А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Өзін-өзі тексеру сұрақтары?



бет61/86
Дата04.10.2020
өлшемі0,82 Mb.
#63894
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86
Өзін-өзі тексеру сұрақтары?

1. Информация қандай мағына береді

2. Ішкі сөйлеудің сыртқы сөйлеуге ауысуында қанша процент ақпарат айтылады

3. Логикалық барьерге сипаттама бер?

3. Комуникацияның қызметінің түрлерін ата?

4. Нашар комуникацияның болуының себептерін ата?

5. Фирмадағы психолог қызметін ата?
Дәріс №12

Тақырып:Бизнестің негізгі ұғымдары.

Мазмұны:

1. Бизнестің негізгі ұғымдары.

2. Нарықтық ұйымдардың ерекшеліктері.

3. Бәсекелестік және серіктестік.

Мақсаты: Студентерді бизнес және оның негізгі қызметінің түрлерімен таныстыру және нарықтық экономиканың психологиясымен таныстыру.


1. Бизнес – нарықтық экономиканың негізі. Шет елдерде оның дамуы үшін 50-ші жылдардан бастап орталық және аймақтық мемлекеттік басқару органдарының мамандандырылған жүйелері мен тікелей және жанама қаржылық қолдау жүйелері құрыла бастады. Нарық - бұл өндіруші мен тұтынушының децентрализданған, тұлғалық емес баға сигналдарының механизміне негізделген өзара әрекеті. Нарықтық шаруашылықтың субьектілерін негізгі үш топқа жіктейді: шаруашылық, бизнес, үкімет.

Шаруашылық- тұтынушының экономикалық аймғында қызмет ететін негізгі бірлік құрылымы. Ол бір немесе бірнеше адамдардан құралады. Шаруашылық нарықтық экономиканың меншігі және өнім өндірушісі болып есептеледі.

Бизнес- пайда табу мақсатында жұмыс істейтін ұйым. Ол өзінің капиталын қарызға пайда табу мақсатында беріп, түскен пайданы жеке қажеттілікке емес, өнімді әрекетті кеңейту мақсатында жұмсайды.

Үкімет- пайда табу мақсаты жоқ, тек мемлекеттің экономикадағы реттеуші қызметін жүзеге асырушы бюджеттік ұйымдар.

Қазіргі таңдағы экономика- бұл тұтас экономикалық жүйенің нарығы; товар және қызмет, еңбек, бағалы қағаздар; шетел валютасы.

2. Нарықтық жүйе негізінен 5 принципке негізделеді. Оларға аяқасты реттілік, экономикалық еркіндік, бәсеке, жеке меншік, еркін бағаның құрылуы.

1.Аяқасты реттілікке кіретін элементтер; а) өзін-өзі реттеу,б) икемділік, яғни өзгере беретін жағдайға қарай бейімділік,в) нарық субьектілері арасындағы байланыстар.

2. Нарықтың тууының алғышарты- жеке тәуелділіктүрлерін түгелдей жою және адамдардың экономикалық бостандыққа ие болуы дейміз. Нарықтық жүйеде тәуекел мен табыс проблемалары- кәсіпорын қызметінің ең басты тұжырымдарының бірі. Тәуекел- ол қауіп шығын немесе зиян мүмкіндігі. Тәуекелге бару үшін адам психологиялық жағынан өзіне сенімді және барлық жағдайға әзір болуы тиіс.

3. Нарықтық экономиканың дамуына бәсекелестік пен серіктестік тікелей әсер етеді. Бәсекелестік - бұл өндірушілер мен тұтынушылар, ұйымдар, фирмалар арасында тиімді өндіріс пен жақсы нәтижеге жету мақсатындағы күрес. Бәсеклестіктің негізгі екі түрі бар; ішкі сипаттағы және аралық сипаттағы.

Ішкі сипаттағы бәсекелестік- бұл бірдей өнім өндіруші ұйымдар арасындағы бәсеклестік жоғары еңбек күші бар өндірістің пайдасы көбейіп, техникалық және ұйымдастырушылық жағынан әлсіз өндіріс тұтынушылары өндіретін өнім мөлшерін жоғалтып, жойылады. Ішкі сипаттағы бәсеклестік өндіріс арасындағы ғылыми- техникалық прогреске алып келеді.

Аралық сипаттағы бәсеклестік-түлі өнім өндірушілер арасындағы бәсекелестік, бұнда аз пайда табатын өндіріс капиталы жоғары пайда табатын өндіріс капиталына құйылып отырады.

Бәсекелестік болмаған нарық.

Таза монополия. Қандайда бір фирма жалғыз өндіруші болып, ешқандай бәсеклес болмаса. Бұған 4 сипат тән.

-сатушы жалғыз болады.

-шығарылатын өнім алмастырушы болмағандықтан жақсы,

-монополистің нарықта билігі бар, нарыққа жеткізілуді, бағаны өзі бақылайды,

-нарыққа енер алдында монополист бәсеклестеріне түрлі жағдайда кедергілер жасайды.

Монополиялық бәсекелестік-көптеген өндірушілер өте ұқсас, бірақ бірдей емес өнім ұсынатын нарықтық жағдай.

Олигополия бәсекелестікке қатысушылардың аз болуы. Мысалы;АҚШ-та көлік өндіретін тек «үлкен үштік»бар; «Дженерал Моторс», «Форд», «Крайелер».

Баға бәсекелестігі басқа бәсекелестерге қарағанда товарды не қызметті арзанға ұсыну.

Бағлақ емес бәсекелестік- өте сапалы, сенімді әрі ұзақ қызмет етіп, көп өнім шығарылатын және көп түрлілігін ұсынады. Өнімнің экономикалық, энегияны үнемдеуші, эргономиялық, эстетикаық және қауіпсіздік параметрлеріне көп көңіл бөлінеді.

Қаламайтын бәсеклестік - өнім өндірушілер арасындағы қатал күрес нәтежиесінде бәсекелестіктің ережелері мен нормаларын бұзу. Мысалы өнімді өз бағасынан төмен сату, өзге бәскелестерінің әрекеттерін бақылау, нарықтағы билігін дұрыс емес бағытта пайдалану.

Серіктестік - бұл өнім өндірушілердің бір мақсатқа бағытталған әрекеті.

Бұнда кәсіпорындар арсында ортақ мақсат болады да соған жетуге екі жақтан да күш жұмсап талпынады. Өзара тәжірибелер мен алмасып жұмыстанады.

Ғылыми әдебиеттерде маркетинг бойынша жарнамада жалпы айтқанда олар мақсатты бағытталған, жарнамаланған тауарды тұтынушыға таныстыру және сатып алуға сендіру мақсатында тауар және қөмек туралы ақылы ақпарат ретінде түсініледі. Бизнестегі өнімдер жарнаманың нәтижесінде халыққа танымал болып тұтылады.

Жарнама өз тарихында ұзақ жолдан өтті: адамдарды қарапайым ақпараттандырудан «насихаттауға» дейін және жарнамалаушылардың мақсатына жетуіне байланысты адамға қажетті символдар мен образдарды аңдаусыз сендіру.

Қазіргі таңдағы жарнамалардың негізгі мақсаттары мыналар:

1. Тұтынушыға тауар, көмек, коммерциялы фирма және т.б. туралы белгілі бір білім деңгейін қалыптастыру.

2. Тұтынушыға тауарды сатып алудың тиімділігін көрсету.

3. Коммерциялы фирма (сату жөніндегі менеджер, т.б.) туралы соныменқатар саудалылық немесе өнеркәсіп маркалары жөнінде жағымды бейне (имидж) қалыптастыру.

4. Тауардың өтіміне жағдай жасау.

5. Тұтынушыларға фирма және оның тауарлары туралы үнемі еске салып отыру.

Белгіленген мақсатына байланысты жарнама бірнеше түрлерге бөлінеді. Ақпарттық жарнамасы жаңа тауарды сатуға шығарған кездегі алғашқы этабында, алғашқы сұранысты ұйымдастыруда, потенциалды тұтынушыларға жаңа тауар немесе тауарды қолданудың жаңа түрлері, бағасы, тауардың әсер ету принципі, көрсететін көмегі туралы сипаттама, т.б. жүргізіледі.

Өсу этапында фирма алдында сайлау сұранысын қалыптастыру жұмысын орындауда насихаттау жарнамасына келіп жүгінеді. Кейде бұл жарнама хабарламалар арқылы бір тауарды екінші тауармен салыстыратын немесе бір марканы екінші бір маркамен немесе бірден бірнеше берілген тауар маркасымен салыстыратын салыстырмалы жарнама категориясымен алмастырылады.



Еске салу жарнамасы мерзім сайын тұтынушыға тауар туралы есіне түсіріп отыру үшін қажет. Мысалы, журналдардағы «Кока-кола» жарнамаларының мақсаты ол туралы мәліметтер беру немесе иландыру емес, адамдарға осындай сусынның бар екенін естеріне салу.

Нығайту жарнамасы тұтынушыларға олардың жасаған таңдауының дұрыстығын күшейту мақсатында жүзеге асырылады.

Имидждік жарнама образды қалыптастыру мақсатында қолданылады.

Рубрикалық жарнама сату жөнінде болған оқиға туралы ақпаратты жан- жаққа тарату қажет кезде көмекке келеді. Нақты идеяны, концепцияны қорғау үшін түсіндіру жарнамасы қажет. Тауарды сату жарнамасы түрлі тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы хабарлау үшін қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет