А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Тақырып Орта ғасыр дәуіріндегі психология. Мақсаты



бет46/145
Дата06.02.2022
өлшемі2,29 Mb.
#38052
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   145
Тақырып Орта ғасыр дәуіріндегі психология.
Мақсаты: Орта ғасыр дәуіріндегі психология туралы білім беру.
Дәрістің мазмұны

  1. Ғылым дамуы барысындағы дін үстемдігі.

  2. Орта ғасыр ойшылдарының (Ф.Аквинский, В.Оккам, Р.Бэкон) психологиялық ойлары мен зерттеулері.

Vғ. Рим империясының құлауына байланысты ортағасырда ғылым дінге қызмет ете бастады. Ғылымдағы бұл қиын кезеңдерді мына жағдайлардан көруге болады: Европада «христиан» дінінің жеңіске жетуі барлық ғылым салаларына үлкен әсерін тигізді. ІҮғ. Александрия ғылыми орталығы құлатылып, ҮІғ. Афинадағы мектеп жабылды. Христиан діні ғылыми‑тәжірибеге негізделген білімінің барлығын жоюға тырысты. Осылайша табиғат құбылыстарын зерттеудегі жаратылыстық‑ғылыми мәселелер жойылып, Европаның интеллектуалдық өмірінде біртіндеп «схоластика» дами бастады. Барлық ғылым салалары үшін, әсіресе психологиялық ғылымдар үшін болған осы қиын кезеңдер тек ХҮғ. ғана аяқталды.
Сонымен ортағасырлық философия христиан дінімен тығыз байланысты болды. Осылайша дін, наным‑сенімнің үстемдік етуі, ғылым мен философияна антика заманынан бөліп көрсетті. Ал адам табиғатын түснудегі негізгі көзқарастар мен концепциялар христиандық идеологиямен байланысып, христиан діні догматтарының аңбасын алып жүрді.
Психология ғылымының дамуына осы жағдайлар оның зерттеу пәнінің өзгеруіне әкелді. Яғни «жан» туралы ғылым емес, дінге, құдайға сену деп табылды. Міне, осындай кезеңдерде психологияда психика мәселесін зерттеу үшін дұрыс ғылыми бағытты табу керек болды. Осы кезде психология мен діни түсініктер арасында қайшылықтар пайда болды. Бұл жағдайлардын соң психология ғылым саласында өз орнын тауып, қажетті сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Дін саласынан, діни түсініктерден арылып шығу барысында психологияда екі түрлі теория пайда болды:

  1. ІХ‑Хғ.ғ. арабтық ғалым Ибн Синаның есімімен байланысты. Теория, шынайы білім және нанымның ақиқаттылығы бір‑бірімен сәйкес келмейді, бірақ бір‑біріне қайшы да емес, олар параллельді түзу сызық тәрізді.

  2. ХІІ‑ХІІІғ.ғ психологияда «деизм» деп аталатын бағыт қалыптасады. Ол екі «жан» бар дегенді айтты: рухани (ол дінде зерттеледі), тәндік (психологияда зерттеледі).

Кейіннен ХІІІғ. Ф.Аквинский – дінді ғылыми дәлелдерден қорғап шықты. Дін мен ғылым арасындағы байланысты түсіндіру үшін Ф.Аквинский былай деп жазады: «Бұл екеуі де ақиқатты екі түрлі сипаттайды, бірақ ғылыми шындық дін шындығына қайшы келсе, ғылым дінге жол беруі керек».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет