А. С. Иргалиев Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ



бет28/72
Дата28.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#155525
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Байланысты:
А. С. Иргалиев Педагогикалы факультетті о у- дістемелік ке есі

4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ.
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра: педагогика және психология

Тьютор: Хасанова Іңкәр Өтебайқызы


Хабиева Дина Ғарифоллақызы
Пән: Кредит саны:3



Әдебиет атауы

Кітап
ханада

Кафе
драда

Студенттер
дің қамтылу пайызы

Элект
ронды түрі

Ескерту

1

Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: мектеп 1974.

5

3

5

-

Негізгі оқу
лық

2

Әбілқаев А. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

2

-

2

-

-

3

Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. А. , 1995.

2

-

2

-

-

4

Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Практикалық және лабораториялық жұмыстар. А: 1999

4

-

3

-

-

5

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

2

-

2

-

-

6

Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте, қазақ тілін оқыту. А., 1982.

2

-

2

-

-

7

Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы ,1995.

4

-

3

-

-

8

Зельманова Л.М. Наглядность в преподовании русского языка. М., 1984.

1

-

1

-

-

9

Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А, 1993.

3

2

6

-

-

10

Кәтембаева Б., Нұрғалиева М., Морфологияны оқытудың методикасы, Алматы : 1975.

3

-

2

-

-

11

Құлмағанбетова және т.б. Қазақ тілін оқытудың методикасы. А: 1998.

2

-

2

-

-

12

Құрманова Н.Ж., Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі . Алматы: 2000.

3

3

6

-




13

Ломизов А.Ф. Выразительное чтение при изучении синтаксиса и пуктуации. М. ,1986.

3

3

6

-


14

Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері. А, 1959

2

2

5

-

-

15

Напольнова Т.В. Активизация мыслительной деятельности учащихся на уроках русского языка . М.,1983.

3

3

3

-

-

16

Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатысым: теориясы және әдістемесі. А., 2000.

1

1

1

-

-

17

Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі . Алматы: Ана тілі.1996.

3

3

3

-

-

18

Прудникова А.В. Лексика в школьном курсе русского языка. Москва,1979.

3

3

3

-

-

19

Панов В.Т. Типы и структура уроков русского языка. Москва 1986.

3

3

3

-

-

20

Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. Алматы, 1959.

-

1

1

-

-



ГЛОССАРИЙ
Күрделі сөздер- аналитикалық тәсіл арқылы екі я одан да көп сөзден құралып, бір лексикалық мағына беретін сөздер.
Қос сөз-екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің қайталануынан немесе бір тектес синоним я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын сөздер.
Тіркескен күрделі сөздер-екі я одан да көп мағыналы сыңардан жасалып, біртұтас мағына беретін сөздер.
Сөзжасамдық бірліктер-туынды сөз жасауға қатысатын морфемалар.
Сөзжасамдық мағына-туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған мағына.
Есім сөздер-өзінің құрамын үнемі толықтырып отыратын сөз табы.
Құранды етістіктер- есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер.
Қосарланған етістіктер-екі сыңары да етістіктен жасалған қос сөздер.
Сөзжасамдық тип-бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады.
Сөзжасамдық үлгі-туынды сөздің нақты жасалу жолы.
Туынды сөздер- сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуінен жасалған сөздер.
Туынды түбір- құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер.
Сөзжасамдық саты-негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжсамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік.
Сөзжасамдық жұп-негіз сөз бен онан жасалған туынды түбір сөздің жиынтығы.
Сөзжасамдық тарам-тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы.

  1. Пән бойынша дәрістердің конспектісі.

1-дәріс
Тақырыбы: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясы – жеке ғылым саласы.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері.

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысын тану жолдары.

Әдістеме (методика) гректің теtоdоs деген сөзінен шыкқан, қазақша зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілі әдістемесі — ана тілін үйретудің заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.
Ана тілін үғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды. Білім беру жолдары мен құралдарына: 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал; 2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жатады.


Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері

Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Ең алдымен тілдің өз табиғатынан басты-басты мынадай заңдылықтар шығады:


Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді. Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Егер бала үйренбеген болса, мектептегі жүргізілетін жұмыстар да қиындай түседі (мысалы, оқу дағдысын қалыптастыру т.с.с). Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын да мектепке дейін меңгереді. Олар мектепке оқуға түскеннен кейін мүғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, қолданылатын сөздердің мағынасын анықтай түсу сияқты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Мектептің міндеті оқушыларға ана тілінің сан алуан грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу.
Грамматикалық мағынаны үғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай болу керек. Сондықтан грамматикалық мағынаны ұғыну барысында олар шындықтағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды түсінеді, ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады.
Сөйтіп, тілді үғынуда ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерін жақсы айырып, оны балалардың тіл байлығын арттыруға пайдалана білу кажеттігі туады.
Мұғалім бұл міндетті әдістемелік құралдарды дұрыс іріктей алғанда ғана ойдағыдай іске асыра алады.
Әдістемелік принцип төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
1) оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;
2) грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету;
3) қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, балалардың лексикалық қорын байыту және оларды жүйелі сөйлеуге үйрету.
Осы ережеге сай, бастауыш мектептер үшін бағдарламалар жасалады, дидактикалық материалдар іріктеледі және оқыту әдістері белгіленеді.
Екінші заңдылық. Тілді үғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатынын айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы "тілдік сезімталдыққа" сүйеніп, іске асырылады.
Бұл принцип төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
1) балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру (мұнда грамматика басты орын алады);
2) оқушылар өздеріне белгісіз, грамматикалық құбылыстарды бұрыннан таныс құбылыстармен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеу;
3) тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар мәнерлеп сөйлеу, сезімге бөлене сөйлеуді меңгеру.
Мұндағы әдістемелік принцип: мәнерлеп сөйлеуге назар аудару.
Бүл принципті іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:
1) тілдің фонологиялық, грамматикалық жоне лексикалық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене, мәнерлеп сөйлеудің жолдарын түсіндіріп отыру;
2) одебиеттік оқу мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып отыру;
3) көркем мәтіндердің тілдерін талдағанда сезімге әсер ететін бөліктерін таңдап алу.
Тортінші заңдылык,. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбыстық таңбаға көшіру) ұғынылады.
«Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі болып табылады, — дейді профессор Н.С.Рождественский. — Ауызша сөйлеудің өзі шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін таңбалардан тұрады».
Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе — ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының рөлі.
Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынадай әдістемелік принципке негізделеді. Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады: 1) ауызша сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру; 2) дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; 3) ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.
Бесінші заңдылық. Фонетикалык, грамматикалык және лексикалық мағыналардың барлығы "тіл материясын", яғни тіл таңбаларын — дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар (әріп, тыныс белгісі)— үғыну барысында меңгеріледі.
Тілді оқушы мазмұны және формасы жағынан, яғни логикалық, грамматикалык, жағынан, қабылдайды. Ал әрбір сөйлемнің грамматикалық ерекшеліктері тілдің көмегімен анықталады. Ендеше тілді оқушы, практикалық жағынан, белгілі бір тілдік фактілерді тану құралы ретінде де пайдаланады. Мұндай заңдылықтан тілді оқыту принципі келіп шығады.
Бұл принципті іске асыру ережесі мынадай:
1) көрнекілікті пайдалану (таблица, схема, түрлі суреттер, теледидар, кино және т.б.); 2) есту құралдарын пайдалану (мәтіндер оқып беру, магнитофон, радио, теледидар, кино т.б.); 3) оқу құралдары, көркем мәтіндер, ғылыми-көпшілікке арналған мәтіндер, газеттер, журналдар; 4) ана тілін үйрену үшін оқушылардың басқа пәндерді оқу барысындағы сөйлеу практикасы (мұғалімнің, жолдастарының сөзі, оларды аңғарту үшін талдау) пайдаланылады. Тіл материясына көңіл аудару принципі мұғалімге нақты жол көрсетеді. Оқушы әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана аңғарады.
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сөйлеу органдарының (өкпе, тамак, тіл, беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады. Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы озі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан-салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді. Бұл заңдылықтан сөйлеу органдары мен жазатын қолды жаттықтыру принципі келіп шығады.
Жетінші зандылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалык формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады. Сондықтан оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қалмайтындай етіп, тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданылып отыруына жағдай жасалады.
Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек: салыстыру, анализ, синтез, дерексіз ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуға тиіс.
Тілге жүйелі түрде, бірте-бірте үдетіле үйрету заңдылығынан мынадай әдістемелік принцип шығады:
1) ұштастыра оқыту; 2) қайталау; 3) өз бетімен жүмыс істеуді күшейте түсу.
Бүл принциптерді іске асыру ушін: 1) бағдарламаны тиянақты құру; 2) жоспарлы түрде қайталап отыру; 3) жаттығу жұмыстары; 4) оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеу сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.
Сөйтіп, ана тілін меңгерудің заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып табылады; ал әдістемелік принциптер осы заңдылықтардан туындайды, мұндай принциптерге негізделген әдістеме, сөз жоқ, оқушыларға ана тілін үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге көмектеседі.
Әдебиеттер:
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.
2. Әбілқаев А. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.
3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.
4. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
2-дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет