Әдебиеттер:
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.
Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.
3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.
Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Зельманова Л.М. Наглядность в преподовании русского языка. М., 1984.
Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері . Алматы, 1993.
Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері.Алматы 1959.
№6- Дәріс
Тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Оқу мен жазу дағдылары.
2. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың үйренетін біліктері мен дағдыларының шеңбері.
Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан корінетіндіктен, оны психофизиологиялық процесс деп атайды. Дүние тануға қажет акыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың психикалык, дамуы деген не? Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сойлеуі — осылардың бәрі баланың әлеуметгік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, әскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік. естілік т.б.с.с. қасиеттер оның өсетін ортасындағы тәлім-тәрбиенің арқасында және қайшылықтарды жеңу үстінде қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмтылуы мен оған жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы кайшылықтардың салдарынан туады (мысалы, ми қабығында болатын козу мен тежелу, механикалық ес пен логикалық ес, ескі білім мен жаңа білім т.б.).
Балаға қойылатын талап пен сол талапты орындай алу мүмкіншілігі арасында да көптеген қиындықтар, кедергілер мен қайшылықтар кездесетіні белгілі. Бала өзін ересек адам етіп көрсетуге тырысады, олардың копшілігі озін асыра бағалайды, бірак, оның ақыл-ой орісі, білімі немесе тәжірибесінің аздығы оған кедергі болады. Сонымен қатар бала ішкі қайшылықтардан басқа сыртқы қайшылықтарға да кездеседі. Мысалы, әлеуметтік орта баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез-күлықты талап етеді, ал олар мүндай мінез-қүлыққа дағыдыланып жетпеген. Осы қайшылықтарды жеңу жолында да оған көптеген қиындықтар кездеседі.
Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамның қалыптасуындағы сапалық жөне сандық озгерістер, ал жекелеп алғанда, анатомиялық-физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуі, білімнің артуы, сезім мен моральдык ұғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың калыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез-қүлыққа дағдылану.
Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жатгықтыру аркылы дамиды.
Мектепке алғаш келген бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әрбір әріпке жекелеп көз тоқтатады, "оқу аймағы" тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал өріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың "көру, оқу аймағы" кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мүндай дағдыға ие болу балаға оп-оңайға түспейді, ол көп күш-жігерін жұмсайды, мүнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен роль атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.
Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Ендеше сөзді, сөйлемді оқығанда олардың мағынасын үғындыруға, баса коңіл бөлу қажет.
Сауатты адамдар жазғанда есінде тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ олар жазғанда еріктің бір толқынынан туған өзара байланысты, жүйелі бір қозғалысты (импульсті) іске асырады. Мысалы, бір сөз жазғанда бір импульс іске асады. Ал жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысында (таяқша, ілмек т.б.) бір-бір импульс жүмсайды. Мүнда да көптеген ерік күшін жүмсап, үнемі тиянақты зейін қойғанда ғана үзақ уақыт жаттығу жүмыстарының нәтижесінде барып дағды калыптасады: саусак дағдыланады; ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемнің мазмұнын ұстайды; сөйтіп, бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады да, оларды жазу тұтас бір акт ретінде орындалады.
Оқу-жазу процестерін талдаудан шығатын негізгі қорытынды: 1) оқушы оқуға, жазуға үйрену барысында меңгеруге тиісті ең басты процестер: сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрастыру. Егер мұғалім талдау-жинактауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала әрбір әріпті, дыбысты, сөзді жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып, талдап-жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді. 2) Сауат аша бастаған бала оку-жазуға үйрену барысында коптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір созді жазу үшін нерв жүйесінен бірнеше толқын (импульс) жасалады). Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нозік табиғатына нүқсан келтірмей, күш-жігерін мүқалтпай алып шығу мүғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапка сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мүғалім толық сауатгы болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті жүмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |