А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Тақырып Антикалық психология. Мақсаты



бет43/145
Дата06.02.2022
өлшемі2,29 Mb.
#38052
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   145
Тақырып Антикалық психология.
Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны:

  1. Аристотельдің психологиялық идеясы.

  2. Грек және рим дәрігерлерінің зерттеулері.

Аристотель (б.з.д. 384‑322ж.ж.) ежелгі Грециядағы әйгілі философ. Оның атақты «ЖАН туралы» деп аталатын еңбегі бар. Мұнда ол адам табиғаты туралы білімді көрсеткен.
«Жан» ‑ оның негізгі функциясы: организмнің биологиялық мәнін жүзеге асыру. Психика туралы осындай түсініктің пайда болуы адам табиғатын зерттеуге деген ғылыми‑жаратылыстану бағытының ашылғанын көрсетеді. Аристотель жан мәселесін – психологиялық білімнің бір пәні ретінде қалыптастырды.
Жан – Аристотель бойынша өздігінен өмір сүретін болмыс емес, жан тәннің өмірін ұйымдастыру формасы. Жан тәнсіз өмір сүрмейді. Аристотель басқа да көптеген нақты психикалық құбылыстарды зерттеп психологиялық принциптерді жасады: жүйелілік, даму, детерминизм.
Ол материя мен жан біртұтас деп түсіндірді. Жанның табиғатын анықтау үшін «энтелехия» ­‑ терминін қолданды. Бұл «бір нәрсенің өмір сүруі, бар болуы» дегенді түсіндіретін философиялық категория. Мәселен, жан – энтелехия болса, оның көмегімен тән өмір сүреді, сол сияқты көру‑энтелехия, ал көз сол арқылы өмір сүретін физикалық орган ретінде. Ол жан қабілеттерін үш деңгейге бөліп көрсетеді: 1.Вегетативтік деңгей‑өсімдіктерге тән. 2.Сезімталдық деңгей‑жануарларға тән. 3.Ақылдылық деңгей‑тек адамға тән.
Аристотель таным процестерін былайша түсіндіреді:

    • Қабылдау, түйсіну ‑ танымның ең бастапқы көздері.

    • Ес – үш түрі бар: төменгі‑өзі қабылданған заттарды елес түрінде сақтау; естің өзі‑тек уақытша ғана сипаттарды есте сақтау; жоғары ес‑еске сақтау, еске түсіру, талқылай алу.

    • Қиял – елестердің құрылуы. Ол ойлаумен тығыз байланысты.

    • Ойлау – танымдық қабілет. Талдау, талқылау, түсініктер арқылы жүзеге асады. Ойлауды төменгі – пікір, болжам, зерттелмейтін, дәлелденбейтін және жоғарғы – заттардың негізін танып, ғылымының жоғары принциптерін көрсететін деп қарастырды.

Сонымен қатар ойлаудың мына түрлерін атап берді:

  1. логикалық

  2. интуитивтік‑ойлап табу

  3. даналық – ойлаудың ең жоғарғы түрі

  4. теориялық ойлау

  5. практикалық ойлау

Танымның деңгейлері: түйсік, тәжірибе, шығармашылық, ғылыми.

    • Қылық – ол мінез‑құлықты қалыптастырудың басты көзі. Ол әрекетті: ерікті, еріксіз деп бөледі.

    • Ерік – адамның ақылымен тығыз байланысты.

    • Сезім – кез‑келген іс‑әрекетті бастап жүреді. Аффект – елігу, кек, қорқу, қанағаттану мен қайғыруға байланысты туындайды дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет