Г.И.Челпанов (1862‑1936) Москвада бірінші болып эксперименталды психология мәселелерімен айналысатын С.И.Щукин ат. Институтты ашады. Жұмыс жағдайлары мен құрал жабдықтары басқа шетелдік елдерден кем түспейтін зерттеушілік және оқу бөлімдері құрылады (1914ж.). Бойында ұйымдастырушылық және педагогикалық таланты бар Челпанов психология саласы бойынша жұмыстанатын болашақ ғалымдарды эксперименталды әдістерге оқыту мен үйретуден жалықпай, көп еңбек сіңірген.
Институт жұмыстарының жағымды жағы болып Челпанов басшылығымен жүргізілген зерттеулердің жоғары эксперименталды мәдени деңгейі табылады. Осы институттың жас ғалымдары шеңберінен кеңестік заманда жұмыс жасаған атақты К.Н.Корнилов, Н.А.Рыбников, Б.Н.Северный, В.Н.Экземплярский, А.А.Смирнов, Н.И.Жинкин және т.б. психологтар шыққан.
Экспериментті ұйымдастырған кезде Челпанов бақылау әдісін, эксперименттің бір түрі ретінде қатар жүруін жақтамады және бұл ойынан еш тайынбаған. Оның ойынша «егер осындай жағдай орын алатын болса, онда психология басқа ғылымдардан тек субьективті әдістері арқылы ерекшеленіп отыратын еді» дейді. 1917ж. институт жанынан Г.И.Челпанов пен Г.Г.Шпеттің редакциялығы бойынша «Психологическое обозрение»атты басылым щығады. Алғашқы басылымы Г.И.Челпановтың «Об аналитическом методе в психологии» деген мақаласымен ашылды.