А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)



бет73/145
Дата06.02.2022
өлшемі2,29 Mb.
#38052
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   145
Эго- бағыттылық.
Юнгтің психологияға қосқан үлесінің бірі, екі негізгі бағыттылық немесе өмірлік құндылық-экстраверсия және интроверсияны сипаттауы болып табылады. Юнгтің теориясы бойынша, екі бағыттылық та қатар жүреді, бірақ оның біреуі доминантты болып келеді. Экстраверт құндылығында қызығушылық сыртқы әлемге басқа адамдар мен заттарға бағытталады. Экстраверт ширақ, ашық, тез тіл табысады, сыртқы факторлар ол үшін жетекші күш болып саналады. Интроверт керісінше, өзінің ішкі ойына, сезімі мен тәжірибесіне, ішкі әлеміне бағытталады. Ол сабырлы, салмақты,ұстамды,оңаша қалғанды ұнатады,оның қызығушылығы өзіне-өзі негізделген. Юнг бойынша, экстраверттік және интроверттік құндылықтар жекелей кездеспейді. Әдетте олар бір-біріне оппозиция ретінде орналасады: егер біреуі жетекші, әрі рационалды болып көрінсе, екіншісі көмекші әрі мррацоналды түрде жүреді.
Юнг өзінің типологиясын кеңейте отырып, оған психологиялық функцияларды кірістіреді. Ол 4 негізгі функцияны бөліп көрсеткен. Олар:ойлау, түйсіну, сезім және интуиция.
Ойлау мен сезім өмірлік тәжірибе туралы ой қалыптастыратындықтан, Юнг оларды рационалды функциялар қатарына жатқызады. Ойшыл тип қандай да болмасын бір заттың құндылығы туралы логика мен аргументті қолданып пайымдайды. Ойлауға қарама-қарсы функция сезім-шындық туралы ақпаратты жағымды не жағымсыз эмоция тілінде береді. Сезетін тип өз зейінін өмірлік тәжірибенің эмоционалды жағына шоғырландырады және заттар құндылығын «жаман немесе жақсы», «жағымды не жағымсыз», «бір нәрсеге ынтықтырады немесе жалықтарады» сияқты категориялар тұрғысынан пайымдайды.
Қарама-қарсы функцияның екінші жұбы –түйсік пен интуцияны Юнг иррационалды деп атаған. Өйткені олар сыртқы әлемдегі оқиғалар (түйсік) мен ішкі әлемдегі оқиғаларды (интуиция) олардың мәнін ұғынбай-ақ және бағалай пассивті түрде «қабылдап» алады.
Түйсік сыртқы әлемді еш бағалаусыз, реалистік түрде қабылдайды. Интуиция керсінше, өмірлік жағдайлардың мәнін қабылдап, болжамдар мен ішкі сезімдерге сүйенеді.
Юнгтің айтуы бойынша, егер түйсіну жетекші функция болып келсе, адам шындықты құбылыс тілінде меңгереді, яғни ол барлық жағдайды суретке түсіргендей қабылдайды, ал егер жетекші функция ролін интуиция атқарса, адам санасыз бейнелерге, символдарға реакция танытады.
Егер эго-бағыттылық пен төрт психологиялық функциялар өзара әрекеттесе келіп, сегіз түрлі тұлға типін құрайды. Мысалы, экстравертті ойшыл тип сыртқы ортадағы шынайы факторларға шоғырланады. Ол әдетте қалыптасқан ереже бойынша өмір сүретін салқынқанды және догматикалық адамды көзге елестетеді. Интровертті интуитивті тип, керсінше,өзінің ішкі әлемнің шындығына шоғырланған. Бұл типтегі адам қоршаған ортадан өзін оқшау ұстайды және оларға индифферентті болып келеді.
Тұлға мінез-құлық моделінің дамуында ерте балалық шақ маңызды кезең деп есептеген Фрейдке қарағанда, Юнг тұлға дамуын динамикалық процесс және бүкіл өмір барысының эволюциясы ретінде қарастырған. Юнгтың көзқарасы бойынша, адам әрдайым жаңа қабілеттерді иемденеді, жаңа мақсаттарға қол жеткізіп, өзін толықтай дамытады.
Юнгтың пікірінше, соңғы өмірлік мақсат-бұл «Мен» бейнесінің толықтай жүзеге асырылуы, яғни біртұтас, қайталанбас индивидтің қалыптасуы. Бұл бағыттағы әр адамның дамуы уникалды, ол бүкіл өмір жолына дейін жалғасып, өзіне индивидуация процесін кірістіреді. Нақты айтқанда, индивидуация-көптеген ішкі тұлғалық күштер мен тенденциялар қарама-қайшылығының интеграциясы динамикалық және эволюциялық процесі. Индивидуация қорытындысының жүзеге асуы оңай емес, Юнг оны өзіндік реализация деп атады. Ол тұлға дамуының соңғы стадиясы тек қабілетті және жоғары білімді адамдарға ғана мүмкін болады деген.
Фрейдтің теориясынан алшақтай отырып, Юнг біздің тұлға құрылымы туралы ойларымызды байыта түсті. Оның ұжымдық санасыздық және архетиптер туралы концепциялары түсінуі қиын және эмпирикалық тексеріске жатпаса да, олар көптеген адамдарды қызықтыруын жалғастырып келеді. Сонымен қатар Юнг бірінші болып діни, рухани,тіпті мистикалық тәжірибенің тұлға дамуында позитивті роль атқаратындығын мойындаған. Теологтар, философтар, тарихшылар және басқа да маман өкілдері Юнг туындыларын өз жұмыстарында пайдалы деп есептейді.
23 дәріс

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет