Р.Оккам (1300‑1350ж.ж.) Оксфорд универс. профессоры номинализм (лат.т. номен‑имя, атау) идеясын жалғастырушы. Томизмге қарсы тұра отырып, ол сезімдік тәжірибеге негізделеді. Мұндағы бағыт‑бағдар тек атаулар, терминдер, белгілер деген. Оның зерттеулеріндегі басты мсәселе – белгі категориясы. Белгілі бір обьекті мен оның бейнесі арасындағы байланыс белгілік сипатқа ие дейді. Сезімдік бейне‑ бұл бір таңба тәріздес, мәселен түтін оттың белгісі сияқты.
№ 6 дәріс Тақырып Түркі-мұсылмандық психологияның дамуы.
Мақсаты:Тақырып жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны Арабтық шығыстағы психологияның дамуы.
Әл‑Фараби, Ибн‑Сина, Ибн‑әл‑Хайсам т.б. араб ғалымдарының зерттеулері.
Табиғат туралы жағымды білімдер мен эмпирияға жақындай түскен философиялық ойлардың бағдары шығыстағы арабтық мәдениетте ҮІІІ‑ХІІғ.ғ. дами бастаған еді.
ҮІІғ. арабтық тұтқындардың бірігуінен кейін, жаңа діні ‑ исламды қабылдаған және өзіндік идеологиясы бар мемлекет пайда болады. Осы дін негізінде арабтардың жетістікері ұлғая түседі, олар ескі мәдениетпен өмір сүрген халифат халықтарына білім алып келеді. Халифаттың мемлекеттің тілі болып араб тілі қабылданады. Ал бұл үлкен мемлекетте қалыптасқан мәдениет кейін Эллин және Үнді мәдиенттерімен байланысып көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Халифаттың басты мәдени орталығына бүкіл әлем тіліне танымал кітаптар әкеліне бастайды. Сол уақыттарда Батыс Европада европалық және александриялық ғылымдар жетістіктері ұмыт бола бастағанда, Арабтық шығыста интеллектуалдық өмір қайнап жатты. Шығыста олардың еңбектері араб тіліне аударылып бүкіл арабтық дерважа – Орталық Азиядан бастап, сонау Пиреней аралдары мен Африкаға дейін таралтылған еді. Бұл өзгерістер ғылымның дамуына, әсіресе физика‑математикалық және медициналық ғылымдардың өрістеуіне әкелді. Одан соң көптеген ғылым саларының: химия, астрономия, география, ботаника, дәрігерлер мамандары пайда болады. Олар атақты данышпандарды шығарған мықты мәдени‑ғылыми төңкерісті жасады. Бұл данышпандардың ғылыми мәселелері тек араб жерінде ғана емес, Батыста да үлкен мәнге ие болды. Солардың ішінде атап өтсек, ХІғ. өмір сүрген орталықазия ғалымы Абу Али ибн Сина (Авиценна) – «Орта ғасырдағы бүкіл медициналық мектептерге үстемдік еткен, атақты ғылыми медицинаның негізін салушы.»
Ибн‑Сина жасерекшелік психологиясы саласындағы алғашқы зерттеушілердің бірі болды. Ол ағзаның физиологиялық дамуы мен оның әртүрлі жас кезеңдердегі психологиялық ерекшеліктері арасындағы байланысты зерттеді және тіәрбиеге көп көңіл бөлді. Оның ойынша дәл осы тәрбиенің салдарынан ағзаның тұрақты құрылымына психологиялық әсер болады. Физиологиялық процестердің ағымы барысындағы сезімдер өзгерісі, балаға айналасындағы адамдардың әсер етуі нәтижесінде пайда болады; ересектер балада әртүрлі аффектілерді тудыра отырып, оның болмысын қалыптастырады.
Ибн‑Синаның физиологиялық психологиясында ағзаның процестерін басқара алатындай мүмкіндік бар және басқа адамдардың әрекеттеріне байланысты баланың сезімдік, аффективтік өміріне әсер ету негізінде ағзаның тұрақты құрылымын жасауға болады деген мәселелер айтылды. Психикалық пен физиологиялық арасындағы өзара байланыс идеясы Ибн‑Синаның үлкен медициналық тәжірибесінің арқасында жасалды. Ол тек өз зерттеулерінде бақылап ғана қоймай эксперименталды жұмыстарды да жүргізе білді. (Мыс., екі қойға бірдей тамақ берілді, бірақ біреуі қалыпты жағдайда қоректендірілсе, екіншісінің қасына қасқыр байланып қойылды. Нәтижесінде екінші қой сондай тамақпен қоректеніп отырсада, арықтап кетеді.) Оның эксперименталды жұмыстарынан мынадай қорытынды жасауға болады: бір‑біріне қарама‑қайшы эмоционалдық жағдайлар түрлі соматикалық өзгерістерді тудырады. Сондықтан эмоционалдық жағдайлардың психофизиологиялық негізін зерттеу қажет.
Арабтық натуралист және математик Ибн‑Сина көру органын зерттеген болатын. Осы зерттеулер саласында ХІғ. өмір сүрген ғалым Ибн‑аль‑Хайсам (лат. транскрипциясы бойынша Альгазен)зерттеулері көзге түседі. Көру актсын зерттей келе ол – біз көру арқылы сыртқы әсерлердің тікелей бейнесін сақтау эффектісін атқарсақ, бір жағынан‑осы эффектімен бірге ақылдың жұмысын байланыстырып, нәтижесінде көрген обьектілердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата аламыз.
Ибн‑Аль‑Хайсам бинокулярлы көру – түстерді араластыру, контраст т.б. маңызды феномендерін зерттеп, обьектіні толық қабылдау үшін көз қимылдары‑яғни көру осьтерінің араласуы керек деді. Көру қабылдауы оның ұзақтығына байланысты. Егерде қысқа уақыттық қабыдау болса, біз тек таныс обьектілерді қабыдаймыз. Ғалымның көру қабылдауының сенсорлық құрылымын зерттеуі тәжірибе, математикаға және нерв жүйесінің қасиеттеріне негізделген оптика заңдары бойынша дәлелдеген еді.