Эриксон бойынша бұл кезеңде тұлғаның қалыптасуында сенімділік сезімі маңызды орын алады. Сәби әлеуметтік ортаны қауіпсіз, тұрақты мекен ретінде қабылдайды. Осы кезеңде сәби «анықтылық сезімін» сезіне бастайды. Эриксонның айтуынша баланың әлемге және басқа адамдарға деген сенімділігінің даму деңгейі сол кездегі алған анасының қамқорлық сапасына байланысты. Сәбиде сенімділік сезімінің қалыптасуы тағамның санына немесе ата – ананың нәзіктігінің көрінуінде емес, ол анасының өз баласына өзін - өзі тану сезімін, тұрақтылық пен ұдайылық сезімдерін бере алу қабілетіне байланысты.
Осы айтылған психоәлеуметтік теориялар «сенімділік - сенімсіздік» дағдарысы бала өмірінің 1-2 ші жылдарында да өз шешімін таба бермейді. Бұл дағдарыстар баланың әртүрлі жас кезеңдерінде де көрініп отырады. Сенімділік дағдарысының тиімді шешілуі бала тұлғасының одан әрі дамуына септігін тигізеді. Баланың өзіне және анасына деген сенімділігінің қалыптасуы баланың фрустрациясын жеңе білуге және кейін өз - өзіне сенімділігін бекітуге көмектеседі.