А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Бәсекелстікті қолдау және жосықсыз бәсекеге



Pdf көрінісі
бет11/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Бәсекелстікті қолдау және жосықсыз бәсекеге 
бағытталған экономикалық қызметке жол бермеу
қағидасы 
(ҚР Конституциясының 26-б,). Аталған қағиданы ҧстану нарықтық 
экономиканың дамуы мен кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асырудың 
қажетті шарты болып табылады. Қарастырылып отырған қағиданы 
жҥзеге асыруда маңызды орынға монополияға қарсы заңдылық ие.
4. 
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
қағидасы. 
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу кез келген мемлекет ҥшін тән 
қағида. Бҧндай реттеудің нысандары мен тәсілдері ең алдымен 
мемлекеттің нақты саяси жағдайына, экономикалық және 
әлеуметтік 
даму 
деңгейіне, 
тарихи 
әдеттеріне, 
ҧлттық 
ерекшеліктеріне және басқада факторларына тәуелді. Ең бастысы 
кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ҥрдісінде кәсіпкерлердің 
жеке мҥдделері мен мемлекет пен жалпы қоғамның бҧқаралық 
мҥдделері арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу кажет.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің нысандары 
әртҥрлі. Оларға шектеу шараларымен қатар, мемлекет мен қоғам 
ҥшін қажетті кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік қолдау кӛрсетуде 
жатады. Маңызды орынға кәсіпкерлік қызмет субъектілерін 
мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген тҥрлерін 
лицензиялау, монополияға қарсы реттеу, салықтық реттеу, 


24 
нарықта басты орынға ие кәсіпорының ӛнімдеріне бағаны реттеу 
және т.б. ие. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тәртіп 
бойынша мемлекет кӛлемінде жҥзеге асырылады. Кейбір 
жағдайларда ол аймақтық та деңгейде жҥргізіледі. 
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу заңдарға сәйкес 
жҥзеге асырылады. Заң актілерін шығару, мемлекеттің норма 
шығармашылық қызметті, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік 
реттеудің ӛзіндік бір нысаны болып табылады. Шаруашылық 
қызметті жҥргізуге ҧзақ уақытқа тҧрақты тәртіп ережені орната 
отырып, мемлекет ерекше нысанда экономиканы басқарады, 
соның аясында кәсіпкерлікті жҥзеге асыруға қажетті заңды жағдай 
қалыптастырады. Реттеудің осындай нысанын пайдалану кӛбірек 
деңгейде нарықтық экономика шарттарына сәйкес келеді, ал ол ӛз 
кезегінде кӛпшілік және жеке мҥдделердің сәйкестену негізінде 
кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қамтамасыз етуге мҥмкіндік береді.
5. 
Заңдылық
қағидасы жалпы салалық болып табылады. 
Оның жҥзеге асырылуы қҧқықтық мемлекетті қалыптастырудың 
негізі болып табылады. Сондықтан да бҧл қағида кәсіпкерлік 
қатынастарын реттеу ҥшін де маңызы зор. Осыған орай 
кәсіпкерлік қызмет заңның талаптарын қатаң сақтау жағдайында 
жҥзеге асырылуы тиіс. Мемлекетпен қҧқықтық нормалардың 
заңдылығы, кәсіпкерлік қызметті реттеуші мемлекеттік билік 
органдары мен жергілікті ӛзін-ӛзі басқарушы органдардың 
қызметінің заңдылыған қамтамасыз етілуі тиіс.
Заңдылық 
кәсіпкерлік 
қызметі 
ҥшін 
аса 
маңызды 
қатынастардың тҧрақтылығы мен беріктілігін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет