслоудың жоғарғы білім алуын қалады. Ол балалық шағын жалғыз және бақытсыз болғанын айтады.
1930 жылы Висконсин Университетінде психология бойынша арнайы академикалық курсты тәмәмдап бакалавр деңгейін, 1931 жылы гумманитарлық ғылым магистрі және 1934 жылы доктор атағын алады.
Маслоу докторлық деңгейді алғанан кейін Висконсин қаласынан Нью-Йорк қаласына қайтіп келіп, белгілі теоретик Э.Л. Торндайк пен Колумбиялық Университете жұмыс істейді. Ол осы жерде көптеген европалық ғалымдармен: Эрик Фромм, Альфред Адлер, Карен Херни, Рут Бенедикт, Макс Вертгейлер жәнет тағы басқаларыменде танысады.
Ол өзінің өмірінің соңғы 10 жылында көптеген еңбектерін жазады. Бұл: "Дневник Эупсихея" (1965); "Жеке тұлға және мотивация" (1967); "Адам табиғатының жаңа өлшемдері" (1971) т.б.
Маслоудың еңбектері 1960-1970 ж. ж/ғы психологтың арасында қолдау тапты. Оның қуанышты, махабатты, шығармашылықты, таңдау мен өзін-өзі жүзеге асыруды зерттейтін бағытты адамның іс-әрекетін механикалық және дегуманизациялық модел деп қарастырушылар үшін оптимистік альтернатив болды. Сонымен гумманисттік психология денісау адамдыүйлесімді жеке тұлғаның дамуының шегіне жеткен адамды зерттейді. Сонымен қатар, Маслоу мотивацияны зерттеу арқылы «қажеттілік иерархиясын» жасады. Ол мына деңгейлерден тұрады:
Физиологиялық қажеттіліктер―бұл төменгі дене организмдерін басқаратын қажеттіліктер. Тыныс алу, тамақ қорғаныш қажеттіліктері және сексуальдық қажеттіліктері.
Әлуметтік қажеттіліктер―бір адамды бір ғана адамдамдар мен қарым-қатынас қанағаттандырады. Кейбіреуінде қарым-қатынас қажеттілік өте күшті көрінеді.
Сенімділік қажеттіліктер―материалдық жағдайға ұмтылу, денсаулық, қартайғандағы қамтамасыздық және т.б.
Сыйлау қажеттілікер―өз беделін түсіну, мұнда сыйласу, бедел, әлуметтік табыс маңызды.
Жеке адам дамуы қажеттіліктер―өзін-өзі дамыту, белсендіру, әлемдегі өз орынын түсіну.
Маслоу мынадай мативация принцптерін анықтады:
1. Мотивтер иерархиялық жүйеден тұрады.
2. Мотив деңгейі жоғары болса, өмірге-керек қажеттіліктер өседі.
3. Төменгі қажеттіліктер өтелмей тұрып жоғарғы қажеттіліктер
қаралмайды.
4. Қажеттіліктер көтерілсе, белсенділікте дамиды.
Жақсы жағдайдың болмауынан адамның (тамақ, демалу) физиологиялық қажеттіліктер маңызды қажеттілікке айналады. Егер базалық қажеттіліктер қанағаттандырылса адамда жоғарғы қажеттіліктер (даму, өзін-өзі түсіну, өмір маңыздылығын іздеу) көрінеді. Көптеген адамдарға «өмір невразы» тән. Сонда адам өзіне не үшін өз өмірінің мағынасын түсініп, өзінің қабілетін барынша дамытса ол біртіндеп жеке тұлға дамуының жоғарғы деңгейінде көрінеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Өзін-өзі реттеу дегеніміз не?
2. Қажеттіліктер дегеніміз не?
№ 7 дәріс
Тақырып: Адамның психодинамикалық ерекшеліктері диагностикасы
Мақсаты:Адамның психодинамикалық ерекшеліктерін диагностикалау әдістерін олардың жүргізілу жолдарын ашу.
Дәріс мазмұны:
1.Жүйке жүйесінің қасиеттеріне жалпы сипаттама
2.Теппинг тестісі өткізілу әдістемесі.
Теппинг – тест Е.П.Ильина (Жұмыс қабілетіндегі жүйке жүйесінің күшін анықтау)
Зерттелушілерге 8 бірдей квадрат салынған бланктер таратылады (немесе өздері қағазға схеманы салып алады) 1-сурет
Зерттелушілерге тапсырманы орындау үшін нұсқау беріледі. Оң (оңқайлар үшін) және сол (солақайлар үшін) қолға қарындашты мынадай жағдайда, үлкен саусақ қарындаштың жоғарғы бас жағын басып ұстайды. (2-сурет). Кейбір жағдайда ғана, жоғарғы жағында басқышы жоқ қаламсапппен жұмыс істеуге болады. Қарындаштың жоғарғы жағын пластырмен орап алған абзал. Шынтақты столға салмағын түсірмей ұстау керек. Тапсырма мынадай түрде беріледі: экспериментатордың бұйрығымен әрбір квадратқа 5 сек. Максималды темпте көп нүкте қоюы керек.
«Ары қарай» деген экспериментатордың бұйрығымен келесі квадратқа көшу керек (оңқай үшін – 3 сурет, солақай үшін-4 сурет).
3-сурет
-
4-сурет
-
Экспериментатор зерттеуші «Жылдам, тағы жылдам!» «Тез-тез, тырысыңдар!» «Енді аз қалды, жарайсыңдар, жылдамырақ!» т.б. қатты дауыспен айтып, жігерлендіріп отыру керек. Жүмыс үлкен физикалық қысыммен байланысты болғандықтан, соңында зерттелуші шаршауы мүмкін.
Эксперименттің соңында зерттелушілерге өз бетінше қажетті есептеулер беріледі. Әрбір квадраттағы қойылған нүктелер саны саналып, нәтижелері әрбір квадраттың бұрышына жазылады. Содан кейін график құру қажет. Асцисса осін (горизонталь сызық) квадраттың нөмірлері белгіленеді (немесе жұмысқа кеткен уақыт), ордината осіне (вертикаль сызық) әрбір квадратқа қойылған сандар белгілі бір масштабпен белгіленеді. Ары қарай әрбір квадраттағы зерттелуші қойған абсцисса осіндегі санның ордината осіндегі санға сәйкес келуімен перпендикуляр тұрғызылады. Нүктелердің қиылысқан жердегі перпендикуляр сызықтармен жалғасып график түзіледі.
Мысалы: нәтижедегі 1 квадратта – 35 нүкте; 2- 29; 3- 42; 4- 31; 5- 38; 6- 30; 7- 27; 8- 25 болса, график мынадай үлгідеболады. (5 сурет).
45
40
35
30
25
20
1 кв 2 кв 3кв 4 кв 5 кв 6 кв 7 кв 8 кв
Содан кейін, 1 квадраттағы нүктелер саны белгіленген ордината осіндегі нүктелерден перпендикуляр құрылады (горизонталь сызық) және осы сызыққа қатысты алынған жеке графика талданады.
Е.П.Ильина жүйке жүйесінің 5 типіне сәкес графиктің бес типін бөліп көрсетеді:
І. – күшті (дөңесі бар график);
ІІ – ортадан күшті;
ІІІ – орта (тең аралық график);
ІV – ортадан әлсіз (иілген);
V - әлсіз (төмен түскен график);
6- суретте әрбір тип графигінің жалпы түрі берілген (жеке графикерді өңдеген кезде бірінші квадраттағы нүктелердің санын көрсететін ордината осінен басталатын горизонталь сызықта орналасқан орнына көңіл аудару керек).
І тип
ІV тип
ІІ тип
ІІІ тип
6-сурет
Теппинг – тест жүйке жүйесі (әлсіз, күшті немесе аралық) типтеріне экспресс- диагностика жүргізуге, сонымен бірге жұмыс қабілетінің ерекшеліктерін көрсетуге («өңдеп шығару» күшті типті көрсетеді, өніділікті төмендетпей көп қысымды ұстьау қабілеті, сонымен бірге іс-әрекетті меңгергеннен кейін жоғарылайды; шаршау және үлкен қысым кезіндегі іс-әрекет өнімінің төмендеуі жүйке жүйесінің әлсіз типіне тән). Әдістеме нәтиже іс-әрекет темпі мен ритмін сипаттайтын психодинамика мен нейродинамиканың жалпы көрінісін береді. Мысалы: 6-суреттегі ІІІ график іс-әрекет темпінің тең еместігін көрсетеді, яғни адам «жұлқынып» жұмыс істейді, өзін уақытша мобилизация жасайды, бірақ бұл темпті ұзақ мерзімде ұстау қиынға соғады; жұмыс қабілетінің төмендеуі жылдам болады.
Әдістеменің нәтижелерін өңдеуде күшті және әлсіз типтердің өзіндік кемшілігі мен жетістіктері бар екеніне көңіл аудару керек. Күшті типтің жетістігіне жұмыс қабілетінің жоғарылығы, жоғалтпау қабілеті, стрестік жағдайлардағы ұстамдылығын, тұрақтылығын айтуға болады. Әлсіз типтің жетістігі – жоғары сезімталдық, әлсіз интенсивті сигналдарды ұстау қабілеті. Шығармашылық кәсіптегі адамдар – музыканттар, суретшілер, актерлер жүйке жүйесінің әлсіз типіне жатады. Өз ағзамыздың ерекшеліктерін ескеріп және өмірді жүйке жүйемізге шамадан тыс қысым түсірмейтіндей етіп ұйымдастыруымыз керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Жүйке жүйесінің қандай қасиеттері болады?
2. Теппинг тест нені зерттеуге арналған?
3.Теппинг тесттің авторы кім?
№ 8 дәріс
Тақырып: Темперамент психодиагностикасы
Достарыңызбен бөлісу: |