Эпикур (б.з.д. 341‑270ж.ж.) Грецияда Демокриттің ілімін жалғастырушы. Сезімдік таным ғана ақиқат және дұрыстық деп санаған. Таным қателіктері – ақылдың араласуынан болады. Эпикур қабылдаудың тұтастық табиғатын көрсеткен, яғни сезімдік сапалар жекелеп қабылданбайды, олар тұтас қамтылады. Кейін бұл пайымдаулар гештальт мектебінде теориялық жағынан дамытылған болатын. (М.Вертгеймер,В.Келер ХХғ.)
Ол тұлғаның еркіндігін қолдап, әр адам таңдау жасай алады, олардың өз еркіндігі бар дегенді айтты. Оның ойынша өмір сүру мақсаты‑тәндік азап шегі мен рухани мазасыздықтан босап, қанағаттану мен түсіністікте өмір кешу керек. Ал әр нәрседен қанағат табудағы басты кедергі‑өлім мен құдай алдындағы қорқыныш. «Жан» тек түйсіне алатындарға тән.
Эпикурдың зерттеулеріндегі еркіндік, спонтандылық, таңдау еркіндігі туралы мәселелер кейіннен ХХғ. белгілі психологтар А.Маслоу мен К.Роджерстің психологиялық теорияларында өз жалғасын тапты. Сонымен қатар, ол экзестенциалды психология мен психотерапияның қалыптасуына үлесін қосты.