Аврелий Августин – (354-430) орта ғасыр философы. Христиан ойшылы. Оның философиясы – Платонның идеалисттік философиясының басты мәселелерінен тұрды. Онда рухани принциптердің әртүрлілігі (қайырымды және мейірімсіз жан), рухани өмір факторлары туралы айтылған. Августин философиясының хриастиандық негізі Құдайдың бірінші екендігін мойындап, ол «Жан» - тәнді, ерікті, ақыл-есті басқарады деді. Танымды зерттеу саласында А.Августин таным зерттеу пәні – Құдай және ол адамдарға шындықты табуға көмектеседі деген теологиялық тұжырымын ұстанған.
«Жан» мәнісін түсіне отырып А.Августин «жан» - ол жеке субстанция және тән қасиеттері мен дене түрлеріне жатпайды деген анықтамасын берген. Философтың пікірінше «жан» мазмұны материалдық және ағзаның биологиялық функцияларымен байланысты емес, ол ойлау, ерік, ес процестерін басқара отырып, тек Құдайға жақын болған соң мәңгі өлмейді - деді. Сонымен Жан тәнді басқарады, ал тән танымға қайшы келеді. Осы кезде адам өз сезімдерін, тәндік қажеттіліктерін сыртқа шығару арқылы «жанына» қамқор болады.
А.Августин – адамның өмір сүретіндігін оның ақылы емес, белсенділік әрекеттері мен еріктік әрекеттері көрсетеді-деді. Сондықтан Августин бойынша рухани өмір негізі – ақыл емес, ерік табылады. Құдай туралы танымның шындығын ақыл-ой арқылы емес, тек сенімнің негізінде жүзеге асырамыз.