Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Сәйкестікт і бағалау критериін кім ұсынды?
2. Индивид деген ұығмға анқатам бер?
3. Сангвиник типті жетекшіге сипаттама бер?
4. Мотивация деген қандай ұғым?
5. Эмоцияға адамның әсер етуінің үш компонентін ата?
Дәріс № 8
Тақырып:Шешім қабылдау.
Практикалық сабақтың мазмұны:
1. Басқарушылық қызметтің шешім қабылдау басты құрамды бөлігі.
2. Басқарушының шешім қабылдау ерекшелігі.
3. Шешім қабылдау схемаларын құрастыру.
Мақсаты: Басқарушылық шешім қабылдау қызметін және тиімді шешім қабылдау әдістерімен таныстыру.
1. Шешім қабылдау басқарудың ең басты қызыметі болып табылады. Шешім қабылдау жоспарлау, ұйымдастыру, мотивацияны басқару, бақылау процестерінде көрінеді.
Шешім қабылдау –бұл қиын ойлау процесі, ол мәселелерді ұғынуда, қалыпты мақсат қоюда және сол мақсатты жүзеге асыру үшін құралдар таңдауда жүзеге асады. Өкінішке орай бұл процес стихиялы түрде, жоғары тұрған басшылардың ықпалымен қабылданады. Шешім қабылдау адамның қызығушылығына, көзқарасына, ерік-жігеріне қатысты болады. Шешім әртүрлі негізге байланысты жіктеледі:
-көлемді ауқымына,
-әрекет ету уақытына және болашақтағы шешім қабылдауға әсер ету деңгейіне,
-функционалды белгілеріне,
-мазмұнына,
-жаңалығына,
-осы мәселені шешудің нақтылық мәселесіне,
-тұлғаның эмоционалдық – еріктік сферасына немесе интеллектуалдық қабілетіне жіктеледі.
Шешім қабылдауда интуитивті, жоспарлы, рационалды ықпалдар жүзеге асырылады.
Интуитивті – оның дұрыс деп сезінуі арқылы жүзеге асады және оның дұрыс, бұрыстығы талданбайды. Жаңа кадрды жұмысқа алуда оған тек әзірлік қана емес, талапқа сай дайындық қажет, сонымен қатар ұнау, ұнамау сияқты эмоционалды баға да әсер етеді.
Прагматикалық – бұл таңдау білім мен тәжірибеге негізделген. Бұндай таңдау технологиялық бағыттағы шешім қабылдауда тиімді.
Рационалды – ол өткен тәжірибеге тәуелсіз, ол аналитикалық түрде жүзеге асады. Бұл бағыт стратегиялық шешімдерді айқындаушы болады. Шебер шешім қабылдау кез-келген проблемалық ситуация қажет. Мысалы әрбір топтағы жетекшілерінің қақтығысы өнім шығару сапасын 20% ке азайтады. Қазіргі уақытта басқарушылық шешім қабылдаудың бірнеше түрлері бар. Мысалы, В.Лисичкин шешім қабылдаудың үш класын анықтады.
1.Жалпығылымилық (логикалық және эвристикалық сипатта – бақылау, эксперимент, анализ, синтез, индукция, дедукция.)
2.Интерғылымилық (математикалық статистикалық моделдеу).
3.Жекелік (белгілі бір объектіге, ғылым саласына ғана арналған.)
Көптеген ғалымдар әдістерді топтастырып үш негізгі топқа бөлді.
1.Формалды әдіс (статистикалық және экономика-математикалық моделдеу.)
2.Эвристикалық әдістер.
3.Экспертті бағалау әдістері.
2. Шешім қабылдау басқарушының жеке басына әсер етеді. Шешім қабылдау ерекшелігіне байланысты басшыларды мынадай типтерге бөлуге болады;
1.өзінің алға қойған міндетіне жету үшін талпынатын. Өзін маңызды адам екенін үнемі көрсетіп өзінің қабылдаған шешімін дұрыс екеніне үнемі сенімді.
2. көп уақытын өзінің мәселелерін шешумен айналысады. Іс-әрекетте жан-жақтылық танытады бірақ тәуекелег бара бермейді.
Басқарушы белсенді жұмыстарға араласудан қашады. Тікелей жауапкершілік қажет ететін іс-әрекеттерде топтың артына тығылады.Шешім қабылдағанды ұнатпайды. Лидер емес ұжымның көмегімен ғана шешім қабылдайды.
Белсенді жұмысқы қабілеттілігі жоқ басқарушы. Оның мінез-құлқында жақсы беталыстар байқалмайды. Жоғарыдағы басшалырмен келіспеушілікке келіп қалудан қорқады.
Іс-әрекетпроцесінде басқарушы бағынушылардың жұмысқа деген ынтасын жоймаймына бағыттарды жұмыстанғаны жөн;
-алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылып, тәекелшіл болу,
-жұмысшыладың шығармашылық қабілетін ынталандыру,
-жетістіктері үшін мадақтап отыру,
-жұмысшыларғы көмек көрсету,
-қабылданған шешімді өзгертпеу,
-уақытында және әділеттілікпен жұмысшылады хабардар ету.
Жетекші өз жұмысшыларына өзіндік ықпал етуі тиіс ол өзінің жеке басы арқылы топтарға және әрбір жұмысшыларға әсер етуі тиіс.Шешім қабылдануға қатынасу маңызды фактор мұнда алға қойған жоспар туралы жақсы түйіндер және оны іске асыратын жақсы бағыттар болады.
3. Шешім қабылдау процесін жүзеге асыру менеджердің міндеті. Басқару психологиясы осы процестің ішкі жағдайларын шешуге тырысады. Шешім қабылдау барлық психологиялық функциялардың көмегімен жүзеге асады. Соның ішінде ойлау процесі. К.К.Платонов шешім қабылдау кестесін ұсынды. әрбір ойлау әрекеті белгілі бір міндеттің туындауынан пайда болады. Табылған шешім жаңа сұрақтарды тудырады.
Масштаб жөнінде
өзекті жергілікті
Барлық ұйымды Бір бөлігін
жұмылдырады. қатысты.
Басқарушылық шешімді әр түрлі белгілермен сұрыптауға болады.
Уақытша сәйкестігі.
Болашақ Қазіргі
уақытынан қажеттілікке
кейін. бағыт көрсету.
Міндеттемелерін орындау дәрежесі.
-
Директорлық басқару органдардың келісімімен қабылданады
|
Кепілдемелік орындарға қарау міндетті емес
|
Бағдарлы субъектілер үшін белгіленеді
|
|
|
|
Функционалдық тағайындау жөнінде.
-
Ұйымдастырушылық – бұл басшының өзінің алынған міндеті
|
Үйлесімділік – жұмысшылар арасындағы жұмысты реттеу
|
Реттеушілік –амалдарды
іске асырушылық
|
Жандандыру-шылық-орындаушы-ларды
жұмысқа белсендендіру
|
Бақылау-шылық жоғарыдан келген жарлықтың тәсіліннің орындалуын қадағалау
|
Ақиқаттың периодтық жалғасы жөнінде
-
Ұзақ мерзімді 5 жыл-дан жоғары
|
Орта мерзімді
1 жылдан 5 жылға дейін
|
Қысқа мерзімді 1 жылға дейін
|
Ұжымдық шешім қабылдаудың өзінің артықшылығы мен кемшіліктері бар:
-
Артықшылығы
|
Кемшіліктері
|
Саналы шешімнің варианттары көп болады, қызметтілікке жағдай жасалынады, жұмыс бабында жақсы қарым-қатынас туындайды. Ұжымдық ұсыныстар да маңызды, өзекті факторлар болады.
|
Ұзақ уақыт алады. Топ мүшелері көбейеді конфликтілі жағдайлар көбейеді. Шешімдер қабылданбай әр адам өз мүддесін көздейді..
|
Кеңістіктің қамтылуы жөнінде
-
Жалпы
|
Арнайы
|
Бір проблеманың бүкіл ұжымға керектігі. Ұйымда тұрақтылық болады.
|
Азын-аулақ мәселелерді
қарастырады. Бір адам немесе топ қатысады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |