А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет53/86
Дата04.10.2020
өлшемі0,82 Mb.
#63894
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Басқарушы тұлғасы қандай болу керек деп ойлайсың?

2. Басқарушының негізгі қызметінің түрлерін ата?

3. Басқарушылық стил дегеніміз не?

4. Авторитарлы стил түріне сипаттама бер?

5. Демеоратиялық стил несімен тиімді?


5 дәріс

Тақырып: Басқару әрекетіндегі қарым-қатынас ерекшеліктері.

Мазмұны:


1. Қарым-қатынас әлеуметтік феномен ретінде.

2. Басқарушылық қарым-қатынастағы өзара қабылдау мәселелері.

3. Қарым-қатынас түрлері.

Мақсаты: студенттерді қарым-қатынас әрекетімен және қарым-қатынастағы қабылдау механизмімен таныстыру.


1. Қарым-қатынас адамдар өмірінде негізгі орын алады. Қарым-қатынас процесі соның ішінде іскерлік қарым-қатынас бұл комуникация, сонымен қатар мәлімет алмасу, пікір алмасу, көңіл-күй тілектерін бөлісу. Қарым-қатынастың нәтежиесі мына факторларға байланысты; комуникациялық құралдарды дұрыс қолдану, комуникациялық қабілет, білік- дағдыны қолдана білу. Қарым-қатынастың негізгі құрадарына вербальды, вербальды емес құралдар жатады. Вербальды емес құрадарға сезім мен эмоцияның мимика жест арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынаста бейнеленуі. Қарым-қатынас адамның өмір сүру мәнін және сынилылығын білдіреді. Адамның өзіне тән ерекшелігі қарым-қатынаста көрініп отырады. Сонымен қатар қарым-қатынас ұжымдық әрекет және адамдар арасындағы комуникативті байланыстырушы рол атқарады. Қарым-қатынас адамның тіршілік етуі мен дамуын қанағаттандыратын маңызды өмірлік қажеттілік.

2. Қабылдау немесе перцепция шынайы өмірде обьективті қалыптасқан идеалды құрылым болып саналады.

Әлеуметтік психологияда қабылдау деп басқа адамның сыртқы түрі мен мінез-құлқын бағалау негізінде қалыптасатын біртұтас бейнесі түсіндіріледі.Әлеуметтік қабылдауды мына жүйе арқылы көрсетуге болады:

- бақылаудағы мінез-құлқы мен сырт келбетін қабылдау және баға беру.

- мінез-құлық себебі мен нәтежиесі арқылы интерпретация беру және алдын-ала болжау

-өзіндік мінез-құлық стратегиясын ойластыру

Іскерлік қарым-қатынаста өзара әрекет 1-н алғаш көрген адамммен 2-н жақсы білетін адаммен әрекетке түседі. Бұрын танымайтын адамдар арасында психологиялық механизмдер қалыптасады олар; 1.топаралық, 2, тұлғааралық.

Топаралық қарым-қатынастағы қабылдау механизмдеріне алғаш тану жатады.Соған байланысты адамдар арасында белгілі бір стериотип қалыптасады.Мысалы: А обьектісін көргенде автоматты түрде А бейнесі қалыптасады.Әлеуметтік стериотиптер мынадай түрлерге бөлінеді: этникалық, діни, кәсіби, идеологиялық, жас ерекшелік.Әлеуметтік стериотиптердің мынадай ерекшелігі бар:

1. Нақты өмірлік жағдайларды қабылдауының анықталуы нақты жағдайларға қатысты емес, жанамалы түрде біздің санамызға қалыптасқан бейнелерге қатысты болады.

2. Әлеуметтік стериотип меншігінен шығару қарым-қатынастың қалыптасуы арқылы «ойлауды үнемдейді», яғни алдын-ала қалыптасқан ойлар арқылы сол жағдайдағы әрекет өздігінен пайда болады.

3. Әрбір әлеуметтік стериотип әр түрлі пропорциядағы сипатта болады және ол адамның жекелік сипатына сай келеді

4. Стериотиптер өте берік қалыптасып қалады, тіпті тұқым қуалайды.

5. Біз қаншалықты әлеуметтік обьектіден алшақ болсақ, соншалық ұжымдық әсерге бағынушылық көп болады.

Стериотиптердің қалыптасу факторларына: таңдану, тартымдылық,қарым-қатынасқа түсу түрлері жатады.

Таңдану факторы сыбайластардың тең емес жағдайында болады.Ол өзінен сыбайласының бір жағынан болса да артық деп бағалайды.

Тартымдылық механизмінде адамға қойылатын баға ұнау, ұнамау жағдайына қатысты. Егер адамның сырт келбеті ұнаса, ол адамды жақсы, ақылды деп бағалаймыз.

Қарым-қатынасқа түсу факторы, егер бізбен кім жақсы араласады, сол жақсы деп бағаланады.

3. Өзінің формасымен түріне қарай қарым-қатынас әртүрлі.Қарым-қатынаста мыналарды бөліп қарауға болады;мазмұнын, мақсатын, құралдарын, функцияларын, формаларын.Мазмұнына қарай қарым-қатынас;

Материалдық-субектілердің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы болатын іс-әрекеттің заттары мен өнімдерімен алмасу.

Когнитивтік-біліммен алмасу.

Іс-әрекетік-әрекетермее, операциялармен, іскерлік дағдылармен алмасу.

Кондинционалдық-психикалық және физиологиялық жағдайлармен алмасу.

Мотивациалық,мақсатымен,қызығушылығымен,себептермен,қажеттіліктермен алмасу.

Қарым-қатынастың мақсаты-бұл адамның сол әрекеттегі белсенділігінің пайда болу жағдайы.Мақсатына қарай қарым-қатынас биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Биологиялық-бұл ағзаны қолдауға, сақтауға, дамытуға, қажет қарым-қатынас.

Әлеуметтік- тұлғааралық байланыстың нығаюын, кеңейуін және индивидтің тұлғалық өсуі.

Бағытымен тәсілдеріне қарай динамикалық қарым-қатынас адамның қызметімен олардың жағдайларына қарай жалпы қарым-қатынас құрамына бөлінеді. Қарым-қатынас формаларымен, байланыспен, шығармашылықпен қажеттілікпен ретке келтіріледі.

Қарым-қатынастың мынадай түрлері кездеседі.

Вербалды қарым-қатынас, өзінің кезегінде ауызша және жазбаша болып бөлінеді.

Вербалды емес қатынас біздің өмірімізде аңызды орын алады.Берілген анықтамалар бойынша 60-тан 80% ақпаратты өзгелерден сөзсіз каналдар арқылы аламыз. Қарым-қатынасқа түсуші адамдардың санына қарай былайша бөлінеді: тұлға аралық қатынас, топ немесе екі адам арасындағы байланыс.Көлемді қатынас мұнда көптеген жанама қатынастар таныс емес адамдар арасындағы байланыс. Әлеуметтік қарым-қатынас жүйесі былайша ерекшеленеді; тұлғааралық қатынас нақты жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас жеке сапаларды меңгерген адамдар өзгелермен қатынаста біріккен әрекетте өзін-өзі көрсете алады.Ролдік қарым-қатынас әлеуметтік ролді тасымалдаушылар. Бұл қатынаста адам өзінің негізгі әрекетінен айырылады,себебі оның бір іс-әрекеті бір ролді атқару ретінде қабылданады.Басқару қарым-қатынасындағы негізгі функциялар:ақпаратты тарата білу, бұйрықтар, кеңестер, өңделген ақпаратты тарату.Сонымен қатар қарым-қатынастың формальды және формальды емес, жекелік, топтық, болып бөлінеді.

Қарым-қатынас құралдары;ақпаратты беру, шешу,қайта өңдеу, әдіс-тәсілдерді қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет