А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Өзін-өзі тексеру сұрақтары?



бет58/86
Дата04.10.2020
өлшемі0,82 Mb.
#63894
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86
Өзін-өзі тексеру сұрақтары?

1. Шешім қабылдау әрекеті дегеніміз не?

2. Шешім қабылдау түрлерін ата?

3. Интуитивті шешім қабылдау қалай жүзеге асады?

4. Лисичкин шешім қабылдаудың неше класын ұсынды?

5. Шешім қабылдаудың нақты кестесін ұсынған кім?

9 дәріс.

Тақырып: Іскерлік қарым-қатынас және басқарудағы шиеленістер.

Мазмұны:


1. Басқарушылық іскерлік қарым-қатынастағы тиімді өзара байланысу.

2. Қарым-қатынас кезіндегі арақашықтық.

3. Имидж қалыптастыру- қарым-қатынастағы мәдениет негізі ретінде.

Мақсаты: Студенттерге қарым-қатынастағы арақашықтық және имидж туралы түсінік бере отырып, өзара әрекетте жағымы қарым-қатынас жасай білуге және имидждің іскерлік қарым-қатынастағы маңызын түсіндіру.

1. Іскерік қарым-қатынастаың ең басты міндеті сыбайласыңның өзіңе жағымды қарым-қатынасқа қалыптастыру. Іскерлік қарым-қатынста жағымды әсер қалыптастыру әдістері:

-мұқият тыңдау.

-киім үлгісін сол жағдайға байланысты таңдай алу қабілеті.

-сыбайласыңа сыйластық қатынас орнату.

-әлеумет қабылдаған жест, мимика, тұлғааралық қарым-қатынасты қолдана білу.

-жағымды эмоция қалыптастыра білу.

-әңгімелесу кезінде жазып алуға ынталану,

-мұқияттылық.

Іскерлік қатынаста кейінгі кезеңде кеңінен қолданып жүрген әдістер қолданбалы психологияда көптеп қолданылады.Нейролингвистикалық бағдарламада байланысу өзінің мінез-құлқыңды өзгенің мінез-құлқына бейімдеу мақсатында қолданылады.Басқарушылық қатынастағы байланысудың негізгі әдістеріне мыналар жатады:

« Кіріспе» - бұл сыбайласыңыздың дене тұрқы жест, сөзін қайталау реакциясы.Бұл әдісте сіздің жестіңізді қайталанса сыбайласыңыздың сіздің бағытыңызға қарай ауысқандығын білдіреді.Егер сыбайласыңыз санасыз түрде сіздің мимикаңызды қайталап тұрса ол сіздің ойыңызбен келіскендігі.

«Якорь»-бұл адамның бір көңіл-күйдің негізінде барлық көңіл күйді туғыза алу қабілеті.Ол үшін сыбайласыңды жақсы біліп оны қолданудың ұтымды сәтін таңдай білуі керек.

«Ауысу» - сөздік құрал арқылы адамның қалыпты жағдайдан жеңіл, икемді жағдайға көшу. Егер сіз сөйлеуді дұрыс құрып, сөздің арасында үзіліс болмаса, сыбайласыңның зейіні шашырап, талдау қызметі төмендейді. Бұл жағдайда қосымша мәліметке уақыт өткізбеу үшін, сыбайласың сізбен жеңіл келіседі.

«Трюизм»-жалпы бекітуді білдіреді.іскерлік қарым-қатынаста трюизм нақты құбылыстан жалпы құбылысқа ауысу үшін падаланылады.

«Таңдаусыз таңдау»- контексте байланыссыз іскерлік қарым-қатынас кезінде қатаң және жұмсақ стиль түрінде қолданылады. Мысалы: «Біз келісімді сіздің әлде біздің кеңседе өткіземізбе?бұл ұсынысқа тек таңдау ғана қалды»

«Таңдау құқы»- бұл жоғарыдағыдай таңдауға иллюзия құрады, бірақ таңдау жоқ. Мысалы» Сіз бұл тапсырманы аласыз ба?қасыңызға көмекші алыңыз, бұны тиімді жасай алатыныңызға мен сенімдімін.

Сонымен қатар іскерлік қарым-қатынаста сыбайласыңмен тиімді перспективалы іс жүргізу үшін адал өзінде сенімділік болуы тиіс.

Сенімділік-ол адамның ынталанатын және оған жету мақсатында әрекет ететін мінез-құлқы.

Ол білік және сапа кәсіби әрекетте жетістікке жетуге әсер етеді. Сенімділікті мына жағдайларда қалыптастыруға болады:

-нақты алдыңа мақсат қойып жоспарлау, іске асыру,

-өз мүмкіншілігіңе сай қалыпты іспен айналысу,

-кәсіби және өмірлік мақсаттарды ұғыну, қойған міндеттерді ұтымды шеше білу,

-туындаған келіспеушіліктің қателігін дұрыс талдау, алдағы уақытқа ескерту ретінде қабылдау,

-адамдармен қарым-қатынаста түрлі жағдайларда өзін қалыпты ұстау,

-жұмыс күш қабілетін және денсаулықты нығайту,

-өзіндік имидж және сыртқы келбетіне көңіл бөлу,

-өз ойыңды анық жеткізе білу, өзін бақылау білігін меңгеру.

2. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты меңгеру де өнер болып табылады. Өйткені қарым-қатынастың да өзіне сай арықашықтықтары бар. Әр мәдениетте проксемикалық дистанция бар, яғни ол қарым-қатынастың әр түріндегі шекарасы. Вербальды емес мінез-құлық жүйесінің ең көп тараған және зерттелген аймағы болып аймақтық қарым-қатынасты ұйымдастыру проксемика болып табылады.оның негізін салушы американдық мәдени антрополг Э.Холл. Э.Холл тұлғааралық кеңістіктегі дистанцияның 4 түрін анықтады.Америкалық мәдениетке тән түрлі жағдайлардағы бір-біріне жақындасу нормасы

-Интимдік(0-45см),

-Персональды дистанция(45-120)

-Әлеуметтік(120-400см)

-Қоғамдық дистанция(400-750см)

Көптеген мәдениетте адамдарға жақындасу нормасы өзгеше. Латын Америкасы, Араб елдері жән Оңтүстік Еуропада тығыз қарым-қатынас қажеттілігі жоғары болса, қиыр Шығыс орталық және Оңтүстік Шығыс азия және Америка елдерінде төмен.

Дистанциядан басқа кеңістіктегі қарым-қатынастың өзге де компоненттері бар. Оның бірі бағыт алу және қарым-қатынас бұрышы. Бағыт алу Латын Америкасы, Оңтүстік Еуропалықтар өз бұрыш жасап байланысқа түссе, Жапондықтар үлкен бұрыш жасаған. Проксемиканың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі-персональдық кеңістік немесе адамның ойша сызып қойған шекарасы. Бұл шекараға ол біреудіңкіргенін қаламайды.мысалы біздің елде қалыптасып қалған шеара-0,5м.Осындай кеңістікте адам өзін қолайлы сезінеді.

3. Іскерлік қарым-қатынастағы мәдениеттің бір бөлігін жағымды тартымды имидж алады. Э.Тофманның айтуы бойынша-бұл әсерді басқару өнері. Әрбір адамға өзге адамдардың көзінде қалай көрінетіні өте маңызды. Имидж өзіндік менін самопрезентациялау. Имидж ағылшын тілінен аударғанда « бейне» деген мағына береді. Имидж ұғымына адамның тек табиғи тұлғылық құрылымы ғана емес арнайы құрастырылған құрылымдар кіреді. Оған адамның сырт келбеті, ішкі әлемі және психологиялық типі. Барлық адамдар табиғатынан тартымды болып дүниеге келмейді. Олар ең күшті тұлғалық құрылымдарын дамытып көрсете білуі тиіс. Тартымды болу - бұл ерлік өйткені өзіңмен үздіксіз жұмыс жасау. Ол тек сырт келбетіңнің әдемілігі ғана емес ол сенім арту, адамға жан дүниеңмен жақын болу.

Имидж қалыптастыру сапаларының үш түрі бар:

1-топқа табиғи сапалар оларға комуникабелділік, эмпатия, өзгелерді түсіне алу қабілеті, шешенділік.

2-топқа адамның білім алу мен тәрбие нәтижесі олардағы адамгершілік, психологиялық денсауылық және тұлғааралық қарым-қатынас жасай алу қабілеті.

3-топқа өмірлік және кәсіби тұлғалық тәжірибелілік. Адамдарды басқару ол өнер. Зерттеушілірдің айтуы бойынша 92% адамның өзгеге әсер етуі оның қалай киінуі мен сөйлесуінде. Ол ережелерге күлу өнері, дауыс ырғағы жест, мимика техникасы жатады. Бұл қасиеттерді қалыптастыруға имиджмеикерлер көметеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет