ТақырыпРесейдегі эксперименталды психологияның дамуы.
Мақсаты: Ресейдегі эксперименталды психологияның дамуы туралы білімдерін кеңейту.
Дәрістің мазмұны Ресейдегі «мінез‑құлық туралы» ғылымның даму жолы (И.П.Павлов, В.М.Бехтерев).
Б.М.Бехтеревтің психологиялық зерттеулері.
И.П.Павлов (1849-1936)‑ол интернационалды, халықаралық мектептің негізін салды. Оның мектебінде әртүрлі елдің ғалымдары еңбек еткен. Павлов есімімен «шартты рефлекс» түсінігі ассоциациаланады. Павлов Сеченовтың «ағзаның, ортаның және реттеу сигналдарының арасындағы біртұтастық пен байланыс бар» деген идеясын алға тартып, көптеген эксперименталды модельдер жасады, онда ағзаның бұрынғы қалыптасқан мінез‑құлық формаларын орналастыруы мен жаңа мінез‑құлық формаларын игеру ерекшеліктері зерттелді. Тірі ағзаға сыртқы ортаның көптеген тітіркендіргіштері әсер етеді, алайда, шартсыз жауап реакциясын қайтаруды талап ететін кейбір тітіркендіргіштердің (қатты ыстық заттар, қатты жарықтар т.б.) түрі бар. Осы рефлекстердің тітіркенуін шартсыз деп атау қабылданған. Ал, шартты рефлекстердің туындауы үшін тек тітіркендіргіш ғана емес, сезім органдары арқылы қабылданатын (дыбыс, иіс т.б. түріндегі) сондай‑ақ, оларға деген дұрыс рекциялардың игерілуін қамтамасыз ететін сигналдар қажет. Ағзаның әрекеттері арқылы нығайып, игерілген сигналдар мен тұрақты рекциялар мінез‑құлықтың негізін қалыптастырады. Сигнал – ағзаның тап болған «ортасының суретін» бейнелейді, ал тұрақтылық осы ортада ағзаның тіршілігін сақтау мүмкіндігін береді (қауіптіліктен қорғану немесе қажетті тағамды тауып жеу). Сигналдар мен тұрақтылықтың бірігуі ағзаға тәжірибе жинақтауға көмектеседі. Шартты рефлекстердің қалыптасуы – оқыту мен тәжірибені игерудің негізінде. Шартты рефлекстерді тудыратын шарттарды білу негізінде мінез‑құлық бағарламасын жасауға болады. Павлов оны көптеген эксперименттік жұмыстары негізінде дәлелдеген. Осы жұмыстарының нәтижесін ол бірінші рет 1903ж. Мадридте өткен халықаралық медициналық конгресте баяндайы.
Павловтың айтуынша сезім органдары арқылы қабылданған сигналдар ағзада тек нервтік емес, физиологиялық процестерді де тудырады. Пайдалы немесе зиян сигналдар алғашқыда психикалық бейнелер түрінде түседі. Сондықтан да, алғашқы сигал жүйелері болып Павлов бойынша – түйсік пен қабылдау табылады. Ол зерттеулерінің нәтижесінде мінез‑құлықты басқаратын екі түрлі сигналдар разряды бар деген қортындыға келеді. Егер жануарлар әрекеті бірінші сигналдар жүйесі арқылы реттелсе (сезімдік бейнелер), онда адамдарда қарым‑қатынас процесі негізінде екінші сигнал жүйесі қалыптасады, яғни сөйлеу әрекеттерінің сигналдық элементтері (сөздер) болады. Павлов «жоғары жүйке қызметінің» заңын ашады. Сонымен қатар, Павлов мектебінде бірнеше ғылыми түсініктердің қатары: сигнал, уақытша байланыс, игерілу, тұрақтану, тежелу, дифференциация, басқару және т.б. өңдделіп, ашылған болатын. Павлов ұсынған концепцияның бірі «шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде пайда болады».